22 қантар ПДФ 2019 ж

Page 1

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

АҺАН Д

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Қаратау

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Жамбыл ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№7 (18657), Seısenbі, 22 qańtar, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

ҚАЗАҚСТАН- ЗИМБАБВЕ: ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ ЗОР Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагвамен кезде сті. Қазақстанға р е с м и с а п а р м е н ке л г е н З и м б а б в е Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагваны салтанатты қарсы алу рəсімінен кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөз өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қ а р ы м - қ ат ы н а с т а рд ы і л ге р і л е туд і ң маңыздылығын атап өтіп, ықпалдастықты одан əрі дамытудың негізгі бағыттарына арнайы тоқталды. – Біз сыртқы саясатымызда, соның ішінде Африка бағытында кең ауқымды сауда қарым-қатынастарын дамытуға жəне халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ұмтылатын боламыз, – деді Қазақстан Президенті. Зимбабве Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызып, Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Кезде су барысында тараптар ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркəсібі салалары бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Зимбабвенің көліклогистика желісін жаңғырту жəне қайта ө ң д еу і с і н д е б і рл е с ке н жо б а л а рд ы іске асыру мəс елелерін т алқылады. *

*

*

Мемлекет басшысы Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон

Мнангагваның ре сми сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдері алдында сөйлеген сөзінде бұл сапардың 1992 жылы Қазақстан мен Зимбабве арасында дипломатиялық байланыстар орнатылғаннан бері алғаш рет жүзеге асырылғанын атап өтті. – Бүгінгі кездесудің екі ел арасындағы,

сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Африка өңірлерінің өзара қатынастарын нығайту үдерісіндегі тарихи маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті екі жақты кездесу барысында саяси диалогты қолдау жəне сауда ынтымақтастығын кеңейту жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты. – Жекелеген бағыттар бойынша өзара қарым-қатынас орнатуға мүмкіндіктер

мол. Біздің елдеріміз арасында кейбір ұқсастықтар бар. Зимбабве де Қазақстан сияқты пайдалы қазбаларға өте бай. Ауыл шаруашылығы салаларымыз да бірдей дамуда. Қазақстан тау-кен өнеркəсібінде ынтымақтастық орнату жəне тəжірибе алмасу, Зимбабвеге ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мəселелерін қарастыруға əзір, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Зимбабве аумағында пайдалы қазбалар өндіру саласында өзара ықпалдастық орнатудың мүмкіндіктеріне тоқталды. Сондай-ақ Зимбабвенің көліклогистика желісін жаңғырту жəне қайта өңдеу ісінде бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастықтың əлеуеті зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы келіссөздер нəтижесінде тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында бірлескен жұмыстар мен өзара қолдау жөніндегі қалыптасқан тəжірибені жа лғастыруға байланысты ниеттерін мақұлдағанын айтты. Зимбабве Республикасының Президенті Қазақстанның ұлттық экономиканы дамыту жəне жаңғырту жөніндегі тəжірибесін қолдануға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар Зимбабвені Қазақстанның үлгісімен Оңтүстік Африкадағы көлік-логистикалық хаб ретінде дамытудың маңыздылығына тоқталды. Соңында Зимбабве Президенті қауіпсіздікті сақтау жəне ядролық қарусыз əлем құру жөніндегі Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтынын айтты.

НДА ЖАҺА ТҮРКИЯ Түрік елінде жылына 650 мың тоннадан астам балық өндіріледі. Оның 350 мыңы көлдерден ауланса, тағы 300 мың тонна аквабалық өсіріледі. Су өнімдерінің өндірісі өткен жылмен салыстырғанда, 8 пайызға артқан.

ЖАПОНИЯ Ғаламшардың жасында қайтыс әлемнің ең қарт ер жылы 25 шілдеде

ең қарт ер адамы М.Нонака 114 болды. Нонака 2018 жылы сәуірде адамы ретінде тіркелген. Марқұм 1905 Хоккайдо аралында дүниеге келген.

АҚШ Лос-Анджелесте Америка продюсерлер гильдиясының 30 жыл сайынғы сыйлығын тапсыру рәсімі болды. Бас жүлде «Жасыл кітап» фильміне берілді. Режиссер П.Фаррелидің кинокартинасы дарынды музыкант туралы сыр шертеді.

КУБА Елде такси қызметін көрсетуге арналған алғашқы мобильді қосымша іске қосылды. «Субе» немесе «Отыр» деп аталатын қосымшаны жергілікті жас мамандар ойлап тапқан. Таксистер мен жолаушыларды байланыстыратын қосымша тегін.

