22 желтоксан 2015 ж пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Мойынқұм ауданы

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облысты о амды саяси газет

№156 (18190), Сейсенбі, 22 желто сан, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ҚОРДАЙ Қонаев атындағы мектеп-гимназия жанындағы №2 балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының үйірмесіне қатысушы бір топ оқушы Тараз қаласына саяхат жасады. Олар облыс орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тұрғызылған жаңа ескерткіштер мен тарихи орындарды, тарихи-өлкетану мұражайын, бұрынғы «көк базар» алаңындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысын және қаланың көрікті орындарын тамашалап қайтты.

ПРЕЗИДЕНТ

МОЙЫНҚҰМ Жаңа жылдың алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзан бағамен сатылды. Облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорынан 30 тонна картоп, 10 тонна қант, 9 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 10 тонна 1 сұрыпты ұн, 5 тоннна күріш сынды азық-түлік өнімдері әкелінді. Арзан бағадағы өнімдерді сатып алушылардың қарасы көп болды. Өйткені бұл өнімдердің бағасы аудан сауда орындарындағы бағадан әлдеқайда арзан. Мәселен аудандағы 1 келі картоптың бағасы – 75 теңге болса, жәрмеңкедегі бағасы – 40 теңге, 1 келі қант ауданда – 220 теңге, жәрмеңкеде – 175 теңге, 1 келі сәбіз – 98 теңге, жәрмеңкеде – 35 теңге, 1келі пияз – 60 теңге жәрмеңкеде – 30 теңге, 1 сұрыпты ұнның 1 келісі – 85 теңге, жәрмеңкеде – 76 теңге, 1 келі күріш – 228теңге болса, жәрмеңкеде – 160 теңгеден сатылды. Т.РЫСҚҰЛОВ

ҚР Пре зиденті Нұрсұлт ан Назарбаев Мəскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының кездесуіне қатысуда. Ұ ж ы м д ы қ қ ау і п с і зд і к Ке ң е с і н і ң отырысын ашқан РФ президенті Владимир Путин, кезде су барысында ҰҚШҰ-ның тұрақты жұмыс органдарын реформалауға байланысты мəселелер талқыланып, Ұйым жауапкершілігіндегі аумақтағы бүгінгі күнгі жағдай жəне алдағы бірлескен іс-шаралар туралы пікір алмасылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Н.Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ өз дамуының бірінші жылын аяқтап қалғанын, бұл кезең оңай болмағанын айтты. – Біз дағдарыстың болатынын білдік, оны еңсеру үшін қажетті шараларды қабылдадық, енді ары қарай жылжу керек. Əлбетте, елдеріміздің ішкі жалпы өнімі азайды, тауар айналымы да бəсеңдеді. Бірақ шекараның ашықтығы мен тығыз байланыстар оң ықпалын тигізіп отыр. Біз мұның бəрін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында талқылаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

ТӘУЕЛ

СІЗД ІК –

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында халықаралық күн тəртібіндегі мəселелер де талқыланатынына назар аударды. В.Путин екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік əлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. – Біз кедендік жəне техникалық реттеу стандарттарын жақындастыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Осының бəрі оң нəтижесін береді. Егер о сы уағда ластықт арымыз болмағанда, экономикаға тиетін соққы одан да күштірек болған болар еді, мен бұған сенімдімін, – деді Ресей Президенті. * * * Мемлекет басшысы Ресейдің халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филипповпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығы мəселелері, сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективалы бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі көшбасшылардың бірі болып саналатын білім

ордасы біздің ел үшін де білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Мəселен, бүгінде университетте Қазақстаннан келген 500-ден аса студент оқып жатыр, бұл əлемнің 150 елі ішінде екінші орындағы көрсеткіш болып саналады. В.Филиппов Нұрсұлтан Назарбаевқа елдеріміздің арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары арасындағы толыққанды академиялық ықпалдастыққа қолайлы жағдай жасауға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты. * * * Елбасы Мəскеу жəне Бүкіл Русь Патриархы Кириллмен кездесті. Кездесу барысында Патриарх Кирилл Нұрсұлтан Назарбаевты І дəрежелі Сергий Радонежский орденімен марапаттады. Қазақстан Президенті еліміздің ко н ф е с с и я а р а л ы қ ке л і с і м д і н ы ғ а й т у ғ а бағытталған саясатын жоғары бағалағаны үшін Орыс православ шіркеуіне алғыс айтты. – Тəуелсіздік жылдарында біз əрдайым қарымқатынас теңдігін, барлық діни конфессияларға деген құрметті сақтап қалдық. Əрине, Қазақстанда ислам мен православие негізгі діндер болып

«Сұлутөр» кинотеатрында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қайырымдылық акциясын өткізді. Онда ауданда қамқорлыққа алынған 75 мүмкіндігі шектеулі балаларға демеушілік жасады. Акция барысында «Ақтоған» шаруа қожалығы (жетекшісі С.Ахметұлы), «Құлан жолдары» ЖШС (төрағасы Қ.Оразханұлы), «Рельс дәнекерлеу» кәсіпорны (басшысы Қ.Әбдікерімұлы) және Ержан Тұрғынұлы мен Гүлмира Нұрғазықызы сынды жеке кәсіпкерлер белсенділік көрсетті.

