20 тамыз пдф 2015 ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№102 (18136), Бейсенбі, 20 тамыз, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=МОЙЫНҚҰМ Аудандық орталықтандырылған кітапханасы мен аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Абай оқулары» байқауы өтті. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік қасиеттерді арттыру мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Абай оқулары» байқауында әділқазылардың ұйғаруымен аудандық әділет басқармасының қызметкері Наталья Черней жеңімпаз деп танылды. Наталья енді Жуалы ауданында «Абай оқулары» облыстық байқауында өнер көрсетіп, аудан намысын қорғайтын болады.

ЕАЭО: АЛЫС-БЕРІС, БАРЫС-КЕЛІС

ОҚУ– БІЛІМ АЗЫҒЫ, БІЛІМ – ЫРЫС ҚАЗЫҒЫ

=МЕРКІ Ауданда «Мектепке жол» акциясы ұйымшылдықпен өтуде. 1 тамыз бен 20 тамыз аралығында ауданда 382 балаға 1 миллион 940 мың теңгенің көлемінде көмек көрсетілді. «Үміт» балалар мен жасөспірімдер сарайында қайырымды азаматтар 55 балаға оқу құралдары, мектеп формалары, сөмке, мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етті.

КЕДЕНДІК КЕДЕРГІ ЖОҚ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС АШЫЛДЫ Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол». Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы екі ел арасында сауда-саттықтың арта түсуіне жол ашты. Бұл көршімізбен алыс-беріс пен барыскелістің жақсара түсуіне, бауырлас елдердегі экономикалық байланыстың нығая түсуіне мүмкіндік беруде. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Жамбыл ауданына қарасты «Айша бибі» кедендік бақылау бекетінде Қырғыз Республикасы Шу облысының губернаторы Бақтыбек Құдайбергенов және Талас облысының губернаторы Байшыбек Жұманазаровпен кездесуі – соның дәлелі. Қос тараптың өкілдері тауар айналымы, жүк тасымалы, көші-қон мәселелерін талқылап, туристер мен кәсіпкерлер үшін кедендік кедергілерге қатысты шекарада орын алған өзгерістерді назарға алды. Қырғызстанда жеңіл өнеркәсіп жақсы дамыған. Ал біздің еліміз мұнай өнімдері мен көмір, ұн секілді тағы басқа да ауыл шаруашылығы және ауыр өнеркәсіп тауарларын өндіреді. Қырғыз Республикасының қос губернаторымен жасасқан меморандумда осы мәселелер талқыланып, үш жақты келісімге қол қойылды. Осы құжат негізінде сауда-саттық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер жөнінде мәміле жасасты. Облыс әкімі кездесуде қырғыз елінің мемлекеттік шекарасының негізгі бөлігі (жалпы ұзындығы – 716 шақырым) облыс аумағынан өтетінін, жеті бекеттің төртеуі Қордайда, қалған екеуі Меркі мен Жамбыл аудандарында орналасқанын тілге тиек етті. «Бұл кездесудің басты мақсаты – шекара қауіпсіздігі, екі ел арасындағы әріптестік байланысты нығайту. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін облыс кәсіпкерлерінің жайы, кедендік салық, ең негізгісі – су мәселесі шешімін табатын болады», – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Шу ауданы

Талас ауданы

=ҚОРДАЙ Тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан орталығы көшелерінің тазалығына тексеру рейдтері өткізілуде. Оған аудан және ауыл әкімдіктерінен, мәслихаттан, «Нұр Отан» партиясынан, құқық қорғау органдарынан белсенділер қатысып, өзінің үйінің, жұмыс орнының айналасындағы тазалыққа мән бермейтін тұрғындар мен кәсіпкерлерге, мекеме басшыларына ескертулер берді. Жуырда ғана ЕАЭО-ға енген Қырғызстан үшін еліміздің бас қақпасы болып табылатын Қордай көшелерінің тазалығы мен тартымдылығы, жалпы, Қазақстан туралы алғашқы түсінік қалыптасатын нүкте екені ұғындырылды. =Т. РЫСҚҰЛОВ

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Енді аз күннен кейін мектептердегі оқу үдерісі қайта жанданбақ. Жаңа оқу жылының жаңалығы, ерекшелігі, басты ұстанымы қандай? Сала ісі ілгерілеуде ме? Кеше «Баласағұн»

орталық концерт залында, міне, осындай келелі мәселелерді талқылап, алда тұрған міндеттерді айқындауға арналған «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілікті тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» атты облыс мұғалімдерінің тамыз кеңесі

өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалардың, білім беру ұйымдарының басшылары, сала қызметкерлері мен ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. (Жалғасы 4-бетте).

ВАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ ИННО АЙМАҚТАҒЫ ИНТЕНСИВТІ АЛМА БАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУ, АЛМА ӨСІРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ АЛҚАПТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН КӨЗБЕН КӨРУ, ЕКІЖАҚТЫ ОРТАҚ МӘМІЛЕ ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ИРАН ЕЛІНЕН КЕЛГЕН «ДЖАХАТЕЕСТЕХЛЯЛГРУПП» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АБДАЛЫ НҰРАЛИЕВ ҚАБЫЛДАДЫ.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢАРУЫ ТИІС НЫСАНДАР КҮН САЙЫН ӘРЛЕНІП, СӘН ТҮЗЕП КЕЛЕДІ. ТАЛАЙ НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАР АЯҚТАЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН. СОНДАЙ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ БІРІ – ЖАМБЫЛ ДАҢҒЫЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӨПІРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСЫ ДА БАСТАЛЫП КЕТТІ. ӨТКЕН АПТАДА БАСТАЛҒАН МҰНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ТІРЛІК ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛМАҚШЫ.

ИРАН БАҒЫ БАЙЗАҚТА ЖАЙҚАЛАДЫ

Өткен жылы «Мамай-Қайыңды», «Сұлутөр», «Ботбай» каналдарына, «Қарақыстақ» қосымша каналымен «Белогорка» су байламасына 20,8 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Енді «Қарақат» каналына 3,8 миллион теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 41 науа ауыстырылды. =ТАЛАС Қаратау қаласында КСРО спорт шебері, Қазақстан футбол федерациясының вицепрезиденті Сейділдә Байшақов атындағы дәстүрлі турнир өтті. Оған Астана, Алматы, Тараз, Қаратау және Өзбекстаннан Ташкент, Бұқара қалаларының жасөспірім футболшылары қатысып, тамаша ойын өрнегін көрсетті. Турнирге атақты футболшының өзі мен Сеул Олимпиадасының чемпионы Евгений Яровенко қатысып, жасөспірім футболшыларға сәттілік тіледі.

Жауды күшті деме, Ерлік етсең - жығасың. Тауды биік деме, Талап етсең - шығасың. Халық мақалы.

ОЛАР ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН ҚҰРУҒА КЕЛІСТІ Есет ДОСАЛЫ. «Ақ жол».

ТАРАЗДЫҢ «КҮРЕТАМЫРЫ» ЖАМБЫЛ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАРАҚТАНДЫРЫЛУДА Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Көпірді жөндеуге тапсырыс беруші – Тараз қаласы әкімдігі «Тұрғын жайкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мердігер – «ТаразИнвестҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл көпірдің ұзындығы 700 метрді құрайды. Мұнда қазір жүз он адам тер төгіп жатса, қырық техника құрылыс жұмыстарына жегілген. Көпір құрылысына қажетті қаражат облыстық қазынадан бөлінуде. Көпірді заман талабына сай жаңғыртып жатқан еңбеккерлердің жалақысы да жоғары болмақ. Нысанның жоғары жақтағы төрт бұрышына төрт күмбез белгі орнатылған. Құрылыс бойына 4 киловаттық 40 жарық шамдары қойылатын болады. Жарықтандыруға сапалы қондырғылар қойылмақ. Шамдар түнгі мезгілде маңайға барынша шуағын шашады. Жұмыс басында жүрген серіктестік прорабы Әмірбек Төребеков пен жарықтандыру жұмысына жауапты Серік Жабағин бір сәт дамылдауға уақыт табатын емес. – Мұндағы жұмыстар да міне қызу жүріп жатыр. Қажетті құрал-жабдықтар, техника, адам күші жеткілікті. Құрылыстың әр саласына білікті маман, шеберлерді алдырдық. Жұмысшылардың белсенділігі де, көңіл-күйлері де жақсы. Себебі, бұл жұмыс жай ғана қаражат табу емес, Қазақ хандығына 550 жыл толу мерейтойына қосылған үлес екенін олар түсінеді. Міндетіміз ауқымды. Біз де жауапкершілікті сезініп, құрылысты мезгілінде тапсыруға күш саламыз, -деді «ТаразИнвестҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бөлімше басшысы Алмас Қожагелдиев. Көпірдің бұрынғы орны тегістеліп, барлық құрылысы төменгі қабаттан басталып, сапалы жүргізіледі. Монолиттер тұрғызылып, бағаналар көтеріледі. Белтемірлер қойылып, бетондардың сапалы құйылуы қадағаланады. Жоғары сапаға сай асфальт төселеді. Бұл құрылыс аяқталғанда Тараз ажарлана түспек. Ең бастысы, күніне үздіксіз ағылып жататын көліктерге де қолайлы жағдай туады. Сонымен, көпірді қазан айына дейін жаңғыртуды жоспарлаған серіктестікке іске сәт дейміз! Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Екі тараптың кездесуі «Тараз әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының мәжіліс залында өтті. Бірқатар басқарма басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиынды Абдалы Тоқбергенұлы ашып, қонақтарды облысымыздың аграрлық жағдайымен таныстырды. Мәліметке сүйенсек, облысымызда тамшылатып суару жүйесі 8 мың 500 гектар алқапқа қолданылады. Жалпы, 2 мың 500 гектар алма бағы бар. Ирандық «ДжахатеЕстехлялГрупп» компаниясының басшысы Мохаммад Реза Шафейнианың айтуынша, бұл

