ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №145 (18002), Сейсенбі, 21 қазан, 2014 жыл
ПРЕЗИДЕНТ
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
l ЖУАЛЫ Бауыржан Момышұлы ауылында бұрынғы автобекет аумағында жолаушыларға қызмет көрсететін жаңа пункт пайдалануға берілді. Оның құрылысын «АйнұрЖеті Нұр» ЖШС жүргізді. Мұнда жолаушылар залына жайлы орындықтар қойылып, қабырғаға теледидар орнатылған. Билет кассасы тұрақты жұмыс істейді. Ауыларалық көлік қатынасының кестесі ілінген. Жолаушылар жаңа пунктке дән разы.
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
l САРЫСУ
«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
«Нұр Отан» партиясының «Қаратау» тау-кен өңдеу кешеніндегі бастауыш партия ұйымында кеніш, фабрика, цех басшыларының қатысуымен, кеңес мүшелерінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста кешендегі бастауыш партия ұйымының бір жылдық жұмыстары, жемқорлыққа қатысты іс-шаралар, барлық цехтарда есеп беру-сайлау жиналыстарын ұйымдастыру, делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Отырысты кешендегі бастауыш партия ұйымының төрағасы А. Жақсылықов жүргізіп, баяндама жасады. Күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
АЛЫСТАН АРБАЛАҒАНША, ЖАҚЫННАН ДОРБАЛА ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТКЕН ЖӘРМЕҢКЕДЕ 55 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ТАУАРЫ ӨТКЕРІЛДІ Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
КЕЛІССӨЗДЕР ЖОЛЫМЕН ШЕШКЕН ЖӨН
ЖАЗЫЛ
Ы
«Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысқан Мемлекет басшысы Миланнан қайтар жолда сапарын қорытындылады, сондай-ақ, Бельгия Корольдігі мен Беларусь Республикасына жасаған соңғы сапарларының нәтижелері туралы әңгімеледі. Қазақстан Президенті әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары халықаралық нарықтарға, соның ішінде біздің елімізге де әлі теріс ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы айда болған сапарлар түрлі мемлекеттермен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталғанын, бұлар Қазақстанның іскерлік байланыстарын нығайтуға және экономикасын әрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысы Брюссельде қол қойылған ҚР мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы бойынша алты жыл бойы жүргізілген келіссөздердің аяқталғандығы жөніндегі құжаттың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында Еуропалық одақпен екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжат та айрықша мәнге ие. Қазақстан Президенті еліміздің ЕО мемлекеттерімен тауар айналымы 53 миллиард долларды құрайтынын және аталған келісім тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды бұдан да қарқынды ету үшін мүмкіндіктер тудыратынын айтты. Бұл қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді және ел экономикасына оң әсер етеді. Миландағы саммитке тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев оның тұжырымдамасы негізгі тармақтарының бірі Еуропа мен Азияның арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарымқатынастарды дамыту болып саналатын «Еуразиялық идеямен» үндес екендігін атап өтті. Мемлекет басшысы 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан салиқалы шараға Орталық Азия елдерінің ішінен тек Қазақстанның ғана шақырылғанын айтты. Қазақстан Президенті мұндай форумдар өзге мемлекеттердің басшыларымен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Атап айтқанда, саммит жұмысының бір жарым күні ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия және Нидерланд көшбасшыларымен кездесулер өткізді. Мемлекет басшысы олармен өткен келіссөздер ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, сондай-ақ өзара іс-қимылды дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға бағытталғанын мәлімдеді. – Бұл кездесулер еліміздің әлемдік аренадағы беделін көтереді, жаһандық экономикадағы күрделі ахуал жағдайында Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ республикамызға деген оң көзқарас қалыптастырады. Көптеген елдер қаражаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саммитке қатысушылар Миланда Украинадағы жағдайды реттеу мәселелерін кеңінен талқылағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жанжалдың түйінін тек қана келіссөздер жолымен шешкен жөн екенін, Қазақстан өз тарапынан ол үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
М
- 20
15
АЛУАН ТІРШІЛІК «АҚ ЖОЛДЫҢ» НАЗАРЫНДА Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». БИЫЛҒЫ БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛЫМ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖЕР-ЖЕРДЕ ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН «АҚЖОЛДЫҚТАРДЫҢ» ОҚЫРМАНМЕН КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ ТАЛАС АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ. АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА ӨТКЕН САН САЛА ӨКІЛДЕРІНЕН ЖӘНЕ БІРҚАТАР АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНАН ЖИНАЛҒАН ҚАЛЫҢ ОҚЫРМАНМЕН ЖҮЗДЕСУГЕ ГАЗЕТТІҢ БАС РЕДАКТОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЙҰЛЫ, ЖАУАПТЫ ХАТШЫ ӘДІЛБЕК БАҚҚАРАҰЛЫ, КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ ЖАННА БЕЙСЕНҚҰЛОВА, ФОТОТІЛШІ АҚӘДІЛ РЫСМАХАН ЖӘНЕ ОСЫ ЖОЛДАРДЫҢ АВТОРЫ КЕЛДІ.
