ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №120 (17977), Бейсенбі, 21 тамыз, 2014 жыл
КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС
«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮШТІК» МИНСКІДЕ КЕЗДЕСЕДІ
Украина Президенті Петр Порошенко 26 тамызда Минскіде Қазақстан, Ресей, Беларусь басшыларымен және Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесуге келісті. Кездесуде Украина мен Еуропалық одақ арасындағы Келісімді орындаумен байланысты мәселелер, энергетикалық қауіпсіздік және Донбастағы ахуалды тұрақтандыру мәселелері талқыланады. Ресей Президенті В.Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, Минскіде Кеден одағы елдерінің жетекшілері Порошенкомен Киевпен өзара әрекет ету жайын талқылайды. «Еуразиялық үштік» жетекшілері телефон арқылы әңгімелесу барысында Украинамен арадағы экономикалық қатынастардың жаңа жағдайда дамуымен байланысты мәселелерді бірнеше рет талқылаған болатын. Жуырда Беларусь Президенті Александр Лукашенко өзінің және Қазақстан мен Ресей басшыларының Украина Президентімен кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. 19 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозудың телефон әңгімесі барысында Еурокомиссия Төрағасы биылғы 26 тамызда Минскіде Кеден одағы елдері, Украина және Еуропалық одақ кездесуін өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын қолдады. Қажет болған жағдайда сондай кездесуді Астанада өткізу туралы уағдаластық жасалды. Телефон арқылы сөйлесу еуропалық тараптың бастамасымен жүзеге асты.
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ГАЗЕТ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ЕДІ
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ӨСІП КЕЛЕДІ. СЕБЕП?.. Осы жылғы 10 шілдеде «Ақ жолда» жарияланған «Шу өңірінде азық-түлік неге қымбат?» тақырыбымен берілген проблемалық мақала осы ауданның тұрғыны маған да ой салды. Расында да бүгінгі таңда ауданымызда күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің күнненкүнге қымбаттап бара жатқаны жасырын емес. Мақала авторы атап көрсеткендей ауданымызда сыйымдылығы 620 миллион текшеметр болатын «Тасөткел» су қоймасы мен 25 мың гектардан астам суармалы жер пайдаланылуда. Сондай-ақ, өңірдегі иен мал жайылымдарында 300 000-ға жуық қой-ешкі, жалпы саны 50 мыңдай ірі қара, жылқы, түйе бағылып, қоңдандырылуда. Ал азық-түлік бағасы болса қымбат. Неге? Журналист мақаласында осы сауалға жауап іздеп, көңілге қонымды ұсыныс, пікірлерін білдірген. Өзім туып-өскен өңір болған соң жақсы білемін, Шу өңірінде он жылдан астам уақыттан бері ас атасы саналатын нан мен нан өнімдерінің бағасы аспандап өсіп келеді. Меніңше, нан бағасын тұрақтандырудың бірден-бір жолы бар. Шындап қолға алынса бұл өзекті іс бірер жылда-ақ жолға қойылар еді деп, сеніммен айтуға болады. Мысалы, аудан орталығы – Төле би ауылының іргесіндегі Бірлік ауылында 1975-1976 жылдары пайдалануға берілген, жылына 110 мың тонна астық қабылдай алатын алып элеватор қалқайып бос тұр. Бүгінде бұл ғимараттың кімнің меншігінде екендігі де беймәлім. Дейтұрғанмен, кезінде осы элеватор жайлы журналистік зерттеу жүргізген болатынмын. Ауданның сол кездегі әкімі Б.Рысмендиевтің облыстық «Ақ жол» газетінің (2002 жылғы 12 желтоқсандағы саны) тілшісіне берген сұхбатында: «Сонымен қатар, бірнеше жыл жұмыссыз тоқтап тұрған Бірлік астық қабылдау пунктін «KASEXIM GRVP» 38 миллион теңгеге сатып алып, 120 адамға жаңадан жұмыс орны ашылып, бүгінгі таңда астық өнімдерін қабылдай бастады», дегені әлі күнге жадымда. Сол кездегі астық қабылдау пунктінің басшысы Бақберген Есіркепов деген азамат болатын. Өкініштісі, элеватор бірер жылдай ғана жұмыс істегенімен тоқтап қалды. Содан бері қаңырап бос тұр. Осынау элеваторды аудан басшылары іскер азаматтардың бірінің алуына ықпал етсе жөн болар еді. Сонда еліміздің солтүстік өңірлерінен жылма-жыл қолжетімді бағамен жүздеген мың тонна бидай тасымалдап, дайындауды қамтамасыз етсе Шу мен көршілес аудандарда нан өнімдерін барынша арзандатудың мүмкіндігі туындар еді. Мен жаңалық ашып отырған жоқпын.
