ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
ź Ì Ì Ê¿ÃgÄÒg º ºÃÕÇ
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№62 (18096), Сенбі, 23 мамыр, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
ЖАС ӨСПІРІМ ЗАМАНДАС ҚАПА ҚЫЛДЫ, САБЫР, АҚ ЖОЛ, АЯЛ ЖОҚ, ІЛДІ-ЖҰЛДЫ. ТҰРЛАУ ҚЫЛЫП ЕШНӘРСЕ БАСҚАРА АЛМАЙ, СЕНІМІ ЖОҚ СЕРМЕНДЕ ӨҢКЕЙ ЖЫНДЫ.
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
ТҰСАУКЕСЕР
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҚҚА 100 ҚАДАМЫ
ЖІІБЕКТЕЙ ЕС СІЛМ МЕГЕН ЖОЛ Л ЖАЗУШЫ С. ПЛЕХАНОВТЫҢ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ЖАЙЛЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ Ресей сыртқы істер министрлігінің Мəскеудегі дербе с Қ а б ы л д ау ү й і н д е м ə с кеул і к ж а зу ш ы Сергей Плехановтың Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен ұзақ жылғы қызметтегі жолына арналған көркем шығармасы – «Жібектей есілмеген жол» («Не шелковый путь») атты кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараны ашып, кітапты көпшілікке Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзі таныстырды. «Тарихтың ең шұғыл бетбұрыс сəтінде, КСРО құлаған уақытта ол тайсалмастан елінің болашақ тағдыры үшін барлық жауапкершілікті өзіне алып, ақылға салып ойластырылған стратегия ұсынды. Осылайша, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім нығая түсіп, қарқынды экономиканың негізі қаланды», – деді ресейлік дипломатия басшысы кітап кейіпкері жайлы. Тұсаукесер рəсіміне сондай-ақ, еліміздің Ресейдегі елшісі Марат Тəжин, «Назарбаев орталығы» көпсалалы ғылыми-талдау жəне гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев, Ресей Жазушылар одағы Мəскеу қалалық басқармасының төрағасы, Жазушылардың халықаралық қауымдастығы атқару комитетінің бірінші хатшысы Владимир Бояринов, М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, КСРО-ның халық əртісі Армен Джигарханян, Əзірбайжан КСР-інің халық əртісі, аталған республиканың Ресейдегі елшісі Полад Бюльбюльоғлы, белгілі саясаттанушы Максим Шевченко жəне тағы басқалар да қатысып, Нұрсұлтан Назарбаев жөнінде жəне «Жібектей есілмеген жол» кітабына қатысты өз ойларын ортаға салды. Олар Елбасына арналған бұл үлкен еңбекті қалың оқырман зор ықыласпен оқитынына сенетіндерін жеткізді. Сергей Плеханов «Əлем көшбасшылары» айдарымен туындылар жазып жүр.
«
«Ақ жол-Ақпарат».
Қ
АҚ АЗ
ЖАС ӨСПІРІМ ЗАМАНДАС
АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫНЫҢ ҚОНАҚТАРЫ ЕЛБАСЫ РЕФОРМАСЫНА ОСЫНДАЙ БАҒА БЕРДІ
ЖАМАНДЫҚ, ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН – ОҒАН БІР БӘС, ДІН ІСІН, ҚҰДАЙ ІСІН АЙЫРА АЛМАС. АРЫН САТЫП, АНТ ҰРЫП ІЗДЕГЕНІ – БІР СЕМІЗ АТ, АЯҒЫ БІР ТАБАҚ АС. ТҰРЛАУСЫЗДЫҢ ҚОЛЫНАН НЕ КЕЛЕДІ? ЫНТАСЫЗ ҚАЙТІП ӨНЕР ҮЙРЕНЕДІ? ЕҢБЕГІ ЖОҚ, ЕППЕНЕН МАЛ ТАБАМ ДЕП, СЕНДІРЕ АЛМАЙ, СЕНЕ АЛМАЙ, СЕНДЕЛЕДІ. ОНДА ОНЫ АЛДАЙДЫ, МҰНДА МҰНЫ, ЖАНЫН БЕРСЕ ТАБЫЛМАС СӨЗДІҢ ШЫНЫ. АЛТЫ ЖАҚСЫ, ЖҮЗ ЖЫЛҚЫ БОЛҒАН БАСЫ БІР СЕМІЗ АТ БОЛАДЫ ОНЫҢ ҚҰНЫ.
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына! Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мəслихатының кезектен тыс, XXХVІІ сессиясы 2015 жылдың 25 мамырында облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мəслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. * * * Облыстық мəслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2015 жылдың 25 мамырында сағат 11.30-да өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 25 мамыры күні сағат 11.00-де басталады. Б.ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.
