ҚАЗАҚ ҒАРЫШЫ ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№131 (18165), Бейсенбі, 22 қазан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
АҚОРДА
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
АЛЫС – БЕРІС, БАРЫС – КЕЛІС
БЕЛАРУСЬ ЕЛІМЕН БАЙЛАНЫС БЕКИ ТҮСПЕК
ТУҒАН ЖЕР МЕН ЗЕҢГІР КӨКТІҢ АРАСЫ ЖЕРЛЕСТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСУ САЛТАНАТЫНДА ҚАҺАРМАН ҰЛ АЙДЫН АЙЫМБЕТОВКЕ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Елбасы жеделхатта Г.Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен. «Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның – Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін» делінген құттықтауда. Қазақстан Президенті сондай-ақ Г.Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГРОДНО ОБЛЫСЫНА ІССАПАРМЕН БАРЫП ҚАЙТТЫ. ҚҰРАМЫНДА АУДАН ӘКІМДЕРІ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ, САУДА-САТТЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ БАР ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ГРОДНО ҚАЛАСЫНДА ГРОДНО ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ ВЛАДИМИР КРАВЦОВ ҚҰШАҚ ЖАЯ ҚАРСЫ АЛДЫ. ІССАПАР БАРЫСЫНДА ЖАМБЫЛДЫҚ ТОП «ЛИДСЕЛЬМАШ» ААҚ, «ЛИДАГРОПРОММАШ» ААҚ, «АГРОКОМБИНАТ СНОВ», «ПРОГРЕСС-ВЕРТИЛИШКИ» ӘКК-ЫНДА БОЛЫП, ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ЖАН-ЖАҚТЫ ТАНЫСТЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ:
Айтулы достың малы бір, Кемедегінің жаны бір.
Халық мақалы.
– Мен Белоруссияға екінші рет, ал Гродно облысына бірінші рет табан тіреп тұрмын. Елдің, соның ішінде осы өңірдің өнеркәсібі ғана емес, әлеуметтік дамуы мені таңғалдырды. Екі тарап үшін де іскерлік байланыс орнатып, экономикалық, білім, мәдениет және туризм салалары бойынша қарымқатынасты нығайту тиімді деп есептеймін, – деді. Сонымен қатар, облыс басшысы өз сөзінде көршілес елдің облыс, аудан басшыларымен тіл табысу жеңіл екендігін айта келе, Белоруссиядағы халық саны облысымызбен шамалас өңірлермен туыстас болуға ниетті екендігін жеткізді. Өз кезегінде Владимир Кравцов әріптесіне қолдау білдіріп, сыртқы экономикалық ведомствоға тиісті құжаттарды дайындауды тапсырды. Кездесу аясында Гродно губернаторы мен облыс әкімі құрастырмалы өндіріспен айналысатын «Лидсельмаш» холдингінің филиалын құруға алдын ала келісім жасады. Мұнымен қоса, гроднолық ауыл шаруашылығы техникаларының көрме
павильонын, аяқ киім фабрикасының филиалын құру, жиһаздарын Жамбыл жеріне жеткізу мәселесі бойынша да пікір алмасты. Аймақ басшылары экономикалық, әріптестік жайын ғана қозғап қоймай, м о б и л ь д і к с ау а т т ы л ы қ , мәдени, әлеуметтік байланыс жайын да талқылады. – Біз мамандармен тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы
өнеркәсібі бойынша ғана емес, мәдени байланыстарды да нығайтуымыз керек. Сонымен бірге, көшпелі және сыртқы туризмді дамытуға да ниеттіміз. Біздің облысымыз арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Бізде екі мыңнан астам көне тарихи ескерткіштер бар. Сіздердің де тарихтарыңыз бай. Менің ойымша, біз осы салада да мықты байланыс орната аламыз. Мәдени
НАЗАРДАҒЫ НЫСАН
ЖАҢА
ТАРАЗ ХИМИЯЛЫҚ ПАРКІ
