ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №107 (17964), Сейсенбі, 22 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
БАЛАЛАР ЖАЗЫ КӨҢІЛДІ
«БӘЙТЕРЕКТЕГІ» БАҚЫТТЫ ШАҚ БҮГІНДЕ БАЛА БІТКЕН «ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП», АЛАҢСЫЗ АСЫР САЛЫП ЖҮР. ЖАЗДЫҢ АПТАП ЫСТЫҒЫНДА САЛҚЫН ДА САЯЛЫ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН ОРНЫ ЕРЕКШЕ. ЖАЛПЫ ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛУ КЕЗЕҢІ 1 МАУСЫМНАН БАСТАЛЫП, ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ 10 САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ 9-Ы БАЛАЛАРДЫҢ ШАТШАДЫМАН КҮЛКІСІНЕ БӨЛЕНГЕНДІ. ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ОСЫНДАЙ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЬЛЕРІНДЕ 1994 БАЛА ДЕМАЛЫП ЖҮРСЕ, 15 МЫҢҒА ЖУЫҒЫ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ БІР МЕЗГІЛДІК ЫСТЫҚ АС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ДЕМАЛЫС АЛАҢДАРЫНДА, ОДАН БӨЛЕК 35 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЕҢБЕК, СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА БОС УАҚЫТТАРЫН ТИІМДІ ӨТКІЗДІ. БІЗ ОСЫ РЕТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚЫЗЫҚТЫ ЕТІП ӨТКІЗУДІ БАСТАП КЕТКЕН ЖЕКЕ МЕНШІКТЕГІ «БӘЙТЕРЕК» БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА БАРЫП ҚАЙТҚАН ЕДІК.
Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол». Лагерь Байзақ ауданы аумағына орналасқан. Жасыл желегі де мол. Қос қабатты еңселі де жарық ғимараттары, арнайы би залы, медициналық бөлігі, ойын алаңдары мен мәдени шараларды өткізуге арналған сахнасы да бар. Бес мезгіл тамақ берілетін асханалары да мейрамхана үлгісінде бой түзепті. «Бұл демалыс-сауықтыру орны былтыр ғана ашылған. Мұнда балалардың жазғы демалысын есте қаларлықтай етіп өткізуі үшін барлық жағдай жасалынған. Тендерде ұтып алу шартына сәйкес, бүгінде мемлекет қаржысы есебінен
мұнда облыстағы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің – 136, В.Савва атындағы мектепинтернатының 69 тәрбиеленушісі және Меркі ауданының көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларының 100 баласы демалуда» дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева. Жалпы мұнда балалардың мәнді демалысы жеті ауысым бойынша үздіксіз жүргізіледі. Әр кезеңдегі 9 топқа жеке-жеке екі тәрбиешіден бекітілген. Солардың бірі – лагерьдің аға тәлімгері Ақсәуле Кәрімбекованы әңгімеге тарттық. «Мұнда түрлі қызықты шаралар, түрлі байқаулар көптеп ұйымдастырылады. Лагерь
ОТЫЗ
КҮН ОРАЗА (25-ШІ КҮН)
l БАЙЗАҚ Байзақ баба мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов сауат ашу курсын тәмамдаған 50 жеткіншекке ынталандыру сыйлықтарын табыс етті. Талапкерлердің 20-сы Құран сүрелерін мәнерлеп оқу және жатқа айтудан сынға түсті. Солардың ішінде Н. Киікбаев атындағы мектептің оқушысы Әбдінұр Болатжан 21 сүрені, ал, Нұрсұлтан Әзімбаев 18 сүрені жатқа айтты. Қос талапкерге жаңа велосипед табыс етілді.