БОЛГАРИЯ Пловдив қаласы ресми түрде 2019 жылғы Еуропаның мәдени астанасы атанды. Енді мұнда 350-ден астам мәдени шара өтпек. Қала көне сәулетімен қатар мейрамхана, көңіл көтеру орындарының көптігімен танымал.

Д БЫЛ ЖАМ

БАЙЗАҚ

А

Түймекент ауылындағы «Достық-99» шаруа қожалығы аудан орталығындағы «Байзақ» колледжімен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізіп, дуалды оқыту негізінде сыныптар ашып, теориялық және практикалық тәжірибеден өткізуге белсенді үлес қосуда.

ЖАМБЫЛ Биыл Жамбыл ауылында 100 орындық мектептің құрылысы басталады, сонымен қатар ауылдың жолын толық асфальттау жоспарлануда.

ЖУАЛЫ Аудан орталығындағы саябақта ашылған сырғанақ алаңында қонақтардың жақсы демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Балалар шанамен сырғанап, коньки тепсе, ересектер түрлі шараларды тамашалайды.

САРЫСУ Аудан аумағындағы «Асыл тұз» зауыты өнімдерін облысымыздан бөлек, Қарағандыға, көрші республикаларға экспорттап жатыр. Онда күніне 70 тоннадан астам тұз шығарылады.

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 2019 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де «Баласағұн» орталық концерт залында

облыс әкімі Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВТІҢ халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ Есен ӨТЕУЛИЕВ

Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше. Ел ішіндегі татулық пен бірліктің өзіндік моделін қалыптастырған ұйым қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын қосып, қоғамдағы ортақ мəселелердің шешімін табуда белсенділік танытып отыр. Қордай ауданы Масанчи ауылдық Мəдениет үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығы мен Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы – осы сөзіміздің дəлелі. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының меңгерушісі жəне Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері, этномəдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, сонымен қатар аудан əкімдігінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысқан жиынды аудан əкімінің орынбасары Бейқұт Жамангөзов ашып, жүргізіп отырды. Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруда қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өткен Бейқұт Тілепалдыұлы көшпелі отырыстың көтерген жүгі ауқымды екенін айтты. Аудан əкімдігінің білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Самақова баяндама жасады. Гүлмира Батырəліқызы «Мəңгілік Ел» патриоттық актісінің мектеп оқушылары арасында патриоттық тəрбиені күшейтудің айқын бағдарына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, аудандағы білім мекемелерінде «Мəңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың салт-дəстүрлерін дамытып, мемлекеттік тілін, əдебиетін, мəдениетін жəне ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілген. Мəселен, 1326 сынып сағаты, 17 семинар, 35 дөңгелек үстел жəне əртүрлі форматтағы (байқау, конференциялар, əдеби-танымдық кештер) 41 іс-шара өткізіліп, оған 29506 оқушы, 2725 педагог, 18230 ата-ана қатысқан. (Жалғасы 2-бетте).

Т. РЫСҚҰЛОВ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

АГРОСАЛАНЫ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен жиында өңірдегі айрықша елеулі маңызға ие салалар – ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармаларының 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі тыңдалды. Былтыр облыстың ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Салада белгіленген индикаторлық көрсеткіштер бойынша жо спар 102-106 пайызға дейін асыра орындалып отыр. Тек кейбір жекелеген аудандарда инвестиция тартуда жəне ет өнімдерін экспорттауда көрсеткіштің төмендеуі байқалуда. Алайда ол жалпы облыстық көрсеткіш есебінен толықтырылып кеткен. Жаңа форматта ұйымдастырылған жиында əрбір аудан əкімінің осы салаға қатысты орынбасарларының өздеріне қатысты мəселелерге орындарынан тұрып жауап беруіне тура келді. Мəселен, Мойынқұм өңірінде ет экспортының көлемі төмендеп, ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру көрсеткіші азайған. Ал Талас пен Жуалы аудандарында инвестиция тарту жұмыстары алға жылжымай отыр. Сондай-ақ облыс басшысына барлық салалар бойынша жыл бойғы қалыптасқан ахуал жеке-жеке баяндалды. Ауыл шаруашылығы өңір экономикасын арттыру бағытындағы негізгі сала болғандықтан, оған артылар жүк те ауыр. Жиында өңір басшысы өткен жылдың

