Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
Ж
АҺАН Д
А
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№71 (18565), Beısenbі, 21 maýsym, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ТЫҢ ІСТЕР БАСТАЛАДЫ ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа жария түрде қол қойды. Мемлекет басшысы осы рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларының қатарына қосылғанын айтты. –«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын Жарлық Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығының және бүкіл түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшіріледі, – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан құрылған Түркістан облысында жаңа әкімшілік функцияларды
ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
сапалы іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, қабылданған шешімнің тарихи мәніне тоқталды. – Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаңа орталығына айналады. Бұл үшін барлық жағдай мен қажетті әлеует бар, – деген Мемлекет басшысы Шымкенттің республикалық мәртебе алуы оның одан әрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне және қаланың алдында жаңа перспективалар ашылатынына сенім білдірді. Қол қою рәсімінің соңында Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне Жарлықты сапалы әрі шұғыл іске асыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердің үздіксіз әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
Ұ БТ
– 20 18
АЛҒАШҚЫ КҮН. 2450 МЕКТЕП БІТІРУШІ БІЛІМ СЫНАҒЫНАН ӨТТІ
Жанғазы АХМЕТ
З Ы М А Р А Б А Ғ » О Э Р « З Ы М Ы Й А Д Ң А М П Е Д Ы Д Л О Б Й Е Д Н Е Г И Т А ТАСҚ ҚАТАҢ ІК ҚОЙЫЛЫП,
ІР ЕС НЕМЕСЕ ОЛ ТЕМ ТҮРМЕГЕ АЙНАЛҒАН БА? Й КҮЗЕТІЛЕТІНДЕ Амангелді ӘБІЛ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНА ҚАРАСТЫ БӨЛІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕРІНЕ РИЗА БОЛАТЫНБЫЗ. ҚАЙ БӨЛІМГЕ БАС СҰҚСАҢ ДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЫЛЫ ШЫРАЙМЕН ҚАРСЫ АЛЫП, КЕЛГЕН ШАРУАҢ БОЙЫНША ҚАЖЕТТІ ТАЛОНЫҢМЕН КҮТУ ЗАЛЫНДАҒЫ ТАБЛОҒА ҚАРАП, НӨМІРІҢ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТКЕР ҚЫЗЖІГІТТЕРДІҢ АЛДЫНА БАРЫП, ШАРУАҢДЫ ТЕЗ-АҚ БІТІРІП ШЫҒАСЫҢ. АЛ ТӨЛЕ БИ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ КҮН БАТЫС ЖАҒЫНДАҒЫ ОСЫНДАЙ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМГЕ БАРҒАНЫМЫЗДА МАҢДАЙЫМЫЗ ТАСҚА ТИГЕНДЕЙ БОЛДЫ.
Міне, мектеп бітірушілер мен атаналар үшін ең маңызды күн де келіп жетті. Кеше еліміздің барлық аймағында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған ҰБТ – барлық мектеп бітірушілердің үлкен өмірге деген негізгі баспалдақтарының бірі с а н а л ат ы н жо ғ а р ы о қ у орнына түсуге мүмкіндік беретін сынақ. Республика бойынша он күнге созылатын сынаққа қатысуға 6082 жамбылдық оқушы өтініш білдірген. Облыста үш лекте өтетін ҰБТ-ны талапкерлер 10 пунктте тапсырады. Те с т і л еуд і ң а л ғ а ш қ ы күнінде өңірімізде жеті пунктте барлығы 2450 түлек сынаққа қатысты. Біз тестілеу барысымен т анысу мақс атында о бл ы с о рт а л ы ғ ы н д а орналасқан екі пункттің
г р а н т т а рд ы т а ғ а й ы н д ау емтиханы болып қала береді. Тест сұрақтары 50 пайызға
жаңартылды. Ең төменгі меже бұры нғыдай, 50-ден
бірі – М.Х.Дулати атындағы Та р М У Жа с т а р с а р а й ы кешеніне бардық. Бұл күні Тараз қалалық білім бөліміне қарасты 830 мектеп бітіруші өз білімдерін тексеріп, тест тапсырды. ҰБТ-ны өткізу үшін алдын ала 12 аудитория әзірленгенін айта кету керек. Ат а л ғ а н ж о ғ а р ы о қ у орнының базасында тек қала мектептерінің түлектері ҰБТ тапсыруда. Биыл мұнда барлығы 1659 мектеп бітіруші
өз білімдерін тексермек. Бұл туралы университет ректоры, м е м л е к е т т і к ко м и с с и я төрағасы Махметғали Сарыбеков айтып берді. – Биылғы ҰБТ форматының былтырғыдан айырмашылығы жоқ. Түлектер өткен жылы енгізілген формат бойынша те ст тапсырады. Яғни қорытынды аттестаттау, бітіру емтихандары мектептерде өткізіледі де, ҰБТ жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік
кем емес. Тек ұлттық және медициналық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін – 65, ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары оқу орындарында оқимын дегендерге 60 балл жинау керек. Біздің университетте барлығы 1659 талапкер тест тапсырады. Оның 1285-і қазақ мектебінің бітірушілері. Олар ҰБТ-ға дайындық барысында о с ы ауд и т о р и я л а р ғ а келіп, байқау сынақтарын тапсырған. Сондықтан қазіргі ахуал оларға таныс, – деді
НДА ЖАҺА =КАНАДА
Қымбат туынды қолды болды Торонто қаласындағы көрмеден әйгілі суретші Бэнксидің туындысы қолды болды. Бұл туралы канадалық ақпарат құралдары хабарлады. Суреттің ұрланған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Ұры «Бэнкси өнері» деп аталатын көрме басталмай тұрып, бетін жауып кірген. Қазір оны мамандар іздестіріп жатыр. Айта кетейік, бұл өнер туындысының бағасы 26 мың долларды құрайды. Бэнкси – ағылшын суретшісінің лақап аты. Ол салған туындылар 1990 жылдары жарыққа шыға бастады. Ал қазір Бэнксидің шығармалары үлкен сұранысқа ие.
