АБАЙҒА АБАИҒА құлақ түрейікші,
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№74-75 (18108-18109), Сенбі, 20 маусым, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
АСТАНАНЫҢ АЖАРЫ
ЕЛБАСЫ ЕЛОРДАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ
құлақ түрейікші, ағайын! ағайын!
МЕНІКІ ДЕП ЖҮРГЕННІҢ БӘРІ ОНІКІ КӨК ТҰМАН - АЛДЫҢДАҒЫ КЕЛЕР ЗАМАН, ҮМІТТІ СӘУЛЕ ЕТІП КӨЗ КӨП ҚАДАЛҒАН. КӨП ЖЫЛДАР КӨП КҮНДІ АЙДАП КЕЛЕ ЖАТЫР, СИПАТ ЖОҚ, СУРЕТ ТЕ ЖОҚ, КӨЗІМ ТАЛҒАН. ОЛ КҮНДЕР - ӨТКЕН КҮНМЕН БӘРІ БІР БӘС, КЕЛЕР, КЕТЕР, АРТЫНА ТҮК ҚАЛДЫРМАС. СОНЫҢ БІРІ - АРНАУЛЫ ТАУСЫНШЫҚ КҮН, АРҒЫСЫН БІР-АҚ АЛЛА БІЛЕДІ РАС. АҚЫЛ МЕН ЖАН - МЕН ӨЗІМ, ТӘН - МЕНІКІ, «МЕНІ» МЕН «МЕНІКІНІҢ» МАҒНАСЫ - ЕКІ. «МЕН» ӨЛМЕККЕ ТАҒДЫР ЖОҚ ӘУЕЛ БАСТАН, «МЕНІКІ» ӨЛСЕ ӨЛСІН, ОҒАН БЕКІ. ШЫРАҚТАР, ЫНТАЛАРДЫҢ «МЕНІКІ» ДЕ, ТӘН ҚҰМАРЫН ІЗДЕЙСІҢ КҮНІ-ТҮНДЕ. ӘДІЛЕТТІК, АРЛЫЛЫҚ, МАХАББАТ ПЕН ҮЙ ЖОЛДАСЫҢ ҚАБІРДЕН ӘРІ ӨТКЕН. МАЛҒА САТ, ПАЙДАҒА САТ ҚЫЛЫҒЫҢДЫ, ЫЛАЙЛА ЫЛАЙ ОЙМЕН ТҰНЫҒЫҢДЫ, СОНДА ӨМІРДЕН АЛДАМШЫ БОЛА АЛМАССЫҢ, ОЛ БІЛДІРМЕЙ ҰРЛАМАҚ ҚЫЗЫҒЫҢДЫ. АДАМ ҒАПЫЛ1 ДҮНИЕНІ ДЕР МЕНІКІ, МЕНІКІ ДЕП ЖҮРГЕННІҢ БӘРІ ОНІКІ. ТӘН ҚАЛЫП, МАЛ ДА ҚАЛЫП, ЖАН КЕТКЕНДЕ, СОНДА ОЙЛА, БОЛАДЫ НЕ СЕНІКІ? МАЗЛҰМҒА2 ЖАНЫҢ АШЫП, ІШІҢ КҮЙСІН, ХАРЕКЕТ ҚЫЛ, ПАЙДАСЫ КӨПКЕ ТИСІН. КӨПТІҢ ҚАМЫН ӘУЕЛДЕН ТӘҢРІ ОЙЛАҒАН, МЕН СҮЙГЕНДІ СҮЙДІ ДЕП ИЕҢ СҮЙСІН.
Елбасы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШСда болды. Мұнда Мемлекет басшысына Аст ана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаңа темір жол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және «Нұрлы жол» бульварының екінші кезегінің жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа
БӘРЕКЕЛДІ!
елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті. – Қалаға қажеттінің бәрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеңде Астананың дамуы жеке инвесторлардың қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы ең көп инвестиция елордаға тиесілі. Астананың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардың мақтанышы саналады,
Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі. Халық мақалы. КӨПШІЛІКТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ШУ АУДАНЫНДА БІРТІНДЕП ШЕШІМІН ТАБА БАСТАДЫ. КҮНІ БҮГІНГЕ ДЕЙІН «КӨГІЛДІР ОТЫНҒА» ШУ ҚАЛАСЫ, БЕЛБАСАР ЖӘНЕ ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗСЕ, ОСЫ АПТАДА КӨКҚАЙНАР АУЫЛЫ ДА ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ.
