Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са Сары С а ары ры ыс су у ауданы ау ауд ауда а уда уда дан ны ы
Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ын а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№21 (18215), Сенбі, 20 а пан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ АҚШ
ОБЫРДЫҢ ЕМІ ТАБЫЛДЫ Ғалымдар обырдан емделудің жолын тапты. Жаңа әдіспен ем қабылдағандардың 90 пайызы жазылған. Жаңа әдіс адам ағзасына обыр жасушаларымен күресетін Т-киллер иммундық жүйені енгізуге негізделген. Бұл жасушалар адамның қатерлі ісік жасушаларын тауып, оны жояды. Профессор Стэнли Ридделлдің айтуынша, жаңа әдіс бұрын ешқандай жолмен емделе алмаған адамдарды құтқарған. АВСТРИЯ «ТИТАНИК-II» КЕМЕСІН ЖАСАП ЖАТЫР 2018 жылы «Титаник II» өзінің алғашқы сапарына аттанбақ. Ол 1912 жылы айсбергпен соқтығысып, суға батып кеткен мұхит лайнері іспеттес. «Титаник» көшірмесін австралиялық саясаткер әрі бизнесмен Клайв Палмерге тиесілі «Blue Star Line» компаниясы құрастыруда. Ол сапарға Дубаидан шығады. Кеменің ұзындығы 265 метр, биіктігі 52 метр. 1235 жолаушыға және 900 экипаж мүшесіне лайықталған. ФРАНЦИЯ ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУС С а р а п ш ы л а р ж ү з д е ге н м ы ң э л е к т р о н д ы қ құрылғыны істен шығара алатын жаңа компьютерлік вирусты анықтады. Мамандардың пікірі екіге жарылды: бірінші топ вирус апатқа соқтырады десе, екінші топ қауіптің жолын кесуге болатынына сенімді.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
ТАРАЗ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА ЭТНОАУЫЛ БОЛАДЫ
ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ҚАЗІРГІ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІН БҰРЫНҒЫ КЕЗЕҢДЕРМЕН САЛЫСТЫРУҒА КЕЛМЕЙДІ. ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАЛЫ БЕРІ 25 ЖЫЛДЫҢ БЕДЕРІНДЕ ӨҢІРІМІЗ ТҮЛЕП, ТҮРЛЕНІП КЕТТІ. ШИРЕК ҒАСЫРДЫҢ ШЫРАЙЫН БЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА, СОҢҒЫ ЕКІ-ҮШ ЖЫЛДЫҢ КӨЛЕМІНДЕ ЖАМБЫЛ ЖЕРІ ЖАҢАРЫП, ЖАЙНАЙ ТҮСТІ ДЕСЕК, АРТЫҚ АЙТҚАНДЫҚ ЕМЕС. ТІПТІ, БЫЛТЫРҒЫ БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ АЙМАҚТА КӨПТЕГЕН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР МЕН ИГІЛІКТІ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ. ҚОЛҒА АЛЫНҒАН ІРІ БАСТАМАЛАР ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ӨҢІРДІҢ
ӨРКЕНДЕЙ ТҮСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ. ЖАМБЫЛДЫҚТАРДЫҢ ӨТКЕН ЖЫЛЫ БІРЛІКПЕН АТҚАРҒАН БЕРЕКЕЛІ ТІРЛІКТЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН БОЛҒАН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ БАЯНДАЛДЫ. ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫНҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ МИНИСТРІ ТАЛҒАТ ДОНАҚОВ ПЕН ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ ҚАТЫСТЫ. (Жалғасы 4-5-беттерде).