Бірлік ауылында 70-ке жуық ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берілді. Қариялар мен ақ жаулықты аналар қасиетті айда игі тілек тілеп, баталарын берді. Бұл игі шара Бірлік округінің әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы ұйымының мұрындық болуымен өтті.
l Т. РЫСҚҰЛОВ Аудан аумағында 4 кірпіш зауыты уақытпен санаспай еңбек етуде. Оларда 200-ге тарта адам тер төгуде. Қайыңды ауылының маңындағы «Wһit Brick Cһ.R» компания» ЖШС айына 150 мың дана кірпіш шығаруда. Онда ауылдың жұмыссыз 32 азаматы еңбек етіп, айына 70-80 мың теңге жалақы табуда.
l ТАЛАС Қаратау қаласында жаңа спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ресейлік компания «Еурохим-тыңайтқыш» ЖШС-ның демеушілігімен тұрғызылып жатқан кешеннің құрылысын «КеруенСервис» ЖШС атқаруда. Құны 229 миллион теңгеге бағаланған құрылыста жүздеген жергілікті құрылысшылар еңбек етуде.
ойындар ойнасақ, келесі күні керемет байқауға қатысамыз», – деп бізге лагерьден алған әсері жөнінде әңгімелеп берді. Қалай десек те, дәл қазiр балалардың нағыз рахатқа кенелетiн кезi. Лагерьдегiлер отрядтарға бөлiнiп, күн сайын түрлi ойын-сауық iс-шараларын өткiзiп, табиғат аясында серуендеп жүр. Әрине, мүмкіндік болса баланың осындай тұмса табиғат аясында демалғаны қандай жақсы?! Баланың күмiс күлкiсi мен шаттығына не жетсiн! Байзақ ауданы. Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.
l ШУ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдың сәуір айында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі арқылы 7 әлеуметтік жоба ұсынылған болатын. Бұл ретте, «Эко-табиғат» қоғамдық бірлестігі «Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғауға тікелей қатысу – жарқын болашақтың бірден-бір кепілі екендігін ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау» атты тақырыптағы әлеуметтік жобаны иеленген. Аталмыш жоба негізінде бірлестік ҮЕҰ, аға буын өкілдері және жастардың қатысуымен «Бір тал кессең, он тал ек» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
СУБСИДИЯ, СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ...
ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ КЕРЕК ЕМЕС ПЕ? Еліміздің ауылшаруашылығы саласын қолдау мақсатында жыл сайын мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлінеді. Сол қаржылай қолдаулар мен субсидиялар облыс көлемінде қаншалықты игерілуде? Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің төрағалығымен өткен аппарат жиынының алғашқы мәселесі осыған арналды. Ауылшаруашылығына арналған қаржылай
қолдаулар мен субсидияларды игеру барысы туралы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары З.Өмірәлиев хабарлама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы облыстың ауылшаруашылығын өркендетуге 5 миллиард 820 миллион теңге бөлінсе, биылғы жылы бұл мақсатқа 592,2 миллион теңге қаражат артығымен қарастырылыпты. Яғни, биылғы жылға ауылшаруашылығын дамыту саласына 6 миллиард 412,2 миллион теңге бөлініп отыр. Хабарламашы мақсатты қаржының игерілу барысын да тарқатып айтты. Мәселен, ағымдағы жылдың алты айында 2 миллиард 16 миллион теңгені игеру жоспарланған. Олардың нақты игерілгені 2 миллиард 13 миллион теңге. Бұл 99,8 пайызды құрайды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
БИЫЛ 4 МЕКТЕП, 7 БАЛАБАҚША, 1 КОЛЛЕДЖ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Сумен ойнама - батарсың, Отпен ойнама - күйерсің.
қарастырылған 372 миллион 383 мың теңге толығымен игерілген. Зиятхан Смағұлұлы «Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының игерілуі Шу ауданында небәрі – 2,2, Мойынқұм ауданында – 8,6, Байзақ ауданында 30 пайызды құрап отырғанын, бұл көрсеткіштер облыстық орташа көрсеткіштен едәуір төмен екендігін алға тартты.
АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
ЕРТЕҢГІ БОЛАТЫН ҚАДІР ТҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН! АЛЛА ІСТЕГЕН ҚАЙЫРЛЫ ІСТЕРІМІЗГЕ ЕСЕЛЕП САУАПТАН ЖАЗСЫН!
