Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса Жуалы ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№84 (18278), Бейсенбі, 21 шілде, 2016 жыл
АҚОРДА
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
«НҰРЛЫ ЖОЛ» – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
=ОҢТҮСТІК КОРЕЯ
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДА ІЛГЕРІЛЕУ БАСТАЛДЫ
ЕЛБАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Кездесуде А.Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі даму көрс еткіштері, көктемгі егіс науқанының қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтудың және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырудың маңыздылығына тоқталды. А.Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 миллион гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиынтерін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ 1 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАҒАН. МҰНДАЙ ӨСІМДЕРГЕ «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АРҚАСЫНДА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛІП ОТЫР
К ЕТ М Е Л МЕМ
«Samsung» компаниясы экраны бүктелетін смартфондарды жаппай өндіруді шешті. Мысалы, гаджет оны бүктеген кезде команданың барлығын орындай алады. Сонымен қатар, смартфон оны әрлі-берлі қозғалту арқылы басқа да функцияларды атқарады. Егер телефон иесі смартфонды қолданбаса да, телефон өз бетінше жалпақ формаға келеді екен. Бұл телефонды бір саусақтың көмегімен бүктеуге немесе жазуға болады. =БАӘ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ 64 ГРАДУС ЫСТЫҚ БОЛАДЫ Алдағы демалыс күндері БАӘ-да ауа ылғалды, ал температура аса жоғары болады деп күтілуде. БАӘ метеорология және сейсмология ұлттық орталығының ақпаратынша, алдағы уақытта елдің кей аудан дарында сынап бағанасы 47 °C-қа дейін көтеріледі. Алайда ылғалдылықтың жоғары болуы салдарынан 64 °C ыстық сезіледі. Синоптиктер тұрғындарға далада көп жүрмеуге, бөлме температурасындағы суды көбірек ішуге кеңес береді. =АҚШ 350 МЫҢ ДОЛЛАРҒА ҚАЛА САТЫЛАДЫ Ғаламторда Джеймс Джонсон атты адам Кэбин-Крик қаласын 350 мың долларға сатып алуды ұсынады. Джонсон өзін «осы қаланың иесімін» деп атаған. Егер шаһарды сата қалған жағдайда, ол ақшаны қалтаға басып, әлем аралауға шықпақшы екен. Айта кету керек, Кэбин-Крикте өткен ғасырдың 70-жылдары қатарынан бірнеше рет кісі өлтіру болып, бұдан соң қала қаңырап, бос қалған еді. Қазір бұл жерде ешкім тұрмайды.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫН ҚАБЫЛДАДЫ Кездесу барысында министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде дін саласындағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды. Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мәдениет саласын жан-жақты дамытудың, ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына назар аударды. А.Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларының алдағы Риоде-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының барысы туралы баяндады. Елбасы кезде су қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
БҮКТЕЛЕТІН АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН
А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ЖАҢАРАДЫ
Алдыңғы күні өткен Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында биылғы алғашқы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық к ө р с е т к і ш т е р , Ме м л е ке т б а с ш ы с ы н ы ң тапсырмасы бойынша қолға алынған индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жиын барысында Үкімет басшысына Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев еліміздің аталған мерзім ішіндегі әлеуметтікэкономикалық дамуы қорытындысы туралы баяндады. «Уақтылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар жартыжылдық қорытындылары
АҚТАНЫШТАРЫ
БАЛҒЫН БАЛУАН
Қ ДОДАСЫНАН ЖАМБЫЛДЫ «АЗИЯ БАЛАЛАРЫ – 2016» ДАШ ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ ЖАС БАЛУАН НҰРТІЛЕК ОҢ
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Саха Республикасының Якутск қаласында 5-17 шілде аралығында «Азия балалары – 2016» VI халықаралық спорттық додасы өтті. Айтулы аламанға еркін күрестен 42 килограмм салмақ дәрежесінде жамбылдық жампоз Нұртілек Оңдаш қатысып, алтыннан алқа тақты. Якутскіден чемпион боп оралған оғланды тараздықтар қаланың шығыс жақ қақпасынан күтіп алып, құрмет көрсетті. Азияның 38 елінен кіл мықты жасөспірімдер сынға түскен дода тартысқа толы болды. «Алғашқы айналымнан Нұртілек еркін өтті. Екінші кезеңде ресейік спортшымен боз кілемде белдесіп, 7:5 есебімен басымдық байқата білді. Одан кейін шәкіртімнің тынысы ашылып, ресейлік балуанды 10:0 есебімен ойсырата ұтса, ал ақтық сында якутскілік спортшы, Ресейдің нөмірі бірінші балуанымен боз кілемде айқасты. Белдесудің аяқталуына 15 секунд қалғанда шалт қимылымен қарсыласын жер бауырлатқан Нұртілек чемпион атанды. Бұл додада бірінші, екінші орын иеленген балуандарға спорт шебері атағы берілетіні де үлкен қуаныш», – дейді шәкіртінің жеңісіне дән ризашылығын білдірген бапкері Руслан Сексенбаев. Нұртілектің өзі бапкерінің айтқанын екі етпей орындағанының арқасында жеңіске жеткенін тілге тиек етті. «Облыстық мамандандырылған спорттан дарынды балаларға арналған спорт интернатының басшылығына және бапкеріме алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға күш салатын боламын», – дейді 16 жасар чемпион. Соңынан облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Ғани Райымқұлов чемпионға кәдесый тапсырды. Суретті түсірген Алмаз ОРМАНОВ.
