ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №132 (17989), Сенбі, 20 қыркүйек, 2014 жыл
СҮЙІНШІ!
ЕРЕЖЕПОВТЕР
отбасы
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР
Мойынқұм ауылында «ЖасОтау» иелерінің сайысы қызықты өтті. Аталмыш іс-шараға ауылдың мақтаулы жас отау иелері қатысты. Қатысушылар таныстыру, қазақтың ұлттық салт-дәстүр мәдениетін сақтау, қолөнерде шеберлік және ән, би өнерін көрсету, барды мол ету, ұлттық және күнделікті киім үлгілерін көрсету және тағам дайындау өнерлерімен, ізеттікке тән сұрақтарға жауап беру номинациялары бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Қалдыбаевтар отбасы жеңіп алса, 2-орынды Тәжіғұловтар отбасы, 3-орынды Дауыталиевтер отбасы иеленді. Жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілді.
l Т. РЫСҚҰЛОВ «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы аясында жұмысын үш ай бұрын бастап, жұмыссыз тұрғындарды қайта даярлау курстарына оқытқан бағдарлама нәтижесі белгілі болды. Құлан ауылындағы №4 Құлан колледжінде кәсіби білімдерін шыңдаған кәсіп иелеріне куәлік табыс етілді. Колледжден тігін өндірісі және киімдерді модельдеу, пісіру ісі және тамақтандыруды ұйымдастыру мамандықтарын 44 білімгер алып шықты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевты қабылдады. Кездесу барысында К.Кө кірек баев Мемлекет басшысына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының не гізгі көрсеткіштері мен өңірді да мытудың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы өңірдің жылу беру маусымына дай ын ды ғын қамтамасыз ету қажеттігіне назар
АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ БІРІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ «ГАЗЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ» ДЕГЕН СӨЗІНДЕ ТЕРЕҢ ТАҒЫЛЫМ ЖАТЫР. ШЫНЫНДА ДА КЕЗ-КЕЛГЕН БАСЫЛЫМНЫҢ БЕДЕЛІ ОҚЫРМАНЫМЕН БИІК. ОСЫНЫ ЕСКЕРГЕН ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ КЕЛЕР ЖЫЛДЫҢ БАСПАСӨЗІНЕ ЖАЗЫЛУ НАУҚАНЫ АЛДЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ОҚЫРМАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСУДІ БАСТАДЫ.
ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУІН БАЙЗАҚ АУДАНЫНАН БАСТАДЫ
Бейсенбі күні басылымның Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, бас редактордың бірінші орынбасары Ақылжан Мамыт, мәдениет бөлімінің меңгерушісі Табиғат Абаилдаев, фототілші Ақәділ Рысмахан және осы жолдардың авторы бар топ газеттің Байзақ ауданындағы оқырмандарымен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Мұратхан Шүкеев ашып, жүргізді. – Облыстық «Ақ жол» газеті күннен-күнге беделі өсіп, оқырмандардың сүйікті басылымына айналуда. Біздің ауданда соңғы жылдары «Ақ жолға» жазылу белсенді деңгейде жүргізілуде. Осыданақ ауданда «Ақ жол» газеті оқырмандарының белсенділігінің жоғары екендігіне көз жеткізуге болады, – деді аудан басшысы. Сонымен қатар ол басқосуға қатысып отырған білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, кәсіпорын басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, ардагерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар қауымын еркін пікірлесуге шақыра отырып, алғашқы сөзді «Ақ жол» газетінің Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлына берді. – Облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «Ақ
жол» газеті соңғы уақыттарда өз оқырмандарын тұшымды дүниелерімен қуантып келеді. Айына бір рет шығатын «Пырақ» әдебиет және өнер, «Шөкеңнің шошаласы» әзіл-оспақ беттерін іздеп жүріп оқитындардың қатары көбейді. «Тылсым дүние» қосымшасы ғаламның ғажайып оқиғаларынан сыр шертеді. «Журналист ой айтады, мәселе көтереді» атты «Ақ жолдың» жаңа жобасы да көптің көкейіндегісін дөп басты. «Ақ жолдың» арнайы экспедициясы да облысымыздағы тарихимәдени орындарға сапар шегіп, тың деректердің бетін ашуда. Бір ғана мысал, «Ақ жолдың» экспедициясы Құлан өңіріне сапары барысында жалынды революционер Алма Оразбаеваның қабірін тапты. Соның нәтижесінде ауданның иманды азаматтары қабір басына белгі қойып, құлпытас орнатқалы жатыр. Сол сияқты «Ол енді қазақтар үшін Мырзажан емес» атты мақала да оқырманды дүр сілкіндірді. Көптің көзін ашты. Материалдың өзектілігі ескеріліп, Тараз қаласындағы оның есімімен аталатын көше атауы өзгертілді. Міне, газет сынының салмағы. Одан бөлек жаңадан ашылған сан түрлі айдарлар қаншама. Осындай оңды ізденістер арқылы «Ақ жол» қалың көпшіліктің рухани сырласына, ақылшысына айналды. (Жалғасы 5-бетте).