Өткен жексенбіде Тараздағы Бурыл мал базарында шөп саудасы қызды. Негізінен Байзақ және Жамбыл ауданының шөпшілері 100-ге тарта ауылшаруашылығы техникаларымен шөп әкелді. Жоңышқаның әр түгі – 600-630 теңге, пішен – 400-430 теңгеден өткерілді.
l МОЙЫНҚҰМ
деген бала үшін өте қызық қой. Мұнда бала жаңа достар табады, қызықты ойындар үйренеді, еңбекке араласады. Біз әр күнді арнайы белгілеп, мереке түрінде өткіземіз. Бүгінгі күн «Жақсы қарым-қатынас күні» деп аталады», – деді ол. Балалардың дені би билегенді ұнатады екен. «Кешке би ұйымдастырылады» дегенде жан-жақтан жамырай шу ете қалғанынан осыны аңғардық. Меркіден келген Аяна Жақсыбаева есімді оқушы қыз да бұл өнерді жанындай жақсы көретін болып шықты. Ол да: «Бәйтерекке» демалуға бірінші рет келіп тұрмын. Көптеген достар таптым. Маған бұл жердің әр күні қызықты өтуде. Бір күні қызықты
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».
ҚАДІР ТҮНІНІҢ МЫҢ АЙДАН АРТЫҚ ЕКЕНДІГІ ҚАДІР СҮРЕСІНДЕ АШЫҚ БАЯН ЕТІЛГЕН. ОСЫ ТҮНІ ЖАСАҒАН ҚҰЛШЫЛЫҚТАРЫМЫЗ 83 ЖЫЛ ЖАСАЛҒАН МІНӘЖӘТТІҢ САУАБЫНА ТАТИДЫ. АЛ, БҰЛ ТҮНДІ ЖІБЕРІП АЛҒАН КІСІ КӨП НӘРСЕДЕН МАҚҰРЫМ ҚАЛАДЫ ДЕЙДІ АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.А.У.): «РАМАЗАН АЙЫНДА МЫҢ АЙДАН АРТЫҚ БІР ТҮН БАР. КІМ ОНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫНАН МАҚҰРЫМ ҚАЛҒАН БОЛСА, ШЫН МӘНІСІНДЕ (КӨП НӘРСЕДЕН) МАҚҰРЫМ ҚАЛҒАНЫ[1]. БҰЛ ТҮННІҢ “ҚАДІР ТҮНІ” ДЕП АТАЛУЫНЫҢ ЕКІ МӘНІ БАР: БІРІНШІСІ - АДАМДАРДЫҢ КЕЛЕСІ ЖЫЛҒЫ ӨМІРІ МЕН ӨЛІМІ, РИЗЫҚНЕСІБЕСІ, ТАҒДЫРЫ БЕЛГІЛЕНЕТІН ТҮН. ЕКІНШІСІ - ҚАДІРЛІ, ҚАСИЕТТІ, ҰЛЫҚ ТҮН. МЫҢ АЙДАН АРТЫҚ БҰЛ ТҮН - ӨЗГЕ ТҮНДЕРДЕН ҚАДІРІ АСҚАҚ, ОЛАРДАН ҰЛЫҚ, БЕРЕКЕСІ МОЛ. СОЛ СЕБЕПТІ ДЕ «ҚАДІР-ҚАСИЕТІ МОЛ ТҮН» ДЕГЕН АТАУҒА ИЕ. БІРІНШІ МӘНІ ЖАЙЫНДА САХАБА АБДУЛЛА ИБН АББАСТЫҢ (Р.А.): «ҚАДІР ТҮНІНДЕ - СОЛ ЖЫЛҒЫ ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ, РИЗЫҚНЕСІБЕ, ӨМІРДІҢ МӨЛШЕРІ ТАҒДЫРҒА ЖАЗЫЛАДЫ (ЛАУХУЛ МАХФУЗ). ТІПТІ, «ПӘЛЕНШЕ ОСЫ ЖЫЛЫ ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРАДЫ» ДЕП ҚАЖЫЛЫҚҚА КІМНІҢ БАРАТЫНЫН ДА ЖАЗЫП ҚОЯДЫ», - ДЕГЕНДІГІ ТӘПСІР КІТАПТАРЫНДА КЕЛТІРІЛЕДІ. СОНДАЙ-АҚ, ХАСАН, МҮЖӘҺИД ЖӘНЕ ҚАТӘДӘ ДА:«ҚАДІР ТҮНІ СОЛ ЖЫЛЫ БОЛАТЫН БАРЛЫҚ ІСТЕР, НЕНІҢ ЖАРАТЫЛАТЫНЫ, ҚАНШАЛЫҚТЫ РИЗЫҚ-НЕСІБЕ БЕРІЛЕТІНІ, ӨМІР СҮРУ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНЕДІ», - ДЕП ОТЫР[2]. СОНДАЙ-АҚ, ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗ “ДУХАН” СҮРЕСІНДЕ: «БІЗ ОЛ ҚҰРАНДЫ БЕРЕКЕЛІ ТҮНІ ТҮСІРДІК», - ДЕЙ КЕЛЕ ҚАДІР ТҮНІНІҢ БЕРЕКЕЛДІЛІГІН БАСЫП АЙТСА, АРЫ ҚАРАЙҒЫ АЯТТА: «ЖӘНЕ СОЛ ТҮНІ БАРЛЫҚ ДАНА ІСТЕР БЕЛГІЛЕНЕДІ», - ДЕЙ КЕЛЕ ҚАДІР ТҮНІНІҢ АТАЛМЫШ ЕКІ МАҒЫНАНЫ ДА ҚАМТИТЫНЫНА НАЗАР АУДАРТЫП ТҰР[3]. ЕНДІ ОСЫ БЕРЕКЕЛІ ТҮННІҢ САУАБЫНАН МАҚҰРЫМ ҚАЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕГЕН ДҰРЫС, ҚАЛАЙ ӨТКІЗГЕН АБЗАЛ? БҰЛ ТҮНІ ЖАСАЛУЫ ТИІС САУАПТЫ ІСТЕРДІ БЫЛАЙША ТІЗБЕКТЕУГЕ БОЛАДЫ: 1. НАМАЗ ОҚУ: ТӘҺӘДЖҮД НАМАЗЫН, ҚАЗА НАМАЗДАРЫН, ТҮРЛІ НӘПІЛ НАМАЗДАРДЫ ОҚЫҒАН ДҰРЫС. АРДАҚТЫ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.А.У.): «КІМДЕ-КІМ ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІНЕ СЕНІП, ОНДАҒЫ САУАБЫНА КЕНЕЛЕМІН ДЕГЕН МАҚСАТПЕН НАМАЗ ОҚЫСА, ОНДА ОНЫҢ ӨТКЕН КҮНӘЛАРЫ КЕШІРІЛЕДІ»[4], - ДЕГЕН. 2. ҚҰРАН ОҚУ. 3. АЛЛАДАН КЕШІРІМ ТІЛЕП, ОДАН ДҮНИЕ-АҚЫРЕТІМІЗГЕ ПАЙДАСЫ ТИЕР НӘРСЕЛЕРДІ СҰРАУ. АЙША (Р.А.) АНАМЫЗ АЛЛА ЕЛШІСІНЕН (С.А.У.): «ЕГЕР ҚАДІР ТҮНІНЕ ДӘЛ ТҮССЕМ, ОНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА АЙТАЙЫН», - ДЕП СҰРАЙДЫ. ОҒАН (Р.А.) ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.А.У.): «МЫНА ДҰҒАНЫ ОҚЫ: «АЛЛАҺУММӘ ИННӘКӘ ҒАФУУН ТУХИББУЛ ҒАФУӘ, ФАҒФУ ҒАННИ» ,- ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ. МАҒЫНАСЫ: «УӘ, ЖАРАТУШЫМ! ШЫНЫНДА СЕН ЖАРЫЛҚАУДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕСІҢ. МЕНІ ЖАРЫЛҚАЙ ГӨР». 4. ДҰҒАМЫЗДЫҢ АРАСЫНДА: ЕЛІМІЗГЕ АМАНДЫҚ, ЖҰРТЫМЫЗҒА ТЫНЫШТЫҚ, ИМАН ТІЛЕУДІ ДЕ ҰМЫТПАҒАНЫМЫЗ ЖӨН. СОНДАЙ-АҚ, ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНДЕ ЖӘБІР КӨРІП ЖАТҚАН МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА АЛЛАДАН ЖӘРДЕМ СҰРАЙЫҚ.5. ПІКІРЛЕУ. АЛЛАНЫҢ ҰЛЫҚТЫҒЫ, ИСЛАМНЫҢ ҰЛЫҚТЫҒЫ, ҚҰРАННЫҢ ҰЛЫҚТЫҒЫНА ОЙ ЖҮГІРТУ. АЙТЫЛҒАН УАҒЫЗ-НАСИХАТТАРДЫ КӨКЕЙГЕ ТҮЮ. 6. «СУБХАНАЛЛАҺИ УӘ БИХАМДИҺИ, СУБХАНАЛЛАХИЛ ҒАЗИМ», «АСТАҒФИРУЛЛА», «ӘЛХАМДУЛИЛЛА», «АЛЛАҺУ ӘКБӘР», «ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛАЛЛАҺ» СЫНДЫ ЗІКІРЛЕРДІ КӨБІРЕК АЙТУ.
l ТАРАЗ
ЕЛ МЕН ЕС
(Жалғасы 2-бетте).
Л ! БЫ ЫЗ А Д АМ Ғ ҚА
«АРҒЫМАҚҚА» МІНДІМ ДЕП, АҚЫЛ-ЕСТЕН АДАСПА!
Н А Н Ң А Т А АРАҚ . ! ? А П С А ҚАЛҒАН
