Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(абай).
а
біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос.
а һан д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
Жамбылда
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы
Меркі
Қордай
Бауыржан Момышұлы
№9 (18203), Сенбі, 23 қаңтар, 2016 жыл
орталық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ 2016 жылғы 20 наурыз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
нда жаһа
президент
Ұлт жоспары – зор тарихи мүмкіндік
Құмшекерді кәдеге жаратты
Химиктердің ойлап тапқан жаңа тәсілі бойынша ендігі жерде қалта телефондарының батареяларына кәдімгі қант пайдаланылатын болады. Ол литийден жасалған бұған дейінгі батареяларға қарағанда 3-4 есе ұзағырақ қызмет көрсетеді. Бұдан бұрын батареяны алкогольдік ішімдіктер және табиғи бензинмен зарядтауды ойлап тапқандар бар. Бұл тәжірибені химия саласының профессоры Шелли Майнтир басқарған.
С і зд і ң н а қ т ы с а й л ау у ч а с ке с і н і ң аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. 27 қаңтардан кешіктірмей, сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Егер Сіз өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз, Сіз 18 ақпаннан кешіктірмей, уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Өзіңіздің елді мекеніңізден тысқары жерге кететін жағдайда, Сіз 4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесінде алып, кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз. Бір елді мекеннің шегінде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктері берілмейді. 4 наурыздан бастап Сізге өзіңіздің сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі беріледі.
=Сингапур Ұшатын орындық ойлап тапты
Құрастырушылар экономкласс бизнес кластан кем болмайды дейді. Әрбір орындықта фильм көруге арналған экран болады. Ал басына қоятын жастық нейлон торынан жасалады. Бұл әдіс ұйықтауға пайдалы. Сингапурлық студент құрған «AirGo» орындықтар компаниясы эргономиялық кресло жасаумен айналысады. Компания Джеймс Дайсонның жобалауымен және инженерлік жабдықтауымен жасалған.
а ылд б м а ж
=тараз инженерлік-инфрақұрылым тартылды
Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.
Өтініштер 20 наурыз күнгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады. СІЗДЕРДІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Ғарышта гүл өсірді
Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) алғаш рет гүл өсіп шықты, деп хабарлады Twitter-де NASA астронавты Скотт Келли. «Иә, ғарышта басқа да тіршілік нысандары бар!» деп жазды өсіп шыққан жұлдызгүлдің фотосын орналастырған ол. Ғарышта ХҒС бортында өсімдіктер мен көкөністер өсіру эксперименті жүргізіліп келе жатқанына бір жылдан асты. =Испания
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Егер сайлау күні Сіз денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты, сондай-ақ сайлау учаскесі құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын ауданда болғандықтан, сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтініш жасауға құқылысыз.
=АҚШ
Е л б а с ы а к а д е м и к Ке н ж е ғ а л и Сағадиевті қабылдады. Кездесу барысында отандық ғылымды дамытудың маңызды мәселелері мен Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздің ғылыми жұртшылығы пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты. – Бүгінде бірде-бір сарапшы жағдайдың әрі қарай қалай дамитынын
және қалыптасқан ахуалдан шығудың жолдарын болжай алмайды. Еуропадағы, АҚШ-тағы, Қытайдағы ахуалға қатысты жекелеген пікірлер бар, бірақ ешкім тұтастай пайым жасай алмай отыр. Бұған қоса, бірқатар ел арасындағы санкциялық текетірес әлемдік сауда жүйесіне оң әсер етіп отырған жоқ. Терроризм қатері де назар аударуды қажет етеді, оған қарсы тек бірлескен ісқимыл арқылы күресуге болады. Біздің ғылыми-сарапшылық ортада осы сынқатерлерге қатысты негізделген пікір
болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті. К.Сағадиев ел ғалымдары өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін айта отырып, қазіргідей күрделі кезеңде қоғамға қызмет ету олар үшін кәсіби борыш екенін атап өтті. Сондай-ақ, академик Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары зор тарихи мүмкіндік екенін, оның әлеуеті барынша пайдаланылуы тиістігін айтты. Бұл үдеріске ғылымның ғана емес, республика жұртшылығының барша өкілдері белсене қатысқаны жөн.
