21 мамыр 2016 ж пдф

Page 1

ЖЕР – АТА-БАБАМЫЗДАН МҰРАҒА ҚАЛҒАН БІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 14 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫН РЕСІМДЕУ ҮШІН МЕН КӨРШІ ЕЛДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН 8 ЖЫЛ БОЙЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІМ. ОСЫНЫҢ БӘРІ ЖЕРІМІЗДІҢ ТҰТАСТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖАСАЛДЫ. МЕН АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ОСЫ МӘСЕЛЕНІ КӨТЕРГЕНІНЕ ҚУАНЫШТЫМЫН. ЕГЕР ЖЕРГЕ ДӘЛ ОСЫЛАЙ КӨҢІЛ БӨЛІНЕТІН БОЛСА, БҰЛ БІЗДІҢ ХАЛҚЫМЫЗ ӨЗ ЖЕРІН ҚАСЫҚ ҚАНЫ ҚАЛҒАНША ҚОРҒАЙТЫНЫН КӨРСЕТЕДІ.

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

№58 (18252), Сенбі, 21 мамыр, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

ҚАЗАҚСТАН – СЕНЕГАЛ: БОЛАШАҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НЕГІЗ

ЕЛБАСЫ АҚЫН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Нұрсұлтан Назарбаев О.Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның отандық зиялы қауымның көрнекті өкілі екенін атап өтті. – Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, ең бастысы қуанышта да, қиын сəттерде де əрдайым жұртпен бірге болып, ар-намыстың үлгісін көрсетеді, сол арқылы халық бірлігі мен мемлекет қуатын сақтайды. Сіз «Невада-Семей» қозғалысын басқардыңыз жəне Семей ядролық

полигонын жабу ісінде зор көмек көрсеттіңіз. Кейінгі жылдары да жеңіл болған жоқ. Қазақстан шекарасының демаркациясын жүргізіп, тəуелсіздігін нығайту керек болды. Бұл істе де Сіздің үлесіңіз бар. Бүгінде зиялы қауым өкілдері мен бүкіл жастарымыз үшін үлгі болып отырсыз, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу барысында Нұрсұлтан Н а з а р б а е в от а н д ы қ ə д е б и е т т і дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін, сондай-ақ татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін О.Сүлейменовке «Қазақстанның Е ң бе к Е р і » А л т ы н ж ұ л д ы з ы н тапсырды. Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық, отбасы бақытын жəне шығармашылық табыс тіледі. О.Сүлейменов жоғары ат ақ берілгені үшін алғысын білдірді жəне бұл бүкіл Қазақстан əдебиетін қолдаудың көрсеткіші екенін айтты. Ол сондай-ақ өз шығармаларының барлығы халық пен елдің игілігін арттыру ниетімен жазылғанын айтып, мемлекетімізге бақытты болашақ тіледі.

ЖЕР РЕФОРМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯҒА АПТА ІШІНДЕ 700-ДЕН АСА ҰСЫНЫС ТҮСКЕН

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ СӘБИТ ОРАЗБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтың М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден астам рөлді сомдағанын атап өтті. Мемлекет басшысы ха лық əртісінің қазақ театрының дамуына куə болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды. Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қо сқан елеулі үле сі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін С.Оразбаевты І дəрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

МЕРЕКЕ

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сенегал Республикасының Президенті Маки Саллмен кездесті. – Нұрсұлтан Назарбаев Сенегал Президентінің елімізге алғашқы сапары болашақ ынтымақтастыққа негіз қалайтынын айтты. Елбасы еліміздің БҰҰ аясында халықаралық терроризмге жəне э кс т р е м и зм ге қ а р с ы і с - қ и м ы л жөніндегі бірыңғай жаһандық желі құру туралы идеясын Сенегал Президенті қолдағанын мəлімдеді. – Мұсылман қауымдастығының мүшесі болғандықтан, біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында өзара ықпалдасуға уағдаластық. Сенегал жағы штаб-пəтері Астанада орналас атын Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру жөніндегі

