22 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

l ТАРАЗ

№161 (18018), Сенбі, 22 араша, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» ұйымдастырған «Елім менің» атты шара темір жол қызметкерлері арасында өтті. Қатысушылар ана тілінің сан қырлы қасиетін ортаға салды. Жарыс барысында Жамбыл локомотив пайдалану депосының қызметкерлері Гүлсім Арапбаева, Күлжахан Алешова, ҚТЖ Жамбыл жол бөлімшесінің қызметкерлері Құралай Тәттібаева, Тілектес Байдәулетов, Айзада Елеусізова білгірлігімен көзге түсіп, көрермендердің қошеметіне ие болды.

НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

ПРЕЗИДЕНТ

ЖАҢҒЫРУ ЖЕМІСІ –ЖОЛДАУДЫҢ ЖЕҢІСІ

АСТАНАНЫҢ АЖАРЫ АРТА ТҮСЕДІ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ОБЛЫСЫМЫЗДА БОЛЫП, АЙМАҚТЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

l ЖАМБЫЛ

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алу және бабалар ерлігімен танысуды мақсат еткен Амангелді орта мектебінің бір топ оқушылары Б. Момышұлы ауылында болып, батыр рухына тағзым етіп қайтты. Оқушылар батыр бабамыздың мемориалдық-мұражайына саяхат жасап, мұражай және батырдың еңселі ескерткіші алдында естелік суретке түсті. l ЖУАЛЫ

№13 Гайдар атындағы орта мектебінде «Жан шуағы» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Акция барысында ауданның бір топ кәсіпкерлері оқушыларға қыстық киім мен оқу құралдарын табыс етті. Қуанышты шара аясында мектеп оқушылары Әсет Мақашев пен Сәбит Қанағат «Ерке сылқым» күйін нәшіне келтіре орындап, «Астана» әнін шырқады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС-да болды. Мемлекет басшысы онда Астананың бірқатар инфрақұрылымдық жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Астана әкімі (.Жақсыбеков Қазақстан Президентіне сәулет және қала құрылысы саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар ж+нінде баяндады. Жүрдек автобус тасымалын іске қосуға мүмкіндік беретін «BRT. Астана қаласының жаңа к+лік жүйесі» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа «ЭКСПО-2017» халықаралық к+рмесі нысандары мен жаңа теміржол вокзалына тартылатын жолдарды жобалау мен салу барысы туралы да айтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына елорданың жылу магистралінің 4-ші және 5-ші кезегін жобалау мен салу, энергетика к+здері ғимараттарын салу мен қайта ж+ндеу жұмыстары ж+нінде ақпарат берілді. Қазақстан Президенті Орынбор к+шесіндегі, Салтанат қақпасы маңындағы Д+ңгелек алаң мен Мыңжылдық аллеясындағы құрылыстарды, тұрғын үй құрылыстарын жүзеге асыру жоспарын, сондай-ақ Астана қаласындағы ескі және апаттық жағдайдағы үйлерді сүру ж+ніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысын қарап шықты. Соңында Мемлекет басшысы елорданы бұдан әрі дамыту барысында қаперге алынуы тиіс бірқатар маңызды жайттарды ескертті.

l ҚОРДАЙ

Мал қыстату науқанына түсетін бір шартты мал басына (ауданда барлығы 46300 ірі қара, 340000 қой мен ешкі, 14500 жылқы) қажетті 14,3 центнер мал азық бірлігі әзірленді. Бұл үшін 42700 гектар шабындықтан (оның ішінде 12743 гектар көпжылдық шөп және 495 гектар сүрлемдік жүгері) 146756 тонна шөп, 22400 тонна сабан дайындалып, 5430 тонна пішендеме, 13000 тонна сүрлем бастырылды.