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Бүгінде ел аумағындағы алып құрылыстардың бірі, экономикалық маңызы зор мегажобаның бірегейі – «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы» болып отыр. Бұл – нәтижелілігі жоғары технология негізінде жаңа химия өндірісін қалыптастыру мақсатында құрылыс жұмыстары басталған еліміздегі оныншы еркін экономикалық аймақ. Шамамен 16-21 зауыттың шоғырына а й н а л а т ы н а л ы п ө н д і р і с ау д а н аумағында, Шу қаласынан он бес шақырым қашықтықта орналасқан. Құны 2 725 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба болашақта 2500 адамды жұмыспен қамтитын болады. Нақтырақ айтсақ, химиялық өндіріс жобасы 2023 жылы жүзеге асып, толық қуатында іске қосылады деп күтілуде. Ал әзірге келешек кәсіпорынның 505 гектар аумағының ішкі-сыртқы инфрақұрылымы жүргізілуде. Осы орайда, тегеурінді тірліктің бүгінгі жағдайы, жалпы жұмыс барысымен
байланыстарды да қарқынды дамытуға мүмкіндік зор, – деген Кәрім Көкірекбаев 2016 жылы Гроднодағы Жамбыл облысының мәдени күндерін, онан соң Гродно облысының Тараздағы мәдени күндерін өткізуді ұсынды. Ал Владимир Кравцов өз кезегінде әріптесін к е л е р ж ы л д ы ң м аус ы м а й ы н д а Гр о д н о д а ө т е т і н республикалық ұлттық мәдени іс-шараға қатысуға шақырды. Қос тарап та мұнымен қоса, авиатасымал мәселесін дамытуға қызығушылық танытты. Кәрім Нәсбекұлы Тараздан Гродно қаласына немесе Минскіге тікелей ұшу бағытын ұйымдастыру жағына көңіл бөлетінін айтты. Беларустардың шипажайларын қазақстандық туристердің пайдалануына мүмкіндік туғызу жағы да ұмыт қалмады. Облыс әкімі тынығу, с ау ы қ т ы р у қ ы з м е т т е р і н көрсету үшін тікелей келісімшарттарға қол қоюға дайын екендігін білдірді. Демек, екі ел арасында экономикалық қана емес, достық, туыстық байланыс нығая түспек.
«Ер еңбегімен елеулі, Ерлігімен таңдаулы» дейді қазақ. Бүгінгінің батыры, қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов жуырда ғана Мемлекет басшысының Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атанған күні ел болып мерейленсек, ғарышкер туған жері Талдықорған қаласына табан тіреген күні де жетісулықтардың тебіренісінде шек болмады. Өзінің кіндік қаны тамған, ондағы жас техниктер клубында көкжиекке алғашқы ұмтылыстары жасалған өлкеде жерлестерімен қауышқан қаһарман ұл сән-салтанаты жарасқан шаралардың басты қонағы болды. Айдын Айымбетовті туған топырағынан тосып алушылар әуежайға жиналып, ұшақтан түскеннен батыр ұлды ыстық ықыласпен, толассыз қошеметпен, айқара ашылған құшақпен қарсы алды. Алдымен облыс әкімі Амандық Баталов пен Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов қайсар ұлдың қадамына құт-береке тіледі. Содан соң ғарышкерді ортаға алған күтіп алушы салтанатты керуен «Жастар» спорт сарайына қарай ағылды. Онда халықтың аманатын арқалап, аспан әлемінен аман-есен оралған жүректі жерлестерін соншалықты ілтипатпен қарсы алған жұрттың қарасы қалың болды. Туған жердің төрінен орын алған қаһарман ұлға жерлестер атынан ізгі тілегін жеткізген Алматы облысының басшысы Амандық Баталов өз сөзін жүрекжарды құттықтау лебізімен өрбітті. – Туған қалаңызға, жер жаннаты Жетісуға қош келдіңіз! Сіз ғарышқа ұшқан сәтіңізде бүкіл ел, әсіресе, Жетісу халқы қатты қуанды. Көптің тілегі қабыл болып, аман-есен жерге оралдыңыз. Ұлы Дала елінің ұлан-асыр мақтанышына айналдыңыз, – деді А.Баталов. Сондай-ақ, аймақ басшысы оған Елбасының Жарлығымен жоғары награда – «Халық Қаһарманы» атағы табысталғанын, Айдынның ғарыш кеңістігінде оннан аса ғылыми-тәжірибелік сынақты сәтті жүргізгенін ескеріп, айбынды ұлдың ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болуға лайықты екенін айтты. Ол ғана емес, салтанатты шарада сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов өзінің тілегін жеткізе келе, Айдын Ақанұлына Талдықорған қаласының Құрметті азаматы атағы берілгенін хабарлады. Сонымен қатар, қала әкімі ғарышкерге жол талғамайтын су жаңа темір тұлпардың кілтін тапсырды. Жерлестерінің ықыласына бөленген қаһарман ғарышкер де өз жан толқынысын