Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
Ж
АҺАН Д
А
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№72 (18566), Senbі, 23 maýsym, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА АРНАҒАН ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҚР ҰКП съезінің қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін оқыды. ҚР Президентінің Үндеуінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына биыл 5 жыл толғаны жайында атап өтілген. «Па лат а мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында дәнекер ретінде қызмет атқарды. Кәсіпкерлік – экономиканың нағыз локомотиві әрі қозғаушы күші. Іскерлік белсенділікті арттыру Қазақстан үшін айрықша зор мәнге ие. Біз осы бағытта айтарлықтай жетістікке жеттік» деп жазылған Елбасы Үндеуінде. Мемлекет басшысы Қазақстан «Doing Business» рейтингінде соңғы 10 жылда 64-орыннан 36-орынға дейін көтерілгенін атап өтті. Жалпы ішкі өнім 4%-ға артқан, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары. Құрылымдық және институционалдық реформалар жүзеге асырылып келеді.
«Инве стициялық ахуа лды жақс арту бойынша жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Жаңа Салық және Кеден кодекстері күшіне енді, кәсіпкерлікті реттеу мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер топтамасы қабылданды. Онда бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары мен ұсынымдары барынша
ТАҒАЙЫНДАУ Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №98-Ж/Қ өкімімен ҚҰРМАНҒАЛИ Берік Уәлиұлы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды. Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы туған, білімі – жоғары. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық г ума н и т а рл ы қ - з а ң у н и в е р с и т е т і н « Қ ұ қ ы қ т а н у » мамандықтары бойынша бітірген. 1997-2012 жылдар аралығында «Хабар» агенттігі» АҚның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, « 3 1 ка н а л » Ж Ш С - н ы ң ж у р н а л и с і , а қ п а р ат т ы қ бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-ның жемқорлыққа қарсы медиаорталығының жетекшісі, 20122015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Е ІГ Ш З МА Л І Ы Т Ғ ЫР ТЫ ПС ТА
Т ҰБ
ескерілген. Отандық бизнесмендер мен «Атамекен» ҚР ҰКП осы маңызды процеске белсенді қатысуы керек, – деп атап өтті Мемлекет басшысы Үндеуінде. – Бүгінде стратегиялық мақсат – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінде шағын және орта бизнес
үлесінің артуын бағамдайды. Мұнымен қоса, 4-өнеркәсіптік революция талабында біз экономиканың жедел жаңғыруын, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағыт алдық. Әлеуметтік бастамаларда шағын несиелеу артып келеді және «Бастау» жобасы сынды маңызды бастамалар жүзеге асырылып отыр. Осы жылдың өзінде кәсіпкерлік негіздеріне 160 аудан мен 40 шағын қаланы қамтып, 30 мың ауыл тұрғынын оқыту қарастырылған. Алға қойылған барлық мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет пен «Атамекеннің» жүйелі күш салуы талап етіледі». «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзін қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың шоғырлануының базалық негізі ретінде дәлелдеді. Ұйым – еліміздің дамуындағы ст ратегиялық ре формаларды жүзеге асырудың тиімді механизмі. Бұл – ТМДдағы отандық кәсіпкерлердің барлығын біріктіретін және заңнамамен бекітілген ауқымды функция мен уәкілеттікке ие жалғыз құрылым. Бұл съезд «Атамекеннің» бес жылдық жұмысын қорытындылауға арналған айтулы оқиғаға айналатынына сенімдімін» деп тұжырымдалған Елбасы Үндеуінде.