басында берілген тапсырмаларынан бөлек, басты екі мəселе – ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мен несие беру көлемін арттыру жайын да баса айтты. Бұл мəселелерді жанашырлықпен қолға алғанда ғана жұмыс біршама жүйелене түспек. «Мəселен, қазір өңірімізде 30 ғана кооператив жұмыс істейді екен. Бұл 153 ауылдық округ үшін тым аз. Қажет болатын болса, біз сол 153 ауылдық округтің бəрінде кооперативтер құруымыз керек. Ол қағаз жүзінде емес, іс жүзінде болуға тиіс», – деді Асқар Исабекұлы. Сондай-ақ аймақ басшысы ауылды жерде тұрып жатқан əрбір тұрғынның күнкөрісіне тиісті деңгейде қолғабыс жасау керектігін де атап өтті. «Олардың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру өз алдына, тағы бір ұтымды іс – мал шаруашылығына қатысты өнімділікті де арттыруымыз қажет. Қолда өнім бар, алайда өнімділігі төмен. Өйткені жоғарыда айтылғандай, оның өңделуі кемшіндеу. Кооперативтер осы міндетті шешудің бірденбір тетігі де. Ал несиеге келсек, ол бүгінде барынша жеңілдетіліп отыр. Ешқандай да екінші деңгейлі банк шаруаларға бұрынсоңды ондай жеңілдетілген несие берген емес. Соны түсінуіміз керек», – деді өңір басшысы.

Жиында ет экспорты көлемін арттыру, шаруашылықтарды минералды тыңайтқыштармен қамту мəселелері қаралды. Саладағы өзекті мəселенің бірі – қант қызылшасы дақылын өсіру жұмыстарында да бірқатар кемшіліктер орын алғандығы айтылды. Мəселен, жыл басында 8400 гектар жерге тəтті түбір егілді деп есеп берілсе, əзірге оның 6300 тоннасы ғана қант зауыттарына өткізілген. Кооперативтер құру мен ауыл шаруашылығы саласын əртараптандыру бойынша жауапты басқарма мен аудан əкімінің орынбасарларына нақты тапсырмалар берілді. Басқосуда қаралған екінші мəселе – облыстағы жердің жағдайы. Суармалы егістік көлемі мен пайдаланылмай жатқан жер телімдері қанша? Былтырғы жылдың басында облыс əкімінің тапсырмасына орай егістік алқаптарының ғарыштық түсірілімі жүзеге асырылып, нəтижесінде 46 мың гектар игерусіз жатқан бос жерлердің бар екендігі анықталған. Ал облыста шаруалар 40 мың гектардан астам жер сұрап, өз шаруашылығын дөңгелентіп əкете алмай отыр. Осыған байланысты нақты талдау жасау ұсынылып, бұған жауапты басқарманың жыл бойы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиын соңында барлық айтылған мəселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетінін айтқан өңір басшысы берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде бір айдан кейін тағы бір кеңес өткізетінін еске салып өтті. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.

Ауданда елімізді Индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылды. Қазір олардың игілігін аудан ғана емес, облыс тұрғындары да көріп отыр. Атап айтқанда, 2015 жылы «QOLDEN COMPASS CAPITAL» ЖШС жалпы құны 8 миллиард теңгені құрайтын «Алтын өндіру» жобасын іске қосты. Кəсіпорын толық қуатында жұмыс істегенде жылына 250-300 килограмм алтын өндіре алады. Қазір мұнда 150 адам жұмыспен қамтылған. Кəсіпорын 2018 жылы 3,5 миллиардтан астам теңгенің өнімін өндірді. Ал «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 2016 жылы 435,6 миллион теңгенің

«Мал азығына қажетті ұсақталған құрама жем əзірлеу » зауытын пайдалануға берді. Ол сағатына 15 тонна құрама жем өндіру əлеуетіне и е . Ө н д і р і с т е б а рл ы қ ж ұ м ы с автоматтандырылғандықтан, баржоғы төрт адам ғана жұмыс істейді. Өткен жылы мұнда 200 миллионнан астам теңгенің өнімі өндірілді. Бүгінде ауданда жоғарыда аталған бағдарлама аясында «Арно Агро» ЖШС «Тараз ƏКК» ЖШС-мен бірлесіп, Құлан ауылында «1000 гектар алқаптағы өсімтал бақ» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның құны 26 миллиард теңге көлемінде. Жоспарға сəйкес 2017 жылы аталған бақтың 100 гектарына шие көшеттері отырғызылды. Қазірге дейін қаржының 1,2 миллиард теңгесі игерілген. Сондай-ақ Құлан ауылындағы «ВИО Энергия» ЖШС сағатына 4,95 мегаватт электр қуатын өндіретін