«Ақ жол» аймақтың бас басылымы болғандықтан облыстың барлық өңіріне теңдей қарап, кез-келген аудан өміріндегі өзгерістер мен жағымды жаңалықтарды мүмкіндігінше жедел жеткізуге тырысып келеді. Демек, басылыммен жаңалығын бөлісуден Талас ауданы да тыс қалған емес. Ондағы өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылық құрылымдарындағы, аудан орталығы Қаратау қаласындағы қайнаған тіршілік қашанда «Ақ жолдың» қалам ұстаған қызметкерлерінің қырағы назарында. Кездесуді ашып, жүргізген аудан әкімі Болат Рысмендиев Талас тынысын да талмай жазып келе жатқаны үшін аймақтың бас басылымына алғысын білдірді.
(Жалғасы 3-бетте).
l Т. РЫСҚҰЛОВ Жақында Тұрар Рысқұлов және Меркі аудандарына еліміздің Ішкі істер министрлігінің өкілі, полиция полковнигі Болат Қаженов болды. Ол Жеңіс паркінде болып, Отан үшін опат болғандарға гүл шоқтарын қойды. Мәдениет үйінде өткен басқосуда қылмыспен күрес жайлы айта келіп қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза болған жамбылдық 22 полиция қызметкерін еске алды. Бір топ азаматтарға министрліктің алғыс хатын табыс етті.
Қоңыр күздің қазан айы да бел ортадан ауды. Ауыл шаруашылық құрылымдары күзгі жиынтерінді аяқтап келеді. Бұл мезгілде қалалықтар қысқа қамдана бастаса, шаруалар өндірген өнімдерін өткеруге асығады. Осыны ескерген облыстық әкімдік өткен сенбі күні Тараз қаласының орталық «Достық» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Облыс орталығы мен тоғыз ауданның азық-түлік тауарын өндірушілері ертемен-ақ жәрмеңкені қыздырды. Атап айтар болсақ, 21 тонна ет, 6 тонна сүт, 5 тонна шұжық, 4 тонна макарон, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна балық, 5 тонна бал, 1 тонна тұз және 161 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс жидек өнімдері, барлығы 218 тоннадан астам ау ы л ш а р у а ш ы л ы қ т ау а р ы ұсынылды. Жәрмеңкедегі өнімдер базар бағасынан 10-15 пайыз арзан. Таластың етіне, Жуалының картобына, Шудың мақсары майына, Меркінің балына, Сарысудың шұбаты мен тұзына, Жамбылдың алмасына, Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарының ет, макарон
l ШУ Төле би мешітінде спорттың бес түрінен сайыc өтті. Қатысушылар кермеге тартылу, қол күресі, кір тасын көтеру секілді спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Қол күресі бойынша Бақтияр Аширов үздік деп танылса, Еділ Жәйшібеков 24 келілік кір тасын 57 рет көкке сермеді. Айта кетерлігі Ақсу ауылының молдасы Байұзақ Жаманкеев денені серпе көтеру санын 62-ге жеткізіп, өзгелерден дараланып тұрды. Бірлік пен беріктікке баулитын арқан тартуда Абай ауылының командасы алға шықты. Жеңімпаздар қаржылай сыйлық, бағалы затпен марапатталды.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА және сүт өнімдеріне деген сұраныс жоғары болды. Астана қаласында өткен жәрмеңкеге қатысқандықтан бұл жолы шалғайдағы Мойынқұм ауданының ауылшаруашылық тауарын өндіретін құрылымдары келген жоқ. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жәрмеңкені аралап, тауар өндірушілермен ашық-жарқын әңгімелесті. Облыс басшысы олардың көбін танитын болып шықты. Шу ауданынан келген мақсары
майын өткеруші құрылымның тірлігіне қызығушылық танытып, жұмыстарына табыс т і л е д і . Жу а л ы ау д а н ы н ы ң «Зылиха» шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиевпен шаруа жайы туралы пікірлесті. «Көксай» каналының құрылысына 5,3 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Енді осы каналдың суын тиімді пайдалану керек. Картоп алқабын ұлғайтыңыздар. Жақында банк басшыларымен кездесемін. Сонда шаруаларға
несие беру мәселесі көтеріледі. Онда сіздің де тамшылатып суару қондырғысын алуға сұрап ж үрген несиеңі зді ң мәселесі шешілуі тиіс» деді. Одан әрі облыс әкімі тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткеріп жатқан «Тараз ӘКК» акционерлік қоғамы басшылығына бағаны тұрақтандыруда нақты тапсырма берді.
Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, XXХ сессиясы 2014 жылдың 22 қазанында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2014 жылдың 22 қазанында сағат 11.30-да өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 22 қазан күні сағат 10.30-да басталады. Жамбыл облыстық мәслихаты.
(Жалғасы 3-бетте).
СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!
ТАРИХ. ТАҒЫЛЫМ. ТАҒЗЫМ
Ұлы махаббат кесенесі ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
ҚАЗАҚ ШАПАНЫН ЖАМЫЛҒАН ЖАМПОЗ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
«ЖАУЫҢА ПЕНДЕ БОЛМА...» Қазақ әдебиетінде Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» дастанын оқымаған адам кемде-кем сірә. Желдірме жырдың желкенін керген Иса ақын қазақ-қалмақ қақтығыстары кезеңіндегі ауыр ахуалды, Құралай сұлудың ана аманатына адалдығы мен Келден батырдың өжеттігін керемет суреттейді. И.Байзақов жинақтаған тарихи деректерге көз жүгіртсек, ертеректе қалмақ нояны сұлулығына қызығып алып кеткен қазақ келіншегі Құралай атты сұлу қызды өмірге әкеледі. Көркіне ақылы сай болып өскен қызға анасы өлерінің алдында «Жауыңа пенде болма, жұртыма көзің көрсе сәлем жеткіз» деп өсиет қалдырады. Кейін жау қолында бес жыл бойы тұтқында жатқан Келден батырдың қоңтайшы алдындағы қайсарлығын аңғарып қалған Құралай сұлу қазақ елін іздеп тауып, ана аманатын орындау үшін онымен бірге қалмақтардан қашып кетеді. Қалмақ ханының Жәйшағыр және Торғайкөк деген тұлпарларын тізгіндеген екеуі небір қиындықпен Бетпақтың шөліне де табан тигізеді. Ең өкініштісі, Құралай сұлу жолда ну қамыстың ішіндегі жолбарысқа кезігіп, мерт болады. Қайғыдан қара жамылған Келден батыр 40 нарға жүк артып келіп, сүйген сұлуына кесене тұрғызады. 1924 жылы Орынбор қаласында оқып жүрген жас ақын Иса Байзақов ел аузынан естіген аңыз-әңгімелердегі деректерге сүйеніп, «Құралай сұлу» поэмасын жазды. Құралай сұлудың кесенесі тұрған жер ақын поэмасындағы суреттелген жер бедеріне, көлдің келбетіне дәл келеді. Бұл бүгінгі Мойынқұм ауданындағы Кіші Қамқалы ауылының маңы. (Жалғасы 6-бетте).
Мұхиттың арғы бетінде қазақ боксының мерейі тағы да аспандады. Қазақтың зерлі шапанын киген Геннадий Го л о в к и н к е з е к т і м ә р т е қарсыласын естен тандырды. Жұртшылық қарымды деп бағалаған мексикалық Марко Антонио Рубио біздің батырдың алдында басын иді. Иә, бірлескен тұжырымдар
Ердің ерлігін білмеген, Құдайдың бірлігін білмейді. Халық мақалы.
БӘРЕКЕЛДІ!
ШЫР АЙНАЛҒАН
МАЛДЫ СУМЕН, Ы МАЛШЫН Н Е П ЖАРЫҚ П А ЖАРЫЛҚ ОТЫР
қалақша Әділбек БАҚҚАРАҰЛЫ, «Ақ жол».