бойынша экономикалық оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі осы аралықта 8,5 пайызға ұлғайды» деп атап көрсетті министр. Сондай-ақ, құрылыс қарқыны – 6,6, көлік қызметтері – 4,3, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,7 пайызға ұлғайып, соның нәтиже сінде ІЖӨ 0,1 пайызды құраған. Министрдің айтуынша, мұндай өсімдерге «Нұрлы жол» және Индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асырудың арқасында қол жеткізіліп отыр. «Мұнай мен металдардың әлемдік бағасының төмендеуі нәтижесінде 2016
жылғы қаңтар – мамырда экспорт көлемі 31 пайызға, 13,7 миллиард АҚШ долларына дейін қысқарды. Импорттың 27,0 пайызға, 9,2 миллиард АҚШ долларына дейін төмендегені белгілі болып отыр. Нәтижесінде сыртқы сауда айналымы 29,9 пайызға, 23,0 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеді. Дегенмен, сыртқы сауда сальдосы 4,5 миллиард АҚШ доллары деңгейінде оң болып қалуда. Елімізде соңғы алты ай ішінде орташа айлық еңбекақы көлемі 9,9 пайызға артып, 133,5 мың теңгені құрады», – деді Қ.Бишімбаев. (Жалғасы 2-бетте).
ЛАҢКЕСТІК ОҚИҒАНЫҢ ҚҰРБАНЫ
КЕШЕ ҚОРДАЙЛЫҚТАР ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ БАУЫРЖАН НҰРМАХАНБЕТОВТІ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Кеше Қордай ауданында Алматыдағы лаңке стік оқиғаның құрбаны болған полиция к а п и т а н ы Б ау ы р ж а н Нұрмаханбетовтің денесі жер қойнына тапсырылды. Алматы қалалық ІІД Ә П Б жол - п ат рул ь д і к полициясының өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы болып қызмет атқаратын ол 18 шілдеде қалалық ішкі істер департаментінің Алмалы аудандық басқармасына қарулы шабуыл жасаған лаңкесті құрықтау кезінде қаза тапқан болатын.
Марқұмның жаназасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат О р ы н б е ко в , А л м ат ы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек М а ке ж а н о в , қ а л а л ы қ ішкі істер бөлімі
Л ОРАҚ ЖАСЫ
басшысының орынбасары Берік Қабдолданов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова қатысып, сөз сөйледі. Бауыржан Мәлікұлы жиырма сегіз жаста еді.
Аудан орталығындағы Қонаев атындағы мектепгимназияның түлегі. А л м ат ы д а ғ ы Аб а й атындағы мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет етті. Ол ауданға танымал ауыл шаруашылығы өнді рісінің ардагері Құрманбек Н ұ р м а ғ а н б е т о в т і ң сүйікті немересі, белгілі кәсіпк ерл ер Мәлік пен Гүлмираның тұңғышы болатын. Бауыржанның өзінің де шаңырақ көтер геніне көп бола қойған жо қ . С о ң ы н д а ж а р ы , үш жасар қызы қалды.
Ел тыныштығын қорғау қызметінде жүріп қаза тапқан боздақты ақтық сапарға шығарып салуға марқұмның туыстары, сыныптастары, қызметтестері, қалың ел жиылды. Бәрінің жүзінен орны толмас қазаға қабырғасы қайысып, ашық күнде найзағай ойнатып, бейбіт өмірдің ойранын шығарушы лаңкеске деген лағынеті айқын аңғарылып тұрды. Бауыржанның денесі аудан орталығынан отыз шақырым жердегі Өтеген ауылы маңындағы атақты батыр бабасы жатқан қорымға қойылды.
«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы шеңберінде 92 миллион теңгенің 14 әлеуетті жобасы ұсынылып, «Банк Центр кредит» АҚ арқылы 23,3 миллион теңгенің 2 жобасы оң шешімін алды. Оның бірі – Қаратау қаласында «Аида» дүкенін заманауи шағын маркет етіп ашу және қымыз өндірісін іске қосу. Одан бөлек, 8 жоба екінші деңгейдегі банктерде қаралу үстінде.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра.
Қордай ауданы.
