Ж
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№97 (18591), Beısenbі, 23 tamyz, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
www. aqjolgazet.kz
АҚОРДА
ПРЕЗИДЕНТ
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ИСЛАМНЫҢ МЫЗҒЫМАС РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАЙДЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ СЫНДАРЛЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ПРАГМАТИЗМ ҚАҒИДАТТАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН
Елбасы Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды. Мемлекет басшысы жұртшылық алдында с ө й л е ге н с ө з і н д е б а р ш а қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның бейбітшілік пен адал ниетке негізделген символдық мәнінің зор екенін және исламның мызғымас рухани құндылықтарын айқындайтынын, сондай-ақ мейірімділік пен ізгіліктің, жақсылықтың жаршысы болып саналатынын атап өтті. Президент Құрбан айттың мән-маңызы тек намаз о қ ум е н ж ә н е қ ұ р б а н д ы қ шалумен шектелмейтінін айтты, сондай-ақ жағдайы жоқ отбасыларға, жетімдерге, қарттар мен барлық мұқтаж жандарға қайырымдылық танытып, көмек көрсетуге шақырды. Мемлекет басшысы бүгінде Қазақстанда діндердің өркендеуі үшін және олардың конфессиялық ұстанымдарына қарамастан діни ғұрыптарының орындалуына барлық жағдай жасалып отырғанын жеткізді. – Баршаңызға зор денсаулық, әрбір отбасына бақ-береке тілеймін! Қазақстанымыз өркендеп, елімізде әрдайым достық, тыныштық пен тұрақтылық салтанат құра берсін! – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады. Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Ливан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Жискар ӘлХури, Украинаның Төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба, Бразилия Федеративтік Ре спубликасының Төтенше және өкілетті елшісі Марсия Доннер Абреу, Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер, Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Имтиаз Ахмад Кази сенім грамоталарын тапсырды. Қазақстан Президенті рәсімге қатысушыларды дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, бұл әр дипломаттың өміріндегі жауапты да қуанышты сәт екенін айтты. Сонымен қатар Астананың 20 жылдық мерейтойы атап өтілгеніне тоқталып, қысқа уақыт ішінде Қазақстан елордасы көп ұлтты халқымызды біріктіргенін, сондай-ақ тың идеялар мен инновацияларға жол ашқанын әңгімеледі. – Астана бейбітшілік пен келісімнің жаңа платформасы ретінде танылды. Мұнда Еуразиялық экономикалық од а қ , Ш а н ха й ы н т ы м а қ т а с т ы қ ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңе сі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, ЭКСПО көрмесі аясында маңызды құжаттар қабылданды, – деді Президент. Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезін өткізу мәселелеріне ерекше тоқталып, жуырда елордада үздік тәжірибелерге негізделген жаңа « Ас т а н а » ха л ы қ а р а л ы қ қ а р ж ы орталығы ашылғанын айтты. Елдердің
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШТАРЫ
ІС, ТІНӘЛИЕВ КҮМ ЕРІ НҰРМАХАН ҮЛДЕГЕР АТАНДЫ ЕБ Ш Ң НІ СІ РЕ ОВ ҚОЛА Ж ГРЕК-РИМ КҮ РУСЛАН ЖАПАР ТАЭКВОНДОШЫ
Табиғат АБАИЛДАЕВ Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жамбылдық спортшылар жасындай жарқырап, жеңісті жорықты жалғастырып жатыр. Алдымен жартылай финалға дейінгі қарсыластарын оңай ұтып келген таэквондошы оғланымыз Руслан Жапаров қола жүлдеге қол жеткізді. Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Ту ұстап шыққан Руслан 80 килограмнан жоғары салмақта сынға түсіп, жартылай финалда Иран спортшысына ұтылған соң, қола медальді қанағат тұтты. Өз сөзінде Руслан алтын медаль үшін келгенін айтып, сәл ғана сәттілік жетіспегенін тілге тиек етті. Жамбылдықтар грек-рим күресінен үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиевтен жоғары нәтиже күткені жасырын емес. Нұрмахан елінің сенімін ақтады. 130 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз финалға қиналмай жетті. Бұған дейін екі мәрте Азия ойындарында топ жарған жамбылдық жампоз үшінші рет атой сала алмады. Ақтық сында өзбек балуаны Муминжон Абдуллаевқа жол берген ол Азия ойындарының күміс жүлдегері атағына қол жеткізді. Дегенмен кезінде Азияда Нұрмахан қарсылас шыдатпағанын айта кету керек. Азия ойындарындағы жамбылдықтардың табысы мұнымен толастаған жоқ. Су добынан сынға түскен әйелдер құрамасының негізгі құрамы «Айша бибі» командасының спортшыларынан жасақталғаны мәлім. Жамбылдық арулардан құралған қыздар құрамасы да намысты қолдан бермей, күміс медальді қоржынымызға салды. Олар шешуші ойында Жапония қыздарын 12:11 есебімен жеңген болатын. Біз ел спортшыларынан, жамбылдық өзге де сайыпқырандардан тек жүлде күтеміз! Алға, Қазақстан! (Азия ойындары туралы топтаманы 8-беттен оқисыздар).