Кеше Жамбыл ңіріне жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевты облыс әкімі Кәрім К кірекбаев қарсы алды. Үкімет басшысының орынбасары алдымен 2000 жылдан астам тарихы бар, Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны саналатын ежелгі Тараз шаһарының орнына атбасын бұрды. Онда жүргізіліп жатқан қазба жұмысының барысымен танысты. «Қазархеология» ЖШС-ның директоры, тарих ғылымдарының

кандидаты Жұман Смайылов Тараз қаласы мен Шахристан аумағында атқарылған археологиялық- зерттеу жұмыстары т ңірегінде баяндады. Мәселен, ағымдағы жылдың маусымқараша айлары аралығында к не сарай, яғни, медресе ғимаратын, к не қаланың орталық тас т селген даңғыл жолын, магистралды қыштан жасалған су құбыры мен арығын тауып, топырақтан аршыды. Ол осы жаңалықтарын тілге тиек етіп, қонақтарға құнды жәдігерлерден – күміс, мыс теңгелерді,

l МЕРКІ

алтын жалатылған және күміс, қола, сонымен қатар, тастан, сүйектен, қыштан жасалған бұйымдарды к рсетті. Талас аталған кезде бұл шаһарда кезінде бой к терген мемлекеттік құрылымдар, олардың Қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы р лі, сондай-ақ, мәдениеті дамыған қаланың байырғы тарихын айғақтайтан археологиялық зерттеу жұмысының нақтылы нәтижесін алдыға тартты.

Аудан бойынша жеміс ағаштары 670 гектар жерге егілген болса, «Жасыл белес» шаруа қожалығында соның 25-30 гектары орналасқан. Қожалық элиталы көшет ағаштарын өсіріп, өзге шаруашылықтарға сатады. Биыл қожалық жетекшісі Үсен Қабылбек әр гектардан 75 тонна алма жинап алды. 12 жылдан бері алма өсірумен айналысып келе жатқан бағбандар биыл 102 мың 500 түп көшет сатты. Енді алдағы жылы 200250 мың көшет сатуды межелеп отыр. l ШУ

(Жалғасы 2-бетте).

Жаңа жол ауылына көгілдір отын келді. Ауылдың жалпы ұзындығы 23,8 шақырым болатын негізгі 5 көшесіне газ құбыры тартылды. Құрамы 29 адамнан тұратын 3 бригада ауысыммен тынбай еңбек етті. Ауыл шетіне орнатылған газ таратқыш пункт арқылы ауылдағы 580 үйге көгілдір отын жеткізілетін болады. Салтанатты рәсімде Жаңа жол ауылдық округінің әкімі Жапарқұл Тәжиев, ауыл ақсақалдары Қырғызбай Шоқалақов пен Әскен Құдайбергенов ауылдастарын қуаныштарымен құттықтады.

БАРМАСАҢ, КЕЛМЕСЕҢ – ЖАТ БОЛАСЫҢ

ОТЫН - ОЛЖА, СУ –ҚОРЛЫҚ ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ ШУ ОБЛЫСТАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ РЕСМИ КЕЗДЕСУІНДЕ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Ғасырлар бойы тұрмыс пен тіршілікте бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан қазақ пен қырғыз елі арасындағы сауда-экономикалық байланыс бүгінде тұрақтаған. К рші жатқан қос мемлекет экономиканың түрлі саласы бойынша к птеген жобаларға қатысып, интеграциялық әркеттерді де орнықтырған. Бұл ретте еліміздің қырғызбен арадағы 1241 шақырымдық шекарасының басым б лігін алып жатқан Жамбыл облысының да үлес салмағы зге аймақтарға қарағанда басымдау. Бір ғана мысал: біздің облыс пен Қырғыз Республикасының арасындағы сауда айналымы биылғы тоғыз айдың қорытындысында 167,7 миллион долларды құраған. Бұл к неден келе жатқан «Қазақ пен қырғыз бір туған...» деген даналық с зді дәлелдеп тұрғандай.

Осы қос елдің ынтымақтастығы аясында бейсенбі күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында облыс әкімі Кәрім К кірекбаев

пен Қырғыз Республикасы Үкіметінің Шу облысындағы кілі Қанатбек Исаевтың кездесуі тті. Кездесу Қырғыз Республикасы

Президентінің №1 Ала арча мемлекеттік резиденциясында ұйымдастырылды. Алдымен здеріне тән қонақжайлылықпен қарсы алған қырғыз ағайындар жамбылдық делегацияны резиденция асханасында түскі асқа шақырды. Онда қырғыз әншілері біздің делегацияның құрметіне екі елдің танымал композиторларының тамаша әндерінен шашу шашты. Ал нағыз сауда-экономикалық әріптестік аясындағы кездесу резиденцияның кіші мәжіліс залында жалғасын тапты. Алдымен кездесудің туіне мұрындық болған айыр қалпақты ағайындар атынан кіріспе с з с йлеген Қанатбек Исаев екі ел арасындағы, оның ішіндегі Жамбыл облысы мен Шу облысының арасындағы салалық байланыстарға тоқтады.

