ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№88 (18122), Сейсенбі, 21 шілде, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ
Қала әкімі Нұржан Календеров Индонезия республикасының төтенше және өкілетті елшісі Фостер Гулт пен оның кеңесшісі Вахью Вивавоны қабылдады. Кездесуде Фостер мырза Индонезияның өңірімізбен тығыз қарым-қатынас орнатуға бейіл екенін айтып, экономикалық байланыстар жасауға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, облысымызға тұңғыш рет сапарлатып келгенін тіліне тиек еткен ол, тарихы терең Тараз шаһарының бүгінгі келбеті көзтартарлықтай күйде екеніне ерекше тоқталды. Бейресми жиын соңында екі жақ бір-біріне естелік сыйлықтар тарту етті. =ҚОРДАЙ
Бірлескен қырғыз-қазақ «Жетісу-Шоро» ЖШС Қасық ауылында соңғы жылдары жазғы маусымда жарма өнімдерінен ежелгі ұлттық технологиямен ашымал тектес сусындарды көптеп өндірумен айналысып келеді. Қазіргідей жаздың аптапты күндерінде «Шоро» аталатын дәмі тіл үйіретін шөлбасар салқын сусын аудан орталығының көшелерінде жұртшылыққа молынан ұсынылуда. =САРЫСУ
«ЕуроХим» минералды тыңайтқыштар компаниясы мен №5 Жаңатас колледжі арасындағы келісімшарттың негізінде ауыл жастары оқуға қабылдануда. Газбен электр дәнекерлеуші, электрослесарь, автокөліктерді жөндеу слесарь мамандықтарын игерген жастар «ЕуроХим» минералды тыңайтқыштар компаниясына жұмысқа қабылданады.
ДӘН ЕГІП ТЕРЛЕГЕН, ҚАЗАҒЫМ МЫҚТЫ ҒОЙ! Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
ЕГІНЖАЙДАҒЫ НАН ИІСІ 43 мың гектарға жуық жерде жайқалған Қордай астығына орақ түскелі бірнеше күн болды. «Благовещенка», «Қақпатас», «Сарыбұлақ», «Нұрал», «Алмаз» тәрізді агроқұрылымдар алдымен ертерек піскен таулы және тәлімі егістіктердің өнімін жинауда. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұржан Молдабековпен
НАЗАРДАҒЫ НЫСАН : «ТА
ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
РАЗ » ХИ
МИ Я
бірге аптап күнде дихандар дән сапырған «қызу нүктелерді» бетке алып келеміз. Алдымызда Бетқайнар ауылдық округінің егістік алқаптары. Биыл бұл аймақта 5332 гектар астық өсірілді. Оның ішінде күздік бидай – 2600, арпа – 1370, дәндік жүгері 1362 гектарды құрайды. Бұл жерлер жүзден аса шаруа қожалықтары мен бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Біз сол жалғыз серіктестік – «Нұралдың» егінжайына бұрылдық. Оның төрағасы Дүйсен Онгелдиевтің өзі де қызу жұмыстың басынан табылды. Ауылдан онша қашық емес жердегі дән
ЛЫ Қ
«теңізінде» екі «дала кемесі» жүзіп келеді. Екеуі де алымдылығы жоғары шетелдік комбайндар екен. Бірі лизингке былтыр ғана алынған «Вектор» болса, екіншісі – бес жылдан бері қапысыз жұмыс істеп келе жатқан америкалық «Челенджер». Комбайншылар Николай Лукьянов пен Алексей Абылқасымов өздері тізгіндеген техникамен соңынан баяу шаң көтеріп, шақырайған күн астында көкжиекке сіңіп барады. Комбайндарға бекітілген екі жүк машинасының жүргізушілері Талғат Олжабаев пен Марат Шартыков егінжай мен қырман арасында тынымсыз астық
=ТАЛАС
тасып жүр. Олар бір айналып келгенше комбайн бункері толып дайын тұрады. – Мына тәлімі жердегі 150 гектарлық «Бәйшешек» сортты арпаның түсімі әзірге гектарына 15 центнерден айналуда, – дейді Дүйсен Батырбекұлы. – Қырдағы егіннің жайы бұдан анағұрлым жақсы. Жалпы, биыл жауын-шашынның молдығынан астық та, шөп те бітік өсті. Алдын ала есебіміз бойынша барлығы мың жарым гектар арпа мен бидайымыздың өнімділігі орташа гектарына 30 центнерден кем болмайды деп отырмыз...
ЖАПОНИЯ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ...
