ЖАҢА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ОЙЫП АЛАР ОРНЫ БАР «АҚТОҒАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
№144 (18178), Сенбі, 21 қараша, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ҚАЗАҚСТАН АУҒАНСТАНДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ
Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық, көліктранзиттік, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті жайттары қозғалды. Қазақстан Президенті өзінің шақыртуы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген М.Ғаниға ілтипат білдірді. – Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге гүлденген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді,– деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын айтты. – Соңғы жылдары тұрақтану үдерісі байқалып отыр, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық
Жаратқанның назары Не жақсыға, не жалғызға түседі. Халық мақалы.
бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Бұл – маңызды ниет және оны біз қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті. М.Ғани өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды. – Сіз, «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялағаныңызда, әлемде оған көп ешкім сенбеді. Алайда, Сіздің басшылығыңызбен және жан-жақты әрі жедел қабылданған шаралардың арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, олар асыра орындалды да. Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өңірге жарқын үлгі бола алады. Осыған байланысты Сіздің 1997 жылы айтқан «Кеше әлі ерте болатын, ал ертең кеш болуы мүмкін» деген сөзіңізді еске алғым келеді, – деді Ауғанстан Президенті. Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанидің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті. Кездесу барысында Елбасы Ауғанстан Президентінің Астанаға алғашқы ресми сапары екі ел қарым-қатынастарына тың серпін беретініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Дала Елі мен Ауғанстанның тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі достық қарымқатынастары, берік мәдени-рухани байланыстары бар екенін айтты.
Қазақстан Президенті сондай-ақ, екі ел арасындағы қарымқатынас бірнеше ғасыр бұрынғы Қазақ хандығы мен Ахмат-шах Дурранидің кезінен бастау алатынына да назар аударды. Мемлекет басшысы Ауғанстанда 30 жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғыс халықтың әл-ауқатына қатты әсер еткенін, сондықтан біздің республика М.Ғанидің елді тұрақтандыру және дамыту жөнінде жүргізіп жатқан бүгінгі жұмыстарын толық қолдайтынын айты. Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтау жөніндегі күш-жігерді түрлі халықаралық ұйымдар аясында қолдауды жалғастыратыны атап өтілді. Қазақстан Президенті Ауғанстанның солтүстігіндегі ахуал ушыққан 1996 жылы Орталық Азия елдері мен Ресейдің шұғыл кездесуі біздің елде өткенін және сондағы келіссөздер БҰҰ қарарын қабылдауға негіз болғанын еске салды. Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастың маңызды тұстары мен оларды дамытудың келешегі сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланған бүгінгі келіссөздерді жоғары бағалады. М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ, Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті.
«НҰРЛЫ ЖОЛДАН» БАСТАЛҒАН
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
ТО
ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастырубақылау жұмысы департаментінің инспекторы Марат Акпаров облысымызға іс-сапармен келіп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тараз қаласында салынып жатқан нысандарды аралады. Құрылыс нысандарының жұмыстарымен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Масат Берік таныстырды. Алдымен Құмшағал бекетіндегі 300 орындық орта мектеп құрылысымен танысқан Марат Акпаров, мердігер компания басшысымен кездесті. «20 маусымда басталған нысанның құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуығы еңсерілді. Мұнда 120 адам жұмыс істеуде. Бұл нысанға республикалық бюджеттен 450 000 000 теңге, облыстық бюджеттен 50 000 000 теңге бөлініп отыр. Жаңа мектеп келесі жылы тамыз айында пайдалануға беріледі», – дейді мердігер, «Ник-Тараз» ЖШС-ның директоры Сәбит Шоқатаев. М. Акпаров бастаған топ «Арай» тұрғын алқабындағы 65 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. «Комстроймонтаж» және «Бином» ЖШС қолға алған құрылыс бітуге таяу қалыпты. Былтыр қарашада құрылысы басталған бұл нысан Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға берілмекші. Ал «Салтанат» мөлтек ауданындағы 280 орындық балабақшаның іргесі мамыр айында қаланыпты. №37 «а» мекен-жайындағы ескі ғимаратты бұзып, жаңадан салынып жатқан бұл нысанның мердігері – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС екен. Ғимарат келесі жылы тамыз айында пайдалануға берілмек. Құрылыс орындарын аралап, ондағы жұмыстың атқарылу барысымен танысып шыққан «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің инспекторы М. Акпаров «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың көңілінен шығатындығын мәлімдеді.
