ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облысты о амды саяси газет l ТАРАЗ
№121 (17978), Сенбі, 23 тамыз, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ 71 ЖАСҚА ДЕЙІН ӨСТІ
ӨНЕРЛІ ЕЛДІҢ ӨРІСІ КЕҢ
Соңғы алты жылда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 66 жастан 71 жасқа дейін көтерілді. Бұл туралы кеше «ЖезқазғанБейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» екі жаңа темір жол тармағының ашылу салтанатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Біз әйелдердің босануы кезінде қанша ана мен баладан айырылдық. Қазірде өлім-жітім күрт төмендеп, халық саны өсуде. Соңғы алты жылда қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 66-дан 71-ге дейін көтерілді. Бұл тәуелсіздік алған жылдардан бергі экономикамыздың жеткен басты жетістіктерінің бірі деуге болады», — деп атап өтті Н. Назарбаев. Президент төрт жыл бұрын 200 мың адам жүрекке ота жасатудың кезегінде тұрғандығын айтты. «Олар батыста ота жасату үшін 30 мың доллар таба алмады. Қазір облыс орталықтарында, ірі қалаларда сондай ота жасайтын кардиологиялық орталықтар салынды. Бұл мыңдаған адамдардың өміріне араша болды», — деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. «Ақ жол- Ақпарат»
Мемлекет басшысы Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Кездесуде театр өнерін дамытудың негізгі аспектілері, театрлардың репертуар саясаты және олардың шығармашылық деңгейін одан әрі көтеру мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет пен өнер саласының жүйелі дамуын атай келе, тарихи тақырыптарға арналған қойылымдардың маңыздылығын айтты. Т.Жаманқұлов өзі басқаратын одақтың қызметі, сондайақ, отандық театрлардың, соның ішінде өңірдегі театрлардың жұмысы туралы баяндады. Елбасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевты да қабылдады. Кездесуде отандық кинематографияның жағдайы мен даму перспективалары, киностудияның қазіргі жұмысы, алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды. Мемлекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың мәдени
дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Осы саланың нығаюы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген. Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды. Жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеуге бағытталған анимациялық фильмдер жасаудың маңыздылығын да айтты. Өз кезегінде Е. Аманшаев киностудияның жыл соңына дейін прокатқа түрлі тақырыптағы 8 фильм шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондайақ, қазақстандық кинофильмдер былтыр 1 миллионнан астам көрермен жинағанын атап өтті.
Ауылда адам бар болса, Ауыл ала болмайды. Ел иесі құт болса, Халқы ала болмайды. Халық мақалы.
Жамбылдық жол жөндеушілер жаңа технологиялар пайдалана бастады. Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы жолдардың ауыр көліктерге шыдас бермеулеріне байланысты қалыңдығы 2-3 мм-ге жететін реджувасил жабыны қорғаныс қабатының заманауи технологиясын енгізуді жоспарлап отыр.
l ЖАМБЫЛ Аудан аумағындағы 19 елді мекеннің учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындары алдында белгіленген кестеге сай есеп беруде. Онда осы жылдың 7 айында атқарылған жұмыс барысы талқылануда. Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау, Қаракемер, Ақбастау, Шоқай ауылдарының тұрғындары мал ұрлығы, жастар арасында кездесетін келеңсіз тірліктердің жолын кесіп, полиция тарапынан жұмыстарын ширатуды талап етуде.
l ЖУАЛЫ Аудандағы С. Бәйтіков пен Б. Майлин атындағы орта мектептер күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашпақ. С.Бәйтіков атындағы орта мектептің жөндеу жұмысына 108 миллион теңге, ал, Б. Майлин мектебіне 43 миллион теңге жұмсалды.