Өткен жылы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту аясында «Бәйтерек» мөлтек ауданы мен «Арай» тұрғын алқабында құрылыс жұмыстары атқарылды. «Құмшағал» тұрғын алқабына қиыршық тас жол төсеу, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. =Байзақ қожалық табысы қомақты
«Достық-99» шаруа қожалығы (төрағасы Бөкембай Битабаров) өткен жылды табысты аяқтады. Қожалық жыл бойы 40 миллион теңгенің өнімін өндірген. 10 миллион теңге пайда тапқан қожалық алдағы көктемде қызылша алқабын 25 гектарға ұлғайтып, 50 гектар жерге жоңышқа егуді қолға алғалы отыр. =сарысу тау-кен кешенінің құрылысы жүргізілуде
Қазақстанда жасалған
Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. Бәреке
лді
!
республикалық байқауында №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы сымбат жұлдызбай жеңімпаз атанды Баймаханбет АХмет, «Ақ жол». Жамбылдық жеткіншектердің түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жатқаны аз емес. Солардың бірі – Тараз қаласындағы №47 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сымбат Жұлдызбай республикалық «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» байқауынан бас жүлдемен оралды. Алматы қаласында өткен қазақтың аяулы ақын қызының өлеңдерін оқу және өлеңдеріне жазылған әндерді орындау бойынша балалар мен жасөспірімдер байқауына еліміздің барлық өңірлерінен үміткерлер қатысыпты. Оның бір ғана «Көркем сөз» аталымы бойынша 300-ден астам бала өнер сайыстырған. Сымбаттың осы аталымда бағы жанды. Ол қолы бос кезде қазақ әдебиеті классиктерінің туындыларын оқиды, көңілінен шыққан өлеңдерді табанда жаттап та алады. Жеңімпаз қыздың тәрбиешісі Роза Көшербаева мен өзін осынау сынға дайындаған жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, облыстық драма театрының әртісі Құрақ Оразбаевқа айтар алғысы шексіз. – Әнші, әртіс аға-апаларым секілді болашақта менің де өнер жолына түскім келеді. Бұл сайыс жеке машығым мен тәжірибемді жетілдіруіме үлкен септігін тигізіп отыр. Ең басты жетістігім өзім тәрбиеленетін балалар үйі ұжымының сенімін ақтап шыққаным болды, – дейді С. Жұлдызбай қуаныштан жүзі бал-бұл жанып. Тараз қаласы.
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Елімізді бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосуда көлік саласын әлемдік жүйеге кіріктірудің маңызы орасан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде сала алдына тасымал мен оны басқаруды кезең-кезеңімен нарық негізіне көшіру арқылы еліміздегі темір жол желісін жаңарту, қозғалыс қауіпсіздігі, жеткізу мен қызмет көрсету шапшаңдығы жағынан әлемдік стандарттар талабына сәйкестендіру міндетін қойып отыр. Бұл бағытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында ауыз толтырып айтарлықтай шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Акционерлік қоғамда темір жол машина жасау саласы құрылып, ең соңғы үлгідегі тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушылар таситын вагондар ш ы ғ а р ы л уд а . Б ол ат жол ғ а ұзындығы 800 метр «мамық» рельстер төселуде. Мұның өзі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін және жылдамдығын арттырып, шығындар мен шуды азайтуға мүмкіндік беруде. Ортақ іске «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Луговой рельс д ә н е ке р л еу к ә с і п о р н ы д а қомақты үлесін қосуда. Луговой рельс дәнекерлеу зауыты сырттан жеткізілетін әртүрлі ұзындықтағы рельстерді түйістіріп, дәнекерлеп, 800 метр «мамық» рельс жасайды. Бұл жұмыс Украина және Ресейден әкелінген соңғы үлгідегі 7 қондырғыда жүзеге асырылады. Әрбір жасалған тауар қатаң тексеруден өткізіледі. Мамандар
луговойдың «мамық» рельсі
сынақтан өткізілген өнімді тапсырыс берушілерге арнайы көлікпен жеткізіп береді. Зауыт жылына 300 шақырым рельс дәнекерлеуі тиіс. Тапсырма жыл сайын артығымен орындалып
шығаратын зауыт іске қосылды. Зауыт былтырдан бері оны осы жерден жеткізуде. Мұның өзі уақытты үнемдеп, жол шығынын едәуір қысқартуға м ү м к і н д і к б е р уд е . Қ а з і р
Қора лас баевтың е сімдерін ерекше атап өткен жөн. – Әлемдік қаржы дағдарысы бізге де кері әсерін тигізбей жатқан жоқ. Соған қармастан, қолда бар резервтеріміз бен
« Е в р о Х и м - Ты ң а й т қ ы ш » к о м п а н и я с ы Жаңатаста тау-кен кешенінің бірінші кезектегі құрылысын жүргізуде. Салынатын инвестиция көлемі 97,8 миллиард теңге болса, осы уақытқа дейін 16,2 миллиард теңге қаражаты салынды. 2013 жылдан бері 265,0 мың тонна руда өндірілді.