фирма дәнді дақыл және тыңайтқыштар өндірумен, оны өткерумен шұғылданады және өндірісі өркендеген аймақтармен жұмыс жасайды екен. Жамбыл жеріне де интенсивті алма бақ өсірудің жағдайын талқылап, зерделеу үшін келіпті. «Биыл біздің елге сіздердің тараптан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басшысы Нұрмахан Сарыбаев бастаған делегация барып, екі жақты келісімдер жасастық. Сол жүздесуде интенсивті алма бағын өсірудің мәселесі де сөз болды. Бізді Қазақстанға сол үшін шақырды. Сол шақыруды құп алып, алма бағын өсіруге ерекше ден қойған аймаққа келіп отырмыз», – деді ирандық делегация басшысы. Мохаммад Реза Шафейниа интенсивті алма бағын өсіру жөнінде біздің аймақпен бірлескен кәсіпорын құруға ынталы екендерін жеткізді. (Жалғасы 3-бетте).

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына! Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, XXХІХ сессиясы 2015 жылдың 21 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. 2. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 3. Шу қаласын 2016-2020 жылдары дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы. 4. «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №17-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 5. «Бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясын құру және оның төрағасын сайлау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 20 қаңтардағы №1-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 6. «Жеке және заңды тұлғаларға адам мен жануарлардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия

құру туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы №25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 7. «Азық-түлік» тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалану қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылдың 12 қарашасындағы №8-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 8. «Жамбыл облысында ұн, нан және мал шаруашылығына кебек өндіретін кәсіпорындарды анықтау бойынша үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылдың 27 наурызындағы №22-44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 9. «Мал шаруашылығын субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылдың 26 наурызындағы №35-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 21 тамызында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 21 тамыз күні сағат 09.30да басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВ.

ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨҢІР

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

А Қ Т А Р Ұ М Қ А Т Р О Р А З А Б Қ ОРТАЛЫ ЖАУАП БЕРЕ АЛА МА?

ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ САРА САЯСАТЫМЕН ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ҰМТЫЛЫС ЖАСАЛУДА. ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА РЕСМИ ТҮРДЕ МҮШЕ БОЛЫП ҚАБЫЛДАНДЫ. БАҒАЛАЙ БІЛГЕНГЕ БҰЛ – ҮЛКЕН ТАБЫС. «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА МҮШЕ БОЛУ БІЗДІҢ ЭКОНОМИКАМЫЗДЫ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕРГЕ БАСТАЙДЫ. КӘСІПОРЫНДАРЫМЫЗДЫҢ ШЕТЕЛ НАРЫҚТАРЫНА ШЫҒУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. АЛ ТҰТЫНУШЫЛАР ҮШІН ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КЕҢ АУҚЫМЫНА ТАҢДАУ ЖАСАУҒА ЖОЛ АШАДЫ. БІЗ БҰЛ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУ ҮШІН 19 ЖЫЛ ТАБАНДЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗДІК, КЕЛІССӨЗДЕР ОҢАЙ БОЛҒАН ЖОҚ. ОСЫ ЖЫЛДАРЫ БІЗДІҢ ҮКІМЕТ ЖӘНЕ САРАПШЫЛАРЫМЫЗ ЕЛІМІЗГЕ ТИІМДІ ШАРТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ТАЛМАЙ ЕҢБЕК ЕТТІ. БІЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТАЛАПТАРЫН ҰШТАСТЫРА АЛДЫҚ. БҰЛ РЕТТЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРІМІЗДІ ДЕ ҚОРҒАЙ БІЛДІК», – ДЕП, ЕЛБАСЫМЫЗ БҰЛ ОҚИҒАНЫ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІГІНЕ БАЛАДЫ.

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
20 тамыз пдф 2015 ж by akjolgazet - Issuu