саналады. Осы екі рухани тірек – біздің қоғамдағы келісімнің негізі. Бүгінде əлемде қақтығыстар, соның ішінде діни жəне этникалық негіздегі қақтығыстар болып жатқанын бəріміз білеміз. Сондықтан біз тұрақтылық пен түсіністік орнаған ортақ ахуалымызды мақтан тұтуға тиіспіз. Қазақстанда əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері де өткізіліп келеді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Орыс право слав шіркеуінің Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы до стық қарым-қатынастарды дамытуға қосып отырған үлесін атап өтті. Патриарх Кирилл біздің республикамыздың бірегей тəжірибесі əсіресе жер шарының түрлі өңірінде қақтығыстар болып жатқан кезде өзге елдерге үлгі ретінде қызмет етуі тиіс екенін атап айтты. – Сіз бүкіл əлемге мойындалған көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Қазақстан сіздің басшылығыңызбен қысқа мерзімде қуатты даму жолынан өтті. Сіздің ел көп этносты мемлекет ретінде бізге түрлі этностар мен діндерге қатысы бар барша адамдардың өзара тату ықпалдастығының үлгісін көрсетіп отыр, – деді Мəскеу жəне Бүкіл Русь Патриархы Кирилл.

ШУ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай мәдениет және өнердегі «Үздік аудан-2015» байқауы бойынша Шу ауданының мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды. Осы орайда, облыс басшылығы тарапынан Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне «Газель» автокөлігі сыйға тартылды. Аудан әкімі Рүстем Дәулет аудандық Мәдениет үйінің директоры Назира Омароваға салтанатты түрде көліктің кілтін табыс етіп, құттықтау тілегін жеткізді. Бұл шараға атақты күйші-компазитор Әбдімомын Желдібаев қатысып, әріптестерінің қуанышына ортақтасты.

Кең киім тозбайды, Кеңесшіл ел азбайды.

БАҒАСЫ АРЗАН, САПАСЫ ЖОҒАРЫ

ТҰ ҒЫ

М РЫ

Халық мақалы.

ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНІМІН ОСЫЛАЙ БАҒАЛАУҒА БОЛАДЫ

ЖЕДЕЛХАТТАР

Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».

Бəкір ИСАБЕКОВ, «Үркер» шаруа қожалығының жетекшісі. Мойынқұм ауданы.

Цемент – құрылысқа аса қажетті материалдардың бірі. Оны өндіруге негізінен əктас пен тақтатас қолданылады. Мойынқұм ауданының аумағында олардың орасан мол қоры шоғырланған əрі темір жол тартылған. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар осы өңірде зауыт салу өнімнің өзіндік құнын төмендететіні туралы ұзақ уақыттан бері айтып келе жатқан болатын. Соның сəті еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін, екі мыңыншы жылдардың басында түсті. 2007 жылы Хантау темір жол стансасынан бес шақырым қашықтықтағы 30 гектар алқапта жылына 500 мың тонна цемент өндіретін ірі зауыттың құрылысы қолға алынды.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Шүкір, еліміз Тəуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Мемлекетіміз дамып, өркендеп келеді. Қазіргі əлем экономикасында қалыптасқан ахуал Қазақстанның дамуына тежеу бола алмайды деп ойлаймын. Себебі, біз 1990 жылдардағы қиын кезеңдерді де жеңгенбіз. Елбасымыз сондай қысылтаяң шақта тəуекелге бел буып, ел астанасын Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл – халқымыздың болашаққа жасаған сенімді қадамы еді. Биыл Тəуелсіздікке 24 жыл, желтоқсан оқиғасына 29 жыл, ал мен басқарып отырған «Үркер» шаруа қожалығына биыл 18 жыл толып отыр. Осы жылдарда біз бағындырған белес, біз жеткен жетістіктер жетерлік. Тоқсаныншы жылдарда колхоз бен совхоздар таратылып, мал саны азайып, біраз қиыншылықтар туындаған. Ол кезде біздің шаруа қожалықта 10-15 сиыр, 50 қой ғана қалған. Қазір шаруашылығымызда 4000 қой, 300 ірі қара бар. Бұл – Тəуелсіздіктің, Елбасының ауыл шаруашылығын дамытуға жасаған үлкен қолдауының жемісі. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау өте көп. Қараша айында ауыл шаруашылық күніне орай Тараз қаласында үлкен жиын өткен болатын. Жиында облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесіміз үшін бізге «Нива» автокөлігін сыйға тартты. Еңбегімізді елеп бағалаған облыс, аудан басшылығына айтар алғысымыз шексіз. Еңбек бағаланып жатса, жұмыс жандана түседі. Тəуелсіздік – біз үшін қашанда қастерлі ұғым. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру үшін жылды қорытындылап, салтанатты жиын өткіземіз. Төрт жылдан бері дəстүрге айналған жиында қожалықта жақсы қызмет еткен еңбеккерлерге мақтау қағаздарын тапсырып, қаржылай сыйлықтар береміз. Мерекеге арналған «Үркердің» осындай өзіндік сый-сияпаты бар. Ауданымыздағы жағдайы төмен отбасыларына да көңіл бөліп, қожалық атынан арзан бағамен ет сатамыз.

ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОР-БАС РЕДАКТОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЙҰЛЫНА!

Динара АСАНОВА, Сарысу ауданы əкімінің орынбасары. * * * Ауд а н б о й ы н ш а ке л е р ж ы л д ы ң І жартыжылдығына облыстық «Ақ жол» газетіне 1111 адам жазылғанын хабарлаймыз. Басылымға жазылу жұмыстары жалғасуда. Ғалым ҚАРТАБАЕВ, Талас ауданы əкімінің міндетін атқарушы.

(Жалғасы 3-бетте).

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Баршамызға ортақ іс

Еркінбек СОЛТЫБАЕВ, облыстық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы.

Өз басым түрлі деңгейдегі бірнеше газетжурналды жаздыртып аламын, пошта келген күні солардың ішінен ең алдымен көзіме оттай басылатыны, алдымен оқып қарап шығатыным «Ақ жол» екенін жасырмаймын. Жанымдай жақсы көретін, етене басылымым ғой! Оның əрбір санын тағатсыздана күтемін. Жер-жаһанның, еліміздің жаңалықтары, өз облысымыздың тыныс-тіршілігі де сонда. Күн сайынғы жұмыс күнімді оны оқып танысудан бастаймын. Өйткені, ол бұрынғыдай емес, танымал газетке айналды. Ерекше безендіріліп, түрлі-түсті бояумен басылады, кейінгі уақытта түрі де, мазмұны да өзгерді, мақалаларының айтары мол, өте өзекті тақырыптар қозғалатынын атап айтуымыз керек. Сөз түзелді, енді оқырманның газетке көптеп жазылуын түзей алсақ игі. Ал миллионнан астам тұрғыны бар облысымыз көлемінде «Ақ жолға» жазылым деңгейін қалай көтере аламыз? Меніңше, мұның бірнеше жолдары бар. Ең алдымен айтарым, қазақтар ұлт мүддесін, ел тағдыры мен болашағын жанашырлықпен жазатын қазақ тілді басылымға жазылғаны жөн. Екіншіден,

Ауд а н т ұ р ғ ы н д а р ы 2 0 1 6 ж ы л д ы ң І жартыжылдығына 1000 дана «Ақ жол» газетіне жазылды. Облыс айнасы атанған төл басылымға жазылу жалғаса беретін болады.

газеттің өткен сандарының бірінде жазылғандай, облыс орталығындағы дүңгіршектерден «Ақ жолды» іздеп таппай, сабылып жүргендерді де жиі кездестіреміз. Бұл – дұрыс емес. Газет мұндай сату нүктелеріне жеткілікті көлемде жеткізілуі тиіс. Дүңгіршектер аздау болса, көбейтуіміз керек. Облысымызда «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының 205 бөлімшесі бар екен. Міне, солардың ықпалымен газет бөлшек саудаға көптеп шығарылса, бұл да «Ақ жол» таралымы айтарлықтай өсуіне септеспек. Үшіншіден, қазіргі таңда мыңдаған жұмысшысы бар өңіріміздегі ірі

кəсіпорындарда, негізінен жергілікті ұлт өкілдері қызмет ететін оңтүстік өңірлік қолбасшылығы əскери бөлімдерінде болсын газетке жазылым деңгейі таңдайға су тамызғандай ғана деңгейден аспай отыр. Бұл мүмкіндікті де текке жіберіп алмауға тиіспіз. Аймақтағы қазақ тілінде шығатын бірегей басылым əр шаңырақта болса да, еш артығы жоқ. Сондай-ақ, біздің ұйымымызда 111 мың зейнетке шыққан ардагер бар екен. Оның ішінде 40 мыңнан астамы Тараз қаласы бойынша тіркелген. Осыған қарап, бүгінде ардагерлер ұйымы əлеуетті күшке айналып отыр деп айтуымызға толық негіз бар. Осы тұрғыда «Ақ жолға» мекеме, ұйым, кəсіпорындар өздерінен зейнетке шыққан, ал ірі кəсіпорындар, қаржылы азаматтар облыста тұратын ардагерлердің бірқатарын тегін жаздыртуды қолға алып көмектессе, бұл абыз жасындағы басылымға, аға ұрпақ өкілдеріне деген құрмет, ілтипат болар еді. Мұның өзі қоғамымызда бұрыннан бар дəстүр ғой. Ел ағаларын, облыстың барша жұртшылығын сүйікті газетімізге жазылым деңгейін көтерудің, міне, осы үш жолын берік ұстанып, бұл іске ұйымшылдықпен ат салысуға шақырамын! «Ақ жолымыздың» абыройын асқақтату сіз бен біздің қолымызда, ағайын!

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.