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
Құдайға шүкір, елімізде газет-журналдар аз емес. Олардың талайын қадірлеймін. Әйтсе де, мен үшін ең ыстық, ең қымбат басылым ол – «Ақ жол». Осы басылымға өмірімнің тура жиырма жылын арнадым. Он жыл бөлім меңгерушісі болсам, он жылдай газетті басқардым. 1990 жылы сәуір айында оның бұрынғы «Еңбек туы» деген атынан «Ақ жолға» айналуына тікелей себепкер болдым. Кез-келген басылымның тағдыры кейбір қырынан келсек, адам тағдырына ұқсайды. Оның да түрлі себептер мен өрлеу дәуірі болады, кейде түрліше кедергілерден діттеген жеріне жете алмай жататын мезгіл де кездеседі. Байырғы оқырмандар пікіріне сайсақ, «Ақ жолдың» ерекше өрлеу кезеңі сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың басына дейінгі
Кеңесіп іс басқару Келелі елдің белгісі. Жұмыла жұмыс атқару Өрелі елдің белгісі. Халық мақалы.
АГРОӨНЕРКӘСІП: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС
ТАЛАСТАН... МӘСКЕУГЕ
ОЛАР ӨМІРГЕ ҚҰШТАР,
ӨНЕРГЕ ІҢКӘР
ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛЬ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты облыстық байқауға биыл Тараз қаласы мен 10 ауданнан 111 мүмкіндігі шектеулі жан қатысып, он аталым бойынша бақ сынасты. Екі күнге созылған конкурстың жүлдегерлері кеше орталық «Достық» алаңында өткен гала концертте анықталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысты. – Елбасымыз биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс» деп ерекше атап көрсетті. (Жалғасы 4-бетте).
«АҚ ЖОЛ» ЖАҢА ДӘУІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ кезең болды. Сол тұстарда бұл басылым халықтың ең бір сүйікті досына, ақылшы досына және өз өңіріміздегі ғана емес, бүкіл Қазақстандағы ең айбынды газеттердің біріне айналған еді. Таралымының елу мыңға жақындағандығы да соның бір айқын дәлелі болса керек. Одан кейін де газет елмен бірге жасасып, өз міндеттеріне сай белгілі дәрежеде қызмет етіп келді. Қазір «Ақ жол» жаңа бір дәуірге қадам басқан секілді. Шынтуайтына келсек, басылымның бет-әлпеті, бағыт-бағдары тікелей басшыға байланысты. Биыл «Ақ жолдың» басшылығына сол кезеңде журналист ретінде қалыптасқан, дарынды қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы келді. Ол келісімен-ақ, жақсы редактор бола алатынын дәлелдей бастады. Газет түбегейлі өзгеруде. Өмірдің ең бір өзекті мәселелеріне батылдау барып, соны тереңінен жазу жағымен ерекшелене бастады. Мен мұны оқырман ретінде айтып отырмын. «Тылсым дүние», «Оқырмандар отауы», «Пырақ» сияқты арнаулы беттер мен «Бүкпесіз
аударды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында ылғал сақтау технологияларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назар баев облыста мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын индустриялық жобаларға айрықша назар аударды. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.
АУЫЛДАРДАН КЕЛГЕН ҮМІТКЕРЛЕР АУДАНАУДАНДАРЫНА ҚАРАЙ БӨЛЕК-БӨЛЕК ТОПТАСЫП АЛЫПТЫ. БІРЕУІ ЕКІНШІСІНІҢ ҚОЛТЫҒЫНАН ДЕМЕП, ТАҒЫ БІРІ ҚҰРБЫСЫНЫҢ ШАШЫН ТҮЗЕП, ҚОЛЫНАН КЕЛГЕНДЕРІНШЕ КӨМЕКТЕСІП ЖҮР. БІР-БІРІН ҚАНАТТАНДЫРЫП, ҚАЙРАП ҚОЯДЫ. БАУЫРМАЛДЫҚТАРЫН, ЖАНАШЫРЛЫҚТАРЫН ОСЫЛАЙ КӨРСЕТЕДІ. ІШТЕЙ ҚОБАЛЖЫП ТҰРҒАНДАРЫМЕН, КӨҢІЛДЕРІ КӨТЕРІҢКІ. ШЕКТЕУЛІ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ СӘНСАЛТАНАТЫ ЖАРАСҚАН, ДУМАНДЫ МЕРЕКЕЛЕРГЕ ҚАТЫСУДЫҢ ОРАЙЫ ҮНЕМІ КЕЛЕ БЕРМЕЙДІ. АЛ ЕНДІ ОЛАРҒА ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН КӨРСЕТУГЕ МҮМКІНДІК ТУҒАН ЕДІ...
ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ
Арғынбай БЕКБОСЫН, ТМД елдері Журналистер одақтары конфедерациясы сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері.
Аудан аумағында сенбілік ұйымшылдықпен өтті. Сенбілік аясында Тараз-Түймекент, Тараз-Мырзатай, Тараз-Үшбұлақ және Тараз-Сарыкемер бағытындағы жол бойлары тазартылып, ретке келтірілді. Бұл күні 4250 түп ағаш отырғызылып, 15,8 шақырым канал мен арық-атыздар қоқыстан тазартылды. 107 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.
l МОЙЫНҚҰМ
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
l БАЙЗАҚ
Гагарин атындағы орта мектепте Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 1418 жас аралығындағы жас ақындардың мүшәйрасы өтті. Оған қатысқан 14 жас ақынның арасынан бас жүлдені Амангелді атындағы орта мектептің оқушысы Аружан Абдрахманова қанжығасына байласа, бірінші орынды кейкиевтік жас ақын Айдана Сағатбек иеленді.
БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ ӨТКІЗІЛГЕН «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТІП, ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ. БІР АЙҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ ӨТКЕН ДАУЫС БЕРУ НАУҚАНЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ОҢТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ БИМАХАНБЕТОВТЕР ОТБАСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ.
Жеңімпаз отбасыларды құттықтаған Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар жайында айтып, туыстық қатынасты, отбасындағы бірлік-берекені бағалауға шақырды. «Елімізде 149 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала қолдауды қажет етеді. 7 мыңнан астам қария бүгінде қарттар үйінде тұрып жатыр. Ал олардың көпшілігінде жағдайы жақсы ұл-қыздары бар. Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратын қатыгез ұрпақ пен баласынан жеритін көкек ана бізде ешқашан болмаған. Ата-анаға құрметпен қарап, алаңсыз қарттық сыйлау, ұрпаққа қамқорлық жасау әрбір адамның қасиетті борышы. Біз қандай жаугершілік заманның өзінде жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз» деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Сонымен қатар, Елбасы байқау жеңімпазына жаңа көліктің кілтін табыс етті. «Байқау жеңімпазына Қазақстанда шығарылған әмбебап шағын автобустың кілтін табыс етемін. Қазіргі уақытта біз автомобиль шығаратын елге айналып отырмыз. Бұл – отандық өндірістен шыққан отбасылық көлік», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көліктің кілтін отағасы Елтай Бимаханбетовтің қолына ұстатты. Айта кету керек, Бимаханбетовтер отбасы 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10-нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимағанбетұлы – мәдениет саласының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы. «Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» деген бар. Кеше түстен кейін байқау қорытындысы шыға салысымен біздің облысымыздың намысын қорғаған Ережеповтер отбасымен байланысуға асықтық. Бізбен телефон арқылы тілдескен отағасы, өртке қарсы қызмет ардагері Толыбай Ережепов қуанышты жаңалығымен бөлісті. Мерейлі отбасыға су жаңа «Нива» автокөлігінің кілті табыс етіліпті. – Байқау болған соң, Астанаға біз жан -жақты дайындалып барғанбыз. Шынын айтқанда облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен отбасылардың осалы жоқ. Дегенмен, осы жолы Елбасының көрегендігіне тағы бір мәрте тәнті болдық. Себебі, Астана, Алматы қалалары мен облыстардан келген үміткерлердің ішінен Бимаханбетовтер отбасына бірінші орын жүлдесі табыс етіліп, қалған 15 жанұяның бәріне бірдей автокөліктің кілті берілді. Қуанышымызда шек жоқ, – дейді Толыбай Ережепов.
Қала әкімдігінің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Әлеуметтік көмекті қажетсінетін отбасылардағы 1200 оқушыға мекемелер, кәсіпкерлер көмек беруді жалғастыруда. Қала әкімі Н. Календеров алты балалы Сүгірәлиевтер отбасындағы үш оқушыға мектеп формалары, спорттық киімдер мен кеңсе заттарын сыйға тартты. Ал білім бөлімі мен балабақшалар ұжымы «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» іс-шарасына қатысып, елу балаға көмек берді. Жалпы, 10 қыркүйекке дейін 1236 оқушыға 12 032 182 теңгенің қайырымдылық көмегі ұйымдастырылды. Акция әлі де жалғасын табуда.
