22 наурыз 2016 ж пдф

Page 1

ОСЫНАУ ІЗГІ МЕРЕКЕ ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ШАРАСЫМЕН ҚАТАР КЕЛДІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БІР ҮЙДІҢ БАЛАСЫНДАЙ ТҰТАСТЫҒЫН КӨРСЕТТІ. ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ОСЫ БІРЛІГІ МЫЗҒЫМАЙТЫН БОЛСЫН. БІЗДІҢ ЖАСАП ЖАТҚАНЫМЫЗДЫҢ БӘРІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КЕЙІНГІ ҰРПАҒЫНА МҰРА БОЛЫП ҚАЛАДЫ. БІЗДІҢ БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН ЖОЛЫМЫЗ ЗОР ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ИГІЛІКТЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАРҚЫРАП ТҰРАТЫН БОЛСЫН. БАРША ТАБИҒАТ ЖАҢАРҒАН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ АДАМДАР ӘРДАЙЫМ БІРБІРІНЕ ДЕГЕН ӨКПЕ-РЕНІШІН КЕШІРГЕН, МҰҚТАЖДАРҒА КӨМЕКТЕСКЕН, БАҚЫТ ТІЛЕП, АҒАШ ОТЫРҒЫЗҒАН ЖӘНЕ БҰЛАҚ КӨЗІН АШҚАН. ХАЛЫҚ БҰЛ КҮНІ ТІЛЕГЕН ТІЛЕКТЕР МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОРЫНДАЛАТЫНЫН АЙТАДЫ. МЕН ӘРБІР ШАҢЫРАҚҚА БАҚЫТ, ШАТТЫҚ ШУАҒЫН ЖӘНЕ БАР ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ТІЛЕЙМІН.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

МЕЗЕТІ ОСЫ АСЫП-ТАСАР ЫРЫСТЫҢ, ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫСТЫҢ! БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

(АБАЙ).

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№33-34 (18227-18228), Сейсенбі, 22 наурыз, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

АҚ МОЛ БОЛСЫН, ӘЛЕУМЕТ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЛАРЫНДА ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ДАУЫС БЕРДІ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ЕЛОРДАДАҒЫ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН № 81 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ КЕЛІП, ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ. ЕЛБАСЫ ДАУЫС БЕРІП БОЛҒАН СОҢ, ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ АЛДЫНДА ӨЗ ПІКІРІН БІЛДІРДІ. (Парламент Мəжілісі мен мəслихаттар депутаттарының сайлауы жайлы топтаманы 2-3-4 беттерден оқисыздар).

М ЕР Е КЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫ Н!

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сан жылдар бойы сабақтастығын үзбеген əз Наурыздың қазақстандықтар үшін орны бөлек. Наурыз ата-бабаларымыздың ұлы мұрасын, салтдəстүрін бағалауға, бірлік пен берекені сақтау үшін игі істер жасауға мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев атап өткендей, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған». Бұл күні барша адамдар бірін-бірі ұлықтап, құрметтейді, жоқ-жітікке, жалғызілікті адамдарға имандылық дəстүрімен қайырымдылық көмектер көрсетеді. Бүгінде Наурыз мейрамы Шығыс халықтарының ғана емес, Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың төл мерекесіне айналып отыр. Биыл Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығы. Біз үшін Тəуелсіздіктен асқан мұрат, Мəңгілік Елден асқан мақсат жоқ. Ұлт Көшбасшысы ұсынған осы жолда ата-бабаларымыздың арманын жалғап, əлемдегі ең ірі дамыған отыз елдің қатарына кіру жолында жамбылдықтардың да еңбегі зор. Облысымыздың əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл санап көтеріліп келеді. Аймақта бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау мен білім беру сияқты əлеуметтік салаларға баса назар аударылуда. Ең бастысы – қоғамымызда тұрақтылық пен келісім сақталынып отыр. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Бірлік пен тұрақтылықты нығайта түсіп, Елбасы Стратегиясы мен Ұлт жоспарын іске асыруда Жамбыл жұртшылығы аянбай еңбек етеді деген сенімдеміз. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Əрбір шаңыраққа бақ-береке, амандық-саулық тілеймін! Биылғы жыл баршаңызға бақыт əкелсін!

ЖЫР-ЖӘДІГЕР

ҰЛЫ КҮН Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ, БАЙ ШЫҒАДЫ БАЛБЫРАП. ҚАСЫНДА ЖАС ЖЕТКІНШЕК, ТҰЛЫМШАҒЫ САЛБЫРАП. КЕЛІНШЕК ШЫҒАР КЕРІЛІП, СӘУКЕЛЕСІ САУДЫРАП.

САЙЛАУ – 2016

БАТЫР АНАНЫҢ ДАУСЫ

Наурыздан соң қыс болмас, Мизамнан соң жаз болмас.

ҚЫЗ ШЫҒАДЫ ҚЫЛМИЫП, ЕКІ КӨЗІ ЖАУДЫРАП. БОЗБАЛА ШЫҒАР БҰРҚЫРАП, АҚБӨКЕНДЕЙ СЫРҚЫРАП. ҚҰЛ ҚҰТЫЛАР ҚҰРЫҚТАН, КҮҢ ҚҰТЫЛАР СЫРЫҚТАН. КЕТІК ЫДЫС, ШӨМІШТІҢ, ТҮТІНІ ШЫҒАР БҰРҚЫРАП.

Ж

УШ АЗ

ҮР Ж Ы

Ы РЫП Ш А Ж ЕГІН

Қ Қ А Н С ӨЗ

САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ ЕРІГЕН КҮН Арғынбай БЕКБОСЫН, жазушы.

Тоқсан сегіз жасқа келген Еңбек Ері Мəрзия Ибрагимова Байзақ ауданы, Қызыл жұлдыз ауылындағы №122 сайлау учаскесіне келіп кемел келешегіміз үшін дауыс берді.

Шамамен төрт мың ж ы л д а й уа қ ы т т а н бе р і қалыптасып, Шығыс халықтарының талайыныңақ санасына əбден сіңісті болған түсінік бойынша əз Наурыз – күн мен түн теңелетін, жер-жаһан қайта түлеп, жан-жануарлар төлдеп, адамның аузы аққа тиетін, адал, ақ ниетті қауымдарға құт-береке əкеліп, ынтымақ-бірлігін бекемдей түсуге тиіс, мына жарық дүниедегі адамзатқа тиесілі, пешенесіне жазылған мерзімнің кезекті жаңа жылы басталатын күн. Жерананың өн бойын босатып, бусантып, ондағы тіршілік атаулыны дүр еткізе жаңа белге көтергелі келетін ұлық мереке – Ұлыстың ұлы күні əлемнің талай-талай ұлт-ұлысына, оның ішінде, əсіресе өзіміздің түбі түркі бауырларымызға, көршілес, діндес парсы тұқымдас халықтарға ежелден ортақ, етене. (Жалғасы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.