ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№173 (18030), Сенбі, 20 желтоқсан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛЫ ТАРИХЫ «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ҚАСТЕРЛІ МЕРЕКЕСІ – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ. ОҒАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАТЫСЫП, СӨЗ СӨЙЛЕДІ Құрметті қазақстандықтар!
Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз. Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз. Қымбатты отандастар! Жаңа сын-қатерлерге біздің лайықты жауабымыз «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты болды. Біріншіден, әлемнің құбылмалы жағдайында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілуі – қазіргі дүниедегі табысты ұлттардың ортақ тренді. Екіншіден, сапалы жолдар мен коммуникациялар сала отырып, біз өңірлік және жаһандық экономикалық байланыстарға тереңірек кооперацияланамыз. Үшіншіден, инфрақұрылымдар құрылысының кең ауқымды жобалары – шетел инвестицияларының тұрақтылығы. Олар ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Төртіншіден, бұл лайықты еңбекпен қамтылудың, еңбек өнімділігі өсімі мен халық әл-ауқатының берік кепілі. Бесіншіден, «Нұрлы Жол» – барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер.
Елдігіміздің тұмары, ерлігіміздің шынары болған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Осыдан 23 жыл бұрын адамзат көгінде жарық жұлдыз пайда болды. Ол – көк байрағын шалқытып, әлем тарихына мөрін басқан Тәуелсіз Қазақстан. Ғасырлар бойғы халқымыздың арманы 1991 жылдың 16 желтоқсанында бүгінгі буынның тарихи таңдауына айналды. Бұл күн – өз тағдырымызға өзіміз қожалық етіп, өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн. Тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан Ұмытылмас күн! Сан дәуір өтсе де ұрпақтарымыз ұлықтап өтетін Ұлағатты күн! Алтай мен Атыраудың, Сырдария мен Есілдің арасында еліміздің жылнамасы алтын әріппен жазылған Ардақты күн! Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алған жоқ. Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік.
(Жалғасы 2-бетте).
БІЗ - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫМЫЗ!
ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ СТУДЕНТ ЖАСТАР АЛДЫНДА ОҚЫҒАН ДӘРІСІНДЕ ОСЫЛАЙ ДЕДІ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев егемен еліміздің ертеңі саналатын жастардың мәселесін үнемі басты назарында ұстап отырады. Жыл сайын шығармашыл жастарды қабылдап, арнайы аталымдар бойынша сыйақы тағайындайды. Жастар ісі жөніндегі кеңестің мәжілістеріне де сын тұрғысынан қарайды. Өйткені, жастар желкілдеп өсіп келе жатқан шыбық тәріздес. Қалай иілсе, солай қалыптасады. Сондықтан да оларды тәрбиелеу ісіне жүрдім-бардым қарауға әсте болмайды. Міне, осындай мәуелі мұрат аясында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жастар сарайына» арнайы атбасын бұрып, облысымыздың түкпір-түкпірінен жиылған білімді де белсенді студент жастар алдында «Заманауи қоғамдағы жастардың рөлі мен оларды қолдаудың басты бағдары» деген тақырыпта дәріс оқыды. -Құрметті жастар, ең әуелі баршаңызды күні кеше кең көлемде аталып өткен халқымыздың
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Тәуелсіздік күнін өңіріміздегі жастар да ерекше ықыласпен атап өтті. Олардың ұ й ы т қ ы б о л у ы м е н « Б і з – Т ә уе л с і з елдің жастарымыз!» атты флэш-моб ұйымдастырылды. Таңертең Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына жиналған жастар «Тәуелсіздік жасасын!», «Елбасымен біргеміз!» деген плакаттарды көтеріп, азат күнге, егемендікке деген ілтипаттарын көрсетті. Жастардың өз елінің болашағына деген көзқарасын нығайтуды мақсат еткен шараға үкіметтік емес ұйымдар, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары және белсенді студенттер қатысты. – Тәуелсіздік күні – бұл ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан ұлық мереке. Әрине, бұл мерекені тәуелсіз қоғамда қалыптасып, бой түзеген жастардың да атойлатып тойлауы ғанибет. Біз де бүгін, айтулы мерекеде қала тұрғындарына сергек көңіл сыйлау үшін таңертеңмен ҚР Тұңғыш Президенті саябағына жиналып отырмыз. Жастар – тәуелсіздігімізді нығайтушы күш екенін ешқашан ұмытпауымыз керек, - деді, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев. Бұдан кейін жиналған жастардың өнерлілері жаңа заманғы билермен, патриоттық сарындағы әндермен көпшілікке хош көңіл сыйлады. Шара соңы автошеруге ұласты. Көк байрағымызды желбіреткен көліктер аталмыш саябақтан бастау алып, шаһар ішін шарлай жөнелді. Бұл да көрген жанға жақсы әсер еткені сөзсіз. * * * Қала тұрғындары «Тәуелсіздік тірегі –
«НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»
ұлы мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің 23 жылы еліміз үшін оңай соққан жоқ. Кездескен қиындықтарға қарамастан атқарылған игі істер көп болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана саясаты арқасында Қазақстанды әлем таныды. Татулығы мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлекетке айналдық. Егемен еліміздің гүлденуі бүгінгі жастардың қолында. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап жастардың сапалы білім алып, кәсіби жетілуіне назар аударып келеді. Жастарға ерекше сенім артуда. Ел Президенті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Біздің жастарымыз жаңа тәуелсіз елде өмір сүріп келеді. Мемлекет жаңа буынның алдына барлық есіктер мен жолдарды ашты!«Нұрлы жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деп атап өтуі – осының дәлелі, – деді Кәрім Нәсбекұлы дәрістің басында.