Облыстағы барлық жер көлемінің аумағы бүгінде 14 миллион 426 мың гектарды құраса, оның ішінде 547,4 мың гектар ауылшаруашылығы жері пайдаланусыз жатыр. 6277,8 гектар жер бүлінген. Игерілмеген егістік жерлер 169,2 мың гектарға жетті. Саяжайлар үшін бөлінген 1122,3 гектар жердің де 438,9 гектары бос жатыр. Бұл жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасы б а с ш ы с ы н ы ң м і н д е т і н ат қ а р у ш ы Молдабай Бердібек журналистермен
l ЖАМБЫЛ
l ҚОРДАЙ Жамбыл ауылының тұрғыны Ерхат Тәжібаев көз жанарының кемістігіне қарамастан бес жасынан бастап ән өнеріне бауыр басқан. Ол жуырда Белоруссияның Кобрин қаласында өткен «Орион қанаты астында» халықаралық ән байқауында Айгүл Бажанованың сөзіне жазылған «Ана» әнін орындап, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
l МОЙЫНҚҰМ Мойынқұм ауылында облыстық «Ауылдың ең үздік жас спорт қызметкері» кәсіптік байқауы өткізілді. Байқауға аудандардан жас мамандар қатысты. Үміткерлер 4 номинация бойынша «Таныстыру сайысы», «Білікті маман – ел тірегі», «Мамандығым – мақанышым», «Өнерлінің өрісі кең» сынға түсті. Тартысты өткен сында әділ қазылардың ұйғарымымен бірінші орын Талас аулданының өкілі Қайрат Базаровқа, екінші орын шулық Құдайберген Жантаевқа, үшінші орын Т. Рысқұлов ауданының өкілі Мадияр Әміреевке тағы бір жүлделі үшінші орын мойынқұмдық Дәрмен Қойайдарға берілді. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.
Бұл қолдан келетін шаруа. Тек халық сенім артып отырған билік иелерінің ынта-жігері болса болғаны. Жалпы құдандалы жолсапармен Сарыарқа төсіндегі Сәтпаев қаласына жиі қатынаймын. Баршаға мәлім, кенді өңір – Жезқазған аймағы тастақты, шөлейтті келеді. Өнеркәсіп орындары барынша дамыған қос қаланың айналасында егіншілікке жарамды жер телімдері жоқтың қасы. Сондықтан, халықтың тұтынуына қажетті жеміс-көкөніс және астық өнімдері сырт өңірлерден тасымалданып, жеткізіледі. Соған қарамастан Жезқазған мен Сәтпаев қаласының әкімдері соңғы жылдары тұрақты түрде әр сенбі сайын өткізіп келе жатқан ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде қой, сиыр, жылқы етінің бағасы арзан да қолжетімді, көкөніс, жеміс, жарма және кеспе-макарон өнімдері де біздегі базар бағасынан едәуір төмен бағамен сатылады. Баға тұрақтылығы әкімдік қызметкерлерімен қатаң қадағаланады екен. Осы себептен де қос қаланың тұрғындары өздеріне қажетті азық-түлікті тек сенбідегі жәрмеңкеден сатып алуды әдетке айналдырған.
ҚОЛДА БАРДЫҢ ҚАДІРІ ЖОҚ ПА? өткен баспасөз конференциясында баяндады. Тиісті шара қолданылғаннан кейін кәдеге аспай жатқан жердің 456,6 м ы ң ге к та р ы м е м л е кет м е н ш і г і н е қайтарылған. 196 мың гектарды құрайтын 1363 жер учаскесінің құжаттары жер инспекциясына жолданған. Сонымен қатар, 2005 жылдан бері жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында алынған учаскелердің 5064-і игерусіз жатқаны және заңсыз пайдаланылып отырғаны анықталған. Соның 2182 жер телімі мемлекетке
Облыстық прокуратура өңірдегі әлеуметтікэкономикалық салада жарты жылдың ішінде 12 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, бір миллиардтан астам теңге мемлекет пайдасына өндірген. Аталған мерзімде 51 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқығы қорғалып, он бір мың жұмысшыға 430 миллион теңгеден астам айлық жалақылары өтелген. 3,5 мың адам түрлі жауапкершілікке тартылса, 36 қылмыстық іс қозғалып, 34 нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енген. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте облыс прокурорының орынбасары Берік Құлтасов мәлімдеді.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында дәрігерлер бригадасы Айша бибі ауылында болды. Педиатр, балалар травматологы, онколог, дәрігер-фтизиатр, маммолог, хирург, терапевт дәрігерлері бір күн бойы ауыл тұрғындарын қабылдады. Тегін қаралып, дәрігерлік кеңес алған ауыл тұрғындары алғыс білдірді.