жасырып қала алмады. – Құрметті жерлестер! Менің ғарышқа сапарымның ойдағыдай болғаны бірінші кезекте Елбасының беделі мен қайраткерлігінің арқасында, содан кейін барша жерлестерімнің ізгі ниет, шынайы тілегінің нәтижесі екені анық. Барлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Алдағы уақыттарда «Қазғарышта» жұмысымды жалғастыра отырып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзімнің үлесімді қосуға және әлем алыптары қатарына қосылуы жолында бар білімім мен білігімді жұмсауға сөз беремін, – деді ағынан жарылған Айдын Айымбетов. Туған жеріне табан тіреген ғарышкер өзі білім алған №14 мектеп пен өзі сардарлық еткен №21751 әскери бөлімдерінде кездесу жиындарына қатысып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
таныстыру мақсатында «Тараз химиялық паркі» басқарушы компаниясының мұрындық болуымен республикалық, облыстық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтті. Басқарушы компания төрағасының орынбасары Николай Бакаев журналистер тобына жол көрсетіп, құрылыс аумағының кіреберісінен бастап, төңіректегі атқарылып жатқан жұмыстарды түгелдей таныстырды. « Та р а з х и м и я л ы қ п а р к і »
акционерлік қоғамымен арадағы келісімшартқа сәйкес, инфрақұрылым құрылысын «КАТЭК», «Өркен», «KazHiTechEuroBuilding», «ISS Engineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері қолға алған. Ұзындығы 5,8 шақырым болатын кіреберіс автомобиль жолының құрылысы мәресіне жетіпті. Бүгінде автомобиль және темір жолдарына қарасты екі көпір соғылуда. Бұл нысандар қазан айының соңына дейін аяқталуы
ықтимал. Зауыт аумағына тартылған 6,4 шақырым темір жол жұмысы 92 пайызға орындалып отыр. Николай Бакаевтың айтуынша, бұл темір жол желісі Тараз бен Шу қалалары аралығындағы 37-31 темір жол учаскесінен бастау алатын болады. Онда алдағы уақытта аумағы үш шақырым болатын екі кіреберіс жолы қамтылған станса бой көтереді. Автоматты газ тарату стансасының 9,75 шақырымдық магистральды газ құбыры желісі де сақадай сай әзір тұр. Сыртқы инфрақұрылымның тағы бірі магистральды су құбырының құрылыс жұмыстары 40 пайыз көлемінде жүргізіліп отыр. Әрқайсысы 35 шақырым болатын екі желіден тұратын бұл су жүйесі Тасөткел су қоймасынан бастау алмақ. Тиісті мердігерлер екі желіні қосқанда 70 шақырымды құрайтын жүйенің 50 шақырымына су құбырларын тартып, дайындық жүргізуде. Өндіріс орнына тартылған су құбырларының бірі ауызсуға, екіншісі өндірістік мақсаттағы қолданысқа
арналған. Аймақта су тазалау-өңдеу техникасы, сорғы стансасы іске қосылатын болады. Зауыттардан шыққан тұрмыстық және өндірістік қалдықтарға арналған тоғандардың орны әзірленіпті. БАҚ өкілдерімен болған экскурсия барысында Н.Бакаев өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға залал келтірмеуі мақсатында қолға алынған шаралары туралы да түсіндіріп өтті. Сыртқы электрмен жабдықтау жұмыстары да ақырғы сатысына жеткен. Шу ауданына қарасты Пс500 қосалқы стансасы зауытты электр энергиясымен қамтамасыз етеді. АЭА аумағына екі бірдей электр тарату желісі тартылған. Олардың әрқайсысының ұзындығы – 2,9 шақырым. Өндіріс аумағында ондағы барлық зауыттарға электр тарататын 220кВт-тық қосалқы стансаның құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымы нысандарының құрылысы екі кезең бойынша жүзеге
асады. Жұмыстың алғашқы кезеңінің жоспарына сай 2016 жылдың соңғы маусымында сыртқы инфрақұрылым түгел аяқталуы тиіс. Яғни 505 гектар жердің 208 гектарына тиесілі құрылыс жұмыстары мәреге жетпек. Ал екінші кезең қорытындысы 2018 жылдың тамызына жоспарланған. Шу ауданы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.