АБАИҒА құлақ түрейікші,
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№116 (18150), Сенбі, 19 қыркүйек, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІНІҢ АҚЫЛЫ АРТЫҚ БОЛМАЙДЫ ЭКОНОМИКА МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ағайын!
КҮЗ СҰР БҰЛЫТ ТҮСІ СУЫҚ ҚАПТАЙДЫ АСПАН, КҮЗ БОЛЫП ДЫМҚЫЛ ТҰМАН ЖЕРДІ БАСҚАН. БІЛМЕЙМІН ТОЙҒАНЫ МА, ТОҢҒАНЫ МА, ЖЫЛҚЫ ОЙНАП, БИЕ ҚАШҚАН, ТАЙ ЖАРЫСҚАН? ЖАСЫЛ ШӨП БӘЙШЕШЕК ЖОҚ БҰРЫНҒЫДАЙ, ЖАСТАР КҮЛМЕС, ЖҮГІРМЕС БАЛА ШУЛАЙ. ҚАЙЫРШЫ ШАЛ-КЕМПІРДЕЙ ТҮСІ КЕТІП, ЖАПЫРАҒЫНАН АЙРЛҒАН АҒАШ, ҚУРАЙ. БІРЕУ МАЛМА САПСИДЫ САЛЫП ИІН, САЛБЫРАҢҚЫ ТАРТЫПТЫ ЖЫРТЫҚ КИІМ. ЕНЕСІНЕ ИІРТІП ШУДА ЖІБІН, ЖАС ҚАТЫНДАР ЖЫРТЫЛҒАН ЖАМАЙДЫ ҮЙІН. ҚАЗ, ТЫРНА ҚАТАРЛАНЫП ҚАЙТСА БЕРМЕН, АСТЫНДА АҚ ШОМШЫ1 ЖҮР, ОЛ – БІР КЕРУЕН. ҚАЙ АУЫЛДЫ КӨРСЕҢ ДЕ, ЖАБЫРҚАҢҚЫ, КҮЛКІ-ОЙЫН КӨРІНБЕЙДІ, СЕЙІЛ-СЕРУЕН. КЕМПІР-ШАЛ ҚҰРЖАҢ ҚАҒЫП, БАЛА БҮРСЕҢ, КӨҢІЛСІЗ ҚАРА СУЫҚ ҚЫРДА ЖҮРСЕҢ. КЕМІК СҮЙЕК, СОРПА-СУ ТИМЕГЕН СОҢ, ҮЙДЕ ИТ ЖОҚ, ТЫШҚАН АУЛАП, ҚАЙДА КӨРСЕҢ. КҮЗЕУ ТОЗҒАН, ОТЫ ЖОҚ ЕЛДІҢ МАҢЫ. ТҰМАН БОЛАР, ЖЕЛ СОҚСА, ШАҢ-ТОЗАҢЫ. ОТ ЖАҚПАҒАН ҮЙІНІҢ СҰРЫ ҚАШЫП, ЫСТАН ҚОРЫҚҚАН ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰРСЫН ЗАҢЫ.