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». Биылғы жылдың соңына дейін облысымызда 12 білім нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Оның 85 пайызы тамыз айының ішінде жаңа оқу жылына сақадай-сай болуы тиіс. Өткен аптадағы аппараттық кеңесте облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков облыстық білім, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары мен аудан әкімдеріне осындай тапсырма берген болатын. Қазір нысандардағы жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жалпы, ағымдағы жылы өңірде жаңадан соғылған үш бірдей білім нысаны есігін айқара ашты. Атап айтқанда, Жамбыл ауданының Түрксіб ауылындағы 280 орындық балабақша, Шу ауданының Бәйдібек ауылындағы М.Мәметова атындағы 150 орындық және Қордай ауданының Кенен ауылындағы 600 орындық №42 орта мектептері жас өрендердің шаттығын шалқытып, мерейін тасытты. Еліміздің экономикалық әлеуеті артқан сайын жаңа нысандардың да қатары көбеюде. Бүгінде облыста 27 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Соның 12-сі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Олардың қатарында 4 мектеп, 7 балабақша, 1 колледж бар. Ал, келесі жылы 15 білім нысаны, яғни 11 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға берілмек. Айрықша атап өтерлігі, алғашқы кезекте апатты жағдайдағы мектептердің ахуалы түзелуде. Облыста апатты жағдайда деп танылған 23 мектеп бар екен. Биыл олардың қатары үшеуге азаяды. Қордай ауданының Алға ауылындағы 180 орындық, Шу ауданының Сауытбек ауылындағы 150 орындық орта мектептер мен Жамбыл ауданының Жаңаөткел ауылындағы 50 орындық бастауыш мектебінің құрылыстары биыл аяқталады. Алдағы жылы пайдалануға берілуі жоспарланып отырған 11 мектеп те апатты жағдайдағы нысандардың орнын алмастырады. Сол сияқты 1 мектеп 2014-2015 оқу жылында қайта құрылады. – Қайта құрылатын мектеп Талас ауданында орналасқан. Көктөбе ауылындағы бұл Б.Әлменұлы атындағы орта мектеп бастауыш мектепке айналады. Мектеп негізінен екі ғимараттан тұрады. Оның біреуі апатты жағдайда. Бастауыш сыныптағы оқушылар екінші ғимаратта оқытылады. Ал, 5-11 сыныптағы 35 оқушы 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан Ойық ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепке тасымалданады. Қалған 8 мектептің мәселесі 2016-2017 жылдары кезең-кезеңімен шешіледі деп жоспарлануда. Оның ішінде 5 мектептің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Қалған үшеуінің де ЖСҚ дайындауға қаржы қарастырылуда, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ерік Есмаханов.