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР: ХАЛЫҚ АЙТСА, ҚАЛТ АЙТПАЙДЫ
Талқы ерге пайда, Тамшы жерге пайда. ҚЫТАЙД
АН Х АТ КЕ Л
ДІ
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЫҢЖАҢ-ҰЙҒЫР АВТОНОМИЯЛЫҚ ӨЛКЕСІНЕН ГАЗЕТІМІЗДІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ПОШТАСЫНА ХАТ КЕЛДІ. БҰЛ – ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ГАЗЕТІМІЗДІҢ AKJOLGAZET.KZ САЙТЫНА КӨҢІЛ БӨЛІП, ОҚИТЫНЫН КӨРСЕТЕДІ. ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ, ОНЫҢ БІР ӨҢІРІ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ ӨЗ ӨЛКЕЛЕРІНДЕГІ ИГІ ІСТЕРМЕН ДЕ БӨЛІСКІСІ КЕЛІП, СОНДАҒЫ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҚТАРЫ ТУРАСЫНДА МАҚАЛА ЖОЛДАПТЫ. ШЫҢЖАҢДАҒЫ БАУЫРЫМЫЗДЫҢ ХАБАР-ОШАРЫН АЛДАҒЫ УАҚЫТТАРДА ҚУАНА ЖАРИЯЛАП ТҰРАТЫНЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП, АЛҒАШҚЫ МАҚАЛАСЫН НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ҰСЫНАМЫЗ.
ӨҢІРДЕ ҚЫРУАР ІС АТҚАРЫЛҒАН Ерік ƏЛІБЕКОВ, Қордай ауылдық округінің бас маманы:
БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ТАТУЛЫҚ
ИГІЛІКТІ ЖҰМЫСТАР КӨП Мұсахмет НƏШІРБЕКОВ, «Игілік» өндірістік кооперативінің төрағасы:
Любовь ГОРР, орыс этномəдени орталығының жетекшісі:
– Облыс əкімінің қорытынды есебі Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жо спары бағдарламасынан жəне «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің өңірде орындалуын баяндаудан басталды. Өңірде қыруар жұмыс атқарылғанының куəсі болдық. Өткен жылы облыста 292,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артқаны құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілгенін айғақтайды. Мұның жемісін шалғай өңірлер де көріп отыр. Мəселен, округімізде былтыр 50 отбасы жеңілдетілген түрлі бағдарламалардың нəтижесінде жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Облыстағы ауқымды жұмыстардың көрінісін шалғай жатқан біздің ауданның өмірінен де көруге болады. Аудан орталығы Қордай ауылдық округінде 35 мың халық тұрады. Аудан мал тұқымын асылдандыру, ет жəне сүт бағытында төрт түлік мал өсіру жөнінен де облыста көш бастап тұрғаны белгілі. Біз де жергілікті жерде халыққа мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар мен тиімділіктерді түсіндіре беретін боламыз. Облыс басшысының жылдық қорытынды есебін жоғары бағалаймын.
– Облыс басшысының е себін тыңдап, өңірде атқарылып жатқан ж ұ м ы с т а р д ы ң ау қ ы м д ы екеніне тағы бір көз жеткіздік. Ұлт өкілдері арасындағы ынтымақ, татулық, достық жоғары деңгейде. Түрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет жоғары. Біздер де жергілікті халықты көп құрметтейміз, жақсы қасиеттерін, кең пейілдерін бағалаймыз. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі де артып келеді. Облыс тұрғындары мемлекеттік тілді 95 пайыз меңгеруі, өңір халқының 8 пайызы қазақ, орыс жəне ағылшын тілін қатар білетіндігі – жүйелі жұмыстардың жемісі. Қай ауылға барсақ та жергілікті халықпен көрші болып, жекжат, дос болып ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерін көреміз. Орыс ұлтының өкілдеріне де қазақтар кең құшағын жайып отыр. Алдын ала жүргізілген əлеуметтік зерттеулер нəтижесінде біздің облыс халқының 92 пайызы облыстағы жалпы жағдайды тұрақты деп бағалайды екен. Мұнда облыс басшысы Кəрім Нəсбекұлының зор үлесі бар.