=ҮНДІСТАН
АҚШ тауарларына қосымша алым енгізді Нью-Дели Вашингтонның шетелден импортталатын болат пен алюминийге салған салығына қарымта жауап қайтарып, 30 америкалық тауарға қосымша алым енгізді. Үндістан тарапы бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымын да ескертті. The Indian Express газетінің жазуынша, салық Құрама Штаттардан келетін мотоцикл, темір, болат және бор қышқылы секілді өнімдерге салынбақ. Еске сала кетейік, президент Дональд Трамп наурыз айында АҚШ-қа әлемнің барлық елінен импортталатын болатқа – 25, ал алюминийге 10 пайыз салық салатыны туралы жариялады. Бұл өз кезегінде көптеген елдің наразылығын тудырды.
Д БЫЛ ЖАМ = ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
300 бала «Тау самалына» аттанды Мектеп – біліммен қатар тәлім-тәрбие беретін өнеге ордасы. Оқу ошағында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру да ұмыт қалмайды. Мәселен, аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйытқы болуымен Аса ауылындағы алаңға жиналған 300 жеткіншек Қаратау қойнауындағы «Тау самалы» жазғы сауықтыру лагеріне аттанды. Жолға шығар алдында оқушыларға сәттілік тілеген аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова балаларды тәртіп сақтап, суға шомыларда абай болуға шақырды. Бес автобусқа мінген оқушылар сол күні-ақ «Тау самалы» сауықтыру лагеріне жетті. Олар осында 10 күн демалып, табиғаты тамаша таулы аймақтан үлкен әсермен қайтатын болады.
=ЖУАЛЫ АУДАНЫ
Күн стансасының екінші нысаны ашылды Ауданда «Бурное Солар-1» күн электр стансасының екінші нысаны пайдалануға берілді. Жобалық құны 5,6 миллиард теңгені құрайтын стансаға 174 күн панелі орнатылған. «Жаңартылатын энергия көздері нысандарын әрі қарай дамыту мақсатында, облыс аумағында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отырған инвесторлар саны аз емес. Мәселен, Қаратау қаласында қуаты 4 және 4,5 мегаватт болатын 2 жел электр стансасын салу жоспарланып отыр. Бұл жүзеге асса, 2020 жылдан кейін аймақ 60 пайызға дейін өзін-өзі баламалы қуат көздерінен алынатын энергиямен қамтамасыз ете алады»,– дейді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев.
Өзін-өзі білген ер бақытты, Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Махметғали Нұрғалиұлы. С о н д а й - а қ ком и с с и я төрағасы барлық аудиториялардың медициналық, қауіпсіздік талаптарға сай әрі онлайнрежімдегі камералармен қамтылғанын айтып өтті.
ТАРАЗДА ТҰҢҒЫШ РЕТ
ЕРЛАНҒА АҒАСЫ БІР БҮЙРЕГІН БЕРДІ
ЖАЗЫЛЫМ – 2018
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, ОҚЫРМАН!
ОБЛЫСЫМЫЗДА ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ
Ардақ ҮСЕЙІНОВА
Осы жылдың 18 маусым күні cағат 16.00 шамасында о сы бөлімнің екінші қабатында орна ласқан облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасына қарасты ел аузында «РЭО-ГАИ» аталып кеткен емтихан алу және тіркеу бөліміне кіріп-шығуымыз қиямет-қайым болды. Темір есіктің алдында тұрған еңгезердей күзетшіге қызметтік куәлігімізді көрсеткенімізбен, арғы жаққа өткізбек түгілі маңайына жақындатар түрін көрмедік. Оған куәлігіміздегі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының «Журналистің ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, алуға және таратуға құқы бар» деген 20-бабын көрсеткенімізбен, міз бағар емес. Біздің сондағы бар білмек болғанымыз – бөлім басшылығынан темір есік пен оған қатаң күзет неге қойылғанын сұрау еді.
Трансплант ация – хирургияның ең үлкен жетістігі. Біздің өңірімізде бұған дейін жоғары медициналық оның ішінде кардиохирургиялық көмектер көрсетіліп келген. Енді, міне Таразда «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында» тұңғыш рет бүйрек алмастыру отасы жасалды. Бұл – профессор Сейтхан Жошыбаев басқаратын клиниканың білікті мамандарының он жылдық тынымсыз ізденістерінің жемісі. Жамбылдық Ерланға ағасы бір бүйрегін беріпті. Операцияны Қазақстан Республикасының ағзаларды т р а н с п л а н т т ау ж ө н і н д е г і ұ л т т ы қ үйлестірушісі Жақсылық Досқалиев жасады. Бүйрек алмастыру отасын қырғыз елінен және өзге өңірлерден келген хирургтер тікелей трансляция арқылы көріп, тәжірибе алмасты.
(Жалғасы 4-бетте).
(Жалғасы 3-бетте).
А
«Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457
байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457
Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс
P ERNUR-press
P Тараз-пресс
PҚыран-пресс
БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