ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм Шу ауданы
Талас ауданы
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
l ЖАМБЫЛ
№160 (18017), Бейсенбі, 20 қараша, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
Жасөркен ауылы аумағында 2035 Жасөркен шекарасы заставасы орналасқан. Көршілес қырғыз елімен шектесетін мұнда шекарашылар қырағы күзетте тұр. Қызылқайнар сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Ануар Тілегенов ауылдың бір топ қарияларымен шекара заставасында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Шекара заставасының бастығы, капитан Ерік Қарасаев Отан шебін күзетуде қырағылық танытқан шекарашылардың өмірінен сыр шертті.
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ
БІЗДІҢ БИЗНЕСМЕНДЕРДІ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК КҮТІП ТҰР
l ҚОРДАЙ Отар 40-шы әскери базасында жас жауынгерлердің күзгі ант қабылдау рәсімі өтті. Еліміздің әр түкпірінен міндетті әскери борышын өтеуге шақырылған төрт жүзден астам жас сарбаздар Отан қорғау қызметін адал атқаруға ант берді. Салтанатты шараға ҚР Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақов, ҚР Бас әскери прокуроры, әділет генераллейтенанты Ерғали Мерзадинов, Отар әскери базасының бастығы, полковник Дулат Адырбеков, Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысының ардагерлері, аудан әкімдігінің өкілдері, ата-аналар қатысты.
«НҰРЛЫ ЖОЛ» АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕНІ АУДАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
l Т. РЫСҚҰЛОВ Құлан ауылында өткен семинар дін мәселесіне арналды. Онда Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы, жастар бөлімінің жетекшісі Ержан Аманбаев пен «Понарама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мүрбеков, дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы Сержан Құлтаев дәстүрлі емес діни культтердің ұстанымдары жайлы, конфессиялар мен секталардың даму тенденцияларына тереңірек тоқталып, олардың аражігін ажырата білу керектігіне баса назар аударды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады. Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев және Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кездесу барысында Елбасыға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылған кезден бергі қызметінің нәтижелерін баяндады, сондай-ақ отандық бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне зор көңіл бөлетінін және бұл бағытта жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп отырғанын айтты. – Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды, соған орай біздің бизнесмендерге жаңа жағдайдағы бәсекелестікке дайындалған жөн. Сонымен қатар, Қазақстанда бизнестің дамуына «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты кеңінен жол ашады. Әрбір кәсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа «орналасуы» тиіс, ал Ұлттық палата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы керек. Осы шаралар жаңа кәсіпкерлік құрылымдар мен бизнесте жаңа тұлғалардың пайда болуына септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті. Т.Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін дамыту мен нығайтуда көрсеткен қолдауы үшін Елбасыға ризашылығын білдірді. – Ұлттық палатаның барлық басқару органдары, атап айтқанда, президиумы және басқармасы, сондай-ақ облыстағы өңірлік дирекциялары құрылып, жұмыс істеуде. Президиумның комитеттерінде жұмыс салалық және өңірлік қағидаттар бойынша жолға қойылған. Бас прокуратурамен тығыз байланыс орнатылған. А.Дауылбаев облыстық прокуратуралардың басшыларымен тоқсан сайын селекторлық кеңес өткізеді, онда кәсіпкерлердің арыздары қаралып, қажетті шаралар қабылданады, – деді Президиум төрағасы. Сондай-ақ Ұлттық палатаның қызметі бірқатар бағыттарды қамтитыны, соның негізгілері бизнес-ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, адами капиталды дамыту, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету екені де айтылды. А.Мырзахметов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы дер кезінде жарияланғанын атай отырып, оны бизнес қауымдастық үлкен ынтамен қабылдағанын атап өтті. – Мемлекеттің қажетті қолдау көрсететініне кәсіпкерлердің сенімі нығайды. Олар қазір салмақты әрі үлкен жұмысқа әзірленуде. Біз үшін басымдығы бар мәселелердің бірі – бизнес құқығын қорғау болып саналады. Бүгінгі таңда бізге осы мәселе бойынша 3,5 мыңнан астам арыз келіп түсті, соның әрқайсысы да тіркеліп, тиісінше жұмыс жүргізілуде. 1 қаңтардан бастап жоспарлы тексерудің орнына тәуекелді бағалау жүйесі қолданылады. Біз барлық кәсіпкерлерді қалған бір жарым айда әзірленіп, құжаттамаларын тәртіпке келтіруге және бекітілген нормалар мен талаптарды жоспарлы тексеріс жоқ кезде сақтауға шақырамыз, – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
l САРЫСУ Жаңатас қаласына «Денсаулық» емдеу-сауықтыру пойызымен медицина саласының бір топ мамандары келіп, тұрғындарды қабылдап, тегін дәрігерлік көмектер көрсетті. Осы заманғы медициналық жабдықтар арқылы УЗИ диагностика, эндоскопия, кардиолог, лор, терапевт дәрігерлер науқас белгілеріне қарай ем-дом көрсетті. 600 келушіге тегін дәрігерлік көмек көрсеткен оларға қала тұрғындары дән риза.