ЕУРООДАҚ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы Шығыс Азия және Еуропа елдерінен инвесторлар тартуда. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларды корпоративтік табыс, жер және мүліктік салықтан 25 жылға босату қарастырылған. Облыс әкімдігі индустриалды-инновациялық дамыту және кәсіпкерлік басқармасының мәліметіне сүйенген «Казинформ» халықаралық ақпарат агенттігі «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына инвестиция тарту үшін Жапония және Оңтүстік Кореяның ірі өнеркәсіпті қалаларында роудшоу өткізілгенін хабарлайды. Роуд-шоу барысында, сондайақ «Тараз» химиялық паркі» ЕЭА жобасы әлеуетті инвесторларға таныстырылып, Қытай және Еуроодақ елдерінің компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. ЕЭА аумағына өткерілетін тауарларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тізімімен қосымша құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады. ЕЭА-қа қатысушылар экспорт және импорт кезінде кедендік алым төлеуден босатылады. «Тараз» химиялық паркі» ЕЭА – Қазақстандағы оныншы кәсіпорын. Қазақстан Республикасының Президенті аймақта хамия саласын өркендету мақсатында оны құруға 1912 жылы Жарлыққа қол қойған болатын. Кәсіпорын Шу ауданының аумағында 505 гектар алқапқа орналасады. Ол жоғары тиімді инновацияларды қолданып, бәсекеге барынша қабілетті, әлемдік стандартқа сәйкес химия өнімдерін өндіреді. Өндірісте аммиак, өсімдік қорғау заттары, каустикалық сода, азықтық фосфат, флотореагент, пластикалық құбырлар және шыны ыдыстары шығарылады. Компания басшылығының айтуына қарағанда, келешекте жаңа инвестициялық жобалардың қолға алынуымен бұл тізім кеңейтілетін болады. «Тараз» химиялық паркі» ЕЭА инфрақұрылымына тартылатын инвестиция 24,5 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде жылына 75 миллиард теңгенің өнімі өндіріледі. Бүгінде ЕЭА аумағында алғашқы нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Темір жол тармақтарының құрылысы бойынша мәселе шешілді. Жобаны 2015 жылдың соңына қарай іске қосу көзделуде. 2020 жылға дейін мұнда 16 өндіріс жұмыс істеп, жаңадан 2,4 мың жұмыс орны ашылады. Мұның өзі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына игі ықпалын тигізері сөзсіз. Инвесторлар Жамбыл өңіріне инвестиция салуға текке қызығушылық танытып отырған жоқ. Аймақ минералды ресурстарға бай, көліктік дәліз әлеуеті зор. Мұнда білікті мамандар шоғырланған. «Ақ жол-Ақпарат».
ҚОЛДАУ БАР, ҚАЙТАРЫМ ҚАЙДА? Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». Ағымдағы жылдың жарты жылында облыстың ауыл шаруашылығы саласына «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық несиелеу корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ филиалдары арқылы барлығы 8 миллиард теңгеден астам инвестициялық қаржы тартылып, игерілген. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидасына» сәйкес, ірілі-ұсақты 54 инвестициялық жобаға 451,3 миллион теңге көлемінде инвестициялық субсидия қаражаты төленген. «Тараз ӘКК» АҚ 4 жобаға 158 миллион
ИН Т Е
теңге жұмсаған. Ал екінші деңгейлі банктер арқылы 8 жоба мақұлданып, 1 миллиард 471,3 миллион теңгенің несие қаражаты игерілген. «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы биыл 12 инвестициялық жобаны іске асырып, лизинг жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 114 жобаны қаржыландырған. Осы жылдың екінші жартыжылдығында 6 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлауда. Облыстық «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл филиалы арқылы алты ай ішінде әртүрлі бағдарламалар бойынша 126 жоба жүзеге асқан. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облыстық филиалы арқылы аталмыш мерзім ішінде 195 жоба қаржыландырылған. (Жалғасы 3-бетте).
ГРАЦИЯ
ҚАЗАҚСТАН ТОП-50 ЭКСПОРТТАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ ОҒАН ЖАМБЫЛ ХИМИЯШЫЛАРЫ ДА ҮЛКЕН ҮЛЕС ҚОСУДА ҚАЗАҚСТАН ТОП-50 ЭКСПОРТТАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНІП ОТЫР ДЕП МӘЛІМДЕДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ 20 ШІЛДЕ КҮНІ АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНДА.
«Бүгінгі таңда біз 850 экспорттық тауарды сыртқа сатудамыз. Олардың 160-сы бойынша Қазақстан ТОП-50 экспорттаушы елдердің қатарына кіріп отыр. Жалпы Қазақстан ТОП-50 экспорттаушы елдердің қатарына кірді және 49-орында тұр. Экспортымыздың географиясына келетін болсақ, ол шамамен 260 миллион халықты қамтып отыр. Негізінен ол Ресей, Орталық Азия елдері, Иран, Қытай және басқалары», – деп атап өтті министр. Оның сөзіне қарағанда, әлемде Қазақстан сары фосфор мен уран экспорты бойынша бірінші орында тұр. Сары фосфор бойынша әлемдік экспортының 40 пайыз үлесі Қазақстанға тиесілі, ал бұл өнімнің Тараз қаласында шығарылатыны
=ШУ
Ескі Шу ауылдық округінің орталық мешітіндегі «Жалын» қоғамдық жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм: ұғым және көзқарас» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ауыл тұрғындары, мешіттің бас имамы – Қанат Раев, ауыл әкімі – Жандархан Рысмендиев қатысты. Семинардың мақсаты діни ағымдарының заңсыз әрекеттерінен жастар арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу болып табылады.
