ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет №77-78 (17934-17935), Бейсенбі, 22 мамыр, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
l
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады. l ТАРАЗ
ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ: ЖАҢА БАҒЫТ, ТЫҢ ЖОБА
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен қазақ тілінде оқитын жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» атты облыстық байқауы өтті. Байқауға аудандар мен Тараз қаласы бойынша өткізілген байқаудың жеңімпазы 10 үміткер қатысты. Облыстық байқаудың жеңімпазы қордайлық №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектептің оқушысы Айша Әлдибекке республикалық “Ой-сана” байқауына қатысуға жолдама берілді.
Қытай Қазақстанға 10 миллиард доллар инвестиция құяды
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында мүмкіндігі шектеулі 5 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай халық республикасына ресми сапары барысында бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қытайдан Қазақстанға инвестицияланатын қаржы көлемі 10 миллиард доллардан асады. Қазақстан мен Қытайдың қарымқатынасы жаңа серпін алды. Жаңа бағыттар мен тың жобалар бастау алып жатыр. Тынық мұхитындағы Ляньюньган портында қазақстандық логистикалық терминал құрылысы басталмақ. Кеше Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинь алып құрылысқа ақ жол тіледі. Тынық мұхитқа жол ашар кемежай Президентіміздің Қытайға ресми сапары шеңберінде жасаған жалғыз келісімі емес. «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандыдағы көмір өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды орындау мәселесін де қозғап, қарсы тараптың қызығушылығын оятты. “ Қ а з і р г і д ү н и е д е г і а л м а ға й ы п ж а ғд а й д а , экономикалық тұрақсыздық жағдайында, қаржы жүйесінің жабықтығы жағдайында Қытай Халық Республикасы біз үшін өте қажет және пайдалы әріптес болып отыр. Осы кездесу барысында көп нәтижелерге қол жеткіздік деп айтуға болады”, – деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Өткен кездесулерде біздің Қазақстанға Қытай Халық Республикасының инвестициясы 10 миллиард долларға жететін болса, қазіргі қол қойылған келіссөздер салынып біткен және салынатын біріккен өндіріс мекемелері Қазақстан мен Қытай компаниялары арасындағы 20 миллиард долларды құрайтын болады. Таяуда Қазақстан - Қытай елдерінің бірлесе құрастырған шағын жолаушылар ұшағына мінуіміз де ғажап емес. Қытайлық AVIC авиациялық өнеркәсібі корпорациясының президентімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірлесе отырып, авиациялық өнеркәсіпті дамыту жайын қарастырды. AVIC корпорациясы басшысының айтуынша, аталмыш келісімге осы жылдың күзінде қол қойылуы мүмкін. «Біз шағын ұшақтар өндірісін жолға қоюды ұсынамыз. Олар 9-12 орындық шағын жолаушылар ұшағы және ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын көлік. Олар қазір сертификациядан өтті. Қазақстандық тасымалдаушылары мен ауылшаруашылығы өнімдерін
өндірушілері үшін таптырмас көлік. Ал, Хуавэй телекоммуникациялық корпорациясы «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізуге қолұшын беруге әзір», – деді AVIC INTL компаниясы президенті У Гуаньцюань. Компанияның директорлар кеңесінің төрайымы Сунья Фан ханым жоғары технология саласында, атап айтсақ мобильді интернет жүйесімен қамтамасыз етуге дайын екендерін жеткізді. Осы жылдың соңына дейін Қазақстан территориясында ЛТЕ жүйесі қызмет атқарады. «Интернет қызметін ұсынуда біздің компаниямыздың тәжірибесі орасан. Біз Қазақтелекоммен тығыз қарым-қатынастамыз. Миллионға жуық қонақ келетін
