Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісін тарату жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қазақстан Ре спубликасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісі таратылсын. 2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалсын. 3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын. 4. Қазақстан Ре спубликасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды жəне өткізуді ұйымдастырсын. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдықтехникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын. 6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар №181
АҚОРДА
ЕЛБАСЫ ЕҢБЕГІІНЕЕ ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛААС БІЛЛДІРРГЕН ХАТ Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Жамбыл облысы жұртшылық өкілдерінен хат келгенін хабарлайды. Авторлар хатта былтырғы жылдың ел өмірінде айшықты оқиғаларға толы болғанын айтады. Соның ішінде мемлекеттілігіміздің негізі – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің айрықша орны бар екенін атап өткен. «Сіздің шешіміңізбен Астанада басталған мереке жалғасын тауып, Қазақ хандығының туы көтерілген Жамбыл жерінде зор табыспен өтті. Хандықтың мерекесі халықтың берекесі болды», – делінген хатта. Жұртшылық өкілдері мерекелік шаралар аясында ашылған жаңа нысандар Тараз шаһарының көркіне көрік қосып, елдің рухын көтере түскеніне, жастардың тарихи санасын жаңғыртқанына назар аударған. Соңында авторлар болашақ ұрпақ үшін барлық жағдай жасалып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Елбасыға мықты денсаулық пен табыс тілеген.
Ауыр жол атанды сынайды, Ауыр іс адамды сынайды. ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ
НЕГІЗГІ МІНДЕТ – ШИКІЗАТ БАЗАСЫН ДАМЫТУ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Өңірлік коммуникация қызметінде облыс əкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын жəне бес реформаны түсіндіру бойынша өткен мəслихаттың тақырыбы «Негізгі міндет – шикізат базасын дамыту» деп аталды. Еркебұлан Даниярбекұлы Бес институттық реформаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы саласында да көптеген мəселелердің шешілуіне жол ашатынын, бағдарламаның 60-шы қадамы сүт жəне сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналғанын, 61-ші қадам ет өндірісі мен өңдеуді дамытуды міндеттейтінін айтып, «Фермерлік пен бүкіл аграрлық секторды дамыту үшін айтарлықтай ынталандырушы күш Жер кодексіне енгізілген өзгерістер болды» деген Елбасы сөзінен дəйек келтірді. Сондай-ақ, ол бірқатар өңірлер қазірдің өзінде жаңашылдыққа бейімделіп үлгергенін, мəселен Меркі ауданында 3 мың бас мал бордақылау алаңының салынғанын, келешекте мұнда бордақыланатын мал басы 12 мыңға жететінін, 10 мың уақ малға арналған бордақылау алаңы Мойынқұм ауданында да салынып жатқанын тілге тиек етті. Мойынқұмға Ресейден қазірдің өзінде 600 бас асыл тұқымды мал əкелінген. Алдағы наурыз айында облысымызда «Халал ет» кəсіпорыны жұмысын бастамақшы. Бұл кəсіпорында тəулігіне 1 мың бас қой сойылып, Сауд Арабиясы мемлекетіне экспортқа шығарылмақшы. Өткен жылы 2014 жылмен салыстырғанда 170 мың тонна астық артық алынған. Ауыл шаруашылығының жетістіктері бойынша біздің облыс республикада төртінші орында екені де үлкен еңбектің жемісі. Өткен жылы мал шаруашылығын дамытуға арналған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламаларының орындалуы бойынша да облысымыздың көрсеткіші жоғары болыпты. Сүт өнімдерін өңдеу жəне өндіру ісі де қарқынды жүзеге асуда. Е.Анабеков БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Журналистерді шаруашылықтардың іріленуі, тамшылатып суару, жылыжай өсіру мəселелері қызықтырды. Жаңадан күшіне енген «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңының тиімділігі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жөнінде де сауалдар қойылды. Еркебұлан Даниярбекұлы «Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру» Заңының оңтайлы тұстары көп екеніне, бірнеше қожалық біріккен соң, субсидия алу, лизингке техника алу мүмкіндігі жоғары болатынын, жер көлемі ұлғайған соң, оны күтіп баптауға да, жерді сақтауға да қолайлы жағдай туатынын, сондай-ақ облысымыз бойынша 8100 гектар алқапқа тамшылатып суару əдісі қолданылатынын айтып өтті. Сондай-ақ, облысымыз бойынша биыл 6 мың гектарға қант қызылшасы егіліп өсірілу жоспарланғанын, оған əзірлік осы бастан қолға алынатынын тілге тиек етті.
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
(АБАЙ).