КӨКҚАЙНАР АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ КЕЛДІ Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». 270 түтін қоныстанған елді мекенге газ тарту жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Кәсіпкер Т.Байдаулетовтің басшылығындағы «Аққар – 2009» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тізгінін қолға алған тірлік 1 жылдың ішінде нәтижелі аяқталып, бүгінде бас-аяғы 21 шақырым болатын 4 көшеге құбыр тартылды. Жалпы, құбыр тарту жұмысын жүргізуге 20 адам қатысыпты. Ауыл аумағында орташа қысымнан төмен қысымға өткізілетін 2 газ тарату пункті және жоғары қысымнан орташа қысымды құбырларға газ өткізетін 1 газ тарату пункті орналастырылған. Сейсенбі күні 2 үй газға қосылды. Серіктестік өкілдерінің айтуынша, әзірге 125 шаңырақ ниет білдіріп, 27 үйдің иелері «Аққар – 2009» ЖШС-мен келісімшарт жасасып, «көгілдір отынға» қосылуға дайын отырған көрінеді. Көкқайнар ауылының тұрғындары үшін газға қосылу құны 320 мың теңгені құрайды. Шу ауданы.
қонақтарын тәнті етеді. Халқының саны 900 мың адамға жетті, бұрын мұны болжаудың өзі қиын болатын. Қала еліміздің шын мәніндегі әкімшілік, мәдени, іскерлік, білім және медицина орталығына айналды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылатынын айтты. – Қандай кемшіліктер бар екенін, соның ішінде көліктер тұрағына қатысты мәселе туралы да білеміз, оның бәрі міндетті түрде шешіледі. Таяудағы мол жауын су сорғы кәріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті.
Онымен де жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де назар аудару керек. Қаланың әрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жаңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады, – деді Мемлекет басшысы.
2015 жылдың 1-3 шілдесі күндері
КӨПТІҢ БӘРІ КӨП ДЕМЕ, КӨП ТЕ БӨЛЕК, КӨП ИТ ЖЕҢІП КӨК ИТТІ КҮНДЕ ЖЕМЕК, ҒАДӘЛӘТ3 ПЕН МАРХАМАТ4 - КӨП АЗЫҒЫ, ҚАЙДА КӨРСЕҢ, БОЛЫП БАҚ СОҒАН КӨМЕК. ӘРКІМНІҢ МАҚСАТЫ ӨЗ КЕРЕГІНДЕ, БІЛЕ АЛМАДЫМ ПЫСЫҒЫН, ЗЕРЕГІН ДЕ. САЯЗ ЖҮЗЕР САЙҚАЛДАР, ҒАПЫЛ ҚАЛАР ХАҚИҚАТ5 ТА, ДІН-ДАҒЫ ТЕРЕҢІНДЕ.
1 Қапы қалу, білмеу, байқамау. 2 Зұлымдыққа ұшыраған адам (арапша). 3 Ғадәләт (арапша) - әділдік. 4 Мархамат (арапша) - рақым, жақсылық. 5 Хақиқат (арапша) - шын, дұрыс.
ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ Облыс əкімі К.Көкірекбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауының жүзеге асырылу барысына арналған ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді. Сұрақтарыңызды 1-3 шілде күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге www.egov.kz веб-сайтындағы сілтеме арқылы жолдауларыңызға болады.
45-98-99, 45-94-61
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті ХХХVІІІ сессиясы 2015 жылдың 25 маусымында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Қарашолақовтың есебі туралы. 2. 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. 3. Облыста халыққа мәдени қызмет көрсетуді жақсарту және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы. 4. Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 5. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2015 жылдың 25 маусымында сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 25 маусым күні сағат 14.00де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.
. . . Й А Д И Б Л Ы З Ы АХАУ, АЙДАЙ, Қ Е ГІН Ж А Й
- 2 015
ЛАТАУ», ПТАРДЫҢ ІШІНДЕ «А РЫ СҰ АН ЛҒ НЫ Ы ҰС А АР БОЛДЫ ЕГІНЖАЙДА НАЗАРҒ А КӨПТЕГЕН СҰРЫПТ СҚ БА Е ӘН Ж Й» ДА «ҚЫЗЫЛ БИ
Күздік бидай
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». ОБЛЫС ӘКІМІ К.КӨКІРЕКБАЕВ ЕГІНЖАЙ КҮНІ АЯСЫНДА ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ АЙМАҒЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ЕГІС ДАЛАСЫНА АТБАСЫН БҰРДЫ. МҰНДА ҚАЗАҚ ЕГІНШІЛІК ЖӘНЕ ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ТҮРЛІ СҰРЫПТАРЫН НАЗАРҒА ҰСЫНЫП, ОЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ТҮСІМІ ЖАЙЛЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ МАҒЛҰМАТ БЕРДІ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).