l ҚОРДАЙ Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» байқауына мүмкіндігі шектеулі 20 адам қатысып, өз өнерлерін сарапқа салды. Бірінші орындарды «Үздік жасампаз» аталымы бойынша көрмеге суреттерін қойған қордайлық Е. Сухорухов, «Үздік би» аталымында Қақпатас ауылынан келген Қ. Қайпанова жеңіп алды. Ал Өтеген ауылының тұрғыны Н. Мұразхан байқаудың үздік орындаушысы атанды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
l ТАЛАС
ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ: НӘТИЖЕ МЕН МІНДЕТ
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ТА, АЛДАҒЫ МАҚСАТ ТА АУҚЫМДЫ Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Қалыптасқан дәстүр бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жылына бір рет жергілікті мәслихаттар депутаттары алдында есеп береді. Өткен онкүндікте Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері халық қалаулыларының алдында атқарылған жұмыс барысын баяндаған болатын. Ал кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен ХХVІІІ сессиясында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі тыңдалды. Облыс басшысы халық қалаулылары алдында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасады. – Бүгін ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облысымызда атқарылған жұмыстар туралы есепті кездесуде бас қосып отырмыз, – деп бастады сөзін Кәрім Көкірекбаев, – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» даму Стратегиясында қоғам алдына талабы жоғары міндеттер қойды. Стратегиялық құжаттың басты мақсаты – елімізді әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосу. Бұл мақсатты жүзеге асыру – бәрімізге ортақ міндет болып табылады. Есепті мерзімде еліміздің әлеуметтікэкономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде айтулы оқиғалар аз болған жоқ. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің интеграциялық дамуының негізін құрайтын Еуразиялық Экономикалық Одағы құрылды. Одақтың келешегі зор, түпкі нәтижесі – үш мемлекеттің экономикалық табысын молайту және халықтарының әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту. Осының барлығы берекелі бірлік пен жемісті тірліктің арқасында қол жеткен жетістіктер. Дегенмен, әлемді алаңдатып отырған кейбір жағдайларға бей-жай қарауға болмайды. Бұрынғы одақтас Украина еліндегі дағдарыстың салдары біздің еліміздің де бел бууына мәжбүрлеуде. Жақында ғана Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықты алаңдатқан мәселені шешу жолдары талқыланды. Кеңесте Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге өңірлік және жаһандық интеграциялау, экономиканы әртараптандыру, қаржы секторы тұрақтылығын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру секілді бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Елбасы
мен Үкімет тарапынан бірқатар саяси-экономикалық қауіпсіздік шаралары қабылдануда. Жалпы, облысымыздың дамуы «20112015 жылдарға арналған аймақты дамыту » Бағдарламасында айқындалған мақсаттар мен іс-шараларға сәйкес жүргізілуде. Нәтижесінде, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріміз өсіп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму қарқыны тұрақты артуда. Жаңа өндіріс орындары ашылуда. Қолайсыз ауа райына қарамастан ауылшаруашылығы өркендеуде. Әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.
Жеке кәсіпкер Айдын Байболов Қаратау қаласындағы иесіз тұрған екі көпқабатты (барлығы 156 пәтер) үйдің ғимаратын сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жөндеу жұмыстары біткен соң ол үйлерді қолжетімді баспана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға сатуды көздеп отыр.
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
КӨПТЕН КҮТКЕН ИГІЛІК
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АСУЛАРЫ О б л ы с ы м ы з – ел і м і з д е г і н е г і з г і а г р а р л ы аймақтың бірі. Салада серпіліс бар. Мысалы, ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға артып, 42 миллиард теңгені құраған. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға биыл бюджеттен 6,4 миллиард теңге субсидия мен трансферттер бөлінді. Үстіміздегі жылы егілген ауыл шаруашылық дақылдар көлемі 32,6 мың гектарға немесе 6 пайызға артты. Мал басының санын көбейтуге мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының әсері мол. Соның шеңберінде 1044 аналық мүйізді ірі қара мал басы сатып алынды, жыл соңына дейін оның саны 3300-ге жеткізілмек. Мал өнімдерін өндіру бағытында кәсіпкерлер де өз үлесін қосуда. «Казагро» арқылы «Әулие-ата Феникс» серіктестігі құны 1,2 миллиард теңге, қуаттылығы 3,5 мың тонна болатын құс фабрикасын соғуды қолға алуда. Есепті кезеңде жалпы сыйымдылығы 1140 басқа арналған мал бордақылау алаңы құрылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мүйізді ірі қара бойынша асыл тұқымды малдың үлесі 12 пайызға, қой 22,5 пайызға, жылқы 23 пайызға, түйе 41,7 пайызға жетті, бұл орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары. Дегенмен, салада проблемалар да жоқ емес. Соның бастысы – ағын су тапшылығы. Облыс басшысы өз есебінде бұл мәселені назардан тыс қалдырған жоқ. – Облыстың су көздерінің жыл сайын азаюынан және су көлемінің 80 пайызын Қырғыз Республикасынан алуымызға байланысты су тапшылығы жылдан-жылға ұлғаюда. Осыған байланысты 2014-2020 жылдары ирригациялық жүйелерді және суармалы жерлерді қалпына келтіру бағдарламасы әзірленді. Соның
аясында суғару жүйесінің пайдалы әсер коэффициенті 0,55-тен 0,75-ке көтерілу және суармалы жер көлемі 2020 жылы қазіргі 154 мың гектардан 214 мың гектарға жеткізілуі тиіс. Елбасының тапсырмасы бойынша облыс аумағында жалпы көлемі 115 миллион текшеметрді құрайтын, сметалық құны 19,5 миллиард теңге 5 шағын су қоймаларын соғу жұмыстарына дайындық жүруде. 2016-2020 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл шаралар көрші елден келетін суармалы
судан тәуелділікті азайтатыны айқын. Өткен жылы, білесіздер, көрші қырғыз ағайындар тарапынан Жуалы ауданындағы Көксай каналы қиратылып, 2200 гектар егістік жерлер зардап шеккен болатын. Осыған байланысты, каналдың 25,4 шақырым бөлігін өз аумағымызда соғу үшін республикалық бюджеттен 5,3 миллиард теңге бөлініп, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары аяқталуда, – деді К.Көкірекбаев. (Басы. Жалғасы 3-бетте).
