«100 қадам» – бұл біздің жаһандық жəне ішкі сынқатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші кезекті жалпыұлттық міндет. Н.Ə.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№61 (18095), Бейсенбі, 21 мамыр, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
Ȼԛɝɿɧ ɛɿɡ Ɇɟɦɥɟɤɟɬ ɛɚɫɲɵɫɵ ɇԝɪɫԝɥɬɚɧ ɇɚɡɚɪɛɚɟɜɬɵԙ ɛɟɫ ɢɧɫɬɢɬɭɬɬɵԕ ɪɟɮɨɪɦɚɫɵɧ ɠԛɡɟɝɟ ɚɫɵɪɭԑɚ ɛɚԑɵɬɬɚɥԑɚɧ ɧɚԕɬɵ ԕɚɞɚɦɞɵ ɠɚɪɢɹɥɚɩ ɨɬɵɪɦɵɡ ɛɟɬɬɟɪ 3-6-беттер.
ЕЛ МЕН ЕС
ТАРАЗДЫ ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕГЕ ТАНЫТАТЫН ТОЙ ЕЛДІК ДЕҢГЕЙДЕ ӨТУІ ТИІС ДЕДІ ОБЛЫСЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». Кеше Қазақстан Республикасы ПремьерМ и н и с т р і н і ң о р ы н б а с а р ы Б е рд і бе к Сапарбаев жұмыс сапарымен облысымызға келді. Мəртебелі мейманды «Əулиеата» əуежайынан облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев бастаған лауазымды тұлғалар күтіп алды. Вице-премьер ең əуелі Тараз қаласындағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасына ат басын бұрды. 200 төсекке арналған жаңа ауруханада бүгінде 61 жоғары білімді дəрігер жұмыс істеуде. Нысан сонымен қатар заман талабына сай озық үлгідегі м ед и ц и н а л ы қ қ ұ р а л - ж а бд ы қ т а рм е н қамтамасыз етілген. Мұнда атқарылып жатқан жұмыс барысымен аурухананың бас дəрігері Марат Рабандияров таныстырды. Бердібек Машбекұлы аурухана ғимаратын аралап көрді, дəрігерлер қауымымен жүздесіп, пікірлесті. Ол кездесу барысында осындай зəулім де сəулетті ғимаратта халыққа көрсетілетін қызмет сапасының жоғары болуы керектігін, əсіресе балалар арасында өлім-жітім оқиғаларына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Вице-премьер келесі кезекте «ТаразАрена» спорт кешеніне қарама-қарсы орналасқан аумақта Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бой көтеретін монумент жобасымен жəне атты спорттық іс-шаралардың жоспарымен танысты. Мұнан соң Тұңғыш Президент атындағы саябаққа аялдады. Мұнда Үкімет басшысы орынбасарының назарына стенд арқылы Қ а з а қ ха н д ы ғ ы н ы ң 5 5 0 ж ы л д ы ғ ы н мерекелеу аясында Тараз қаласы аумағында жүргізілетін абаттандыру жұмыстарының барысы ұсынылды. Айту керек, тарихи шаһардың ажарын ашып, абаттандыруға еліміздің барлық аймағы жұдырықтай жұмылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тəуке хан көшесі бойындағы Оңтүстік қақпаны қайта жарақтандыруға қол ұшын созса, жетісулықтар Жамбыл алаңын жаңғыртпақ. Маңғыстаулықтар қаржы көзін қарастыру арқылы Жамбыл даңғылындағы «Тараз» қонақ үйінің алдында гүлзар құрылысын бастап кеткен. Бұл жұмысты жергілікті «Алимжан Компани» серіктестігі жүргізуде. Бұл жерде гүлзардан бөлек Маңғыстау өңірінің əктасынан аппақ үлгідегі киіз үй де бой көтермек. Бұл нысан да қаланың сəулетін аша түсетін болады. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев өңірлерден келген жауапты тұлғалармен əңгімелесіп, бастаған істерінің
барысын сұрады. Барлық орындардағы жұмыс өз мерзімдерінде аяқталуы керектігін ескертті. Осы орайда облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев белгіленген нысандардағы жұмыс биылғы 10 тамызға дейін
аяқталатынын жеткізді. Кəрім Нəсбекұлы сонымен қатар осы жерде Қытайдан келе жатқан керуеннің бағдарламасымен таныстырды. «Шығыстағы көршіміз Қытай елінен 136 түйеге мінген керуеншілер қазір
жолда келе жатыр. Биылғы 6 шілдеде олар Қорғас кеден бекетіне келетін болады. Ал 1 тамызда біздің облысымыздың шекарасына жетеді. Керуен облысымыздың барлық ауданын аралап, 17-18 қыркүйекте
Тараз қаласына кіреді деп жоспарлап отырмыз», – деді Кəрім Нəсбекұлы. Б е рд і бе к М а ш бе к ұ л ы м ұ н а н с о ң «Қарахан баба» кесенесі маңына тоқтап, ондағы жұмыс барысына назар аударды.