ҮШАРАЛ АУЫЛЫНАН ОЙЫҚ АУЫЛЫНА ҚАРАЙ ТАСПАДАЙ ТІЛІНГЕН ҚАРА ЖОЛМЕН ЖҮРІП КЕЛЕМІЗ. АЛАЖАЗДАЙ ЖАУЫН ТАМБАҒАН ДАЛА ШАҢҒА БӨГІП ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫР. БОЗАҢ ТАРТҚАН БОЗ ҚЫРАТТЫҢ БАУРАЙЫН ЖАҒАЛАЙ МАЛШЫЛАР ЖАЙЛАП ОТЫР. КӨШЕК БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰСЫНА КЕЛГЕНДЕ АНАДАЙДАН ЖЕЛМЕН АЙНАЛЫП ТҰРҒАН ҚОНДЫРҒЫНЫ КӨЗІМІЗ ШАЛДЫ. ҚАЗІР ЖЕР-ЖЕРДЕ ЖЕЛ МЕН КҮН СӘУЛЕСІНЕН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРЕТІН СТАНСАЛАР КӨПТЕП САЛЫНЫП ЖАТЫР ҒОЙ. «Е, ОСЫ ЖАҢАЛЫҚ ТАЛАСТЫҢ ТҮКПІРІНЕ ДЕ ЖЕТКЕН ЕКЕН ҒОЙ» ДЕП ОЙЛАДЫҚ. СОДАН «ЖҮРГЕНГЕ ЖӨРГЕМ ІЛІНЕДІ» ДЕП ӘЛГІ ШЫР АЙНАЛҒАН ҚАЛАҚШАҒА БҰРЫЛДЫҚ.
(Жалғасы 3-бетте).
сарапқа салынған (Рубио WBC тұжырымында уақытша әлем чемпионы болатын) жекпе-жекті ұзақ тостық та. Қос шебердің тәжірибесі, кәсіби боксшы ретіндегі деңгейлері туралы жаздық та. Кездесу өткенге дейін «Генаны сұлатып салам» деп сандырақтаған Марко Антонионың рингте кім екенін көз көрді. (Жалғасы 6-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚЫС ҚЫР АСТЫНДА ДАЙЫНДЫҒЫМЫЗ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте негізінен өңірдегі мал шаруашылық нысандары мен барлық маңыздағы автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындық барысы пысықталды. Кеңесте алдымен облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиевтің хабарламасы тыңдалды. Рахманқұл Тұрсынқұлұлы хабарлама барысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау үшін биыл 115 миллион теңге қарастырылғанын жеткізді. Оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдарға – 80 миллион, ал, аудандық маңызы бар жолдарға 35 миллион теңге қарастырылған. Бұл қаражаттың 64 миллион теңгесі жыл басындағы үш айдың қарын қырып-тазалау жұмыстарына жұмсалыпты. Қалған 51 миллион теңге алдағы қараша, желтоқсан айларына жоспарланыпты. Сондай-ақ, хабарламашы жолдарды күтіпұстайтын мекемелер туралы да слайд бойынша ақпарат беріп өтті. – Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын облыста 24 мердігер жүргізеді. Оның ішінде 14-і – облыстық, 10-ы аудандық мәндегі жолдарға қызмет көрсетеді. Бұл мекемелермен жолдардың қауіпсіздігі мен қардан тазалау сынды жұмыстар жоспарланған. Бүгінгі күнге қажеттіліктегі 4000 тонна құм мен 500 тонна тұздың 2900 тонна құмы және 400 тонна тұзы мекемелердің базасында дайын тұр. Қалғаны 25 қазанға дейін жинақталмақ, – деді басқарма басшысы Р.Байтелиев. Ал, облыстық маңыздағы алты елді мекенде – Қаратау, Ақкөл, Ойық, Төле би, Қордай және Қоңыртөбе ауылдарында орналасқан жылыту пункттерінің тек Шу мен Жуалы ауданындағы пункттері ғана қанағаттанарлық күйде тұрса, қалған Қордай, Талас аудандарындағы пункттері өз деңгейінде сақталмай отыр екен. Техникаға келсек, биыл 104 арнайы техника облыс жолдарын күтіп ұстамақ. Оның ішіндегі 13-і – автогрейдер, қалғандары сүргіш, тиегіш, құм шашқыш сынды түрлі арнайы машиналар. (Жалғасы 2-бетте).