НАЗАРДАҒЫ НЫСАН
ШУ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫ НЫҒАЙТЫЛУДА Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Шу өзені – Қордай ауданының аумағында 170 шақырымға жуық жерде ағады. Асау өзен жауын-шашын мол жылдары көктемде тасып, жағалауын опырып, арнасын бірқатар тұстарда 100-150 метрге дейін өзгертеді. Арнасынан асып-тасқан су бұрын өзен бойына жақын орналасқан елді мекендерге де қауіп төндіріп келді. Аудан тұрғындарының жағалауды нығайту жөніндегі өтініштерін жүзеге асырудың сәті 2004 жылы түсті. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға өзеннің жағасын ірі әрі ұсақ жұмыр тастармен нығайту қолға алынды. Осы мерзімде 100 шақырымға жуық жерде қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылды. Бұл істі мемлекеттік сатып алу конкурсында ұтып алған «Сұңқар-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп келеді. Серіктестік үстіміздегі жылы да Сортөбеден Қайнар ауылына дейін 35 шақырымда жағалауды жұмыр таспен бекіту жұмысын ұтып алды. Құрылыс келесі жылдың қазан айында аяқталуы тиіс. Бұл мақсатқа 5 миллиардтан астам теңге қарастырылған. Нысан Сортөбеден Чумыш су желісіне және Қайнар ауылына дейін екі телімге бөлінген. Үстіміздегі жылы Сортөбеден Чумыш су желісіне дейін 7 шақырым 960 метрде атқарылатын жұмысқа 996 миллион 476 мың теңге, екінші телімдегі 10 шақырым 700 метр жерге 1 миллиард 621 миллион
теңге жұмсалады. Серіктестік екі телімде жұмысты қатар жүргізуде. Құрылысшылар уақытпен санаспай жұмыс істеудің нәтижесінде бөлінген қаржының 70 пайыздан астамын игерген. Келісім-шартта белгіленген міндет үстіміздегі жылдың қазан айында толық орындалады. – Құрылысқа кілең қуатты техника тартылған. Біз іске өзеннің суы азайған кезде кірісеміз. Жағалау ені 3-4 және 3 метр тереңдікте экскаваторлармен қазылып, олар ірі және ұсақ жұмыр тастармен толтырылады. Биіктігі су деңгейінен бір метрге дейін көтеріледі. Бұл жұмысқа қуатты 10 экскаватор жегілген. Жетпіс «КамАЗ» және «Коба» жүк автомобильдері үздіксіз тас тасымалдайды. Құрылысшылар вахталық әдіспен жұмыс істейді. Оларға нысан басында жылжымалы вагон, асхана және монша қызмет көрсетеді, барлық тұрмыстық жағдай жасалған. Республикалық бюджеттен қажетті қаржы да уақтылы бөлінуде, – дейді «Сұңқар-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Данабек Жұмабеков. Мемлекеттің бұл қамқорлығына қордайлықтардың алғысы шексіз. Жағасы нығайтылған өзен бойында орналасқан елді мекендердің тұрғындары енді «көктем және күз айларында үйімізді су шаяды» деп алаңдамайды. Бұл жұмыс келешекте де кезең-кезеңмен біртіндеп жүзеге асырылады. Қордай ауданы Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Жуалыда таяуда бірнеше ауылдық округтің халқы үшін өмірлік маңызы бар Көксай қаналы салынып, іске қосылса, Нұрлыкент ауылында ауызсу құбыры тартылды. Міне, енді Диқан ауылында медпункт салынып, пайдалануға беріліп отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Батырбек Құлекеев: «Бүгін ауылдағы жаңа медпункт ашылды. Аудан орталығында салынып жатқан 300 орындық орта мектеп пен 280 орындық балабақша бітуге таяп қалды. Бұл – Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі түзеліп, елдің әлеуметтік жағдайы жақсарып келе жатқанының көрінісі», - деді. Ауыл ақсақалы Әлжапар Кемелов мемлекет, облыс және аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты. Медпункт заман талабына сай жабдықталған. Бөлмелері әрі жарық әрі жылы. Мейірбек МӘТЕНОВ, журналист. Жуалы ауданы.