22 мамыр 2018 жыл

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

АҺАН Д

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу Са С Сар ар а ры ысу ыс су су ауданы ауд а уд удан ан аны ны ы

Мо Мой М о ой йын ын Мойынқұм ау ауд ау уд да ан н ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№58 (18552), Seısenbі, 22 mamyr, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

НДА ЖАҺА ҚЫТАЙ

ЕЛ РУХЫН МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР ӨСІРЕДІ Мәдениет пен өнердің маңызы ерекше. Екеуі – егіз ұғым. Екі сала домбыраның қос ішегіндей жарасып, өркендеп келеді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңіріміздегі бірқатар мәдениет пен өнер саласы өкілдерін қабылдады.

Қ ы та й д ы ң ға р ы ш а й л а ғ ы н а н « Ц ю э ц я о » д е п аталатын ерекше жерсерік ұшырылды. Орбитаға оны «Чанчен-4» зымыраны алып шықпақ. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, «Цюэцяоның» ерекшелігі – айды зерттейтін құрылғылармен байланыс орнатады. Ол алғаш болып, «Чанъэ-4» зондын әуеге аттандырады. Жоспар бойынша ол жыл соңында ұшырылады. Сонымен қатар «Цюэцяо» ғылыми зерттеумен де айналыспақ.

АВСТРАЛИЯ

7 шыңды небәрі 117 күнде бағындырды Австралиялық альпинист Стив Плейн әйгілі 7 шыңды небәрі 117 күнде бағындырып, әлемдік рекорд орнатты. GPS құрылғысы 36 жасар спортшының 8848 метр биіктіктегі Эверестке көтерілгенін тіркеген. Сөйтіп, ол 2016 жылы поляк Януш Коханский орнатқан рекордтық көрсеткіштен озды. Себебі Януш 7 шыңды 126 күнде бағындырған болатын. Айта кету керек, жаңа рекордшы 2014 жылы Перт жағажайында көптеген жарақат алған. Алайда өзінің өмірге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында арманына қол жеткізді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап Антарктидадағы Винсон шыңын, Оңтүстік Америкадағы Аконкаггуаны, Африкадағы Килиманджароны, Жаңа Гвинеядағы Карстенз пирамидасын, Ресейдің Эль-брусы мен Аляскадағы Денали шыңына көтерілген. Содан кейін Эверестке шықты.

Есет ДОСАЛЫ Ас қ а р И с а б е к ұ л ы Е л б а с ы н ы ң бастамасымен 5 жылдан бері бұл күн мерейлі мереке ретінде аталып өтіп, күнтізбеде өзінің лайықты орнын тапқанына тоқталып, қос сала өкілдеріне ризашылығын білдірді. Облыс əкімі мереке иелерін құттықтап, қаржылай сыйлық жəне гүл шоқтарын ұсынды. Мұнан соң режиссер Қуандық Қасымов сөз сөйлеп, облыстық қазақ жəне орыс театрында сахналаған қойылымдары халықаралық байқаулардан жеңімпаз болып жатқанын тілге тиек етті. Ол Тараз топырағында да халықаралық театр фестивалі дəстүрлі түрде өтсе деген ұсынысын білдірді. Облыстық филармония директорының орынбасары Жандос Омаров пен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті В л а д и м и р М а кс и м е н ко Та р а зд а музыкалық колледж ашу туралы мəселе көтерді. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Айгүл Қабиева «Жеңіс» саябағынан «Ерлік» мемориалды ке ш е н і с а л ы н ғ а н ы ү ш і н о бл ы с

Ерекше жерсерік ұшырылды

А ЫЛ Д Б М ЖА ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

Биыл 1 200-ден астам отбасы баспаналы болады басшысына алғыс айтып, қалаға жастар театры қажеттігін алға тартты. Ақын, Талас аудандық Мəдениет үйінің бөлім меңгерушісі Үміт Битенова аудандарда да мəдениет саласына көрсетіліп жатқан қолдаулардың əсерінен дамуда оң серпін байқалатынын айта келіп, облыс басшысына ризашылығын жыр жолдарымен жеткізді.

