20 қараша пдф

Page 1

А

САУ

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№7 (18041), Сейсенбі, 20 қаңтар, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ

ЖОЛ ЖОҚ!

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Н.Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«ҚАЗАҚСТА Н–

2

»С 050

ТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖЫЛ МЕМЛЕКЕТІ

ОБЛЫС ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ОҚУӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ: ТАРИХНАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Әңгіме барысында Елбасымыздың мемлекеттіліктің тарихына қатысты ойтолғамдары, тарихи сананы жаңарту бағытындағы бастамалары, «Мәңгілік Ел» идеясының ұлттық идеологияға айналуы жайлы ой-пікірлері арқау болды. Өзекті тақырыптар талқыланған кездесуде тарих пәнінің мұғалімдерімен қатар жоғары оқу орындарының ғалымдары да қатысты. Тарихқа қатысты деректерді саралауда мектеп мұғалімдері белсенділік танытты. Қалалық №16 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Серік Кеңесұлы, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған

мамандандырылған қазақ-түрік мектепинтернатының тарих пәнінің мұғалімі Зәуре Аманжолқызы және №8 гимназияның тарих пәні мұғалімі Әлішер Әзімбайұлы өз ойларын тиянақты жеткізді. Дөңгелек үстел отырысында қазақ хандығының құрылу тарихы, ондағы тұлғалардың рөлі кеңінен сөз болды. Жиналғандар төл тарихтың парақтарында алтын әріптермен хатталған дәуірлердің бүгінде назардан тыс қалмауы керектігін, насихатталуы тиіс екенін қадап айтты. Тараз қаласы.

молшылық

Қордай ауданы.

Облысымыздың әкімшілік орталығы саналатын Тараз қаласы жылдан-жылға түрленіп, тотыдай таранып келеді. Өңір экономикасы қуат алған соңғы жылдары қалада зәулім болмаса небір әсем ғимараттардың бой көтергені, саябақтар мен гүлзарлардың ашылуы көптің көңілінен шығуда. Қаладағы негізгі көшелердің бойында көгалдандыру, абаттандыру шаралары жүйеленді. Одан бөлек, әкімшілік ғимараттардың қасбеттері де бірыңғай сәулет үлгісімен қайта әрленіп, қалаға одан әрі көрік бере түсті. Әсіресе, орталық «Достық» алаңындағы сәулет адам танымастай өзгерді.

С

Жексенбі күндері бос болатын Қордайдың орталық алаңы бұл жолы таңертеңнен-ақ адамға лық толды. Алдын-ала облыстық және аудандық газеттер арқылы бұл күні Тараз қаласынан азықтүлік артқан керуен келіп, арзандатылған бағамен сауда-саттық өткізетіні туралы хабарланған жұрттың үміті ақталды. Қорабы биік әрі ұзын төрт-бес жүк көлігі келіп, қатарласа тоқтағанда әшейінде үлкен көрінетін алаңның өзі тарылып кеткендей. Бұл – облыс әкімінің қолдауымен облыстық тұрақтандыру қорының есебінен аудандарға шығарылған «ТЗК «Тараз» ЖШС-ның «Керуен-2015» аталатын көшпелі жәрмеңкесі. Азық-түлік керуенін бастап келген атқарушы менеджер Еркін Бұланбаевтың айтуынша, керуен кеше Меркі ауданында болып, апарған тауарларының 70 пайызын сатып жібергендіктен, қайтадан Таразға барып, көліктерін тауарға толтырып, түнімен қайта оралған беттері екен. Қордайлықтардың да бұл жәрмеңкеге ықыласы жоғары болды. Әр көліктің жанында сауда сөрелерінің көрнекті жеріне ондағы тауарлардың бағасы жазылып қойылған. Салыстырып қарағанда, Қордайдың базарларындағыдан анағұрлым арзан. Мәселен, базарда килограмы 100 теңгеден кем тұрмайтын картоп 65 теңгеден, қант 230 орнына 149 теңгеден, пияз 80 теңге орнына 52 теңгеден, сұйық май 284 орнына 230 теңгеден, макарон 182 орнына 120 теңгеден сатылымға шығарылды. Содан да жұрттың ұн, картоп, пияз, сәбіз, тағы басқа азық-түлік тауарларын қап-қабымен алып жатқандары көп болды. – Бұл акция облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың бастамасымен қолға алынды, – дейді керуеннің қожасы Е. Бұланбаев. – Облыстық статистика басқармасы мен «КазАгрофинанс» жүгізген мониторинг мәліметтері бойынша, өңірде бірқатар әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы көтерілгені байқалған. Сондықтан, облыс басшылығы олардың бағасын тұрақтандыру шараларын қарастыруда. Бүгінгі жәрмеңке – сондай шаралардың бірі. Әлеуметтік маңызды тауарлардың тізіміне барлығы 33 түрлі тауарлар енгізілген болса, Қордайға соның 23 түрін молынан әкеліп отырмыз. Азық-түлік керуенімен барлығы 115 тонна тауар жеткізілген болса, оның ішінде әрқайсысы 20 тоннадан ұн, қант, картоп, 10 тонна пияз, 5 тоннадан сәбіз бен күріш, 2 тоннадан астам макарон және басқалары қордайлық сатып алушыларға ұсынылды. Айтпақшы, бұл күні жергілікті тауар өндірушілер де бір қанаттан сауда сөрелерін құрып жіберіп, жерлестеріне ет, сүт, жеміс, көкөніс және кондитер өнімдерін базардағыдан төмен бағамен саудалап жатты. – Тараздан әкелінген тауарлардың жоғары сапасы мен бағасының төмендігі тәнті етті. Өзім бір-бір қаптан картоп пен пияз, тағы басқаларын сатып алдым, енді осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса екен, – дейді сатып алушылардың бірі Қуандық Сабыралиев. Біздіңше, мұндай тілек әркімнің көкейінде сайрап тұрды.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