– Облыс əкімінің қорытынды е с е б і н т ы ң д ау б а р ы с ы н д а ауыл шаруашылық саласында атқарылған істерді көңіліме көбірек түйдім. Облыстың агроөнеркəсіп кешенін қолдауға өткен жылы 6,6 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлініпті. 25 мың гектарға нөлдік технология, 8147 гектар алқапқа тамшылатып жəне жаңбырлатып суару технологиялары енгізілгенін естіп, жақсы істерге сүйсіндік. Ауыл шаруашылық техникасының жаңара түскенін көзіміз көріп отыр. Мен басқаратын өндірістік кооператив соңғы жылдары екі жаңа доңғалақты тракторды лизингке алып, бір жаңа жүк көтергіш техникаға қол жеткізді. Жүз гектар алқапқа жүгері, 30 гектарға жоңышқа өсіріп, 17 гектарға алма бағын өсіріп отырмыз. Төлімен қоса есептегенде мыңнан астам уақ малымыз, 40 жылқы, 40 түйеміз бар. 25 ауыл шаруашылық техникамыз көктемгі науқандық жұмыстарға қазірдің өзінде дайын тұр. Алдағы уақытта жаңбырлатып суару технологиясын меңгеруді де жоспарлап отырмыз. Облыс əкімінің есебінен ауыл шаруашылығын дамытуға қаржылай, техникалық жағынан болсын қолдаулар көп екенін сезініп, жұмысымыздың өркендеуіне деген сеніміміз ұлғайды. Облыс басшысының жұмысын оң бағалаймын.
Қордай ауданы.
Байзақ ауданы.
Сарысу ауданы.
ЕАЭО: АЛЫС – БЕРІС, БАРЫС – КЕЛІ С
Сенбек ӘУЕСҚАНҰЛЫ, » Қытай Шинжяң «ІЛЕ КЕШІ : ды ай газетінің тілшісі хабарл
ЖУРНАЛ АТЫ – «ШИНЖЯҢ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ» Іле жастар-өрендер газет-журнал мекемесі жанынан шығарылатын бір газет, екі журналдың аты өзгертілетіні жайлы өткен жылдан бері айтылып келген еді. Сол игі іс орындалып, 2016 жылы қаңтардың соңғы шенінде «Іле жастары» журналы «Шинжяң қазақ жастары» деген атпен шыға бастады. Жаңа атаумен шыққан журналдың алғашқы саны жастарды қамтыған жалпы қазақ оқырмандарын шаттыққа бөледі. Мұқабадағы əйгілі хаткер Əбдімажит Ертуғанұлы жазып берген «Шинжяң қазақ жастары» деген көркем жазу ерекше көз тартады. Журнал бетіне үздік мултфилм режиссері сыйлығының иегері Арысбек Нұқанұлының суреті басылған. (Жалғасы 8-бетте).
Облысымыздағы «этнографиялық ауыл» еліміз бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі екіншісі болмақ. «Көне Тараз» тарихи-архелогиялық кешені аумағында өңірлік этномәдени бірлестіктердің қатысуымен энтоауыл құру қарастырылуда. Бүгінгі күні 16 бірлестік аталған жобаны жүзеге асыруға келіскен. Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тікелей қатысуымен этноауылды құру мәселесі қаралып, қазіргі уақытта жоба шешімін тапқанын Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова мәлімдеді. ҚОРДАЙ «КУЛИКОВ СҮТ ӨНІМДЕРІ» ТОЛЫҚ ҚУАТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Аудандағы «Куликов сүт өнімдері» ЖШС индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың бірі. Ол сүт пен сүттен жасалған өнімдерді шығарумен және өңдеумен айналысады. ЖШС өткен жылы 149,8 миллион теңгенің 714 тонна сүт өңімдерін өндірген. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істейді. Т.РЫСҚҰЛОВ ҚАРАҚЫСТАҚ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНДА «ЭнергоСтройПроект» ЖШС-ның Қарақыстақ өзеніндегі электр энергиясын өндіру жобасы жемісін беруде. Мұнда өткен жылдың 12 айында 7 миллион 500 мың КВТ сағ. электр энергиясы өндірілді. Серіктестік биылғы жылы жұмыс ауқымын ұлғайтуды көздеп отыр.
«25 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС»
ҚАРТ ЖАУЫНГЕРГЕ ҚОЛҒАБЫС ЖАСАДЫ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «25 қайырымды іс» шарасы аясында «Жастар – Отанға» акциясы өтті. Шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің, жалғыз басты қарттардың үй шаруашылығына көмек көрсету, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру, қоғамда қарияларға деген құрметті нығайтып, олардың өнегелі өмір жолын жас ұрпақтың бойына сіңіріп, үлгі ету. «Жастар – Отанға» акциясы аясында республика бойынша былтыр 651 Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагері жəне жалғыз басты қарттар қамқорлыққа алынып, оларға тұрақты түрде үй шаруашылығына көмек көрсетіліп келеді. Бұл жолы жамбылдық «жасотандықтар» Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Евгеньевич Куликтің отбасында болып, үй шаруасына көмектесті. Партияның жас белсенділері майдангердің ауласын қардан тазартып, үй ішін ретке келтірді. Отынын дайындап, бақшасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Қарт жауынгер сұрапыл жылдардан əңгіме қозғап, қарулас достарын еске алды. «Жасотандықтардың» көрсеткен көмегіне риза болып, аталық батасын берді. Қарттарға деген қамқорлық акция аясында жыл соңына дейін жалғасады дейді бас партияның жас белсенділері.