«ЭКСПО-2017» қарсаңында сапалы, ұшқыр интернет қызметін көрсету мәселесі өте өзекті», – деді “HUAWEI” компаниясы директорлар кеңесі төрайымы Сунья Фан. Сонымен қатар, Президент Синьхуа агенттігінің сайты арқылы Қытай халқымен онлайн арқылы тілдесті. Қытай жұрты Қазақстан басшысын сан қилы сұрақтардың астына алды. Оларды екіжақты ынтымақтастықтан бастап, Елбасының жеке өміріне дейінгі сауалдар қызықтырды. Сондай-ақ, Шанхайда «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің” 4-ші саммиті өтті. Негізгі баяндамаларын Елбасы осы кеңесте жасады. Қытай бұқаралық ақпарат құралдары аталмыш самитті Азия
l БАЙЗАҚ
континентіндегі ең негізгі саяси шара деп бағалап отыр. IV саммит жұмысына мемлекеттер мен үкіметтердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Қазақстан Президенті өз сөзінде көптеген өзекті мәселелерді айта келіп, кез-келген елдің интеграциялық таңдауы – халықтың әл-ауқаты мәселесі екеніне, экономикалық интеграция үрдістерінің маңыздылығына тоқталды. – Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақты Ресей және Беларусьпен бірге нақ осы тұрғыдан құрады. Еуразиялық одақ Азия мен Еуропаның арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтатын дәнекерлік көпірге айналады, – деді ол. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев АӨСШК базасында Азиядағы қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым (АҚДҰ) құру қажеттігіне сенімді екенін білдірді. – Ол ЕҚЫҰ-ға сындарлы бәсекелес болуы тиіс. Өзара ынтымақтастық пен өзара түсіністік болмайынша, шығыс дәстүрлері мен құндылықтарын ескермейінше, Батыс Шығыстан тысқары, орнықты дами алмайды, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде алты жыл бұрын басталған жаһандық дағдарыс әлі күнге дейін еңсерілмегенін, ол қаржы-экономикалық саланы ғана емес, әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани саланы да қамтып, ұлғайып келе жатқанын айтты. – Бұл – жүйелі сипаттағы, бүкіл өркениетке ортақ дағдарыс. Сондықтан бізге, Азия елдеріне құрлықты бейбіт түрде өркендетумен өзіміз айналысу қажет. АҚДҰ бұл үдерістегі маңызды құрылымға айнала алар еді. АӨСШК-ге мүше мемлекеттер басшыларын осы мәселенің шешімін кейінге қалдырмауға шақырамын, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы достықтың негізі болып саналатын өзара сенім болашақ халықаралық ұйымның негізгі ұстынының біріне айналуы мүмкін екенін айтты. Саммитте сөз сөйлеушілер АӨСШК-ні құрудың бастамашысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын айтып, ұйымның өңір елдері арасындағы көпқырлы өзара ықпалдастықты қамтамасыз етудегі тиімділігі жоғары екенін атап көрсетті.Саммит барысында Қытай Халық Республикасы Түркия Республикасынан АӨСШКге 2014-2016 жылдардағы төрағалықты қабылдап алды.
БӘРЕКЕЛДІ!
Халық мақалы.
алдағы шілде айында пайдалануға беріледі Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». Тараз қаласындағы Сәтбай Қожамқұлов жетекшілік ететін «Компания инвест Тk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мойынқұм ауданы Хантау ауылы жанынан екі гектар жерден 67 миллион теңгенің асфальт зауытының құрылысын бастады. Жылына 30000 тонна ыстық-суық асфальт-бетон қосындысын шығаратын өндіріс орны шілде айында іске қосылады. Құрылыс жұмыстарына тартылған 20 жұмысшының дені жергілікті тұрғындар.