-2018: АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕР
ҰЛДАНА МЕН АРУЖАН 136 БАЛЛ ЖИНАДЫ ЕКІ КҮНДЕ 1010 МЕКТЕП БІТІРУШІ 100-ДЕН ЖОҒАРЫ БАЛҒА ИЕ БОЛДЫ Жанғазы АХМЕТ
Ұлттық бірыңғай те стілеудің екі күні артта қалды. Әзірге жамбылдық түлектердің нәтижелері жаман емес. Рас, көздеген межеге қол жеткізе алмағандары да бар. Дегенмен алғашқы екі күндік тестілеудің қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің орташа балдық көрсеткіші – 87,6, былтырғымен салыстырғанда едәуір жақсы. Атап айтсақ, алғашқы лекте жеті пунктте тапсырған 2433 мектеп бітірушінің орташа балы 86,7 пайызды құраған. Бұл күні ең жоғары балды Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының түлегі Ұлдана Әбілова жинады. Ол максималды 140 балдың 136-сын иеленген. Әлбетте бұл Ұлдананың ғана емес, өзі оқыған білім ошағы мен облыс үшін де үлкен қуаныш десек болады. Облыстық білім басқармасының бас маманы Жанна Қалыбаеваның айтуынша, екінші лектегі талапкерлер де тестілеуде жақсы нәтиже көрсеткен. Бұл күні ҰБТ төрт пунктте өтіп, Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу аудандары мен облыс орталығындағы дарынды ұл-қыздарға арналған «Білім-инновация» мектеплицейлерінің 778 мектеп бітірушісі өз білімдерін тексерді. Олардың жалпы орташа балы 92,7 пайызды құраған. Айта кету керек, дарынды қыздар шоғырланған
Л ЕК Е МЕМ
НДА ЖАҺА
=ҚЫТАЙ
Динозаврлардың ізі табылды Халықаралық археологиялық экспедиция Қытайдың шығысында орналасқан Шаньдун провинциясынан 120 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврлардың ізі табылды. Алдын ала болжам бойынша, із Бор дәуіріне жататыны анықталды. Бұл ғалымдар үшін күтпеген жағдай болды. Ғалымдар бұл маңнан бұған дейін ешқандай динозаврдың сүйегі табылмағанын айтады. Сондай-ақ динозаврлармен қатар, дейнонихтардың да ізі табылған. Археологтер бұл өте жақсы олжа екенін айтады. Себебі табылған деректер олардың аталған жерде үйірімен жүргенін білдіреді. Бұрын олар бір-бірінен оқшау жүрген деп болжанған. Халықаралық экспедиция құрамына Қытай, Австралия және АҚШ ғалымдары кірді. =ИТАЛИЯ
Қоғамдық көліктері өсімдік майымен жүрмек Венецияда қоғамдық көліктер енді өсімдік майымен жүрмек. Мейрамханалар қолданған майды жинап, өңдеуге жібереді. Одан дайындалған отынды су көліктері пайдаланады. Қала әкімдігі осылайша тарихи ескерткіштерге нұқсан келтіретін ауадағы зиянды қалдықтың мөлшері күрт азаятынына үміт артып отыр. Қаладағы мейрамханалардың мәзіріне міндетті түрде қуырылған ас шаяны немесе кальмарлар кіреді. «Шығынсыз экономика» үдерісі жүзеге асып жатыр. Пайдаланған майды ағызып жіберсе, айналадағы суды ластайды. Ал отын шығаруға қолдансақ, қоршаған ортаға пайдасы тиеді», – дейді қаланың экономикалық дамуы жөніндегі кеңесші Симоне Вентурини.
Д БЫЛ ЖАМ
= ТАЛАС АУДАНЫ
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Қаратау қаласындағы «Авангард» кинотеатрында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты жастар форумы өтті. Қазақ елінің соңғы 25 жылда тұтқасын ұстап, туын көтерген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері мен жеңістерін саралай отырып, жастарды патриоттық тәрбиеге бағыттау мақсатындағы форумда сөз сөйлеген ауданның Құрметті азаматы Талғат Жұмабек Елбасымен кездесіп, қолын алғанын әсерлі баяндады. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Манатбеков мен «Жас Отан» ЖҚ «А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия» бөлімшесінің төрайымы Айгүл Ботанова Елбасының өмір жолы мен бағындырған белестерін әңгімелеп, ұлт мақтанышына айналған тұлғадан үлгі алуға шақырды. =ШУ АУДАНЫ
Акция аты – «Балаларға өмір сыйла» Төле би ауылындағы С.Хасенов атындағы стадионда аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы мемлекеттік қызметшілер арасында «Алға басу – движение вперед» атты жарыс өтті. «Балаларға өмір сыйла» атты акция аясында ұйымдастырылған жарыстың шартына сай ерлер 2,5 шақырымға, әйелдер 1,5 шақырымға жүгірді. Қатысушылардың арасында алпысты алқымдаған мемлекеттік қызметшілер де болды. Жарыс соңына қарай қыздар қол күрестіріп, білек күштерін де сынап көрді. Жеңімпаз атанған мемлекеттік қызметшілер арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды. білім ошағының орташа балы – 112,9 пайыз, ал ұлдар лицейінің орташа балы – 106,9 пайыз. Екінші лекте тапсырғандардың ішінде де ең жоғары көрсеткіш – 136 балл. Бұл нәтижеге Мойынқұм ауданындағы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Аружан Мақсұтбекқызы жетіп отыр. «Алтын белгі» төсбелгісінің иегері Аружан өз білімін дәлелдеді. Енді өзі армандаған жоғары оқу орнына оқуға түсері анық. Үздік талапкер алдағы уақытта да биік
белестерді бағындыруды көздейді. Екі күнгі тестілеудің қорытындысы бойынша түлектердің 1010-ы 100-ден жоғары балға қол жеткізген. Бұл – екі лектегі тест тапсырушылардың отыз пайызға жуығы. Тестілеу әлі де жалғасуда. Кеше алты пункт бойынша барлығы 2068 түлек ҰБТға қатысты. Олардың қатарында Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандары және Тараз қаласының мектеп бітірушілері бар.
Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас.
Т МАҚТАНЫШТАРЫ
ЧЕМПИОН БАТЫР ЖҮКЕМБАЕВ ЖЕРЛЕСТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Ерғали ҚАРТАЙҒАН
Н Е ІН Р Е Т ІК ІЛ Г И Р Ы С А Ғ ХХІ Н А Д У А Н Ы Ғ А Ш Н А Ғ ШЕТ ҚАЛ ОҚ, ЭЛЕКТР Н АУЫЗС УЛАРЫ Ж ҒАН БЕ З ГА Е Д Е ЕС Д БА ЕН ҚАЛА ІРГЕСІН МЕК ЕДІ, ТЕМІР ЖОЛҒА ӨТКЕ Л САЛЫН ӨШ І И Ж ҒЫ ЖАРЫ Амангелді ӘБІЛ
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ ЖАМБЫЛ ЖӘНЕ БАЙЗАҚ АУДАНЫНА ҚАРАП КЕЛГЕН БІРҚАТАР ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН САЯЖАЙЛАР 2010 ЖЫЛЫ БЕКІТІЛГЕН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ҚАЛАҒА ҚАРАДЫ. «ТАРАЗДЫҚТАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛЫП, ҚАЛАЛЫҚ БОЛДЫҚ» ДЕП БӨРКІН АСПАНҒА АТҚАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚУАНЫШЫ БҮГІНДЕ СУ СЕПКЕНДЕЙ БАСЫЛҒАН. (Жалғасы 5-бетте).
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев жуырда Д а в и д Ле м ь е м е н Ка р и м Ашурдың арасында өткен кездесудің андеркартында өнер көрсетіп, кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын. Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизбен жұдырықтасқан жерле сіміз қарсыласын жетінші раундта техникалық н о кау т п е н же ң і п , W B C ұйымының Америка аймағы бойынша чемпионы атағын жеңіп алды. Спорттық мансабындағы ірі жеңісіне қол жеткізген жерлесіміз жарқын жеңісінен кейін туыпөскен жеріне оралды. Осыған орай, Шу
А
ауданына қарасты Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімі Найман Сұлтанбаев былғары қолғап шеберіне ақ боз ат мінгізіп, сыйсияпат көрсетті. К ү н н е н - к ү н ге т а н ы м а л дылығы артып келе жатқан жерлесіміз алматылық боксшы Абылайхан Құс айыновпен бірге Балуан Шолақ ауылының тұрғындарымен ке зде су
ө т к і з і п , ау ы л ха л қ ы н а ө з ризашылықтарын жеткізді. Алақандай ауылдан шығып, Канада мен америкалық бокс жанкүйерлерін тамсандырып жүрген жерлесімізге тұрғындар шапан жауып, лайықты құрмет көрсетті. Батырдың айтуынша, оның келесі жекпе-жегі алдағы екі аптаның көлемінде белгілі болады екен.
– Бүгінге дейін 13 кездесу өткізіп, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқт адым. Осының барлығы жанкүйерлерімнің қолдауы деп ойлаймын. Туған жерімді сағынып келгенде осындай сый-құрмет көрсеткен же рл е с т е р і м е а л ғ ы с ы м д ы айтамын. Алдағы жоспарларыма келер болсам, өте ауқымды. Ең алдымен, қыркүйек айында WBC ұйымының Америка аймағы бойынша чемпионы атағын қорғауға тиіспін. Бұл жекпе-жектегі қарсыласым алдағы екі аптаның ішінде анықталады, – дейді боксшы. Шу ауданы Шоқпар ауылдық округіне қарасты алақандай Еспе стансасында дүниеге келген Батыр – бүгінде Канадада танымалдылыққа ие болған боксшы. Ендеше қазақтың жүректі ұлы дүниежүзін таңғалдырып, жерле стерін жарқын жеңістерімен қуанта берсін дейміз. Шу ауданы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2018
ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, ОҚЫРМАН! «Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457
байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457
Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс
P ERNUR-press
P Тараз-пресс
PҚыран-пресс
БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