Кеше Астананың Тəуелсіздік сарайында VІІІ Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы болды. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Пленарлық отырыс басталмас бұрын алдымен форумның басты қонақтарымен суретке түсу рəсімі болып өтті. Мұнан кейін залға кірген Қазақстан Мемлекетінің
басшысын жиналғандар қол шапалақтап қарсы алды. Пленарлық отырыстың мəжілісіне Бас бизне с тілші, əлемге т аныма л BBC телеарнасының Talking Business бағдарламасының жүргізушісі Линда Юэ ханым модераторлық етті. Отырысты жүргізуші өз сөзін Қазақстанда сегізінші рет өтіп отырған халықаралық деңгейдегі
бұл маңызды шараның жақсы ұйымдасты рылғандығынан бастап, осы үшін ел басшылығына форум қонақтары атынан алғысын білдірді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевты жуықта елімізде өткен сайлаудағы үлкен жеңісімен құттықтап, мұнан кейінгі қызметіне табыс тіледі. (Жалғасы 2-бетте).
РАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ 050» СТ 2 – Н СТА
ТОЙ – ТОЙ ҒА
ҮЛКЕН ІСТІ ЖАСАУ ҮШІН ҮЛКЕН ЖҮРЕК КЕРЕК ӨЗІНІҢ 220 МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІНЕ БАЛАБАҚША САЛҒАН КӘСІПКЕР ҚОНЫС САҒЫМБЕКОВКЕ ОБЛЫС ӘКІМІ РИЗА БОЛДЫ
Ерінбей еңбек істесең, Етек-жеңің кеңейер. Етек-жеңің кеңейсе, Терезең жұртпен теңейер.
ҰЛАСС ЫН!
Халық мақалы.
«КИІЗ КІМДІКІ БОЛСА, БІЛЕК СОНЫКІ» ТАРАЗДЫҚТАР 1 МИЛЛИАРД 592918880 ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫН АТҚАРАДЫ Қазақ хандығының 550 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге дайындық барысы қыза түсті. Облысымыздың аудандары мен облыс əкімдігінің басқармаларына да қаланың көшелерін абаттандыру, тазалау, əрлеу жұмыстары тапсырылған. Бұл шараның барлығы қазір облыс əкімінің тікелей қадағалауында. Ал қала басшылығы үйлестіру жұмыстарымен а й н а л ы с уд а . Та р а з қ а л а с ы ə к і м і н і ң ік Көшербаев атқарылып орынбасары Ерік р туралы əңгімелейді. жатқан жұмыстар (Жалғасы 2-бетте).
АНОНС
Сыңғырла, соңғы қоңырау! БИЫЛ ОБЛЫС МЕКТЕПТЕРІН 8879 ОҚУШЫ БІТІРЕДІ Нұрболат ƏЛДИБЕКОВ, «Ақ жол». Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың өңірдің əлеуметтік, экономикалық ахуалымен танысу мақсатындағы жұмыс сапары Т.Рысқұлов ауданында жалғасты. Сапар барысында құландықтар ауданда атқарған ауқымды шаруаларды жарқырата көрсетіп, күн тəртібіндегі кейбір көкейкесті мəселелерді де айтып қалуға тырысып бақты. Əкім əуелі «Шəушен» шаруа қожалығының Сұңқайты ауылында орналасқан мал бордақылау кешенінде болды. Негізінен жылқы жəне қойды бордақылау арқылы сапасы жоғары мал етін өндіруді қолға алған бұл іргелі
шаруашылықта бір мезгілде 3000 бас қой мен 500 бас жылқы бордақылауға толық мүмкіндік бар. Қожалықтың атқарушы директоры Мейрамбай Дөненбаев қазіргі таңда иеліктеріндегі қой саны қозысымен қоса есептегенде 31 мыңға жуықтағанын тілге тиек етті. Жалпы, «Шəушен» шаруа қожалығы 110 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшыларының орташа жалақысы 90 мың теңгені құрайды. Өз кезегінде облыс басшысы биылғы қой жылы қой бағып, егін еккен қазаққа қарасқан жыл болғанын, ендігісі «Көктемнің бір күні жылға азық» демекші, жемшөп қорын мол жинау керектігін баса айтты. (Жалғасы 2-бетте).
25 мамыр – мектеп бітірушілердің ерекше толқынысты сəттерді бастан кешіретін аяулы күні. Өйткені, «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» алтын ұя – мектебінің орны бөлек. Қабырғасынан қанат қағып, түлеп ұшқаннан кейін қай қиырда жүрсе де көкірегінен кетпейтін қымбат мекен ол. Биылғы бітірушілер үшін де қоңыраудың соңғы рет соғылар сəті келді. Ол дүйсенбі күні болады. Биыл облысымыздағы жалпы білім беретін орта мектептерді 8879 оқушы
бітірмек. Олардың 6003-і, яғни 67,6 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Оның ішінде 235-і «Алтын белгіге», 68-і үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркелген. Талап пен білімді қатар ұштағандардың бұл жауапты сыннан да сүрінбей өтіп, таңдаған мамандықтарына сай білімдерін одан əрі жетілдіріп, армандарына жететіндеріне бек сенімдіміз. Үлкен өмірге жолдама алып, арманға қанат қаққандарға тура жол сілтеп сыңғырла, соңғы қоңырау!