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№8 (18202), Бейсенбі, 21 а тар, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ПРЕЗИДЕНТ
Кеңеске ПремьерМинистр К.Мəсімов, Мемлекеттік хатшы Г. Ə б д і қ а л ы қ о в а , Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Ко н с т и т у ц и я л ы қ кеңе с төрағасы И.Рогов, Бас прокурор А.Дауылбаев жəне басқалар қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы депутаттардың кезектен тыс Мəжіліс сайлауын өткізу жəне барлық деңгейдегі мəслихаттардың кезекті сайлауын өткізу туралы бастамасына байланысты үндеу жасады. Қазақстан Президенті Парламент Мəжілісі депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын доғару жəне жаңа сайлау белгілеу жөніндегі ұсынысын жан-жақты қарастырғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа кезеңде шикізатқа төмен баға жағдайында өмір сүруге бейімделіп, индустрияландыруды, шағын жəне орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыру керектігін атап өтті. – Осы бір күрделі ахуалда біздің бəріміз үшін ең маңыздысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабылдау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кез-
Мен Парламент Мəжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жəне жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын талдап қарадым. Бұл күндері менің атыма бастамаға қолдау көрсеткен көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Кезектен тыс сайлау өткізу қажеттігі туралы пікірді саяси партиялар мен кəсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар, кəсіпорындардың, мекемелер мен оқу орындарының еңбек ұжымдары құптады. Сондай-ақ оған ардагерлер мен жастардың ұйымдары, бизнестің, ғылыми жəне шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, көптеген жеке азаматтар қолдау білдірді. Менің атыма келіп түскен бұл үндеулерде келтірілген барлық дəлел-дəйектемелер маған түсінікті. Оларда елге деген қамқорлық, саяси науқанды тездетіп аяқтауға жəне қойылған міндеттерді іс жүзіне асыруға кірісуге деген қажетсіну бар. Бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси жəне экономикалық үдерістерге тартылып отыр. Энергия қуатын беретін өнімдер бағасының құлдырауы нəтижесінде көптеген елдерді жайлаған экономикалық дағдарыс бүкілəлемдік экономикаға жəне оның ажырамас бөлігі ретінде біздің елімізге де елеулі ықпал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі міндеттер мен сынқатерлерді тосып отыр. Х а л ы қ а р а л ы қ а ху а л д а к ү р д е л е н е түсті. Жетекші мемлекеттер арасындағы қайшылықтар ұлғайып, олардың санкциялық текетіресі күшейе түсуде. Сарапшылардың көпшілігі əлемдік державалар арасындағы келіспеушілік «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан бері дəл қазіргідей ушығуға жетпеген еді деген пікірде. Осындай жағдайда өңірлік жанжалдардың жаңа ошақтары пайда болуда. Террорлық қатер де ұлғайып келеді. Босқындардың жаһандық толқыны планетаның жаңа өңірлерін бірінен соң бірін басып қалуда. Əлемдік сауда көлемі төмендеп, қор нарықтары құлдырауда. Іс жүзінде əлемнің барлық валюталары девальвацияға ұшырады. Осының бəрі өңірлік жəне ұлттық экономикаларға теріс ықпалын тигізеді. Əлемнің жаңа бет-бейнесі қалыптасып келеді, ол жөнінде мен халыққа таяудағы Жолдауымда айттым. Бұл дегеніміз индустрияландыруды, шағын жəне орта бизнесті дамытуды белсенді жалғастыра отырып, шикізат бағасы төмен жағдайда өмір сүруге бейімделуді білдіреді. Осы бір күрделі ахуалда біздің бəріміз үшін ең маңыздысы – ысырапсыз өмір сүру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс орындарын сақтау екенін түсіну. Үкімет пен Парламентке бұл жағдайда бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабылдау қажет. Біздің халқымызға бұрынғыша бірігіп, осы күрделі уақытта кезкелген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек.