Міне, осындай игі шараны өзіміздің киелі Шу өңірінде неге қолға алмасқа? Өйткені, ауданымызда мал да жеткілікті, ондаған мың гектарға бау-бақша өнімдері де егілуде. Соған қарамастан базар бағасы аспандап тұрған жоқ па? Шу ауданында ара-тұра жылына 2-3 мәрте азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп тұратынын жоққа шығара алмаймын. Соның өзінде жарнаманың жеткіліксіздігінен жұртшылық жәрмеңке өтетін кездің уақытынан бейхабар қалады. Сондықтан да арнайы бір күн белгіленіп, жәрмеңке апта сайын өткізіліп тұрса, халық та хабардар болып, тауар өндіруішілермен тығыз байланыс орнап, баға да бірте-бірте арзандап әрі тұрақтанып, қымбатшылықтың құрсауына тосқауыл да қойылар еді. Әрине, айтуға оңай, бұл игі істерді жүзеге асыру жеңіл шаруа емес. Дегенмен «қалауын тапса қардың да жанатынын» қаперімізге алсақ екен деймін. Мәкен УАҚТЕГІ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Шу ауданы.
БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
l ТАРАЗ
қайтарылған. Ал 2882-сінің құжаттары Жер инспекциясына жөнелтілген. Алысқа ұзамай-ақ, көршілес елдерге көз тігер болсақ, азаматтары ұлтарақтай жерге жетуді армандауда. Ал бізде бір ғана облыс бойынша сан мыңдаған алқап игерілмей, иесіз жатыр. Бұл дала төсін еміп өсуге ерінгендік пе, әлде жерді сатып алғаннан кейін оған қандай да бір нысан тұрғызуға немесе шаруашылығын жүргізуге қаржы мен техника жетіспеушілігі себеп пе, белгісіз. Қалай дегенмен де, қолда барда алтынның қадірін білген жөн.
Пана болар елің болсын, Табан тірер жерің болсын.
l САРЫСУ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ә. Бүркітбаев ауылындағы М. Әуезов орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, сақадай сай етілді. Бұл жұмысты «Махан Құрылыс Дизайн» ЖШС (басшысы С. Пірәлиев) сапалы атқарып, бөлінген 54,1 миллион теңгені толықтай игерді. Сондайақ, Тоғызкент, Ы. Сүлейменов, Ш. Уәлиханов, Абай атындағы орта мектептердің жөндеу жұмыстары да аяқталып келеді. l ТАЛАС
Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек мектеп-интернаты жанынан кір жуу комбинаты мен азық-түлік қоймасын салу үшін облыстық бюджеттен 77,3 миллион теңге бөлінді. Өткен аптада құрылыс жұмыстары басталып та кетті.
l ШУ
Аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Онда аудандық білім бөлімінің басшысы К.Қожағаппанова өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2014-2015 оқу жылындағы маңызды шаруаларға тоқталды. Жиында мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ардагер ұстаздар тәрбие мен білім мәселелері турасында ой бөлісті. Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ардагер ұстаздарға сый көрсетіліп, білім бөлімінің бірқатар қызметкерлері аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ
Халық мақалы.
ЖАҢА ӨНІМ
РАНЫТМАЛ АЗЫҒЫ АМА , ӘРІ ҚҰНАРЛ
– ӘРІ ТАҒАМ Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
– «Жусан» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Көсембаев ұдайы жаңа да игі істердің бастамашысы болып жүрген азамат. Ол агроқұрылымда былтыр қарақұмық егуді қолға алса, үстіміздегі жылы 3,8 гектар алқапқа тұңғыш рет амарант (қонақ) өсірді. Ол елімізде Сыр бойында және облысымыздың аумағында ежелден өсіп келе жатқан өсімдіктің бірі. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында талай адам осының дәнін талғажау етіп аман қалған. Қонақ – тағамдарға қосылады, құнарлы мал азығы. Адамдардың иммунитетін көтереді. Үндістанда осы күнге дейін балабақшалардағы бүлдіршіндерге амаранттың дәнінен нан пісіріп береді екен, – дейді Күреңбел ауылдық округінің әкімі Нұрмолда Таубалдиев. Амарант – бұрын Оңтүстік Америка және Мексикада жүгері және бұршақ дақылдарымен қатар қолданылатын.