АБАР
ТАЙ Х АҚЖОЛ
ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ
бағдарламасынан құр қалмаңыздар! қайсар рухы қазақтың» атты мерекелік кеш барысында еліміздің эстрада жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова және «Азия» тобының өнерімен сусындады. Астанадан арнайы ән шашуын алып келген Гүлнұр Оразымбетова көпшілікке белгілі әсем әндерін орындап, құлақ құрышын қандырса, жастардың сүйікті тобына айналған «Азия»-ның әндері де тараздықтарды серпілтіп тастады. – Тараз – тарихымыздың тамыры. Айтулы мерекені осы көне шаһар жұртшылығымен бірге қарсы алып жатқаным мен үшін де үлкен қуаныш. Қандай көңіл-күйде екенімді тіпті айтып жеткізе алмаймын. Көрермендердің ықыласында шек жоқ, ал әншіге одан артық бақыттың қажеті шамалы, – дейді бізбен өз әсерін бөліскен Г. Оразымбетова. Бұлардан соң тараздықтар жергілікті өнерпаздардың да өнеріне куә болды. Патриоттық сарындағы әндер жүректердің қылын шертті. Соңыра Тәуелсіздігіміздің баянды болуын тілескен жұртшылық мерекелік отшашуды тамашалады. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Қазақстанда 35 жасқа дейінгі ерлізайыптылар жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер ала алатын болды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бағдарлама жас отбасыларға арналған, біз Үкіметпен бірге жасы 35-ке дейінгі азаматтардың да пәтерлерге үміткер болуын қарастырып жатырмыз. Барлық пәтердің 50 пайызы жас азаматтарға, жасы 35-ке дейінгі отбасыларға ұсынылатын болады. Біз «жас отбасы» ұғымының заңда 29 жасқа дейін деп көрсетілген анықтамасынан бас тартып, осы бағдарламаның мақсаты үшін бұл межені 35-ке дейін ұлғайтамыз», - деді Бишімбаев. Бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде жас отбасылардың жас шамасы 29-дан 35-ке дейін өзгертілуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Бишімбаев жаңа бағдарлама бойынша баспаналардың тек кезекте тұрған адамдарға ғана бөлінетінін айтты. «Бұл бағдарламаға үміткерлерді 2014 жылғы 11 қарашадағы мәлімет бойынша жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар, яғни, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж немесе баспанасы жоқ азаматтар
арасынан жасақтаймыз», - деді ол. Сонымен бірге, бағдарлама арқылы көпбалалы отбасылар, толымсыз отбасылар, жетім балалар, білім беру, денсаулық сақтау саласы жұмысшылары мен мемлекеттік қызметкерлер де пәтер ала алады. «Баспаналардың 50 пайызы жасы 35-ке дейінгі, тұрғын үйі жоқ, жергілікті а т қ а р у ш ы органдардың кезегінде тұрған отбасыларға беріледі, қалған жартысы кезекте тұрған әлеуметтің әлжуаз топтарына беріледі», – деді Бишімбаев. Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» саясаты аясында жаңа тұрғын үй бағдарламасының қолға алынатынын 2014 жылғы 11 қарашада жария етілген Жолдауында айтқан еді. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үй алғашқы жарнасыз әрі пайызсыз берілуі тиіс. Сонымен бірге, жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспананың бір шаршы метрінің қанша тұратыны да жария етілді.