Қазақтың ақбас сиыры тұқымының республикалық палатасының ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті. Оған Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының мал шаруашылығы мамандары қатысты. Кеңесте еттісүтті ақбас сиыр тұқымы басын көбейту, селекциялық жұмысты жолға қою, жайылымдық мәселесі кеңінен талқыланды. Аудандағы «Талдыбұлақ» шаруа қожалығының сиырдың осы тұқымын өсірудегі бай тәжірибесі ортаға салынды. l МОЙЫНҚҰМ
«Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық конкурсына қатысуға ниет еткен үміткер отбасылар қорытындыланды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев Шығанақ ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Сағаш Әбдіров пен Мойынқұм ауылының тұрғыны Рая Қалымбетоваға облыстық конкурсқа жолдама беріп, сыйсияпат көрсетті. Аудандағы екі «Мерейлі отбасында» 10 ұлқыз тәрбиеленіп, өмірден өздерінің орнын тапқан. l Т. РЫСҚҰЛОВ
Аудандық мәслихат депутаттары Құлан ауылдық округі әкімінің бос тұрған орнына үміткер үш азаматтың кандидатурасын дауысқа сала келіп ауыл әкімін анықтады. Жабық дауыс беру нәтижесінде көп дауыс жинаған Арман Мамырбаев депутаттар сеніміне ие болды. Ол, білімі жоғары, экономист-есепші, бұған дейін аудандық білім беру бөлімінде бас есепші, аудандық мәслихатта тексеруші болып қызметтер атқарған. Аудан әкімінің өкімімен Арман Мамырбаев Құлан ауылдық әкімдігіне әкім болып тағайындалды. l САРЫСУ
Аудан мектептерінен 30 үздік оқушы 3 күндік сапармен Елордада болып қайтты. Оқушылардың бұл сапарына екінші жыл қатарынан жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Тоқан Блалиев демеушілік көрсетті. Астанада оқушылар Тұңғыш Президент мұражайын, Бәйтеректі, Бейбітшілік және келісім сарайын аралап, Есіл жағалауына саяхат жасады. l ТАЛАС
АСФАЛЬТ ЗАУЫТЫ
Ауыр жол атанды сынайды, Ауыр іс адамды сынайды.
l МЕРКІ
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ауданға жасаған жұмыс сапарында асфальт зауытының бүгінде ауылшаруашылығымен қатар, өндірісті өңірге айналған ауданға қажет екенін, кәсіпорынның шығарған өніміне сұраныс мол болатынын атап көрсеткен еді. Енді, міне, бір айға жетпей пайдалануға берілетін зауыттың өнімін басқа аймақты айтпағанның өзінде жөндеу жұмыстары басталған «Бірлік-Ұланбел», «МирныйҚияқты» жолдары мен ауыл іштеріндегі көшелерді жөндеуге пайдаланатын болады. МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ.
Ойық ауылы тұрғындарының таза ауызсу мен табиғи газды пайдаланар сәті алыс емес. Бүгінде әр үйге дерлік құбыр жүйелері тартылып, әзір болды. Ауыл орталығындағы «Жеңіс» саябағы мен соғыс құрбандарына арналған ескерткіш-обелиск маңы ретке келтірілді. Еңбек Ерлері мен ауылдың танымал азаматтарының портреттері қайта жаңғыртылып, аллея күтімге алынды. l ШУ
Аудандық Мәдениет үйінде жергілікті ақын, сазгер Бақыт Исаеваның «Біз – болашақ!» атты шығармашылық кеші өтті. Ақын негізінен патриоттық және балалар тақырыбына жиі қалам тартады. Кеште мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, туған жерге деген махаббатынан туған әндерін шырқап, кеш көрігін қыздырды.
l «ҚАЗАҚСТАН – 2050»: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
БЕЛДІ БУ ДА, БЕЙНЕТ ҚЫЛ Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Жуалы ауданына жұмыс сапары кезінде аудан басшысына жұртты еңбекке жұмылдыруды тапсырды
«Ақ жол» сайтын ашып қара, ағайын!
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Ақпарат кеңістігі әлемінде ғаламтордың рөлі орасан зор. Себебі, айтпаса да түсінікті. Интернет – он сегіз мың ғаламның түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды, керекті мәліметтердің электрондық нұсқаларын жедел түрде табуға мүмкіндік беретін ғажайыптар әлемі. Бүгінде облыстың бас басылымы «Ақ жол» газетінің де интернеттегі нұсқасы жаңаша түр-сипатқа еніп, жандана түсуде. Құрметті ағайын! Сіз www.akjolgazet.kz сайтына кіру арқылы, «Экономика», «Саясат», «Құқық», «Әдебиет», «Тарих», «Әлеумет», «Мәдениет және өнер», «Білім», «Денсаулық», «Мәселе», «Сұхбат», «Алаш-Арена» және «Шөкеңнің шошаласы» айдарындағы мақалаларды оқып, соңғы жаңалықтардан құлағдар болыңыз! Әзіл-әжуа мен сын-сықаққа кенеліңіз! Сондай-ақ, журналистеріміздің шығармашылығын бағалап, ұсыныс, талап-тілектеріңізді жеткізуге, пікір қалдыруға да мүмкіндіктеріңіз бар. Ендеше, «Ақ жол» сайтын да аша отырыңыз, ағайын! «Ақ жол - Ақпарат».