Жол жолға жалғасады, Ел елге жалғасады. Халық мақалы.

(Жалғасы 3-бетте).

НЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!

СҮЙ, СҮЙІ СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН

ЖАЗЫЛЫМ – 2015 ЖАЗЫ

Жұлдызы жанған Жасұлан

“АҚ ЖОЛҒА”

ЖАМБЫЛҒА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ БОЛЫП ОРАЛДЫ Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Жамбыл жұртшылығының үмітін арқалап кеткен ұл, міне енді алтын жүлдені олжалап, әлем чемпионы атанып оралды. Тау к+терген толағайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков бастаған сала мамандары мен тараздықтар шаһардың шығыс қақпасының алдынан күтіп алды. Дүбірлі додада атой салып, елдің атын шығарған Жасұлан Қыдырбаевты қарсы алып, ыстық ықылас к+рсетуге қарашаның қара суығы да, бірнеше күннен бері сіркіреп жауған күздің ақ жауыны да кедергі келтіре алған жоқ. Чемпионмен жүздесіп, тілдесуге асыққан жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының +кілдері үшін «Оlymрic» спорт кешенінде баспас+з мәслихаты ұйымдастырылды. Облыстық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті және дарынды спортшыларға арналған мектеп-интернаттың директоры Манарбек

Ағайдаров к+пшілікті Жасұланның спортқа қалай келгені туралы аз-кем хабардар етіп, +ңірімізде спортшыларға қандай жағдай жасалып отырғанына тоқталды. Жамбылдық зілтеміршінің аяқ алысы, бұған дейінгі жеткен жетістіктері баршаға аян. Десе де, Манарбек Ержанұлы айтқандай, кеңестік кезеңнен кейін облысымызда ауыр атлетиканың қайтадан жандануы Жасұланның Таразға келуімен тікелей байланысты екенін к+п адам біле бермейді. «Жеңімпаздың жетістігіне бәрінің ортақтасқысы келетіні түсінікті жайт. Бұған дейін ешкім «Жасұлан біздікі» деп талас жүргізе қоймап еді. (лем чемпионы атанып, +зінің мықтылығын дәлелдегеннен кейін Қыдырбаевты Жамбылдыкі емес дейтіндер табылды. Сондағы Жасұланның бар «кінәсі» – Талғарда туып-+скендігінде. Бірақ, ол т+рт-бес жылдан астам уақыттан бері Таразға келіп, бізде жаттығуда», -дейді Манарбек Ағайдаров. Бұл – Жасұлан Қыдырбаевтың Жамбыл жеріне келгелі қол жеткізген алғашқы табысы емес. Ол бұған дейін жастар

арасында әлемдік додаларға қатысып, жүлдегер атанған болатын. Спорт мамандары қателеспеген екен, үміт артқан ұл сенімді ақтады. (лемдік додада қазақтың жұлдызды салмағы саналатын 94 килограмда батпан темірдің «тілін» тауып, дүниежүзіне Илья Ильин секілді батырдың ізбасары бар екенін дәлелдеді. «Илья шынында да, ғажап адам. (рдайым кез-келген жанға қолұшын созуға дайын тұрады. Мен әлем чемпионатына соның командасымен бірге жаттықтым. Илья ағалық ақылкеңесін, қандай тактикалық қадамдар жасау керектігін айтып, к+мектесті. Чемпион атанған соң, ата-анама барып, жүлдемді к+рсетіп қуантып қайттым. Аунап-қунап демалуға уақыт тар әрі алтын медальді Таразға жеткізгенше асықтым. Маған сенім артып, жаттығуыма, әлемдік аренаға шығуыма жағдай жасап отырған осы облыстың басшылары ғой», -деді әлем чемпионы ағынан жарылып.

жазылыңыздар, ағайын! « ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН 1 жылға

6 айға

Индексі

Ауыл тұрғындары үшін

4227.0 теңге

2113.5 теңге

65457

Қала тұрғындары үшін

3768.36 теңге

1884,18 теңге

65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН

Ауыл Қала

1 жылға

6 айға

Индексі

4726.92 теңге

2363.46 теңге

15457

4268.28 теңге

2134.14 теңге

15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
22 караша пдф by akjolgazet - Issuu