Кеңесіп іс басқару Келелі елдің белгісі. Жұмыла жұмыс атқару Өрелі елдің белгісі.
Халық мақалы.
Бұл жерде Қостанай жəне Қызылорда облыстары əкімдіктерінің демеушілік етуімен абаттандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Мердігер – «Жасұлан и К» серіктестігі. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған топ қаламыздағы «Жастар» стадионына бас сұғып, елдігіміздің мерейін асыратын той Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аталмыш стадионның қаншалықты жаңғыртылатынын барлады. Алаң жиегінен мəртебелі меймандарды қарсы алған М. Əуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының д и р е кто р ы Е рл а н Б і л ə л с ө з а л ы п : «Айтулы датаға орай біздің театр Жамал Ерғалиевтің «Қилы жол» атты шығармасын сахналауды жоспарлап отыр. Бастапқыда қойылымды қала ішіндегі алаңдардың бірінде жұртшылық назарына ұсыну туралы ойлар болғанымен, ол жерлердің ауқымы кіші болуына байланысты қойылымды осы стадионға қою туралы келісімге келдік. Шығарманың сахналық қалыбын қалыптастыру мақсатында бүгінгі таңда толассыз жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сценография да орнымен жасалуда. Жалпы қойылымның сахналық жобасы стадионның үштен бір бөлігін алады. Орта есеппен алғанда, ені 36 метр болса, биіктігі – 8 метр, ал сахнаның өзінің биіктігі – 2,5 метр. Төменнен келген арнайы құрылғылар биікке көтеріліп, сахнаның үстінде де, сахнадан тысқары да көріністер ойналады. Сонымен қатар əр сахнаның көріністерін көрсетіп тұратын экран орналасады. Спектакльдің жалпы ұзақтығы бір сағат он бес минутқа жоспарланған. Орналасқан бірнеше сахнадағы көріністер 3 минут пен 8 минуттың аралығында өз кезектерін алып отырады. Академиялық театр труппасынан 100 адам қатысса, жалпы 260 адамға дейін қойылымға жұмыс жасамақ», – деп оның жобасымен таныстырып өтті. Жалпы спектакль Жəнібек пен Керей хандардың дəуірінен бергі аралықтағы жаугершілік кезеңді қамтиды деп күтілуде. Қазіргі кезде мақсатты жұмыстар сəтімен атқарылып, стадионның жаңғыртылуы қалыпты жұмыс ырғағымен өрбімек. Оған жеткілікті көлемде қаржы да қарастыру ойластырылуда. Вице-премьер мəселенің мəнісімен танысқан соң жұмысты əрмен қарай жандандыру керектігін айтса, облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев «Жастар» стадионы арқылы мерейтой кезінде жұртшылық спорт ошағына үш жердегі арнайы қақпа бойынша еркін кіре алатынын сөз етті.
Сейсенбі күні Тараз қалалық Мəдениет үйінде облыс əкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Кəрім Көкірекбаевтың төрағалық етуімен партия облыстық филиалының кезектен тыс ХVI конференциясы болып өтті. Конференция күн тəртібінде «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі атынан Тараз қаласындағы №6 сайлау округі бойынша облыстық мəслихаттың депутаттығына кандидат ұсыну туралы мəселе қаралды. Басқосуды ашып, жүргізген Кəрім Нəсбекұлы: – Өздеріңізге белгілі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңның 20-бабы 3-тармағының 6-тармақшасына жəне 4-тармағына сəйкес облыстық мəслихаттың ағымдағы жылғы 26 наурыздағы №35-3 шешімімен Тараз қаласындағы №6 сайлау округі бойынша облыстық мəслихаттың депутаты Жомарт Қошқаровтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.
(Жалғасы 2-бетте).
(Жалғасы 2-бетте).
КОНФЕР ЕН
ЦИЯ
МАНДАТҚА ЖАСТАР ДА ЛАЙЫҚ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».