ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
5 КҮН ҚАЛДЫ
№46 (18080), Сейсенбі, 21 сәуір, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
АССАМБЛЕЯ
ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
ТОҚСАННЫҢ ТОЙЫ КӨБЕЙСІН! Өткен жұма күні Тараз мейрамханаларының бірінде облыстың Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребековтің тоқсан жасқа толған тойы болды. Тәнті болғанымыз – той салтанаты емес, той иесінің тоқсаныншы асуын – тік жүріп, анық сөйлеп, ары кетсе алпысын тойлап жатқан азаматтай арда кейіппен қарсы алуы болды. Ал тоқсанға қызмет еткен кімдер дейсіздер ғой? Кілең алпыс, жетпіс, сексеннің сеңгіріндегілер. Тіпті, тілек айтушылар арасынан Төкеңнің... «кластасы» сөз алып, соңын ескілікті әуенге ұластырғанда жұрт ду қол соғып жіберді. Қарап отырып елжіредім. Қарап отырып «Тәубе!» дедім. «Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 2015 жылға қарай 71 жасқа, ал 2020 жылы 73 жасқа жететін болады» деген сөзге дәйек болар мәйекті басқа емес, өз облысымның өмірінен көргеніме қуандым. Ойымды қасымдағыларға айтып ем, олар да бас изеп, құптап, орнықты ой, пікірлерімен бөлісіп, қауқылдасып кетті. Жөнжобасын білсе, той мысалын да ойға қызмет еткізуге болады екен. Кеңес өкіметінің кезінде алпысыңыз – қария, жетпісіңіз – еңкейген шал болатын. Сондықтан болар өр ақын Мұқағали Мақатаев: «Бәрін де көрдіңіздер, Бәріне көндіңіздер, Бәріне сендіңіздер, Бәрін де бердіңіздер, Сіздер алпысқа келдіңіздер. Менің де әкем келер еді алпысқа, Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста» деп күңірене жырлаған. Ал ол кезде сексен мен тоқсанға екінің бірі жете бермейтін. Тоқсан тоғыз жыл ғұмыр кешкен (1846–1945 ж.ж.) қарт абыз Жамбыл Жабайұлы ғана болатын. Қазіргі алпысқа «бәрін де көрдіңіздер» деп көрші... Ал бүгінде біздің өңірімізде Төкеңнен басқа да тоқсанын торықпай қарсы алған қаншама қарияларымыз бар! Солардың бірі, мысалы, ардақты ардагеріміз Уәтай Әлімқожаев Жеңістің 70 жылдық мерекесін, Құдай қаласа, 95 жасында қарсы алайын деп отыр. Әлі ұмытқамыз жоқ, жаңа жыл қарсаңында осы абыз ақсақалды облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы барып құттықтады. Өйткені, Мәскеуден бастап, Солтүстік Кавказ, Украина, оның ішінде Киев, Житомир, Львов қалаларын, Польша, Чехословакия, Венгрия, Румыния жерлерін басқыншылардан азат етуге атсалысқан, соғыстан кейінгі жұпыны елдің ес жиюына да аянбай үлес қосқан, бес баласынан 6 немере, 8 шөбере сүйіп отырған Уәтай аға қандай құрметке де лайық. Жауынгер, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деп аталатын белгілі романы қаһармандарының бірі Майраның (өмірдегі аты да Майра!) жары. Сондай-ақ, соғыс ардагерлері 90 жасты артқа тастаған Төлеубек Жамбылов, Сырайыл Керімбаев, Халилулла Дармаханов, 89 жастағы Виктор Карпасов пен Александра Кичигина туралы да осылай деуге болады. Жамбыл өңіріндегі жүз бен Тараздағы тоқсанның тізімін жалғастыра беретін болсақ, Құдай көп көрмесін, баршылық. Ал сонау 1925 жылы дүниеге келіп, кеңес өкіметінің аштығын да, тоқтығын да көрген, бірақ бәрін еңбекпен, біліммен, ақылмен, сабырмен, парасатпен жеңе білген Тілеуқабыл Төребеков қыршын жасында Қиыр Шығысқа аттанып, Жапон соғысына қатысыпты. Осы ойлы қарияның басқа қызметтерін былай қойғанда, 1970 – 1983 жылдары Жамбыл (бүгінгі Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағасы болып жүргенде бүгінгі облыс орталығының көркеюіне үлкен үлес қосқанын да айта кеткен ләзім. №1 шағын ауданнан №11 шағын ауданға дейін өрістеген үйлерде өркен жайып отырғандар бүгінде алғысын Төкеңе де айтуға тиіс. Облыс орталығында бұдан бөлек қаншама ғажайып ғимараттар салынды. Мұны да басқа емес, тойға жиналған қариялар үлгі етіп айтты. Қысқасы, той – ардагерлер ән салып, ардагерлер би билеп, ардагерлер ғибрат айтқан мереке болды. Төкеңнің облыстық ардагерлер кеңесін қатарынан 20 жыл басқаруы да білімді қарттың біліктілігінің белгісі. Жақсы қартая білудің үлгісі. Бұл туралы той қонақтары облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірзақ Озғанбаев толқып тұрып айтты. Облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлының «Жаңа той басталған сәтте шашу шашылды. Сол шашудан бір тәтті болса да алып қалуға еңкейіп, қол созбаған адам жоқ. Міне, бұл – тоқсан жасқа Төкең сияқты жетсек деген халықтың тілегі. Ниеттеріңізге жетіңіздер!» деген сөзін жиналғандар әкім ғана емес, сонымен бірге дос, бауыр, ағайынның батасындай жылы қабылдады. Тәуелсіз елімізде тоқсанның тойы мен жүздің жәрмеңкесі көбейсін! Қазақ елінің берекесі мен мерекесі сонда бұдан да артатын болады, ағайын!