ТЕРІС ӨЗЕНІНДЕГІ «ҚАЗСУШАР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНА ҚАРАСТЫ «ТЕРІС-АЩЫБҰЛАҚ» СУ ҚОЙМАСЫНДА БИЫЛҒЫ 20 МАМЫР КҮНІ 133, 926 МИЛЛИОН ТЕКШЕ МЕТР СУ БОЛДЫ. СУ БӨГЕТІ БІРЫҢҒАЙ ТОПЫРАҚТАН ЖАСАЛҒАН. ЖОТАСЫ БОЙЫНША ЕНІ – 7,5 МЕТР, БИІКТІГІ – 30, АЛ, ТЕРЕҢДІГІ – 21 МЕТР. 2005-2006 ЖЫЛДАРЫ БӨГЕТТІҢ СЫРТҚЫ ЖАҚТАРЫНА, 2012-2013 ЖЫЛДАРЫ СУ ЖАҚ БЕТТЕРІНЕ ЖӘНЕ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІПТІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев кеше ауданға жасаған жұмыс сапарын осы маңызды нысанның жай-күйімен танысудан бастады. Облыстық су шаруашылығы және аудан басшыларының мәлімдеуінше су қоймасының беріктілігіне алаңдауға негіз жоқ. Мамандандырылған күзет қызметінің полицейлері иықтарына автомат асынып, көздің қарашығындай күзетіп тұр. Алыс-жақын шетелдердің кейбірі дүрбелеңге түсіп жатқанда маңызды нысанды осылай күзету жөн енді. «Теріс-Ащыбұлақтағы» жағдаймен таныcқаннан кейін облыс әкімі Ақтөбе ауылындағы №25 Ақтөбе орта мектебіне атбасын бұрды. Былтыр ғана пайдалануға берілген,144 оқушы білім алып жатқан білім ошағының ажары атқан таңдай құлпырып тұр. Мектеп директоры Гүлнар Әбілдаева білім ошағымен жанжақты таныстырды. Ал, Қызыларық ауылындағы орта мектеп
туралы бұлай айта алмаймыз. 125 оқушыға арналған мектепте 172 оқушы білім алуда. Мектеп ғимараты соғыс басталған 1941 жылы салынғандықтан әбден ескірген. Түрлі себептермен жаңа ғимараттың құрылысы басталмай келіпті. Жобалық-сметалық құжаты қайта жасалып жатқан көрінеді. Кәрім Нәсбекұлының «ауылда қанша адам тұрады, нәрестелердің дүниеге келу көрсеткіші қалай?» деген сұрағына ауыл әкімі Ермек Сейдалиев жауап бере алмай, ыңғайсыз жағдайға қалды. Елбасының сол ауылдағы өкілі болғандықтан ауылдық окугтің әкімдері адам саны түгілі малдың, тіпті, тауықтың санын жатқа білуі керек емес пе? Кейінгі жылдары «жыр» болған «Көксай» каналының құрылысын облыс басшылығы былтырдан бері қолға алып, Үкіметке дейін шықты. Ақыры, өзіміздің аумағымыздан өтетін канал құрылысын қаржыландыруға Елбасы Үкіметке нақты
тапсырма берді. Бөлінген қаржы көлемі 5,8 миллиард теңгені құрады. Аз қаржы емес, ендігі жерде «жырға» айналған судың мәселесі түпкілікті шешілуі тиіс. 23 шақырым жерге диаметрі бір метр темір құбыр тартылып жатыр. Құрылыс жұмыстарымен Алтынбек Садырбаев басқаратын «Сұңқар» және Айгүл Иматаева жетекшілік ететін «Жігер-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылысшылары айналысуда. Жұмысқа барлығы 190 адам, 60 техника жұмылдырылуда. Облыс әкімі құрылыстың аяғынан бастап, тау шатқалындағы бастауына дейін барып, көрді. Тау шатқалындағы бөгеннің құрылысымен де жете танысты. Сөйтіп құрылысқа жауапты мекеме басшыларына, аудан әкімі Батырбек Құлекеевке жұмысты белгіленген мерзімде бітіруді шегелеп тапсырды. (Жалғасы 2-бетте).