=АҚШ 60 жылдық зерттеудің нәтижесінде алғаш рет безгек індетіне қарсы дәрі жасалды. Бұл – жұқпалы әрі қауіпті індеттен зардап шегетін елдер үшін үлкен жаңалық. Жаңа дәрі «Tafenoquine» деп аталады.
=ФРАНЦИЯ Ел ғалымдары нанороботтың көмегімен адам шашымен бірдей талшықтың ұшында микроскопиялық үй салған. Үйдің ұзындығы – 20 мкм, бірақ оның кіреберіс есіктері, терезелері, тіпті шатыры да бар.
=ГЕРМАНИЯ Неміс астрономы А.Герст орбитада отырып, Жердегі робот жұмысын бақылады. Бұл – құлтемірмен өткен үшінші тәжірибе. Робот барлық тапсырманы дұрыс орындаған. Енді мұндай көмекшіні халықаралық ғарыш стансасына бекіту жоспарда бар.
=ГРУЗИЯ 1 минут 44 секунд ішінде Рубик кубигінің 6-уын су астында жинаған 18 жастағы В.Марчилашвилидің есімі «Гиннес» рекордтар кітабына жазылды. Ондағы соңғы рекорд америкалық Энтони Брукске тиесілі еді.
=ИРАН Ел «Косар» деп аталатын соғыс кемесін жасап шығарды. Ол баллистикалық есептеулер жүргізетін компьютерлік жүйемен және көп нысаналы радармен жабдықталған. делегацияларын жоғарыдағы шараға және орталықтың жұмысына белсенді атсалысуға шақырды. Мемлекет басшысы Қазақстанның көршілес елдермен эконом икалық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен заманауи инфрақұрылымды белсенді дамыта түскенін, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізінің 2,7 мың шақырымға созылатын қазақстандық бөлігінің құрылысы толық аяқталғанын атап өтті. – Осы айда Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінде Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей
және Түрікменст ан басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. Онда қауіпсіздік және экология мәселелерімен қатар, Каспий маңы елдерінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту, көлік желісінің әлеуетін арттыру қарастырылған. Құрық портының іске қосылуы Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдауды қамтамасыз етті. Соның арқасында, 2020 жылға қарай бюджетке жылына 5 миллиард доллардан астам қосымша кіріс түседі, ал Қазақстан өнімдері әлемнің 120-дан астам елінің нарығына
жеткізіледі, – деген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы ынтымақтастық пен прагматизм қағидатт арына негізделгенін атап өтіп, Астана екі жақты және көп жақты байланыстарды одан әрі дамытуға баса көңіл бөлетінін айтты. Соңында Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының басталуымен тағы да құттықтап, ол а рд ы ң қ ы зм е т т е р і е л д е р і м і з арасындағы достық пен сенімді одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірді.
ТАҒЗЫМ
Д. ҚОНАЕВ ПАРАСАТЫ МӘҢГІ ҮЛГІ БОЛА БЕРЕДІ Есет ДОСАЛЫ
ЖАМБЫЛДЫҢ Р Ұ Т П А Р А Ж Ы Р А Д ЖАМПОЗ
НДА ЖАҺА
22 тамыз күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірден озғанына 25 жыл болды. Айтулы күнге орай Тараз қаласындағы Д.Қонаев көшесінің бойына орналасқан тау тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Республиканың бұрынғы көшбасшысына тағзым етуге келгендер арасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек С о л т ы б а е в , Та р а з қ а л а с ы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, қалалық ардагерлер кеңе сінің төрағасы Алдияр Түсіпов, облыстың Құрметті азаматы Батт а л Жаңабай және ардагерлер кеңе сінің мүшелері, Д.Қонаев атындағы қор өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері болды. Гүл шоқтарын қоюға беттеген топты облыстық ардагерлер
Д БЫЛ ЖАМ
А
=БАЙЗАҚ Аймантөбе ауылындағы «Думан» шаруа қожалығы «Даму» қорынан 15 млн теңге несие алып, 100 басқа арналған бордақылау алаңын салды.
=ЖАМБЫЛ Аса ауылы Абай көшесі бойындағы бұрынғы кинотеатр ғимаратын музыкалық мектеп етіп қайта жабдықтау қолға алынды.