– 2016
тайлағыш және шөп тасуға жегілген доңғалақты 3 тракторда тыным жоқ. Былтыр 10 мың ораманы құрайтын 3 мың тонна пішен дайындап алған болатынбыз. Биыл да былтырғы межеден көрінеріміз анық, – дейді шаруашылық жетекшісі Ақмарал Оразбаева.
ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАНДАР КӨБЕЙМЕК Қордай ауылындағы «Шығыс-2» және «Солтүстік» жаңа тұрғын үй массивтерінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 6,7 миллион теңге қарастырылып, оның 5,2 миллион теңгесі игерілді. Қазіргі таңда бұл құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
Уалихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол». Шу өзенінің арнасынан асып, шабындықтарға су жайылуының салдарынан шөп шабу науқаны ауданда жылдағыға қарағанда біршама кешеуілдеп басталды. Соған қарамастан, шаруалар уақытты ұтымды пайдалануға күш салуда. Биыл шөптің ерекше бітік шығуы аудандағы 34 шаруа қожалығы басшыларын ерекше қуантып отыр. Әсіресе, Мо й ы н қ ұ м ау ы л ы н д а ғ ы « Ү р ке р » , « Жа р ы л қ а с ы н » , «Айқын», «Тәуекел», «Нұрсұлтан», «Аяулым» шаруа қожалықтарының пішеншілері өнімді еңбек етуде. – « А я ул ы м » ш а руа қожалығының иелігінде 1100 гектар шабындық жер бар. Шаруашылық үшін осыншама алқаптың шөбін орып, жинап алу жеңілге түспесі анық. Дегенмен, науқанға техника мен адам күші мейлінше м о л ж ұ м ы л д ы р ы л уд а . Осындағы екі шөп
=ҚОРДАЙ
=ТАЛАС 23,3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫ
БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ
Құрманбек ӘЛІМЖАН, «Ақ жол».
Қа л а д а ғ ы б і р н е ш е м е к те п п е н б а л а б а қ ш а нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 699532,0 мың теңге бөлінген еді. Соның бірі – №37 орта мектеп. Сонау 1979 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген мектепке 128 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмысын «АрМаНұр» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмысы алдағы жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп күтілуде.
Оның айтуынша, науқанға б а й л а н ы с т ы ау ы л д ы ң 1 0 жұмыссыз азаматы маусымдық жұмыспен қамтылып отыр екен. Оларға 80 мың теңге көлемінде айлық жалақы төленуде. Шөпшілердің дала қосында демалуына да қолайлы жағдайлар жасалған. Ыстық
күнде шөл басар салқындатылған сусындары да әр кезде дайын. Олар үшін үш мезгіл ыстық ас та ұйымдастырылады. Әзірге мұнда 1 гектар а лқапт ан – 30, күніне 200 түк орама жиналып алынуда. Шөп бірден мал қыстауларына жеткізілуде. Ауыл тұрғындарына да шөп былтырғыға қарағанда 200 теңгеге ар зандатылған бағамен босатылып отыр. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Жақсымбетов те қазірдің өзінде аудан бойынша 55 мың тонна шөп дайындалғанын, науқан кеш басталғанмен, шөптің бағасы қымбаттамайтынын әрі былтырғы деңгейі сақталатынын айтады. Қысқасы, жергілікті т ұ р ғ ы н д а рд ы же м ш ө п п е н жеткілікті қамтамасыз етуге ауданның әлеуеті де, мүмкіндігі де бар. Мойынқұмдықт ар 75 406 гектар шабындықтан б и ы л д а м ол ө н і м ж и н ап алатынына нық сенімді.
Жуалы ауданындағы жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов «Моцарелла» атты ірімшік түрін шығаруды қолға алды. «Моцарелла» (Mozzarella) Италия елінің Кампания өңірінде өндірілетін ірімшіктің бір түрі болып табылады. Орынбасар өзінің отбасылық кәсібін 2011 жылы бастаған. Алғашқыда мал өсірумен шұғылданған Мешеловтер отбасы бүгінде сол малдан май, чечил, ірімшік сынды өнімдерді шығаруды қолға алған. – «Моцарелланы» шығарғанымызға он шақты ғана күн болды. Құрамын тауып, оны әзірлеуге он күндей уақыт жұмсадық. Нәтижесі жақсы болды. Келіндерімнің бірі технолог, бірі инженер болып жұмыс істейді, ал өзім химикпін. Сондықтан «Моцарелланың» құрамын тауып, оны дайындау аса қиын болмады. Бұл өнім елімізде сұранысқа ие, әрі шетелдерден келетін «Моцарелладан» бағасы арзан, – дейді жеке кәсіпкер Орынбасар Мешелов. Сатылымға шыққанына аз ғана уақыт болса да, аталған өнім сұранысқа ие тауарға айналған.
Мойынқұм ауданы.
«Ақ жол-Ақпарат».
АРЕЛЛАСЫ» Ц О М « Ң Ы Н Я И Л А ИТ ІЛУДЕ ЖУАЛЫДА ӨНДІР