С.Оразбаев марапат үшін, сондайақ М.Əуезов атындағы театрды жəне жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ӨНЕРЛІ ЕЛ ӨРГЕ ЖҮЗЕДІ ОБЛЫС ӘКІМІ К.КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ МӘДЕНИЕТ, ӨНЕР САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН 21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті мəдениет, өнер саласы қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңіз – Мəдениет жəне өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – өнерде өшпес із қалдырып, ел мақтанышына айналатын рухани сала өкілдерінің күні болғандықтан, барша халқымызға да ортақ мереке. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Мəдени мұра» бағдарламасында «Мəдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мəдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, əлемдік мəдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мəдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп, мəдениет пен өнердің қаншалықты маңызды екендігін түйіндеп берді. Елбасымыздың «Мəдени мұра» бағдарламасы «Мемлекет мəдениетіне қолдау көрсететін Стратегиялық ұлттық жоба» болғаны да ақиқат. Осы орайда, біздің облыстың мəдениет жəне өнер қызметкерлері де ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра болып жалғасып келе жатқан осы құнды қазынамыз – ұлттық өнеріміз бен мəдениетімізді ұлықтап, насихаттау жəне одан əрі жаңарту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қай халықтың мəдениеті мен өнері жоғары болса, сол халықтың рухы үстем. Біз бұл қағиданы өздерінің жоғары мəдениеті мен өрелі өнерлері арқасында барша əлемге танылып жүрген өркениетті елдердің мысалдарынан көріп те жүрміз. Демек, Сіздер де өздеріңіз арқалаған мол мұра – мəдени, шығармашылық жəне өнер туындыларыңыз арқылы еліміздің рухын көтеріп, əлеуметтік-рухани құндылықтарымызды барша əлемге танытуға өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Өткен жылы мəдениет пен өнер саласы қызметкерлері, Сіздер Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы жəне басқа да мерекелерге белсенді атсалысып, облыс мерейін көтердіңіздер. Үстіміздегі жылғы Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі шараларына да облыстың мəдениет жəне өнер ошақтары қатарындағы: облыстық қазақ жəне орыс драма театрлары, облыстық филармония, кітапханалар, мəдениет үйлері, басқа да мəдениет, өнер жəне шығармашылық ұйымдары мен орталықтары үлкен белсенділікпен атсалысып келеді. Құрметті мəдениет майталмандары! Баршаңызға облысымыздың рухани-мəдени, жасампаздық əлеуетін одан əрі нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз бен мəдениет саласындағы қызметтеріңіз алдағы уақытта да халқымыздың ең үздік мəдени дəстүрлерін сақтау мен дамытуға бағытталатынына сенімдімін! Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін!

ЖЕР ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

біздің ұсынысымызды қолдайды. Ислам əлеміндегі татуластық мəселесі үлкен мəнге ие. Мен Сенегал тарапын 2018 жылы өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің алтыншы съезіне қатысуға шақырдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. М.Салл біздің елдің жаңғырту жұмыст арын жүргізуге жұмс ап отырған күш-жігерін Сенегал тарапы жоғары бағалайтынын айтты. – Астана келбетінен Қазақстанның даму саясаты айшықты көрініс тапқан. Əлемді ілгерілету жəне өзіңіз ұсынған бастамаларды жүзеге асыру аясында сіздің еліңіздің өңірдегі жəне одан тысқары жерлердегі рөліне тəнті екенімді жеткізгім келеді. Сондайақ біз конфе ссияаралық диалог орнату, халықаралық терроризм

мен экстремизмге қарсы əрекет ету жөніндегі Сіздің бастамаңызды толық қолдаймыз, – деді Сенегал Президенті. М.Салл біздің елді «ЭКСПО-2017» көрме сін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтап, Сенегалдың оған қатысатынын айтты. Сенегал Президенті екі ре спубликаның ха лықара лық сипаттағы мəселелерге қатысты көзқарасы ұқсастығына назар аударды. Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2016-2017 жылдардағы тұрақты еме с мүше ретінде Сенегалдың кандидатурасын Қазақст анның қолдағаны атап өтілді. Соңында М.Са лл Нұрсұлт ан Назарбаевты ынтымақтастықты бұдан əрі нығайта түсу үшін Сенегалға сапармен келуге шақырды.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ

БҰҚАРА МЕН БИЛІКТІҢ МАҚСАТЫ БІР

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол».

Кеше облыстық қоғамдық кеңес пен облыс əкімдігі жанынан Жер кодексінің қоғамда қозғау тудырған бапт арын тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру мақс атында құрылған жұмысшы тобы мүшелерінің алғашқы аптадағы жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген мəжіліс өтті. Оған облыс əкімі К. Көкірекбаев, сондай-ақ облыстық бірқатар басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Басқосуды қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Кəрібаев ашып жүргізді. Ол құрамында

21

ЫР – МАМ

облыстық мəслихаттың депутаттары мен кеңес мүшелері бар топтардың апта ішінде жер, медициналық сақтандыру, мектеп реформаларына қатысты мəселелер бойынша Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Талас жəне Сарысу аудандары тұрғындарымен кездесулер өткізіп, нəтижесінде 1350-дей адам қамтылғанын, алпысқа жуық азамат көкейде жүрген сауалдарын қойып, ой-пікір, ұсыныстарымен бөліскенін жеткізді. Жандар Кəрібаев жергілікті тұрғындардың біразының жер пайдалану туралы заңнан хабардарлығының аздығы, əсіресе, жастардың бұл тұрғыда деректерді əлеуметтік желілерден алатындығы туралы айта келе тұрғындарды негізінен үш мəселе алаңдататынына тоқталды:

– Оның біріншісі – жерді аукцион арқылы сату. Екіншісі – шаруалардың кейбіреулері 49 жылға жалға алған жерлерін 50 пайыз жеңілдікпен он жылға бөліп төлеу жолымен сатып алмаса, қайта алып қояды деп те ойлайды екен. Жерді шетелдіктерге 25 жылға жалға беру мерзімін кемітіп, 10-12 жылға түсіру қажет, тіпті жерді шетелдіктерге жалға да беруге болмайды дейтіндер бар. Бірақ, оларды жергілікті жұрт толықтай қолдап отырған жоқ. Қысқасы, өзімізге қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беруге күш салдық. Жалпы, елдің пікірі жаман емес, – деді ол. (Жалғасы 2-бетте).