(Жалғасы 3-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ПА РК І
Қаратау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қас беттеріне косметикалық жөндеу жұмыстары қолға алына бастады. Бұл жұмыс қаладағы мекемелерге жүктеген болатын. Есепке алынған 62 көп қабатты үйдің қазіргі таңда жиырмадан астамының қас беттері әрленіп, әдемі көрікке ие болды. Жалпы алғанда жөндеу жұмыстарын Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне дейін аяқтау жоспарланған.
белгілі. Сондай-ақ, уран бойынша дүниежүзілік экспорттың 46 пайызын да біздің еліміз құрап отыр. Қазақстан титан экспорты бойынша әлемде үздік үштікке енеді. Айта кетейік, Президент өзінің «100 қадам» Ұлт жоспары реформаларында экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізуді, электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу), экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту бойынша жұмыстарды тапсырған болатын. «Ақ жол-Ақпарат».
Диқан жерін анасындай сүйеді, Жер диқанды баласындай сүйеді. Халық мақалы.
ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨҢІР
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
? Е М Е Р Е Б А Н А Л А Д Р О Қ ҚОҚЫСТАР М ННАДАН АСТА МИЛЛИОН ТО ЫҚТАРДЫҢ 6 Е Д ІЗ ІМ ІР Ң Д Ө ЫСТЫҚ ҚАЛ ҚАТТЫ ТҰРМ АЛУЫ ОЙЛАНТАДЫ Қ П Ы ЖИЫЛ
ӘСІРЕСЕ, «ПАКЕТ» ДЕГЕН ПӘЛЕКЕТІҢІЗ БҮГІНДЕ... БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕГІ ЕГІСТІК, ШАБЫНДЫҚ, ЖАЙЫЛЫМ-ӨРІСТЕРДІ БҰЛТТАЙ ТҰТЫП, ӘРБІР БҰТА БАСЫНДА ДЕРЛІК ЖАЛАУДАЙ ЖЕЛБІРЕП ТҰРАТЫНЫН КҮНДЕ КӨЗІМІЗ КӨРІП ЖҮР. КҮРЕ ЖОЛДЫҢ БОЙЫНА ҚҰДДЫ БІР ОЛАРДЫ ЖАПЫРЛАТА ЕГІП ТАСТАҒАНДАЙ КӨРІНЕДІ. ОСЫЛАЙША ЖЕРДІ ДЕ, КӨКТІ ДЕ, СУДЫ ДА «ЖАУЛАП АЛДЫ». ОНСЫЗ ӨМІР СҮРУ ДЕ ҚИЫН. ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ ПАЙДАЛАНАМЫЗ. ОРТАША ЕСЕППЕН 20 МИНУТ ҚАНА ПАЙДАЛАНАТЫН МҰНДАЙ ДОРБАЛАР ШІРІМЕЙ 400 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТЕҢКИІП ЖАТА БЕРЕТІН КӨРІНЕДІ. ОНЫҢ КӨЗІН ҚҰРТПАСАҢ, «ӨГІЗ ӨЛЕДІ» – ЖАНТАЙЫП ЖАТЫП ЖЕРГЕ ЗИЯНЫН ТИГІЗЕДІ, ӨРТЕСЕҢ «АРБА СЫНАДЫ» – ЖАНЫП ЖАТЫП ӘУЕГЕ АСА УЛЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫНДЫЛАР БӨЛІП ШЫҒАРАДЫ. АЛ КҮЛІНДЕ АУЫР МЕТАЛДАР БАР. ОДАН – ШӨП, ШӨПТЕН – МАЛ, МАЛДАН – АДАМ АҒЗАСЫНА ТҮСКЕН АУЫР МЕТАЛЛ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ СЕБЕПКЕР ДЕСЕДІ. СЕНСЕҢІЗ, СОЛ ПОЛИЭТИЛЕН ДОРБАЛАРЫҢЫЗДАН ҚОРШАҒАН ОРТАҒА, ЖАЛПЫ ТІРШІЛІК ИЕСІНЕ ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУДЫҢ ҚАУПІНДЕЙ ҚАТЕР ТӨНУЛІ. (ЖАЛҒАСЫ 6-БЕТТЕ).