келген ықтимал арандатуларға, қажет болса, заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керек. Ол жағдайдың нашарлауына кінəлілерді іздеп, саясиландырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірде-бір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан бəріміз топтасып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті біздің қоғам бүгінде түрлі сын-қатерлерге дайын екеніне назар аударды. – Біз Тəуелсіздіктің ширек ғасырға жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбекте шыңдалып, табысты, қалыптасқан жəне əлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына
Ол жағдайдың нашарлауына кінəлілерді іздеп, саясиландырғысы келетіндерге де қатысты. Бұл – жаһандық үдеріс, оған бірдебір ел, соның ішінде Қазақстан да ықпал ете алған жоқ. Сондықтан бəріміз топтасып, бірбірімізге көмектесуіміз керек. Қазір елдің əрбір азаматының патриоттығы сынға түсуде. Бізде тағдырға мойынсұнып, əйтеуір бір уақыттары бəрі орнына келетініне, мұнай бағасы көтеріліп, жағдайдың жақсаратынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ. Бүгінде кез-келген жаһандық сын-қатерге үнемі жүйелі əрі алдын ала жауап беру жəне тиісті шаралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағытын жалғастырып, дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру, Ұлт Жоспарын орындау керек. Мыңдаған азаматтарымызға жұмыс бере отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасын белсенді жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық деңгейдегі əкімдер бұрынғы дағдарыс
отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп қабылдаймын. Мəжілістің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депутаттары бар) жəне өңірлік мəслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдейді. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымы мен аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы ел Конституциясы талаптарына сəйкес, Парламент Палаталары т ө р а ғ а л а р ы м е н , П р е м ь е р - М и н и с т рм е н жəне Конституциялық кеңес төрағасымен консультациялар өткізгенін, соның қорытындысы б о й ы н ш а д е п у т ат т а р д ы ң б а с т а м а с ы н қолдауға шешім қабылданғанын айтты.
тəжірибесі мен инфрақұрылымдық құрылыс мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну арқылы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін резервтер іздестіруі тиіс. Халыққа Жолдауда мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғырту, бюджет саясатын үнемдеу, ұсынықтылық жəне қайтарымдылық қағидаттары негізінде оңтайландыру жөнінде ауқымды міндеттер қойылды. Парламенттің қазіргі құрамы Ұлт Жоспарына сəйкес, өнімді жəне ауқымды заң шығару жұмысын атқарды. Ендігі жұмыс Үкімет пен елдің барлық атқарушы органдарына, сондай-ақ бизнесқоғамдастыққа тиесілі. Дағдарысқа қарсы шаралар мен Ұлт Жоспарын дер кезінде жəне сауатты жүзеге асыру солардың тиімді жұмысына байланысты болады. Бұл біздің елімізді əлемдік қоғамдастық алдында тағы да биіктетіп, инвестиция тартады, елімізге деген сенімді нығайтады. Біз мұны жасауға тиіспіз.
– Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бе н ха л қ ы м ы зд ы ң мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кəміл. Саяси партиялар күн тəртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер жəне ел мүдде сіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бе сінші шақырылымдағы П а р л а м е н т Мəжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мəжілістің кезектен тыс с айлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақст андықт арды, қоғамның барлық əлеуметтік топтарын уақыт талабы тудырған шешімді қолдауға шақырды. – Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына жəне барлық өкілетті мемлекеттік органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты жəне əділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны жəне сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Қазір біздің қоғамымыз 1991 жылы мүлдем бейтаныс ахуалға тап болған кездегідей абдыраған адамдар тобы емес. Біз Тəуелсіздіктің ширек ғасырға жуық абыройлы жолын жүріп өттік. Біз жасампаз еңбекте шыңдалып, табысты, қалыптасқан жəне əлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық. Мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп қабылдаймын. Мəжілістің кезектен тыс сайлауы (оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының да депутаттары бар) жəне өңірлік мəслихаттардың кезекті сайлауы бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдейді. Барша депутаттарға мемлекетшіл ұстанымы мен аса жоғары тарихи жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды айтамын. Ел Конституциясының талаптарына сəйкес, мен Парламент Палаталары төрағаларымен, Премьер-Министрмен жəне Конституциялық кеңе с төрағасымен кеңе стім. Ақылдаса келіп депутаттардың бастамасын қолдау туралы шешім қабылданды. Билік саласы өкілдері құрамының жаңартылуы еліміз бен халқымыздың мүддесіне сай келетіндігіне сенімім кəміл. Саяси партиялар күн тəртібіндегі міндеттерді түсіне білетін сауатты, іскер жəне ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуға тиіс. Бүгін мен Бесінші шақырылымдағы Парламент Мəжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойдым. Мəжілістің кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді. Бүкіл қазақстандықтарды, қоғамның барлық əлеуметтік топтарын уақыт талап еткен шешімді қолдауға үндеймін. Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына жəне барлық өкілетті мемлекеттік органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты жəне əділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны жəне сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін. Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат – халық пен елдің игілігі! Бəріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін боламыз. Мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси партияларды біздің ортақ шаңырағымыздың тағдырына жауапты қарауға жəне отаншылдығымызды нығайта түсуге шақырамын. Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі белесін мызғымас бірлікпен қарсы алайық! Астана, Ақорда, 2016 жылғы 20 қаңтар.