l ЖАМБЫЛ
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН «НИВА» МІНДІ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
l ТАРАЗ
әңгіме», «Журналист ой айтады, мәселе көтереді», «Ел мен ес», «Ақ жол газетінің тарихи-танымдық экспедициясы», «Фейсбук парақшасы» сияқты жаңа айдарлар мен жаңа жобалар оқырманын тартады. Бұл әрине жақсы, құптауға тұратын жаңаша қадам. Мұны әзірге жолбасы деп есептейік. Келешекте «Ақ жол» бұдан да гөрі кемелдене түсер деп үміттенейік. Ал оқырманға айтылар тілек, бейтарап, енжар болмаңыздар! Өмірдің ортасында жүрсіздер, сонда түйгендеріңізді, көңіл аударарлық жайларды назардан тыс қалдырмастан, басылымға ат салысуға тырысыңыздар. Ол сіздердің азаматтық позицияларыңыздың да берік екенін дәлелдейді. Оқырман – басылымға, басылым – оқырманға лайық, сәйкес болу керек. Мұның өзі біздің өміріміздегі үйлесімділікті де сипаттайды.
Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ, «Ақ жол». Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тұрғыны Артық Ақтөреев Мырзашөлдің қауындарын Германияның Штутгарт қаласына апарып сатуда. Немістердің Жетісай өніміне үйренгені соншалық, бір автокөлік қауын бір күнде сатылатын деңгейге жетіпті. Оңтүстіктен Германияға қоныс аударған азаматтар арқылы олармен алғаш іскерлік байланыс орнатқан Артық шаруа қожалығында өсірген қауындарын сонда апарып ұсынған екен. Дәмі тіл үйірер тәтті қауындарды немістер ұнатып, бұл күндері аталмыш өнімге деген сұранысты да арттыра түсіпті. «Алғаш Германияға шығарғанда қалай болар екен деп аз ғана қауын апарып едік. Қазір қауынға олар да үйреніп алды. Бұрынғыдай 5-6 машина емес, 2030 машина қауын алып жатыр», – дейді «Қаршыға» шаруа қожалығының жетекшісі Артық Ақтөреев. 1996 жылдан бері қауын өсіріп келе жатқан шаруашылық Германияның Штутгарт қаласындағы «Луганово» фирмасымен келісімге отырған. Мұздатқышы бар заманауи шетел көліктерін 5 мың еуроға жалдап апарған Мырзашөл қауынын немістер келісін 1 еуродан сатып алуда. Дүкендеріндегі сатылу бағасы 1.79 еуро екен. «Хабар» агенттігінен көрсетілген осы хабарды көріп отырып «ойпырай-а» дестік. Әшейінде, аса мән бере қоймайтын қауын өнімінің саудалай білсең пайдасы шаш етектен екен-ау. Иә, елімізде өсірілген өнімнің талғампаз Еуропа тұрғындарын таңқалдырып жатса, қуанбасқа не шара. Мұндай игілікті іс біздің өңірімізде де бар. Өткен аптада іссапармен Талас өңірінде оның ішінде Ойық ауылындағы «Қойшыбай ата» шаруа қожалығының қауындығында болдық. Көсіліп
жатқан жусанды жотаның етегінде қозы көш жерді алып жатқан сазды алқапта 50 гектар қауындық жайқалып жатыр. Күздің алғашқы күндерінен сарғыш тарта бастаған жапырақтардың арасынан самауырдай-самауырдай сары қауындар көзге анадайдан менмұндалайды. Бұл «Жұлдыз» атты күз маусымында пісетін күздік қауынның сорты екен. – Бұл қауынның ерекшелігі дәмі тәтті, сырты қатты келеді. Талас өңірінде ертеде мал өсірумен қатар дихандықты да кәсіп еткен. Әсіресе, қауын өсірумен аты шыққан дихан аталарымыз өткен. Қазіргідей техника жетілген заманда сол дихандықты неге жаңғыртпасқа деген ой келді. Төрт-бес жылдың жүзі болды өсірген қауынымызды еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіп, танылдық. Былтыр Ресей еліне 110 тоннадан астам қауын жөнелттік. Ал биыл Мәскеу қаласының кәсіпкер азаматтарынан сұраныс түсіп, осы бірер күнде осынша тонна қауынды жөнелткелі отырмыз, – дейді шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Ақынбек Бектай. Иә, 50 гектар қауынның әр гектарына 15 тоннадан өнім береді деп күтіліп отырған қожалықтың жанкешті еңбегіне қалайша риза болмасқа. Ала жаздай ағын судың тапшылығынан қиындық көрсе де алған бетінен қайтпай осыншама тірлікті қолдан атқарған қожалықтың еңбегі ақталса, қане?! Мырзашөлдің қауынынан бір кем соқпайтын Таластың тәтті қауыны да Еуропа асар күн жақын болғай деп тіледік. Талас ауданы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XXІХ сессиясы 2014 жылдың 25 қыркүйегінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар, онымен күрес және алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы; 2. Жамбыл облыстық мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасыдемографиялық саясат мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі; 3. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2014 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 14.00-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.