ТОЙ Ы Ң Т ОЙ
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=ТАРАЗ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Бітіруші-2015» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші тараптар өкілдері қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, банктер, мектептер бар. Бұл күні жұмыс беруші тараптар университеттің 75 пайызына жуық білімгеріне жұмыс орындарын ұсынды. Базбір мекемелер шақырған бітірушіні арнайы тест арқылы қабылдайтын болады.
=БАЙЗАҚ Жібек жолы ауылы аумағында орналасқан №28349 әскери бөлімінде Ішкі істер министрлігінің ТЖК бөлімшелерінің қатысуымен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Оған әскери бөлімнің техникалары, Байзақ ауданы гарнизонының өртке қарсы бөлімшелері, облыс ТЖД ТЖ жою бөлімінің мамандары белсене қатысты. Оқу-жаттығу барысында төтеннен келген өрт зардабын жою тәсілдері көрсетілді.
=ҚОРДАЙ Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Кенен ауылындағы соғыс ардагерлері Керімқұл Қосақов пен Қасымқұл Қамбарбаев ақсақалдарға аудандағы «АқтасҚордай» және «Бриг Компаний» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің демеушілігімен алынған жаңа үлгідегі есту құралдарын тарту етті.
= Т. РЫСҚҰЛОВ 23 сәуірде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясы өтеді. Осыған арналған мақалалар топтамасын газетіміздің 3-бетінен оқисыздар.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
= ШУ
ҚАРЖЫ ИГЕРУ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». ОБЛЫСТЫҚ АППАРАТ КЕҢЕСІНДЕ ӨҢІР БЮДЖЕТІНІҢ БИЫЛҒЫ БІРІНШІ ТОҚСАНДАҒЫ ОРЫНДАЛУЫ, САЛЫҚ ТҮСІМІНІҢ КӨРСЕТКІШІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛҒАН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНАН ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН СӨЗ БОЛДЫ.
Бірінші мәселе бойынша облыс әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Б. Әкек хабарлама жасады. Оның айтуынша, кіріс
Осы уақытқа дейін аудандық Мәдениет үйін паналап келген музей өз алдына жеке ғимаратқа көшті. 100 жылдан астам тарихы бар музей ғимаратының құрылысын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 17 миллион теңгеге «Жаз Бақыт» ЖШС жүргізген болатын. Қазір жаңа ғимаратқа экспонаттарды көшіру жұмыстары қолға алынды.
жоспары 41 миллиард 157,8 миллион теңге болса, ол 42 миллиард 96,1 миллион теңгеге, яғни, 102,3 пайызға артығымен орындалған. Сондай-ақ, меншікті кірістер де 949 миллион теңгеге немесе 111 пайызға артығымен орындалып отыр. Ал шығыс қаражатының 1 миллиард 394 миллион теңгесі игерілмеген. Жалпы, облыс бойынша қаржыны игеру көрсеткіші өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,4 пайызға артқан. «Жергілікті бюджет қаражатының игерілуі бойынша мынадай көрсеткіштер қалыптасты: Байзақ ауданы бойынша – 99,5, Меркі ауданы бойынша – 99,3, Шу ауданы бойынша – 99, Жуалы ауданы бойынша – 98,7, Қордай ауданы бойынша – 98,6, Жамбыл ауданы бойынша – 98,3, Талас ауданы бойынша – 94,6, Т.Рысқұлов ауданы бойынша – 94,4, Тараз қаласы бойынша – 94,3, Мойынқұм ауданы бойынша – 93,7, Сарысу ауданы бойынша 93,4 пайыз» деген басқарма басшысының орынбасары олардың ең көп қаражатты игермей отырғандарына тоқталды. Атап айтқанда, Тараз қаласы 298,4 миллион
теңге, Талас ауданы – 89,1 миллион, Т.Рысқұлов ауданы – 80,7 миллион, Сарысу ауданы – 77,1 миллион және Мойынқұм ауданы 61,6 миллион теңге қаржыны игермеген. Сондайақ, облыстық бюджеттің қомақты сомасын игермей отырған энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық дамыту басқармаларын да атап көрсетті. Облыс басшысы К. Көкірекбаев аталған аудандар әкімдері мен басқарма басшыларынан қаржы игеруде жіберіп отырған олқылықтарының себебін жеке-жеке сұрап шықты. Ал облыс бюджетіне түскен салықтың есебі туралы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А. Тынысбеков әңгімеледі.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бір топ үкіметтік емес ұйым жетекшілерінің Үндеуіне орай аудандық білім мекемелерінің ұжымдары 550 түптен ағаш отырғызды. Мектептер арасында ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан Бәйдібек ауылы М. Мәметова атындағы орта мектебінің ұжымы білім ордасының ауласына 550 терек, 250 жеміс ағаштарын отырғызды.
