Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са Сары С а ары ры ыс су у ауданы ау ауд ауда а уда уда дан ны ы
Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ын а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№22 (18216), Cейсенбі, 23 а пан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ ҚЫТАЙ
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол». Шаһардың шығыс жақ ш е т і н е н о р ы н т е п ке н «Барысхан» аумағына жер телімі алғаш 2007 жылдары беріле бастаған болатын. Б і р а й т а ке т е рл і г і , ол кезде кезекте тұрғандарға жер берілгенімен, мұнда ешқандай инфрақұрылым болған жоқ. Бүгінгі таңда қаланың бұл бөлігінде 500 түтін бар. Кейінгі жылдары 820 жер телімі кезекте тұрған кісілерге берілген. Егер ол жер телімдеріне тұрғын үйлер тұрғызылса, халық саны едəуір молаятыны хақ. Қазірдің өзінде бұл аймақта 3500 адам тұрады. Бір қуанышты жағдай өткен жылы бұл аумаққа «көгілдір отын» жетті. «Барысханға» газ жеткені тұрғындардың жүрегіне қуаныш сыйлады. 2014 жылдың сəуірінде басталған газ құбырын тарту жұмысы былтырғы қыркүйекте аяқталыпты. Бас мердігер – «Акпарстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі таңда мұндағы 230 тұрғын үй «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Газ құбыры «Барысхандағы» əр үйдің алдына дейін əкелініпті. Сондықтан,
Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН РЫСМАХАН..
б ол а р ə р т ү т і н н е н г а з орнатуға шығатын шығын қолжетімді күйде екен. Мəселен, аумақ тұрғыны Алтын Омарова үйінің ішкі
бөлмелеріне газ құбырын тартқанға 70 мың теңге, сапалы газ пешке 200 мың теңге қаражат кеткенін айтады. Ал «Барысхан»
алқабының кварталдық комитетінің төрайымы Құралай Самиева үйіне жаңадан кірген «көгілдір отынға» кеткен жұмсалған
қаржы 120 мың теңгеден аспағанын сөз етті. «Көгілдір отынға» жұмсалған шығынның əртүрлі болуы пəтердің көлеміне, үлкен-
кішілігіне байланысты екен. Қалай дегенде де «көгілдір отынның» пайдасы мол. Мəселен, əр үйге алты ай қыс көмір жағу үшін кемінде 100 мың теңге кетеді. Оған тамызыққа қажетті отынды қосыңыз. Ал «көгілдір отынға» алты ай төлейтін шығыныңыз 50 мың теңгеден аспайды. – Əр үй қыс мезгілінде айына 9-10 мың теңгеден «көгілдір отынға» шығын жұмсайды. Ал жылдың өзге мезгілдерінде кететін қаржы 500 теңгеден аспайды. Мұндай тиімділікті е с т і п , ө з ге т ұ р ғ ы н д а р да газ орнатуды көздеп отыр. «Барысханның» болашағы үлкен. Биыл бұл аумаққа Ғалым Таңатар д е ге н к ə с і п ке р а з а мат мешіт салуды жоспарлап отыр. Имандылық үйінің құрылысына өзге азаматтар да көмек қолын созады деген ойдамыз. Бұл аумақтың жолын жөндеуге биыл 140 миллион теңге қарастырылған. Сəтіменен ауыз суы, жарығы да жөнге келеді. Əзірге «Барысханға» газдың жеткені – үлкен қуаныш, – дейді Тараз қ а л а с ы № 4 ау м а қ т ы қ округінің бас инспекторы Марат Мейірбеков. Тараз қаласы.