Мемлекет басшысы Ақылмандар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесуге шет елдердің көрнекті мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары – Израильдің бұрынғы президенті Ш.Перес, Польшаның бұрынғы президенті Л.Валенса, Колумбияның бұрынғы президенті С.Трухильо, Испанияның бұрынғы премьер-министрі Х.Сапатеро, МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры М.АльБарадеи және басқалар қатысты. Кездесуге қатысушылар әлемдік саясаттағы, экономика мен халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуалды талқылады. Осы орайда еліміздің сыртқы саясатқа
қатысты бастамалары мен халықаралық қоғамдастықтың әлемдегі түрлі қақтығыстарды шешу үшін күш жұмылдыруы барысындағы рөлі жөнінде мәселе қозғалды. Сонымен қатар кездесуде Қазақстанның қалыптасқан экономикалық жағдайда орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шараларына айрықша назар аударылды. Қазақстан Президенті еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы айтты. – Жолымызды бастаған тұста біз күн көру үшін күрестік, өйткені Қазақстанның болашағы мен мүмкіндіктеріне қатысты
М
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
19
ТАРАЗДАҒЫ ТОЙЫНА
КҮН ҚАЛДЫ
болжамдар жағымсыз болатын. Мұндай перспектива бізге ұнамады, сондықтан батыл әрекет жасауға кірістік. Елеулі қиындықтың бірі социалистік экономиканы нарық жолына түсіру еді. Үш жылда жекешелендіру жүргізілді, Орталық Азия бойынша ең ауқымды инвестиция тартылды. Қазақстан бүгінде бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына, сондайақ өте мол көлемде инвестиция тартылған мемлекеттердің жиырмалығына кіреді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік шикізат нарығындағы бағаның тұрақсыздығына байланысты Қазақстанда индустрияландыру
КЕТ М Е М ЛЕ
АҚТАНЫ
саясаты жүзеге асырылып жатқанына, соның арқасында соңғы жылдары жүздеген жаңа кәсіпорын салынғанына назар аударды. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта елде индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы іске асырылып жатқанын, оның басты мақсаттарының бірі экономиканың шикізат ресурстарына тәуелділігін жоспарлы түрде азайту екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев елде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына, соның арқасында бүгінде қазақстандықтар болашаққа нық сеніммен қарайтынына назар аударды.
ШЫ
ЖҰДЫРЫҒЫ ЖОЙҚЫН ЖАМПОЗ РЕСЕЙДІҢ САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ҚАЛАСЫНДА БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 80 КЕЛІ САЛМАҚТА ТАРАЗДЫҚ ХУРШЕДШОХ ИСКАНДАРОВТЫҢ ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫРАҒАНЫН ОҚЫРМАНҒА СҮЙІНШІЛЕГЕНБІЗ. ОЛ №13 ТАРАЗ ТЕМІР ЖОЛ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ. БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕ БАҒЫ ЖАНЫП, АҚТЫҚ СЫНҒА АЛҚЫНБАЙ ШЫҒЫП, КҮМІСПЕН КҮПТЕЛГЕН ОҒЛАНДЫ КОЛЛЕДЖ ҰСТАЗДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ АЙРЫҚША ҚУАНЫШПЕН ҚАРСЫ АЛЫП, ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕДІ.
ШАҺАРДЫҢ ШЫРАЙЫН АШҚАН «МЫҢБҰЛАҚ»
Тарихи тойға тарту ретінде қолға алынған нысанның бірі – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы «Мыңбұлақ» гүлзары. Бұл құрылысқа Батыс Қазақстан облысы 100 миллион теңге қаражат бөліп отыр. «Мыңбұлақ» жобасының авторы – академик Ескендір Мүсілімұлы. Бұрын «Жібек жолы» бойында хандар демалатын «Мыңбұлақ» демалыс орны болған екен. Гүлзар атауы сол тарихи жағдайға байланысты алынған. Гүлзар құрылысының жұмысына Жандос Бекмұратов басқаратын «Темірбайлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Аумағы 200 мың шаршы метр алаңға гүлзар салу жұмысы шілде айында басталған. Қазір мұнда 180 адам екі ауысым бойынша тыным таппай, кірпік қақпай, тер төгуде. Жұмысқа 12 техника жегілген. Жаңаша архитектуралық шешіммен салынып жатқан гүлзарға жергілікті құрылыс өнімдері қолданылуда. Мәселен, жергілікті «МаратНұр» компаниясының тастары, «МақсатСтрой» компаниясының бордюрлері гүлзар құрылысына дер кезінде жеткізілуде. Тараздағы «Темір-бетон» серіктестігінің
Ақылдан асар амал жоқ, Батырлар алмас қамал жоқ. Халық мақалы.
БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ХУРШЕДШОХ ИСКАНДАРОВҚА ҰСТАЗДАРЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
1 Астық екпеген ел басқа елге түйемен барып астық алып қайтады, сонда түйе бос барады да, шом артады.