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
l ТАРАЗ Таяуда Алматыда республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген VIII республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінен өңіріміздің 11 мұғалімі жүлдемен оралды. Еліміздің барлық өңірлерінен 282 үміткер қатысқан аламаннан осыншама ұстаздың топ жарып шығуы елеулі жетістік. Тараздағы №24 гимназияның химия пәнінің мұғалімі Елена Пак пен облыстық «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәуле Айдарбекова бірінші орынды иеленді. l БАЙЗАҚ ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы В. Крылов ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Қызыл Жұлдыз ауылындағы «Rola-7» ЖШС-ында, Көктал ауылындағы «Жамбыл құс» және Мырзатай елді мекеніндегі «Әулие Ата Феникс» құс фабрикаларында жұмысшылармен жолығып, кәсіпорындардың проблемасымен жіті танысты. Ауданда өркендеп келе жатқан құс фабрикаларының жұмысына ризашылығын білдірді. l ЖАМБЫЛ Ауданда «Жас дарын» байқауын өткізу дәстүрге айналған. Биылғы қорытынды бойынша осы байқауда Жанна Мақатай «Жас ақын», Нұрасыл Сұлтанбаев «Жас қаламгер», Айзат Темірбек «Жас суретші», Еркебұлан Әбдіров «Белсенді жас», Келбет Өмірзақова «Жас ғалым», Әсем Тілеубердиева «Жас әнші», Дәулет Фахриддин «Жас спортшы» иегері атанды. Аудан әкімінің сыйақысы салтанатты жағдайда табыс етілді. l ҚОРДАЙ Былтыр іске қосылған Қордай-Шу табиғи газ магистралі бойындағы елді мекендерді газдандыру ісі жалғасын табуда. Енді «ҚордайГазИнвест» ЖШС арқылы аудан орталығына жақын Ноғайбай ауылдық округіне қарасты үш ауылға газ құбырын тартудың жобалықсметалық құжаттары әзірленіп жатқаны белгілі болды. Таяу болашақта, тіпті, сонау Қаракемер, Масаншы, Қарасайға дейінгі «колхоздар» аймағындағы елді мекендерге де «көгілдір отынды» құбырмен жеткізудің мүмкіндіктері қарастырылуда. l МЕРКІ Ауданда республикалық аймақтық семинар болып өтті. Оған Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл тағы басқа облыстардың ірі қара мал өсіретін шаруашылық жетекшілері қатысты. Семинарды аудан әкімі Бахтияр Көпбосынов ашты. Қазақтың ақ бас тұқымды сиырларын қысқы кезеңде бағудың технологиясы тақырыбында Республикалық Палатаның селекциялық-асылдандыру жұмысы бойынша менеджері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә. Сейітмұратов баяндама жасады. l ШУ Нинся-Хуэйск автономиялық ауданының төраға орынбасары Вант ХЭ Шанг бастаған Қытай делегациясы ауданға іссапармен келді. Екіжақты экономикалық сауда қатынастарын дамыту мақсатында келген қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Қ. Әбдірайымов пен аудан әкімі Б. Нұркенов ауданның тыныстіршілігімен таныстырды. Қытайлықтар облыстағы мал шаруашылығын, өсімдік, балық шаруашылығын жандандырмақ. Кездесу соңында олар ауданмен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
(Жалғасы 4-бетте).
Еңбек етпей, ер оңбас. Бірлік болмай, ел оңбас.
Халық мақалы.
АЛ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ҮЙЛЕР КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ? «Тұрғын үйдің берілу тәртібіне келсек, ол «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы мен жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үйлердің 30 пайызы мына топтардың арасында үлестіріледі: мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қаржыландыратын ұйымдар, әскерилер, ғарышкер болуға үміткерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайлау қызметіндегі а з а м а т т а р , оралмандар, к ө п б а л а л ы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, жетімдер мен асыраушысыз қалған балалар», - деді Бақыт Сұлтанов. Баспананың 20 пайызы барлық категориядағы адамдарға үлестіріледі, мұның ішінде басымдық мына категорияларға беріледі: білім, ғылым, медицина, журналистика салаларындағы мемлекеттік заң органдары мен мемлекеттік емес ұйымдардың, мәдениет және өнер салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің жұмысшылары. Қалған 50 пайыз үйленгеніне екі жылдан асқан, екеуінің де жасы 29 жасқа жетпеген (бағдарлама бойынша өтініш берілген уақытта) жас отбасыларға беріледі. Баспана
алушылардың қатарында толық емес отбасылар да бар: баланы отбасыда 29 жасқа жетпеген бір адам асырайтын жағдайда, мұның ішіне ажырасқандар мен жесір қалғандар да кіреді. Оның айтуынша, 2020 жылға дейін республикада 1,4 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй тұрғызылады, оның ішінде жалға берілетін баспананың 60 пайызы Астанада, Алматыда, Шымкентте және Ақтөбеде соғылады. 40 пайызы өзге облыс орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда салынады. Астана мен Алматыда жалға беріліп, кейін сатып алуға құқық беретін екі бөлмелі үйдің ай сайынғы төлемі 56 мың теңгеден аспайды. Ал сатып алу құқығы жоқ үйлердің ай сайынғы төлемі - 28 мың теңгеден аспайды. Өзге өңірлерде сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлердің ай сайынғы төлемі 47 мың теңгеге жетпейді, сәйкесінше сатып алу құқығы жоқ үйлер үшін 23 мың теңгеден жоғары болмайды. Тұрғын үй бағдарламасына мемлекет 2020 жылға дейін Ұлттық қордан 180 миллиард теңге бөледі. Сонымен қатар, жеке инвесторлардың қаржысы үй салуға пайдаланылады. ҚР Қаржы министрлігінің есебі бойынша, бұл бағытта 2020 жылға дейін жалпы 250 миллиард теңге жұмсалып, 29 мың пәтер беріледі. «Ақ жол-Ақпарат».