(Жалғасы 3-бетте).
Бас-басыңа би болсаң, Балқан тауға сыймассың. Бір данаға жол берсең, Жанған отқа күймессің. Халық мақалы. О ТЫҢ Ф Ң Ы Д ТЫЛ
ТОБАЯНЫ
Ғ А Ұ ЛА СС Ы Н!
ҚЫЗЫЛОРДА МЕН ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАРАХАН КЕСЕНЕСІНІҢ МАҢАЙЫ ҚҰЛПЫРА ТҮСЕДІ Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Мұнда кесенеге келуші қонақтар мен қала тұрғындарының көне тарихи ескерткішке барар жолын кеңейту қолға алынған. Бұған дейін Төле би көшесімен өтіп бара жатқан адам кесенені анықтап көре алмайтын. Біріншіден, оның айналасына қалың ағаш өскен. Екіншіден, оған алып баратын жол да көлік қатынасы үшін тарлау болатын. Оған қоса, кесенеден беріректе, Төле би көшесінің бойында археологиялық қазба мақсатында қоршауға алынған үлкен учаске жататын.
ГАЗЕТІМІЗДІҢ ӨТКЕН САНДАРЫНДА ЖАЗҒАНЫМЫЗДАЙ ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ОБЛЫСЫ МЕН АСТАНА, АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫ АЛДАҒЫ КҮЗДЕ ӨТКЕЛІ ОТЫРҒАН ДҮБІРЛІ ТОЙҒА ӨЗ ТАРТУЛАРЫН ЖАСАМАҚ. АВТОБЕКЕТТІҢ МАҢАЙЫН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АБАТТАНДЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ. ЕНДІ ҚАРАХАН БАБА КЕСЕНЕСІНІҢ МАҢАЙЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУГЕ ҚЫЗЫЛОРДА ЖӘНЕ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТАРЫ ЕЛЕУЛІ ҚАРЖЫ БӨЛІП, БЕЛ ШЕШЕ КІРІСТІ. БҰЛ ЖҰМЫСТЫ ТАРАЗДЫҚ «ЖАСҰЛАН ФЛОРА» ЖШС АТҚАРУДА.
Енді міне, сол ыңғайсыздықтар реттеліп келеді. Ол үшін алдымен кесенеге қатар орналасқан «Динамо» спорт кешені футбол алаңының біраз бөлігі сүріліп, тегістелді. Ол орында алдағы күндері небір тарихи композициялық сәндік дүниелер мен бірнеше гүлзарлар пайда болады. Яғни, кесенеге жұрт Төле би көшесінен басталатын әрі «Жасұлан флора» ЖШСның әсем гүлдерімен «көктелген» кең аллеямен жүріп бармақ. Ал жоғарыда айтып өткен қоршаудағы аумаққа дін жанашырлары мешіт салуды жоспарлапты. Ол орында қазір алғашқы қазу және тегістеу жұмыстары басталған. Біз кесене маңында жүріп жатқан жұмыстарды тағы бір мәрте көріп қайтуға
барғанымызда үш бригаданың еңбек етіп жатқанын көрдік. Ең алдымен оның аумағынан асқан ептілікпен жерді күрекпен қазып, топырағын сыртқа шығарып жатқан жұмысшыларға көзіміз түсті. Олар археологтар болып шықты. Сол маңда жүрген белгілі археолог, облыс әкімдігі мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» тарих-археология бөлімінің меңгерушісі Сауран Қалиевті сөзге тарттық. (Жалғасы 2-бетте).
БЕЛГІЛІ СОҒЫСТЫҢ
БЕЛГІСІЗ ҚАҺАРМАНДАРЫ
1942 жыл. Луговой ауданындағы (қазіргі Т.Рысқұлов) еңбеккерлердің майдангерлерге деп жинаған астығын өткізуге сап түзеп аттанып бара жатқан сәті. Астық өткізушілер шеруін бастап келе жатқан суреттегі қария мен ақ жаулықты ана кім болды екен? Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайындағы «Орт ақ жеңіс» атты фотокөрмеге қойылған
суретті көріп отырып, бізді осы сауал қатты ойландырды. Бәлкім, арттарында ұрпақтары, ағайын-туыстары қалған шығар. Олар мына тәуелсіз елімізде бақуатты, бақытты өмір сүріп жүрген болуы да мүмкін. Сондықтан егер суреттегі белгісіз бейнелерді білетіндер болса, редакцияға хабарласуын сұраймыз. «Ақ жол» газетінің редакциясы.