өңірлік коммуникация қызметі
ЖАҢА КОДЕКС ТҮСІНДІРІЛДІ Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
келеді. Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында өткен жылдың қ о р ы т ы н д ы с ы н д а т ау а р айналымы 1 миллиард 100 миллион теңгені құраған. Бұл жоспардағыдан 154 миллион теңгеге артық. Мұның өзі облыс аумағындағы болат жолдың 80 пайызына ұзындығы 800 метрлік рельс төсеуге мүмкіндік берген. Жаңартудың нәтижесінде өндірістік шығындар да едәуір азайған. Бұрын кәсіпорын дәнекерлеу үшін шикізатты Ре с ейден әкелетін. Өткен жылы Ақтөбеде ұзындығы 120 мет р рельс
мұнда қазақстандық үлес 100 пайызды құрайды. Белгіленген тапсырманы асыра орындау жаңа жұмыс орындарын құруға игі ықпалын тигізуде. Зауытта соңғы екі жылда 50 жаңа жұмыс орны құрылған. Жұмысшылардың орт аша айлық жалақысы – 120 мың теңге. Кәсіпорында 298 адам жұмыс істейді. Білікті мамандар әрдайым өз істеріне жауап кершілікпен қарап, ақауға жол бермеуге күш салады. Олардың арасында бас механик Жанатбек Б е с п а е в , ш е бе р Ме р к і бе к Ақылов және машинист Ораз
мүмкіндіктерімізді сарқа пайдаланып, бірде-бір маманымызды қысқартпауға, белгіленген тапсырманы асыра орынд ауға күш салудамыз. Өндірістік шығынд арымызды қысқарту үшін бірнеше и н н о ва ц и я л ы қ жо б а л а рд ы жүзеге асыру көзделуде, – дейді Құрметті теміржолшы, облыстық м ә с л и х а т т ы ң д е п у т а т ы , Т. Р ы с қ ұ л о в а у д а н ы н ы ң Құрметті азаматы, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры Қайрат Терлікбаев.
Т.Рысқұлов ауданы.
Өткен жылдың 31 қазанында Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексіне қол қойған болатын. Елбасының айтуынша, заңнама аясында барлық заманауи негізгі құқықтардың институттары қамтылған. Сонымен қатар, онда құқықтық жұмысымызды әлемдік озық стандарттар деңгейіне жеткізетін елеулі өзгерістер енгізілген. Жаңа кодекс жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Осыған орай өңірлік коммуникация қызметінде «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру барысы туралы» брифинг өтті. Онда облыстық соттың судьясы Ардақ Әкетаев жаңа кодекстегі өзгерістерді журналистерге жан-жақты түсіндірді. Жалпы, ескі Азаматтық процестік кодекс 1999 жылы қабылданып, осыған дейін оған 50 реттен астам өзгеріс енгізіліпті. Кейінгі үш жылдың өзінде өзгерістер енгізу туралы 20 заң қабылданған. Сондықтан жаңа редакцияны әзірлеу қажеттігі туындаған. Жаңа кодекстегі ең түбегейлі өзгеріс, біріншіден, Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды жүйеге көшті. Аудандық соттар – бірінші саты, облыстық сот – апелляция, Жоғарғы сот – кассация. Екіншіден, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі енгізілді. Сол арқылы еліміздің жаңа жағдайда экономикалық даму үшін маңызды рөл атқаратын инвестициялық тартымдылығы арта түседі. Үшіншіден, азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып, соттың жұмысы ел үшін жариялы болады. Бұдан бөлек, татуластыру, яғни, медиацияның және сотқа дейін реттеу шарасын қолдану аясы кеңейеді, нәтижесінде сот жүйесіне жүктеме төмендейді. Ал, ең бастысы, дауды шешу мерзімі қысқарады. Мұнымен қоса, азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокурордың қатысуы азаяды. Іс жүргізудің жеңілдетілген түрі кеңінен қолданылады. Соттардың қарауындағы істер оңтайландырылады. Жаңа кодекс 55 тараудан, 505 баптан тұрады. Ал қолданыста болған кодекс 46 тараудан, 450 баптан құралған болатын.