l ТАЛАС Жерлесіміз, қазақ сатирасының белді өкілі Шона Смаханұлының туғанына – 90 жыл толуы мерейтойы аясындағы іс-шаралар – Сейілбек ауылындағы өзінің есімімен аталатын мектептен бастау алғаны белгілі. Аталмыш білім ұясы ұжымының бастамасымен жуырда ауыл жастары қариялар рұқсатымен көрнекті қаламгердің Ойық ауылына кіреберіс қыр беткейіндегі қабірі басын оңдап, құлпытасын биіктетіп, кетілген тақтатасын, қоршауын ретке келтірді. Ақын рухына ұрпақтары осылай тағзым етіп, құрмет көрсетті.
l ШУ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Елбасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында өңірде ақпараттық-насихаттық топтар құрылған болатын. Кеше орталық «Достық»
алаңында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» атты ақпараттық керуенін аудандарға шығарып салу рәсімі өткізілді. Шараны ашып, жүргізген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік Мемлекет басшысының Жолдауы әлем елдерінде де
ҚАЗ
АҚС
«ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫНА» ЖАМБЫЛДЫҚ БАЛУАН ДӘУЛЕТХАН ЖАҚЫП ҚАТЫСАДЫ
ЕҢБЕКТЕРІНІҢ РӘТІН КӨРГЕН ШАРУАЛАР ШАРШАУДЫ БІЛЕР ЕМЕС шаруа қожалығы өнімнің осы түрін еккені үшін мемлекеттен гектарына 5000 теңгеден субсидия алған. Одан бөлек 840 тонна минералды тыңайтқыш пен 168 тонна жанармай кепілді бағамен беріліпті. Гродековтықтардың сәбізі гектарына 270-300 центнерден айналуда. Ала жаздай бел жазбай бейнет еткендер еңбектің рәтін көруде. Дүйсенбек ОРМАНОВ, тілші. Жамбыл ауданы.
ДА
ЖА
САЛ
ҒАН
МЫҢ ТОННА ЦЕМЕНТ!
Етікшіні балға мен бізі асырайды, Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
БЕЛ ЖАЗУҒА МҰРША ЖОҚ
ТАН
БЕС КҮНДЕ –
Өткен жылы тұңғыш рет елімізде өткізілген қазақ күресінен «Еуразия барысы» мега-жобасы ағымдағы айдың 22 жұлдызында қаламыздағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді. Биылғы дода былтырғыға қарағанда тартысты болмақ. Өйткені «Еуразия барысына» биыл әлемнің он екі елінің «сен тұр, мен атайын» спортшылары келмек. Турнирде барын салуға тас түйін дайын отырған Грузия балуандары да, Польша алыптары да «өліспей, беріспейміз» дейді. Айтулы аламанды әлем жұртшылығы тікелей эфирден тамашаламақ. Еліміздегі және алыс-жақын шет елдердегі арналармен бірқатарда «Боец» секілді белді арналар тікелей трансляция ұсынады. Бұл додада еліміздің намысын Қазақстанның нағыз барыстары Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсыновтармен бірге жерлесіміз Дәулетхан Жақып, Қайрат Ағыбаев, Абзал Арыстанбеков сынды балуандар қорғайды деп күтілуде. Командалық бәсекені жұртшылық асыға тосып отыр. «Биыл «Еуразия барысының» ауқымы бұрынғыдан да кеңейе түсті. Ол дегеніміз – қазақ күресін жақын жылдары күллі әлем мойындайды деген сөз» деседі ұйымдастырушылар.
ҚАРАШАНЫҢ ҚАРА СУЫҒЫ КҮЗГІ ЖИЫНТЕРІННІҢ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН БІЛДІРГЕНДЕЙ. ҚАР ЖАУМАЙ, ҚАЗАН ҰРМАЙ ӨНІМДІ ЖИНАП АЛУҒА ТЫРЫСАТЫН ДАЛА ЕҢБЕККЕРЛЕРІ СӘБІЗДІ СУЫҚҚА БІР ҰРЫНДЫРЫП БАРЫП ҚОЙМАҒА ЖӨНЕЛТЕДІ ЕКЕН.