Азияда Үндістан, Пәкістан, Непал мен Қытайда дәнді дақыл және көкөніс ретінде кеңінен пайдаланылады. Оның жапырағы ыстық тағамдарға қосылады және оны құрғатып та пайдаланады. Өсімдіктің жарты килограмм дәні 10 килограмм арпа мен бидай жемін алмастырады және сабағынан сүрлем әзірленеді. Оның дәні үй құстары үшін өте бағалы азық. Одан әзірленген сүрлемді тұтынған мал жылдам оңалады. Амарант – қатаң қуаңшылықта тәлімі жерде де өсе береді. Қанат Көсембаев та оны биыл сәуір айында тәлімі жерге орналастырған болатын. Қанатқа амарантты өсіру туралы ой өткен жылы күзде келді. Қожалық жетекшісі теледидардан шығысқазақстандық дихандардың амаранттың артықшылығы туралы айтқанын көреді. Олармен шұғыл хабарласып, әр килограмына 10 мың теңге төлеп, 4,5 килограмм тұқымын сатып алады. Оның бір бөлігін ауласындағы бақшасына егеді. Агротехникалық талап бойынша оның дәні көктемде бір
гектарға 1 килограмнан себілуі тиіс. Қанат тұқым тапшылығынан әр гектарға жарты килограмнан тұқым сіңірген. Өсімдік сирек болса да жаппай көктеп шыққан. Бойы белуардан келетін амаранттың біразы пісе бастаған. Ал аулада суарылған қонақтың биіктігі екі метрге жетеді. Демек, жаз жаңбырлы болса, өсімдік мол өнім береді деген сөз. – Таяуда оны жинауды қолға аламыз. Егінді «Енисей» комбайнымен жинауға болады. Арамшөп тұқымы араласпас үшін жұртты жұмылдырып, қолмен жинаймыз. Амарант дәнінің бір бөлігі сатылады, қалғанын тұқымдыққа қалдырамыз. Сабағы мал азығына пайдаланылады. Келесі жылы өсімдікті 50 гектарға орналастыруды көздеп отырмыз, – дейді Қанат Көсембаев. Жуалы ауданы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ЖАСАРҒАН, ЖАМБЫЛЫМ ҚАНДАЙ ТАМАША! Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».
ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ШЫҒЫСТЫҢ ШАЙЫРЫ ФИРДАУСИ ОНЫНШЫ ҒАСЫРДА ЖАЗЫП ҚАЛДЫРЫПТЫ ДЕЛІНІП КЕЛГЕН «МӨП-МӨЛДІР КӨЗДІҢ ҚАРАСЫН, ТАРАЗДАН ҒАНА ТАБАСЫҢ» ДЕГЕН ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫ ӘҢГІМЕГЕ ОСЫНШАЛЫҚТЫ АРҚАУ БОЛАДЫ ДЕП ЕШКІМ КҮТПЕГЕН. ОСЫ СӨЗДІҢ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БАТЫС ҚАҚПАСЫНЫҢ ОҢ ЖАҚ ҚАПТАЛЫНДА ЖАЗЫЛЫП ТҰРҒАНЫНА БІРНЕШЕ ЖЫЛ БОЛҒАН ЕДІ. АЛ ШЫНТУАЙТЫНА ЖҮГІНСЕК, БҰЛ ӨЛЕҢ ЖОЛДАРЫ - ФИРДАУСИ ШУМАҒЫНЫҢ СӨЗБЕ-СӨЗ АУДАРМАСЫ МА? ТАРИХИ ТАҚЫРЫПҚА ЖАЗЫЛҒАН ШЫҒАРМАЛАРҒА ҮҢІЛСЕК, ТАРАЗДЫҢ СӘУЛЕТІН ЖЫРЛАУМЕН БІРГЕ, СҰЛУЛАРЫНА ТАМСАНҒАН ШАЙЫРЛАР КӨП БОЛҒАНЫН БІЛЕМІЗ. (Жалғасы 2-бетте).