Облыс əкімі Асқар Мырзахметов сөз алып, экономика мен əлеуметтік саланың өркендеуі қандай қажет болса, мəдениет пен өнерге де сондай жанашырлық керектігін айтты. Алдағы уақытта Тараздан музыкалық өнер ордасын ашуға қадамдар жасалып жатқанын, облыста Еңбек Ері, өнер майталманы Асанəлі Əшімов атындағы

орталық ашылатынын, мұнда жас актерлерге де өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік туатынын, Ас анəлі Əшімовтің қатысуымен шеберлік сабақтары өткізіліп, жастарды жанжақты шыңдау қолға алынатынын сөз етті. Асқар Исабекұлы халықаралық театр фестивалінің өтуіне қарсы емес екенін жеткізді. Жалпы осы кезге дейін

аймақ мəдениетін, тарихын танытатын 7 томдық энциклопедия жарық көргенін айтты. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Облыс басшысы жиналған мəдениет пен өнер өкілдерін мерекелерімен тағы да құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.

БАЛ АМАЛЫ ҚУАТ КӨЗДЕРІ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірнеше жүздеген қала тұрғындарының баспана мәселесі түбегейлі шешілмек. Атап айтқанда, «Арай» тұрғын алқабындағы 80 пәтерлі 1, «Бәйтерек» шағын ауданындағы 100 және 60 пәтерлі 2 арендалық, өткен жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта жергілікті атқарушы органдардың облигациялар шығаруы жолымен басталған әрқайсысы 80 пәтерлі 10 тұрғын үйдің, сондай-ақ 205 жер телімінде жеке құрылысшылар тарапынан салынып, несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік үлгідегі коттедждік үйлердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы өз мәресіне жетеді деп күтілуде. Бұған қоса, 300 жер теліміне несиеге берілетін коттедждік үйлердің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Алдағы уақытта, сондай-ақ кезекке тіркелгендерге Асқаров көшесінің соңындағы, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал-Шалғай Қарасу» алқаптарынан 3752 жер телімін беру жоспарланып отыр.

САРЫСУ АУДАНЫ

ТӨРТ АЙДЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАРАЗЫЛАДЫ Мұратхан ƏЛІМХАН

ТАУ ӨЗЕНІНЕН 1,5 МЕГАВАТТ ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРГЕН БЕДЕЛ Ақылжан МАМЫТ