Халық мақалы.
. ҰНДЫ МЕН Қ Ы ОҒАН Ы У Л А НДАР РЫНД ЗАҢ О ТАРАЗ ТҰРҒЫ ПАЙ ОТЫР Т , А Ы АЛАЙД ЫНЫС ТАН ҚҰЛШ
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
19 ШІЛДЕ КҮНІ САҒАТ 16.00-ДЕ «ТАРАЗ-АҚКӨЛ-ҮШАРАЛ» КӨЛІК ЖОЛЫНЫҢ 34 ШАҚЫРЫМЫНДА «КАМАЗ-5511» МАРКАЛЫ ЖҮК КӨЛІГІ ВАЗ-2106 АВТОКӨЛІГІМЕН СОҚТЫҒЫСТЫ. ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫНАН «ЖИГУЛИДІҢ» ЖҮРГІЗУШІСІ МЕН ІШІНДЕГІ ТӨРТ ЖОЛАУШЫСЫ ОҚИҒА ОРНЫНДА БІРДЕН ЖАН ТӘСІЛІМ ЕТТІ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ТИІСТІ ОРЫНДАР ТАРАПЫНАН АПАТ САЛДАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША АВТОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СОТ МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕРГЕН РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ ОСЫНДАЙ. (Жалғасы 2-бетте).
ЕГЕМЕНДІГІН БАЯНДЫ ЕТІП, ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА КӨШТІҢ БЕТІН ТҮЗЕГЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА АТАП КӨРСЕТІЛГЕНДЕЙ САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ОРНЫҒУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮДЕРІСІНДЕ ТАҒЫ БІР КЕЛЕЛІ ҚАДАМ ЖАСАДЫ. РЕСПУБЛИКА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2014 ЖЫЛДЫҢ 18 МАУСЫМЫ КҮНІ «ЭТИЛ СПИРТІ МЕН АЛКОГОЛЬ ӨНІМІНІҢ ӨНДІРІЛУІН ЖӘНЕ АЙНАЛЫМЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1999 ЖЫЛҒЫ 16 ШІЛДЕДЕГІ № 429-1 ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕ ӨЗ ТАПСЫРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЕЛ ҮКІМЕТІ ЖАН-ЖАҚТЫ ЕКШЕП, ТАРАЗЫЛАП ҰСЫНҒАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ МЕН СЕНАТЫ ТАЛҚЫЛАП ҚАБЫЛДАҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ № 210-V ЗАҢЫН БЕКІТКЕНДІГІ СОНЫҢ БІР НАҚТЫЛЫ АЙҒАҒЫ ІСПЕТТІ. АЛ, АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ 13-І КҮНІ АТАЛҒАН ҚҰЖАТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНІП, ЗАҢНАМА АЯСЫНДА ҚОЛДАНЫСҚА ЖЕГІЛУІ ЕЛІМІЗДІҢ ҚОҒАМДЫ КЕЛЕҢСІЗДІК КӨРІНІСТЕРІНЕН АРЫЛТУДЫ ДІТТЕГЕН НИЕТ-ТІЛЕГІНЕ ЖЕТЕР СӘТІН ЖАҚЫНДАТА ТҮСКЕНДЕЙ. (Жалғасы 6-бетте).