ҰХ

БАТ

Әнуарбек ЖҰМАҒҰЛОВ:

– Бұл заң бұрыннан бар еді ғой. Бірақ, енді күшіне енген сыңайлы. Алдында ешқандай асаба салық төлемейтін кезде, мен өзім тіркеліп, төлеп жүретінмін. Бірақ, қазір бұл заңмен келісе қоймаймын. Өйткені, маған ешкім той тауып беріп жатқан жоқ. Мысалы, қазір қыстың қақ ортасы. Тойшыл оңтүстіктің өзінде ас та төк той жасап жатқан ешкім жоқ. Той маусымы басталар жаз бен күздің өзінде де мен салық төлеуге қарсы болар едім. Өйткені, маған тойды Үкімет тауып бермейді. Егер тойды тауып, бағасын келісіп отырған біреу менен табысымның өзіне тиесілі пайызын талап етсе мен қуана келісер едім ғой.

– «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ғой атам қазақ. Сонда аузымыздан шыққан сөзіміз үшін басқаға ақы төлейміз бе? Мен өзім бұл заңнан онша хабарым жоқ. Заң солай болса, заңнан қашпаймыз ғой. Бірақ, өзім бұл заңды құптай алмаймын. Асабалық та өнердің бір түрі. Кез-келген адам той басқара алмайды. Кез-келген адамға ел өз тойының тізгінін сеніп, тапсырып қоймайтыны тағы белгілі. Той егелері де өнері өзіне ұнаған адамға ғана сенім артады. Мен той басқарсам, біреудің электр қуатын, болмаса музыкалық аппаратын пайдаланып жатқан жоқпын.

Көркі көңіл құлазытады

ЖЕДЕЛ

Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».

Дүйсебай ЕРКЕБАЕВ:

Фотоайғақ

ҚАҢТАРДАҒЫ

ЖАҢА ЖЫЛ БАСТАЛЫСЫМЕН ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ЗАҢНАМАЛАРЫ ӨЗГЕРТІЛДІ. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕЙ БАПТАР КҮШЕЙТІЛІП, УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР АСАБАЛАР МЕН ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ ТАПҚАН ТАБЫСТАРЫН ЕСЕПТЕЙТІН КҮН ТУДЫ. ОЛАР КӘСІПТЕРІН ЗАҢДАСТЫРЫП, ТАБЫСЫНЫҢ БЕЛГІЛІ БІР МӨЛШЕРІН МЕМЛЕКЕТКЕ БЕРУІ ШАРТ. ЗАҢНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН САЛЫҚШЫЛАР БИЫЛДАН БАСТАП ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАМАҚ. ЖАЛПЫ, «ЖИҒАН-ТЕРГЕНIҢ ТОЙҒА ШАШЫЛСЫН» ДЕЙТIН ХАЛҚЫМЫЗДА КЕЛIН ТҮСIРУ, БЕТАШАР, ТIЛАШАР СЕКIЛДI ТОЙДЫҢ ТҮРI КӨП. АЛ САУЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕ, МӘНДI ӨТУI ОНЫ ЖҮРГIЗЕТIН АСАБАҒА ДА БАЙЛАНЫСТЫ. ТОЙ ТУРАЛЫ ӘҢГIМЕ ҚОЗҒАЛСА: «АСАБАСЫ КIМ БОЛДЫ?» ДЕГЕН СҰРАҚ ҚОЙЫЛЫП ЖАТАДЫ. ӘР ТОЙДЫҢ ТҮРIНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗIНIҢ ЕШ ЖЕРДЕ ЖАЗЫЛМАҒАН «АҚЫСЫ» ДА БАР. АСАБА ТОЙ ИЕСIНЕН АЛҒАН АҚЫСЫН ӨТЕУ ҮШIН БАР ӨНЕРIН САЛЫП ЖАТАДЫ. ӘРИНЕ, «ӨЗ КҮНIҢДI ӨЗIҢ КӨР, ТАБЫС ТАП, СОЛ АРҚЫЛЫ БАЛА-ШАҒАҢДЫ АСЫРА» ДЕЙТIН ЗАМАНДА БҰЛ IСКЕ ЕШКIМ КЕДЕРГI БОЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ. ӘРКIМ БЕЙIМДIЛIГIНЕ ҚАРАЙ ТАБЫС ТАБУЫНА ҚҰҚЫЛЫ. БIРАҚ ТАБЫС ТАБУДЫҢ ЕКIНШI ЖАҒЫ БАР, ОЛ –ТАБЫСЫНАН ТҮСКЕН ҚАРЖЫНЫҢ АЗ ҒАНА БӨЛШЕГIН САЛЫҚ ҮШIН МЕМЛЕКЕТКЕ ТӨЛЕУ. ӨРКЕНИЕТ ПАЙДА БОЛҒАННАН КЕЛЕ ЖАТҚАН БҰЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚ АТА ЗАҢЫМЫЗДА ДА АЙШЫҚТАЛЫП ЖАЗЫЛҒАН. ОСЫ ОРАЙДА ӨҢІРІМІЗДЕГІ ТОЙ-ТОМАЛАҚТЫҢ БАСЫ-ҚАСЫНДА ЖҮРГЕН АСАБАЛАРДЫҢ ОЙЛАРЫН БІЛГЕН ЕДІК. СОНЫМЕН, ОЛАР БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?

– Рас. Мен де той басқарып жүрмін. Бұл біздің бірден-бір табыс көзіміз болып отыр. Егер мемлекет салық төлесін деп заңдастырып, шынымен де біздің төлеген салығымыз үкіметке түсетін болса, мен қарсы емеспін. Неге дейсіз ғой, өйткені, менің төлеген салығым ертең әке-шешеме барады зейнетақы болып, басқа да әріптестерімізге айлық болып түседі. Десек те, кейде апта-айлап тойға шықпай қалатын кездер болады ғой. Ондайда не істейміз сонда? Әйтпесе, әр асабаның соңынан салық қызметкері жүру керек шығар...

БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ

Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН, «Ақ жол».

САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?

Нұрхан НҰРЛАНБЕК:

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – 550 ЖЫЛ

550

Асабалар Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Биік төбеге шықсаң, көзің ашылар. Жақсыменен сөйлессең, көңілің ашылар. Халық мақалы.

АМА Н Л

Қазақ хандығының 550 жылдығы Таразда тойланатын болды. Осы тойға жиналған қауымның шаһардың келбетіне назар аударатыны жасырын емес. Осы орайда айтар уәж де бар. Мәселен, қаланың батыс бетіндегі Тәуке хан мен Төле би көшелерінің қиылысар тұсындағы қатар тұрған тоғыз қабатты үш үйдің бүгінгі сұрқы көңіл құлазытады. Пайдалануға берілгелі бері сырты мен қасбеті боялмаған. Ал көшелердің қиылысындағы көпір де жаңалауды қажет етіп тұр. Тараз қаласының әкімдігі 550 жылдыққа дайындық шаралары барысында осы мәселелерді де ескерер деген ойдамыз. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Облысымыздағы ірілі-ұсақты тойларды атқарып жүрген асабалар қауымының бір парасы осылай дейді. Біз мұның жайын одан әрі ұғыну үшін облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әділбек Әлішевке хабарласқанымызда мынадай жауап алдық: «Салық төлеу үшiн мiндеттi түрде тіркеу және есеп қабылдау орталығына тiркелу керек. Бүгінгі таңда заңды түрде тiркелген асаба саны санаулы ғана. Жалпы, бұл бағытта жұмыс жасап жүргендердің нақты санын білмесек те, аз еместігінен хабардармыз. Демек, бұл қарапайым халыққа асабалардың қаншалықты заңды түрде жұмыс тауып жатқандығын көрсетедi. Қарапайым мысал, мекеменiң қатардағы жұмысшысы 35-50 мың теңге алып, одан заңға сәйкес 10 пайыз табыс салығын төлеп келсе, шартты түрде 1 тойдың өзiнен соншама пайда табатын асабалардың салық төлемеуi әлеуметтiк әдiлетсiздiк саналады. Осы жерде той иесi, егер ол өзін елiнiң жанашыры деп есептейтiн болса, асабаны жалдар кезде оның кәсiпкерлiгiн талап етсе, сол сияқты тойхана иелерi тiркелмеген асабаларды тойханаға кiргiзбесе, асабалардың көзқарасын өзгертуге септiгiн тигiзiп, заң талабына мойынсұндырары сөзсiз. Егер асаба патент алып, заңды түрде жұмыс жасаса, ол өз табысының 2 пайызын ғана төлейді. Ол соншалықты қиын емес» дейді, Әділбек Әлімұлы.