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Достық үйі қызметкерлері және облыстық этномәдени бірлестіктер бастаған топ Шу ауданына атбасын бұрып, Көктөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Еліміздегі ұлтаралық бірлікті нығайту, Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатын көздеген шарада Жамбыл орта мектебінің акт залында ауыл тұрғындарымен кездесіп, мызғымас ынтымақ пен бейбітшілікке шақырды. Мектеп сахнасында ұлттық ойындар спартакиадасы, «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында үздік сурет байқауы және өнер үйірмелері жетекшілерінің қатысуымен қолданбалы өнер бойынша шебер-класс ұйымдастырылды.
(Жалғасы 3-бетте).
ҒАЛАМҒА ТАНЫЛ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІ!
лас а б р а қ і г з ү К
Гродеково ауылдық округіне қарасты «Көшеров», «Шалов» шаруа қожалықтарының алқаптарында қазір сәбіз жинау науқаны жүріп жатыр. Оны қыр асып келіп қол көмегін тигізіп жатқан жалдамалы жұмысшылар мен жүйткіген жүк көліктерінің зырыл қағуынан-ақ байқауға болады. Жалпы аудан бойынша 2304 гектар сәбіз отырғызылса, соның 7 0 0 г е к т а р ы о с ы Гр о д е к о в о ау ы л д ы қ о к р у г і н е т и е с і л і . Округке қарасты 154 шаруа қожалығының ірілендірген 7
қызу талқылануда екенін, осынау маңызды құжатты қолдауға жамбылдықтардың да айрықша белсенділік танытып жатқандығын айта келе, алғашқы сөзді партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевқа берді.
Халық мақалы.
Үкіметтің Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасына енген, жалпы жобалық-сметалық құны 8,2 миллиард теңгені құрайтын, қуаттылығы жылына 500 мың тонна цемент шығаратын «Хантау» цемент зауыты құрылысының басталғанына алты жылдан астам уақыт болды. Алайда, аталған зауыт құрылысы әртүрлі себептермен кешеуілдеп келді. Өткен жылы аталған құрылысты жаңа инвестор Ербол Ертаев басқаратын «ACIG» акционерлік қоғамы қолға алғалы бері оның тамырына қан жүгіріп, жұмыс жүріп берген. Зауыт құрылысының жеделдете жүруіне о б л ы с , ау д а н ә к і м д е р і К ә р і м Көкірекбаев пен Болат Мәдікеновтің тарапынан да көп көмек болғанын айта кеткен жөн. Биылғы жылдың маусым айының соңғы күндері алғашқы клинкерді шығарған зауыт ұжымы, өткен аптада «М - 400 Д – 20» маркалы алғашқы цементті ел игілігіне ұсынды. – Біз өткен аптадан бастап цемент
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
“АҚ ЖОЛҒА”
жазылыңыздар, ағайын!
шығара бастадық. Бұған дейін оған қажетті 6000 тонна клинкер шығарсақ, алғашқы бес күнде мың тоннаға жуық цемент өндірілді. Қазір зауытта 200-ден аса жұмысшы вахталық әдісте еңбек етіп жатса, олардың 80-нен астамы осы ауданның азаматтары. Оларға барлық жағдай жасалған. Нақтырақ айтқанда 170 орындық жұмысшы жатақханасы, 120 орындық асхана пайдалануға беріліп, 2 үй соғылды, – дейді зауыт директоры Василий Заярный. Өткен жұма күні зауыт ұжымы осыған байланысты жиын өткізіп, құдайы тамақ таратты. Оған арнайы барып қатысқан аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Исабеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Қалымбетов, тағы басқа азаматтар зауыт ұжымын алғашқы өнім шығарылуымен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Сүндетулла ӘБІЛОВ, журналист. Мойынқұм ауданы.
« ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН 1 жылға
6 айға
Индексі
Ауыл тұрғындары үшін
4227.0 теңге
2113.5 теңге
65457
Қала тұрғындары үшін
3768.36 теңге
1884,18 теңге
65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН 1 жылға
6 айға
Индексі
Ауыл
4726.92 теңге
2363.46 теңге
15457
Қала
4268.28 теңге
2134.14 теңге
15457