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

МӘДЕНИЕТ – АДАМЗАТТЫҢ АЙНАСЫ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Мəдениет жəне өнер қызметкерлері күніне орай облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев мəдениет жəне өнер саласының бір топ өкілдерін қабылдап, құрмет көрсетті. Облыс басшысы оларды кəсіби мерекелерімен құттықтап, облыста осы салада атқарылып жатқан жетістіктерге шолу жасады.

– Сіздерде байлық көп. Əрине, материа лдық жағынан еме с, рухани, мəдени, ізгі құндылықтарға көңілдеріңіз бай екенін айтып отырмын. Атырауда болғанымен жерлесіміз, əн əлемінің көрнекті өкілі, композитор, өнер зерттеушісі, Қ а з а қ с т а н н ы ң е ң бе к с і ң і р ге н қайраткері Илья Жақанов биыл 80 жасқа толып отыр. Облыстық қазақ драма театрының да 80 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткені өз алдына десек, сол тойдың қарсаңында облыстық қазақ драма театрының ғимараты сапалы жөндеуден өтті. «Ежелгі Тараз»

Орталық коммуникациялар қызметінде Жер реформасы бойынша комиссияның бірінші аптадағы жұмысы қорытындыланды. Оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Жер реформасы бойынша комиссияның төрағасы Бақытжан Сағынтаев, комиссия төрағасының орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жəне Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссия өткен сенбіде өз жұмысын бастаған болатын. Комиссияның алғашқы отырысында айтылғандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған штаб өз жұмысын бастады. Ол: «Қазір комиссия мүшелері айтқан жəне қарапайым халықтан келіп жатқан ұсыныстардың барлығы штабта талқыланып, 21 мамыр, сенбі күнгі кезекті отырысымызда қорытынды шығарылады. Мұнымен қоса, комиссияның саll-орталығы жұмыс істейді. Телефон нөмірі – 1434. Сол уақыттан бері осы нөмір арқылы аймақтардан 700-ден астам ұсыныс қабылданыпты», – деп мəлім етті Б.Сағынтаев. Жер мəселесіне қатысты ұсыныстардың барлығы комиссия қарауына шығарылып, əлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқан ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріліп жатыр екен. «Астана мен Алматы қалаларының жəне облыс əкімдерінің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер өз жұмыстарын бізбен қатар бастады. Қазіргі кезде олар өздерінің кездесулерін өткізуде. Оларда да осы мəселеге байланысты сұрақтардың барлығы талқыланады. Қажетті ұсыныстар, ой-пікірлер болса, оның бəрі комиссия қарауына жіберіледі», – деді Б.Сағынтаев. Өткен сенбіде комиссия мүшелерінің тарапынан белгілі бір жұмыс топтарын құрып, əр жұмыс тобы өз бағытында жұмыс істесін деген ұсыныс айтылған болатын. Сол ұсыныс қабылданып, төрт топ құрылған. Бірінші жұмыс тобы – экономикалық, екіншісі – құқықтық, үшіншісі – рəсімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жəне төртінші топ комиссия шешімдерін түсіндіру мен ақпараттандырумен шұғылданады. Б.Сағынтаев алдағы отырыстарының барлығы белгілі бір бағытқа арналып өтетінін жеткізді. Ал маусым айынан бастап комиссия өңірлерге шығуды жоспарлап отыр. Əкімдіктердің жанынан құрылған қоғамдық кеңестермен жəне жергілікті жерлердегі қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, жер мəселесін əрбір өңірде талқылайды. А. Мырзахметов жер мəселесімен бұдан былай Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысатынын айтты. Елбасы Жарлығымен осыған дейін Ұлттық экономика министрлігінің құзыретінде болып келген жер мəселесі Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріліпті. Осыған орай Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы Жер ресурстарын басқару комитетін құру туралы шешім қабылданған. Ұлттық экономика министрлігінде істеген 47 қызметкер осы комитетке ауысып жатыр екен. Ауыл шаруашылығы министрінің берген мəліметіне қарағанда, 700-ден аса ұсыныс-пікірдің 90 пайызы жерді жекеменшікте пайдалану төңірегінде болған. (Жер реформасына байланысты топтаманы 2-3-беттерден оқисыздар).

Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ:

тарихи-мəдени орталығының қалай ажарланғанын баршаңыз көріп жүрсіз. Мұның бəрі мəдениет саласындағы толымды істер. Алдағы уақытта жыр алыбы Жамбылға мұражай ашу, өңірде ізі қалған Скрябин ескерткішін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Соңғы жылдары 1,5 миллиард теңгеге облыс

көлемінде 103 мəдени нысан салдық, кейбірін күрделі жөндеуден өткіздік. Мұның бəрі осы саланың ауыр жүгін көтеріп жүрген сіздердің толағай жетістіктеріңіз, – деді Кəрім Нəсбекұлы. Облыс əкімі бірқат ар с ала қызметкерлерін Алғыс хаттармен жəне ақшалай сыйлықпен марапаттады.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.