өнімдері мен «Темір-Байлық» ЖШСның құрылыс заттары да кәдеге жарап жатыр. Әсіресе, «Арайстроймаркет» ЖШС-ның асфальті уақтылы жетіп, төселуде. Сондай-ақ, Қордайдың гранит тастарының да маңайға ерекше әр берері анық. Ал енді «ЖасұланФлора» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түрлі-түсті, алқызыл гүлдері жұмыс басында дайын тұр. – «Мыңбұлақ» гүлзарының жұмыс ауқымы өте үлкен. Дегенмен, уақытпен санаспай еңбек етіп, құрылысты уақтылы тапсыруға мүмкіндік тауып отырмыз. Нысанды қыркүйектің 25-нен асырмай тапсырамыз. Құрылыс болған соң, оның сапалы болуына ерекше мән берілуде. «Мыңбұлақ» гүлзарына атсалысқан әр азамат өздерінің тарихи тойға үлес қосқандарына риза. Бұл гүлзардың алдағы уақытта Тараз тұрғындарының әдемі, халық жиі келетін демалыс орнына айналады деп сенеміз. Құрылысқа жергілікті өнім қолданғанымыз да тиімді болды. Тек Алматы қаласындағы «Алматы» компаниясынан «мазайка» тастарын алдырдық. Басқасы өз облысымызда өндірілген құрылыс заттары, – дейді «Темір–Байлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жандос Бекмұратов. Тараз. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
(Жалғасы 8-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XXХХ-сессиясы 2015 жылдың 25 қыркүйегінде облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жергілікті автомобиль жолдарының жәйі, қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және оны жақсарту шаралары туралы; 2. Жамбыл облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 3. Әртүрлі мәселелер * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 25 қыркүйек күні сағат 14.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВ.
ҚСТАН «ҚАЗА
ТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 2050» СТРА
ЖУАЛЫНЫҢ КАРТОБЫ БҰРЫНҒЫ ДАҢҚЫН ЖАҢҒЫРТПАҚ
Кеңестік кезеңде Жуалының дәмі тіл үйіретін ақ картобының атағы елімізге кеңінен белгілі болатын. Жуалылықтар оны қайта жаңғыртуға күш салуда. Ауданда жыл сайын алқап көлемі ұлғайып, картоп өсіруге бет түзеген шаруашылықтардың қатары артуда. Солардың қатарында «Зылиха», «Жаңаталап» шаруа қожалықтары және «Ақсамат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.
Биыл бағалы түйнек аудан көлемінде 2150 гектарға егілді. Қазірге дейін оның 1540 гектар егістігінің өнімі жиналды. Орташа өнім гектарына 220-250 центнерден айналуда. Ал агротехникалық шараларын мұқият жүргізген шаруашылықтарда өнімділік жоғары. Мәселен, «Медет» және «Жаңаталап» шаруа қожалықтары әр гектардан 250-290 центнерден өнім жинауда. Ауданда өнімділігі мен егіс көлемі бойынша «Зылиха» шаруа қожалығы алдыңғы орында. Биыл қожалық 150 гектарға картоп егіп, жақсы өнімге қол жеткізді. Мұнда техниканың барлығы жаңартылған. 1500 тонналық қоймаға тұқымдық картоп жиналуда. Тұқымы жақсы алқаптың өнімі де жоғары. Шаруашылық көктемде Қарағанды облысынан 380 тонна «Лотона» мен «Невский» тұқымын әкеліп екті. Қазір сол алқаптардан 300-350 центнерден өнім жинауда.
Аудан диқандары азық-түлік бағасын тұрақтандыруға өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда картоп өсірушілер өз өнімдерін Тараз, Алматы және Астана қалаларында ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерге шығарып, өнімдерін 4245 теңгеден саудалауда. Аудан орталығындағы орталық базарда да картоп бағасының тұрақтылығы сақталып отыр. Өткен аптада Тараз қаласында өткен жәрмеңкеге 15-20 тонна картоп шығарылып, арзан бағамен сатылды. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рахымғазы Куниязов ауданда жиынтерін жұмыстары қазан айының ортасында аяқталады деп отыр. Мейірбек МӘТЕНОВ, журналист. Жуалы ауданы.