Болашақ баламалы энергияда. Бүгінде əлем жұртшылығы экологияны сауықтыру, табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында күннен, желден жəне судан энергия өндіруге басымдық беріп отыр. Бұл бағытта біздің облысымызда да ауыз толтырып айтарлықтай игілікті шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ал өңіріміз баламалы энергия өндіруден республика бойынша алдыңғы қатарда. Аймақта су электр стансаларын салу, ескілерін жаңарту жанданып келеді. «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС филиалы жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, нəтижесінде Меркі шатқалындағы бұрынғы екі су электр стансасынан бүгінде сағатына 1,5 мегаватт энергия алынуда. Ол «Жамбыл электр жүйесі» мекемесі желілері арқылы Меркі ауданы мен Тараз қаласындағы заңды жəне жеке тұлғаларға келісімшарт арқылы таратылады. Аудандағы тұтынушылардың бестен бір бөлігі осы екі стансаның өндірген қуатын тұтынады. Оның əр киловатының филиал ұсынатын бағасы аудандық электр жүйесі мекемесіне қарағанда 3-4 теңгеге төмен. Филиалды білікті маман Бедел Мырзабаев басқарады. Ол жоғарыдағы қос стансаны жаңарту 1998 жылы қолға алынғанын айтты. Қайта жарақтандырылған құрылғылардан сағатына 4-5 мың киловатт жарық алынған. 2015 жылы екінші стансаға Қытайдан əкелінген жаңа жабдық орнатылып, оның қуаты 1,2 мегаватқа жеткізілген. Мұның өзі бүгінде екі стансадан сағатына 1,5 мегаватт қуат өндіруге мүмкіндік беруде. Филиалда 2016 жылы 10 миллион, 2017 жылы 11 миллион киловатт энергия өндірілген. Былтыр мекеме ұзақ уақыт қолданыста болып ескірген, ұзындығы 6 шақырым 35 киловольттық əуе желісін жəне ағаш бағаналарды темірбетонға ауыстырған. Мұнда бүгінде өз мамандықтарын жетік меңгерген 30 маман жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 107 мың теңге көлемінде. Бас инженер Бекжан Қалабаев, шеберлер Қанат Жанбаев, Бақытжан Сұлтанқұлов, кезекші электрмонтерлер Нұржан Қалабаев пен Николай Пятинг əркез əріптестеріне өнеге көрсетіп жүреді. – Бірінші су электр стансасына жаңа жабдықтар орнатуға қаржы қарастырылуда. Келесі жылы бұл жоба жүзеге асқан кезде одан сағатына 1,2 мегаватт энергия өндірілетін болады. Мұның өзі ауданда арзан қуат тұтынатындардың қатарын көбейтуге мүмкіндік береді, – дейді «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС филиалының директоры Бедел Мырзабаев. Меркі ауданы.

Кеше облыс əкімдігінде үстіміздегі жылдың алғашқы төрт айын қорытындылауға арналған алқалы жиын өтті. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен басқосуда есепті кезеңдегі əлеуметтікэкономикалық даму, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы сынды мəселелер сөз болды. Жалпы, биыл қаңтар-сəуір айларында аймақта негізгі əлеуметтікэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталған. Нəтижесінде өткен жылдың тиісті ке зеңімен салыстырғанда экономиканың барлық салаларында өсімге қол жеткізілген. Бұл туралы облыс əкімдігі экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова мəлім етті. Б а с қ а рма б а с ш ы с ы н ы ң с ө з і н е сүйенсек, облыс аудандарында базалық салаларда жəне негізгі капиталға салынған инвестицияда өсім байқалған. Десе де Сарысу жəне Шу аудандарында өңірлік тұрғыда инве стицияның төмендеуіне жол берілген. Ал Меркі ауданында құрылыс жұмыстарының

көлемі айтарлықтай төмендеген. Гүлдана Əлімжанқызы бұған өткен жылдың тиісті кезеңіндегі базалық көрсеткіштердің жоғары болуы əсер еткенін айтады. – Есепті мерзімде экономикада қалыптасқан оң динамикаға қарамастан, о бл ы с т ы қ 2 0 1 8 - 2 0 2 2 ж ы л д а р ғ а арналған даму болжамында кəсіпкерлік жəне индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына бекітілген 4 индикатордың жылдық нысаналы мəніне қол жеткізілмеді. Бұл: киім, былғары өнімдерін, резеңке жəне пластмасса бұйымдарын жəне дайын металл бұйымдарын өндіру өндірістері. Соның салдарынан осы салалардың өнеркəсіпке қосар жиынтық үлесі 1,4 пайызды ғана құраған. Денсаулық сақтау саласына тоқталатын болсақ, облыс əкімдігінің денсаулық с а қ т ау б а с қ а р м а с ы н а қ а т ы с т ы негізгі индикаторларында ілгерілеу байқалғанымен, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен аурушаңдық жəне нəресте өлімі өскен. Сондай-ақ аталған мерзімде нашақорлық Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында, психикалық бұзылу ауруларына шалдығу Байзақ, Қордай, Т. Рысқұлов, Мойынқұм жəне Сарысу