«Ақ жол-Ақпарат». Құрманбек ƏЛІМЖАН, «Ақ жол». Былтыр қазақ-қырғыз шекарасынан кедендік бақылаудың алынуы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер тудырып отыр. Осыны ескеріп, енді бірер аптадан соң көктемгі егіс-дала жұмыстарына кірісетін қордайлық егіншілер Шудың арғы бетіндегі айыр қалпақты ағайындардың озық тəжірибелеріне де ден қойып отыр. Аудан əкімінің орынбасары Болат Саниязов бастаған бір топ шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары Қырғызстанның Ш у о бл ы с ы , Ы с т ы қ Ат а ауданындағы Қордай ауданымен шектес «Atalyk Group» жабық акционерлік қоғамының өндірістік базаларындағы жұмыс жайымен
танысып қайтты. Бұрынғы Киров атындағы колхоздың негізінде қайта құрылып, бүгінде аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайт а өңдеуге маманданған ірі агроөнеркəсіп холдингіне айналған АҚ-ның бірнеше өндірістік салалары бар. Мал шаруашылығында етті жəне сүтті асыл тұқымды ірі қара, қой, егіншілікте астық, көкөніс жəне бау-бақша дақылдарын өсіреді жəне өз өнімдерін өздері өңдеп тұтынушыларға дайын күйінде ұсынады. Жүзім шаруашылығын дамытып, өз шарап зауытында «Atalyk» маркасымен шампан, шарап жəне коньяк та шығарады. Қордайлықтарды қызықтырғаны – олардың қант қызылшасын өсірудегі бай тəжірибелері еді. Осы замандық жаңа технологияны қолдана отырып əр гектардан
бір 800 центнерден аса тəтті түбір жинайтын қырғыз көршілер жоғары ры өнімге жетудің сырын бөлісуден ден қашпады. Екі жаққа тиімді келісіммен, өз мамандары мен техникаларын жіберіп қордайлық шаруашылықтардың жүздеген гектарында қант қызылшасын өсіріп, тəжірибелерін үйретуге əзір екендіктерін танытты. Тіпті, біздің ауданның бүкіл шикізатын олардың қант зауытында өңдеуге жіберуге де болатын көрінеді. Қыруар шығын шығарып, маңдай терін селдетіп өсірген өнімін жүз елу шақырымдағы Меркі қант зауытына тасымалдаумен-ақ қайтадан еселеп шығынға ұрынатын қордайлықтар үшін бұл да маңызды. Ал баржоғы он бес шақырым жердегі көрші елдің Қант қаласындағы қант зауытының даңқы кезінде дүрілдеп-ақ тұрды емес пе? Биыл
мың гектарға жуық қант қызылшасын өсіруге бел байлап отырған аудан диқандары үшін бағалы техникалық дақылды өсіруде тəжірибесі мол, ежелден ерке Шуды тел емген көршілермен əріптестік байланыс орнатудың еш əбестігі жоқ. Жақында «Atalyk Group» ЖАҚ өкілдері біздің ауд а н б а с ш ы л а р ы м е н ж ə н е агроқұрылымдар жетекшілерімен қант қызылшасын өсіруде өзара ықпалдасу жайларын одан əрі пысықтау үшін Қордайда бас қосуға уағдаласты. Қордай ауданы.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мəслихатының кезекті, қырық алтыншы сессиясы 2016 жылдың 24 ақпанында облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. Облыста мемлекеттік салықтық жəне бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан шаралар туралы. 2. Жамбыл облыстық мəслихатының экономика, қаржы, бюджет жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 3. Əртүрлі мəселелер. * * * Облыстық мəслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 24 ақпанында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 24 ақпан күні сағат 09.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.