«АҚ ЖОЛҒА» ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСУДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ, ОБЛЫСЫМЫЗДА ҚЫРУАР ТІРЛІКТЕР АТҚАРЫЛДЫ. АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР ДА КӨП БОЛДЫ. БҰЛ ЖӨНІНДЕ ЖУРНАЛИСТЕРІМІЗ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІП, ЖАЛПЫ ЖҰРТШЫЛЫҚ ОЙЫНАН ШЫҒАТЫН, БИЛІКТІҢ ҚАПЕРІНЕ АЛАТЫН МАҚАЛАЛАР ЖАЗСА, ОҚЫРМАН-АВТОРЛАР ҚОЗҒАҒАН ЖАЙТТАР ДА «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ БЕТІНДЕ КӨПТЕП ЖАРЫҚ КӨРДІ. БИЫЛ ДА ЕЛІМІЗ ҮШІН АТҚАРЫЛАР МАҢЫЗДЫ ШАРУАЛАР МОЛ. АЛ ТІЛШІЛЕРГЕ ЖАЗАТЫН ТАҚЫРЫПТАР ЖЕТЕРЛІК. ҚУАНТАРЛЫҚ ЖАЙ – ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНЕ

БИЫЛ 22 990 ОҚЫРМАН ЖАЗЫЛДЫ. БҰЛ – ШЫНЫНДА ДА, ГАЗЕТ РЕДАКЦИЯСЫ ҮШІН ДЕ, КӨПШІЛІК ҚАУЫМ ҮШІН ДЕ ҚУАНЫШ. ТӨЛ БАСЫЛЫМЫНАН ҚОЛ ҮЗБЕГЕН ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗҒА АЙТАР АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ. ЕНДІГІ МӘСЕЛЕ, БІЗ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНЕ ӘЛІ ДЕ ЖАЗЫЛЫП ҮЛГЕРМЕГЕН ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДЫ БҰЛ БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛУҒА ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТІҢ БАРЫН ХАБАРДАР ЕТУ МАҚСАТЫМЕН «ҚАЗПОШТА» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫСБЕК ПІРӘЛІ МЫРЗАНЫ СӨЗГЕ ТАРҚАН ЕДІК.

– Биыл былтырғыға қарағанда «Ақ жол» газетіне облыс оқырмандары көптеп жазылды. Оған сіздермен бірге біз де қуандық. Айтары көп газеттің оқырманы да көп екенін осы көрсеткіштен-ақ аңғару қиын емес. «Ақ жол» газетіне «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының барлық қалалық, ауылдық пошта байланыс бөлімшелерінде кез-келген уақытта жазылуға болады. Мәселен, әр айдың 28-іне дейін келесі айға жазылым қабылданады. Нақтылап айтсақ, сіз егер 28 қаңтарға дейін жазылсаңыз, ақпан айының басында газет қолыңызға тиеді. – Жеке тұлғалар үшін жазылым бағасы қалай? – Қаладағы оқырман бір айға – 314,03, үш айға – 942,09, алты

айға – 1884, 18 теңгеге, ал ауылдағы оқырман бір айға – 352,25, үш айға – 1056,75, алты айға 2113,5 теңгеге жазыла алады. – Заңды тұлғаларға арналған бағаларды да айтып өтсеңіз. – Мекемелер бір айға – 355,69, үш айға – 1067,07, алты айға 2134, 14 теңгеге жазылады. – Әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.