аудандарында, қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші Жуалы, Талас, Шу аудандарында, туберкулез Байзақ, Меркі жəне Тараз қаласында, қатерлі ісік Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Сарысу жəне Талас аудандарында, қант диабетіне шалдыққандар Жуалы, Т.Рысқұлов, Ме р к і , Мо й ы н қ ұ м ж ə н е С а р ы су аудандарында өскені байқалады, – деді Г. Жауынбекова. Бұдан бөлек, баяндамашы білім саласындағы көрсеткіштерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста балдырғандарды мектепке дейінгі тəрбиемен қамту деңгейі артқан. Мəселен, 1 мамырдағы есепте облыстағы 483 ұйымда 1 жастан 6 жасқа дейінгі 52,3 мың бала балабақшаға орналастырылғаны көрсетілген. Бұл кезектегі бүлдіршіндердің 68 пайызын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,4 пайызға артқан. Алайда кейбір аудандарда бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде емес. Нақты айтқанда, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т. Рысқұлов, Шу аудандарындағы нəтиже облыстың орташа көрсеткішіне жете алмаған.

Мемлекет мақтаныштары

САМАЛ – КАНН ФЕСТИВАЛІНІҢ ЛАУРЕАТЫ Есет ДОСАЛЫ

Қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-Канн кинофе стивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың « А й ка » ат т ы п с и хол о г и я л ы қ драмасында Қырғызстаннан келген қыздың Мəскеудегі өмірін əсерлі ойнағаны үшін аталған фестивальдың «Үздік əйел рөлі» аталымына ие болды. Драмада қырғызстандық қыз Мəскеуде босанып, баласын перзентханаға тастауға мəжбүр болады. Картинада сол қыздың

аналық сезімі мен қайғы-қасіреті суреттеледі. Фильмді түсіруге Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар Германия, Польша, Қытай, Қазақстан компаниялары қолдау білдірген. Осы фильмге түсу үшін Самал Еслямова жеті жылын сарп еткен екен. Əлемнің ең үздіктері қатысатын ф е с т и ва л ь д а то п ж а р ғ а н С а м а л Еслямова ең алдымен режиссер Сергей Дворцевойға алғысын білдірді. Əлемнің үздік актрисасы атанған Самал Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ал режиссер Сергей Дворцевой Шымкент қаласында ер жеткен өнер иесі екен.

(Жалғасы 2-бетте).

Шегірткемен күрес ширай түсті Сарысу ауданында зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмысы басталды. Қазір арнайы штаб дала диқандарына төніп тұрған қауіптің алдын алу мақсатында бірнеше ауылдық округті аралап, жағдаймен танысты. Қазір аудан бойынша марокко шегірткесі дернәсілдеріне қарсы көктемгі-жазғы тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, Байқадам ауылдық округінің аумағында 4700 гектар Жаңаталап ауылдық округінде 20300 гектар, сонымен қатар осы секілді тағы бірнеше ауыл бақылауға алынып, қауіпті аймақтар химиялық өңдеуден өтіп жатыр. Қазір дәрілеу жұмыстарына 2 трактор,1 «Гард», 1 дәрілеу тікұшағы, 30 адам жұмылдыруда. Мониторингтік тексеру бойынша Сарысуда барлығы 50000 гектар тексеруден өтсе, оның 24470 гектары химиялық өңдеуден өтетін болады.

Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. ТАҒАЙЫНДАУ Жамбыл облысы əкімінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №83-Ж/Қ өкімімен Еркебұлан Əбілханұлы ДАУЫЛБАЕВ Жамбыл облысы əкімінің орынбасары болып тағайындалды Дауылбаев Еркебұлан Əбілханұлы 1978 жылы туған. М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Кеден ісін ұйымдастыру жəне басқару» жəне «Құқықтану», Ресей кеден академиясын «Кеден ісі» мамандықтары бойынша бітірген. 1999-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде инспектор, басқарма басшысының орынбасары, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім бастығы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің басқарма басшысы, 2013-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары «Агро-НК-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 2016-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары, 20172018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, 2018 жылдың қаңтарынан Жамбыл облысы əкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.