«Биогаз» стансасының құрылысын қолға алмақ. Жобаның құны – 3,3 миллиард теңге. Аудан əкімдігі бұл мақсатқа 20 гектар жер телімін бөлген. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы ж а с а л ғ а н . Қ а з і р м е м л е ке т т і к сараптамадан өткізілуде. «Биогаз» іске қосылған кезде 3 бағытта қызмет көрсетпек. Яғни электр қуатын, жылу жəне минералдық тыңайтқыш өндіретін болады. Нысан іске қосылғанда жылуды пайдалану арқылы 10 гектар жер теліміне құны 9 миллиард теңгелік жылыжай салу жо спарлануда. Мұның өзі ондаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек. Ішкі туризм саласын дамыту б а ғ ы т ы н д а « Б ат ы с Е у р о п а – Б ат ы с Қ ы т а й » а вт од ə л і з і н і ң аудан аумағындағы бөлігінің 414 шақырымында «В» санатты жол бойы қызмет көрсету кешені

Байлықтан артық достық бар, Достықтан артық байлық жоқ. ГАЗЕТТІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – ОҚЫР МАН Мен облыстың бас басылымына 40 жылдан бері жазылып келемін. Мемлекеттік тілде шығатын республикалық, облыстық және қалалық газеттердің бәріне жыл сайын жазыламын.

«AQ JOL» - МЕНІҢ 40 ЖЫЛҒЫ СЕРІГІМ

қ ұ р ы л ы с ы ж ү р г і з і л уд е . Б ұ л жұмыспен конкурс жеңімпазы – «Каз Туризм» ЖШС айналысуда. Жобаның құны 720 миллион теңгені құрайды. Нысан іске қосылғанда тұрақты 50 жұмыс орны ашылып, тəулігіне 500 автокөлікке жəне жол ау ш ы л а р м е н ту р и с т е р ге қызмет көрсетіледі. Оның жобалықсметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аудан əкімдігі «Каз Туризм» ЖШС сұранысына сəйкес жол бойына қызмет көрсету кешені құрылысын кеңейту үшін 8,5 гектар жер телімін бөліп берген. Бұл аумақта «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама əзірлену үстінде. Жобаны қаржыландыру Аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданған.

Солардың ішінен ең бірінші қолыма «Aq jol»-ды аламын. Облыстың ғана емес, əлем жəне еліміздегі болып жатқан жаңалықтармен танысамын. Ақорда жаңалықтарын да «Aq jol»дан оқимын. Жыл сайынғы Елбасы Жолдауын бас басылымнан оқып, одан туындайтын міндеттердің орындалуында атқарылып жатқан əр саладағы тірлікті де газет жүйелі түрде беріп келеді. Облыс əкімінің өңірдің экономикасын арттыруда, халықтың əлауқатын көтеруде, облыс орталығын көркейтуде атқарып жатқан тынымсыз еңбегін де басылым жүйелі түрде жариялап келеді. Мемлекеттік бағдарламаларды орындауда жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыспен де танысамыз. Газетте қалада болсын, ауыл-аймақта болсын шешімін күткен мəселелер тілшілердің назарынан тыс қалмайтынына да ризамын. Жер-жердегі авторларға, оқырмандарға да басылым бетінде жиі орын беріледі. Бұл – газеттің алтын діңгегі оқырман екенін айқындап тұр. Газет сынынан кейін жауапты тұлғалардың көтерілген мəселе бойынша берген жауаптары да жарияланып жатады. Беттердің безендірілуінде де мін жоқ. Басылымдағы түрлі тақырыптарда беріліп тұратын арнайы беттер де ерекшеліктерімен көз тартады. Оның бəріне жеке-жеке тоқталып жатқанша əркімнің оқығаны жөн дер едім. Сондықтан да 100 жылға жуық тарихы бар облыстың бас басылымы – «Aq jol» газетіне былтырғы күзгі баспасөзге жазылу науқанында түрлі себептермен жазыла алмай қалған оқырмандар болса əлі де жазылуға мүмкіндік бар екен. «Aq jol» менің 40 жылғы серігім болғандықтан əр отбасына бір «Aq jol» ауадай қажет дегім келеді. Жақсылық МАМЫРБЕКҰЛЫ, газеттің байырғы оқырманы, зейнеткер.

Т. Рысқұлов ауданы.

Тараз қаласы.

ЕЛ ИГІЛІГІН ЕСЕЛЕГЕН ЖОБАЛАР Ақылжан МАМЫТ

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Мақпал, Көкдөнен, Құмарық ауылдық модульді балалар кітапханасы мен Қарақыстақ ауылдық модульді кітапханасында


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.