АН ЙД
Т О Л ҒА ІНГІ Й Е К
Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақтоған» шаруа қожалығы 1999 жылы құрылған болатын. Қ о ж а л ы қ т ы ң қарамағында 10600 гектар егістік жер бар. Оның жартысына жыл сайын дәнді дақылдар өсіріледі. Үстіміздегі жылы агроқұрылым 4600 гектар күздіктің әр гектарынан 17 центнерден түсім жинады. Биыл күзде 5691 гектар алқапқа күздік бидай тұқымын септі. Кәсіпорынның өз диірмені бар. Онда тартылған ұн 2-50 килограмдық ыдыстарға салынып, өткеріледі. Ұнның бір бөлігінен макарон мен жарманың 30 түрі өндіріледі. Заманауи үлгідегі италиялық және ресейлік жабдықтарда шығарылатын өнімнің сапасы жоғары. Сыртында «Ақтоған» деген жазуы бар макарон мен жарманы еліміздің түкпір-түкпірінен кездестіруге болады. «Ақтоғанның» нарықта ойып алар орны бар. Өнімнің денін тұтынушылар өндіріс орнынан өздері келіп әкетеді. Тараз және Алматы қалаларына жеткізетін арнайы көліктері бар. Тауар кластерлік жүйемен өндірілгендіктен өнімнің өзіндік құны да төмен. Мұның өзі оны тұтынушыларға қолжетімді бағамен өткеруге мүмкіндік беруде. Мәселен, 5 килограмдық макаронның құны 525 теңге. Ал оның нарықтағы бағасы – 800 теңге. Қожалық қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Жиырма бірлік техникасы бар. Өткен жылы егін жинайтын 5 комбайнды лизингтік жүйемен алған. Кәсіпорында тұрақты 24 адам жұмыс істейді. Науқан кездерінде олардың саны 40-қа дейін жетеді. Жылына 15 миллионнан астам теңгенің өнімін өндіреді. Шығарылған тауардың барлығы арнайы зертханада тексеруден өткізіліп, сертификат беріледі. Олар біраз уақыт бұрын макарон мен жарманы ыдысқа салатын екі желі сатып алып, орнатқан. Мұның өзі қол жұмысын азайтумен қатар, өнімнің өтімділігіне игі әсерін тигізуде. – Келешекте өндірісімізді кеңейтіп, жарманың тағы да бірнеше түрін өндіреміз және мақсары дәнін өңдеп, май шығарамыз. Мұның өзі тағы да 10 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – дейді «Ақтоған» шаруа қожалығының жетекшісі Сейітхасан Ақаев. Т.Рысқұлов ауданы.
НЫ С
ӘУЛИЕЛЕР МЕКЕНІ ХАНДЫҚТЫҢ СЫРЫН ШЕРТЕДІ...
Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жыр алыбы Жамбылдың есімін жиі еске түсіретін қасиетті Жамбыл өңірінің к ө н е Та р а з қаласында Елбасымыз, кемеңгер Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге 17 елден келген сыйлы қонақтар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған игі-шаралардың куәсі болғаны баршаға мәлім. Біздің Ақ Жайықтан да арнайы барған делегация тарихтың бесігінде тербетілген қасиетті
мекенде болып, үш күнге ұласқан тойды елмен бірге көріп, қайран қалды. Тараз – әулиелер мекені десе, шынымен де әулиелер мекені екен! Өйткені, қасиетті дала төсінде, дәл осы жердің топырағында «шынайы махаббаттың» құрбанына
айналған Айша бибі мен Қарахан атамыз жатыр. Тап осы Жамбыл жерін жаудан қорғаған Тектұрмас атаның бейіті тұр тау басынан қарап. Бұған Дәуітбек пен Ақыртас сарай кешенін, мыңнан астам тарихи-мәдени мұраларды қосыңыз. Айнала толы
ескерткіштердің тастарымен кірпіштей қаланған көне Тараз ата-бабалар жүріп өткен киелі мекен екенін еріксіз мойындатады. Осынау әулиелі өлкеде енді, міне, Керей мен Жәнібек хандарымыздың ескерткіші бой түзеді. Тәуелсіздігімізді аңсаған бабаларды еске түсіретін «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салтанатына Елбасымыздың өзі арнайы қатысып, жылы лебізін арнады. Сол бір сәтте ескерткіш маңына жиналған халықтың жүздеріндегі қуанышты, көңіліндегі шаттықты, толқынысты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Дүйім жұртшылық, үлкен-кіші Елбасының әр сөзін ұйып тыңдап, бойларына күш-қуат алып, рухтанды. Елге деген патриоттық сезімі асқақтай түсті. (Жалғасы 6-бетте).
БІР КҮНДЕ – 42 ҚОНЫС ТОЙ ТАРАЗ ТҰРҒЫНДАРЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ Наурызбек САРША, «Ақ жол». Бұл – тараздықтардың көптен күткен қуанышы. Көп жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Атшабар» тұрғын үй кешені кешеніндегі 42 пәтер пайдалануға беріліп, «Бәйтерек» холдингі, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ өкілдерінің қатысуымен пәтер иелеріне кілт тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. 42 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Пәтер кілтін тапсыру салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша беріліп жатқан алғашқы пәтерлер екенін, алдағы уақытта аталмыш бағдарлама бойынша қаладағы көптеген тұрғын үйлер пайдалануға берілетінін жеткізді. «Елбасымыздың сарабдал саясатының, халыққа деген қамқорлығының арқасында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, өз жемістерін беруде. Осындай бағдарламаның бірі – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарламаның арқасында көп
жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған «Атшабар» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары қайта жанданып, тұрғындар пәтерлі болуда. Бүгін баспаналы болып отырған отбасылардың қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын. Облыс орталығында «Бәйтерек», «Арай», «Маяковский» көшелеріндегі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, таяу күндері пайдалануға берілмекші. Жақында «Арай» шағын ауданында 280 орындық балабақша ашылады», – деді Бекболат Серікбекұлы. «Атшабар» тұрғын үй кешенінің құрылысын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ы жүргізген. Бағдарлама негізінде мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспана салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Пәтер иелері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар. Бағдарлама бойынша құжат тапсырғандардың саны 100 болса, оның 22-сі – банктің төлем қабілеті растауын алғандар. Инфрақұрылымдық жобаларды дамыту департаментінің директоры Қанат Ибраев «Бәйтерек» холдингінің мұрындық болуымен
республикада тұрғын үй мәселесі шешімін тауып жатқанын айтады. «Бәйтерек» холдингі қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқарды. Биыл наурыз айынан бастап, әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша Қазақстан бойынша 4 мың пәтер пайдалануға берілді, тағы да 3 мың пәтердің кілті жыл аяғына дейін тапсырылатын болады», – деді ол. Жалпы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылған болатын. Холдинг ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылған. Тұтастай алғанда, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Бәйтерек» холдингі 400 мың шаршы метр тұрғын үйді сатып алуды және құрылысын салуды жоспарлап отыр. Бұл қадам бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік тұрғын үймен 7000 отбасын қамтамасыз ету үшін жасалмақ. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.