=САРЫСУ Аудандағы астық сақтайтын 10 қойма сапалы жөндеуден және дәнді дақылдар зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеуден өткізілді.
=ТАЛАС «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Есейхан ауылына ауызсу құбыры тартылуда.
=Т.РЫСҚҰЛОВ Жалпақсаз ауылында 48 оқушыға арналған бастауыш мектеп құрылысы жүргізілуде. Құны 338 миллион 210 мың теңгені құрайтын нысанды «Құрылыс ТЭД» ЖШС салып жатыр.
кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай бастап, қайраткердің ескерткішіне тағзым етті. Осы күні бір топ жамбылдық ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері Алматы
Ж УРНАЛ ИС Т М Ә С Е Л
қаласының іргесіндегі и п п од р ом д а д е м а л ы с т а ғ ы генерал Аман Шабдарбаевтың ұйымдастыруымен өткізілген Д.Қонаевты еске алуға арналған үлкен іс-шараға қатысты. Онда олар тай және аламан бәйгелерін тамашалап, Н.Нүсіпжанов,
А.Қоразбаев, Т.Жаманқұлов бастаған белгілі өнер иелерінің әндеріне қол соқты. Іс-шара соңында Д.Қонаевтың әруағына ас беріліп, құран бағышталды. Суреттерді түсірген Юрий КИМ.
Е КӨ ТЕ Р Е Д І
Үйдің басын қатын қосар, Елдің басын батыр қосар. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА
ОЙ-ШҰҢҚЫР ЖОЛДЫҢ АЗАБЫ, КЕТІРДІ-АУ ӘБДЕН МАЗАНЫ НЕМЕСЕ ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕР ӨЗ ЖҰМЫСЫНА НЕГЕ АТҮСТІ ҚАРАЙДЫ?
Ерғали ҚАРТАЙҒАН ЖАСЫРАТЫНЫ ЖОҚ, ҚАЗІР ӘЛДЕКІММЕН ЖОЛ ТӨҢІРЕГІНДЕ ӘҢГІМЕЛЕСЕ ҚАЛСАҢЫЗ, ШУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ӘҢГІМЕҢІЗДІҢ ӨЗЕГІНЕ АЙНАЛАДЫ. БҰҒАН БАСТЫ СЕБЕП – ШУ ШАҺАРЫНА КІРЕБЕРІС ҮШ БАҒЫТТЫҢ ДА ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫЗ БОЛУЫНАН БОЛСА КЕРЕК. ЖОЛ ДЕГЕН АТЫ ҒАНА БОЛМАСА, ОЙЛЫ-ШҰҢҚЫРЛЫ, ҚЫРАТҚЫРЛЫ, ЖҮРЕК ШОШЫРЛЫҚ ҚИЯ-ТАСТЫ ЖОЛМЕН ЖҮРГЕН ЖОЛАУШЫЛАР ШЫБЫН ЖАНЫН ШҮБЕРЕККЕ ТҮЙІП ОТЫРАДЫ. ДЕГЕНМЕН ДЕ «АЛМАТЫ-АСТАНА», «МЕРКІ-ШУ-БУРЫЛБАЙТАЛ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ТАС ЖОЛДАРҒА «ШУДЫҢ ЖОЛЫ» ДЕП АЙДАР ТАҚҚАНЫМЫЗ БОЛМАСА, ШЫНДЫҒЫНДА ОЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНДЕГІ ЖОЛҒА ЖАТАДЫ. БІР ҚУАНТАРЛЫҒЫ, БИЫЛДАН БАСТАП ДӘЛ ОСЫ «МЕРКІ-ШУ-БУРЫЛБАЙТАЛ» БАҒЫТЫНДАҒЫ ТАС ЖОЛДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛМАҚ. АЛДАҒЫ 2-3 ЖЫЛДЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ БҰЛ ЖҰМЫСТАР ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛЫП, ОЙҚЫ-ШОЙҚЫ ЖОЛДАРЫМЫЗ ТАҚТАЙДАЙ ТЕП-ТЕГІС БОЛАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ.
Жалғасы 4-бетте.
Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылдың 25 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы №18-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. Тараз қаласының көшелеріне және шағын ауданына атау беру және қайта атау туралы; 3. «Жамбыл облысының әкімшілік-аумақтық шекарасын өзгерту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы №119 қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы №12-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 4. Элиталық тұқымдардың егістерін байқаудан өткізу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы; 5. Кейбір комиссиялардың құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 6. Жамбыл облыстық мәслихатының жиырма жетінші сессиясының төрағасын сайлау туралы. * * *
Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2018 жылдың 25 тамызында сағат 11.00-де өтеді. * * *
Депутаттарды тіркеу 2018 жылдың 25 тамызы күні сағат 10.30-да басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б.ҚАРАШОЛАҚОВ.