ҚЫТАЙДЫҢ БІРІНШІ ХАНЫМЫ ҚАЗАҚ ӘНІН ОРЫНДАДЫ Желіде Қытай төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньның қазақ әнін орындаған видеосы пайда болды. Пэн Лиюань Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін қытай тілінде орындаған. Алайда бейнебаянның қай жылы түсірілгені белгісіз. Қытай төрағасы Си Цзиньпиньнің жұбайы Пэн Лиюань – Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқаулардың жүлдегері. ИТАЛИЯ ӘЛЕМДІ ӨЛІМ ЖАЗАСЫНАН БАС ТАРТУҒА ШАҚЫРДЫ Рим папасы Франциск өлім жазасына халықаралық деңгейде тыйым салуға шақырды. «Барлық басшыларға өлім жазасын алып тастау туралы халықаралық консенсусқа қол жеткізу өтінішімен сөз арнаймын. Солардың ішінде католик дінін ұстанатындарға айтарым – үлгі көрсетіп, осы батыл қадамды жасап, биылғы мейірім жылында бірде-бір өлім жазасын тағайындамауды ұсынамын», – деді ол. РЕСЕЙ ҒАРЫШТЫҢ ДА ӨЗ «ҮНІ» БАР Ғалымдар ғарыштағы дыбыстарды жазып алды. Негізінде ғарышта дыбыстың таралмайтыны айтылады. Тіпті ірі астероидтардың соқтығысуының өзі тыныштықта өтеді екен. Дегенмен ғаламдағы дыбыстарды радиотелескоптар тіркей алады. Оның көмегімен радиодиапазонда ғарыштағы «әуендерді» тыңдауға болады. НАСА бұған дейін мұндай дыбыстарды жазуға тырысқан еді. 2011 жылы агенттік радиотелескоптардың көмегімен жазылған дыбыстарды желіге жүктеген болатын.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
БАЙЗАҚ ЗАМАНҒА СӘЙКЕС ЖАҢҒЫРҒАН ҚҰС ФАБРИКАСЫ Жаңадан ашылғалы отырған заманауи құс фабрикасы бройлер балапандарын өсіріп, жылына 3,5 мың тонна ет өндіретін болады. «Әулие-Ата Феникс» ЖШС 2010 жылы Мырзатай ауылында ет бағытындағы құс фабрикасын ашу мақсатында құрылды. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы құс фабрикасына инфрақұрылым тартуға 547,0 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. САРЫСУ АУЫЛДА НАУБАЙХАНА АШЫЛДЫ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Егесіз ел азар, Иесіз жер тозар. ЖАҚСЫ Л
ЫҚ ЖА СА !
Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» дейді. Жалпы, жақсылық жасаудың, айналаңдағыларға қол ұшын созып, қарайласудың қоғамды ізгілендіруге тигізер пайдасы мол. Аудан орталығында «Рахмет» қайырымдылық-əлеуметтік дүкені ашылғалы бері бұған Жаңатас қаласының тұрғындарының көздері жете түскендей. Жалпы, азық-түлік түрлерінің басым көпшілігі отандық өнімдер екені белгілі. Сондықтан, Елбасы қазіргі нарық жағдайына қарамастан, азық-түлік бағасының шектен тыс қымбаттамауын қадағалауды тапсырды. Осыған байланысты өңірлерде кешенді шаралар қолға алынған болатын. Бағаны тұрақтандыру бағытында аудандарда да тиісті жұмыстар атқарылуда. – Аудан əкімі Бейбітбек Жайлыбаевтың бастамасымен тұрмысы тым төмен 64 отбасы анықталып, оларға əлеуметтік көмек көрсету үшін қор құрылды. Қаладағы 3-шағын ауданнан «Рахмет» қайырымдылық-əлеуметтік дүкенін ашуға да ықпал еткен – осы жағдай. Жиналған қаржыға азық-түлік сатып алынды. Аз қамтылған отбасыларына күнде екі бөлке нан, ал сəрсенбі, сенбі күндері картоп, пияз, кеспелер тағы да басқа азық тегін беріліп тұрады. Көмек ретінде үлестірілетін тауарлардың ішінде киім-кешек, кітаптар тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар бар, – дейді аудандық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Маманова. Ауданда мемлекеттік қызметкерлердің иманды шарасына үн қосатын кəсіпкерлер мен жекелеген азаматтар да табылуда. Олар қаржылай көмектесіп қана қоймай, дүкенге киім-кешектер əкеліп өткізуде. Ал «Рахмет» дүкенінің иесі жеке кəсіпкер С.Затыбекова ғимаратын жалға тегін ұсынуда. Ізгілікті іске мұрындық болғандарға аудан тұрғындары да дəн риза. Қысылтаяң кезеңде мырзалық танытқандарға Алланың нұры жаусын дейді олар. Сарысу ауданы.
«ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ АРЗАН НАН БІЗДІҢ ӨҢІРДЕ» ОБЛЫС БАСШЫСЫ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ АППАРАТ ЖИЫНЫНДА ОСЫЛАЙ ДЕДІ. ШЫНДЫҚ ТА СОЛ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Соңғы уақыттар доллар бағамының күрт өскені халықтың ойын сан саққа жүгірткені рас. Жұрттың бəрі жаңа жылдан бастап «азық-түлік, дəрі-дəрмек секілді тұрмысқа қажеттінің барлығы қымбаттайды екен» деп даурыққаны да жасырын емес. Алайда, өткен жыл өтіп, жаңа жылдың екі айы артта қалған осы тұста қандай өзгерістер орын алды? Баға бағамы қандай? Бұл туралы облыс басшысы Кəрім Көкірекбаевтың төрағалығымен селекторлық режімде өткен кезекті аппарат кеңесінде жанжақты қаузалды. Кəрім Нəсбекұлы жиын барысында бағаны негізсіз көтеруге ешқандай себеп жоқ екенін қадап айтты. Күн тəртібіндегі мəселе бойынша баяндама жасаған облыс əкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Нұржан Нұржігітов аймақ басшысына бірқатар жайттарды мəлімдеді. Басқарма тарапынан атқарылып жатқан азықтүлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы баяндаған ол өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда инфляция деңгейі 0,3 пайызға төмендегенін, азықтүлік тауарлары бойынша бұл көрсеткіш 0,4 пайызға артқанын жеткізді. Статистика мəліметіне сүйенген Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, ағымдағы жылы əлеуметтік маңызы бар 16 тауардың бағасы 1-12 пайызға дейін қымбаттаған. Оның ішінде қарақұмық, тауық жұмыртқасы, сары май, сүзбелер 3 пайызға, тауықтың сан еті, бірінші сұрыпты ұн, өсімдік майы 4 пайызға жəне осы секілді біршама тауарлардың бағасы бірнеше пайызға артқан. Ал сəбіз бағасы 7 пайызға төмендепті. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына белгіленген
жоспарлы шекті мəнмен салыстырғанда 17 тауар түрінің бағалары тұрақтылығын жоймағанын білдік. Басқарма басшысы аталған бағалардың біршама көтерілу себептеріне де тоқталып өтті. – Бірінші сұрыпты ұнның, одан өндірілетін нан бағаларының өсу себебі – облысымызға солтүстік өңірлерден жеткізілетін ұн бағасының жоғары болуымен байланысты. Қарақұмық, тауық еті, тауықтың сан еті, шəй бағаларының өсуі де осыған ұқсас. Бұл тауарлар толығымен сырттан жəне еліміздің басқа өңірлерінен жеткізіледі. Өнім өндірушілердің белгілеген бағасына байланысты. Сондай-ақ, сүт өнімінің баға өсіміне қазіргі маусымаралық кезеңде өнім өндірісінің төмендеуі əсер етуде, – деп түсіндірді Нұржан Нұржігітов. (Жалғасы 2-бетте).
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР: ХАЛЫҚ АЙТСА, ҚАЛТ АЙТПАЙДЫ
ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНДЕ КЕДЕРГІ ЖОҚ Руслан КӨККӨЗОВ, «Шу-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының директоры: – Облыс басшысының қорытынды е с епті баяндамасында жылу мен электр энергиясын тиімді пайдалану жағдайы да жан-жақты айтылды. Биылғы жылыту маусымында облысымыз бойынша 389 қазандық, 334,3 шақырым жылу желілері ақаусыз жұмыс істеп тұрғанынан хабардар болдық. Шу ауданының орталық қазандығы бірер жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен. Дəл қазір Шу қаласы бойынша 56 көп қабатты үйдің, 13 білім нысанының, 4 мемлекеттік мекеменің кеңсесін, қырыққа жуық заңды тұлғалардың нысандарының жылытылуы бойынша ешқандай шағым жоқ. Жалпы аудан бойынша 257 мекемеге жылу таратып отырмыз. Былтыр жаңадан пайдалануға берілген орталық ауруханаға 4 жаңа қазандық орнатылған. Екі мектептің қазандығы жаңарды. Осының бəрі халықтың игілігі үшін үлкен жұмыстардың атқарылып жатқандығынан хабар береді. Біздің аудан бойынша жылу жүйесінің жұмыстары қалыпты. Еш кедергі жоқ. Облыс əкімінің жұмысына оң баға беремін. Шу ауданы.
ҚОЛДАУ БАР ЖЕРДЕ НӘТИЖЕ БАР Бахтияр ХАСАНБАЕВ, «Бахор» шаруа қожалығының төрағасы: – Облыста атқарылған оңды істердің өте ауқымды екенін облыс басшысының қорытынды есебінен байқадық. Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда да нақты жоспар, жобалар бар екен. Облыс əкімі ауыл шаруашылығын дамытуға жан-жақты тоқталды. Облысымызда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламаларының орындалуы жоғары деңгейде. 18,2 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Мерейлі Меркі жерінде де атқарылған игілікті істер аз емес. Репродуктор шаруашылықтарын құру мақсатында біздің аудандағы «Талдыөзек» шаруа қожалығының Ресейден 1249 бас ет бағытындағы ірі қара сатып алғаны облыс əкімінің баяндамасында да аталып өтті. Ал өзім басқаратын «Бахор» шаруа қожалығы да мемлекеттен көрсетілген қамқорлықтардың нəтижесінде жұмысын алға бастырып келеді. «Ырыс» бағдарламасы бойынша былтыр 35 миллион теңге несиеге қол жеткізгенбіз. Ресейден сүт бағытындағы 101 бас ірі қара алдырдық. Маусымына 6 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отырмыз. Қолдау бар жерде жұмыстың жемісті болатынына көзіміз жетті. Облыс əкімінің жұмысын жақсы бағалаймын. Меркі ауданы.
МОЙЫНҚҰМДАҒЫ МЕРЕЙЛІ ІСТЕР Ниетбек АЛДАБЕРГЕНОВ, «Ақниет» шаруа қожалығының төрағасы: – Облыс əкімінің қорытынды есебінде ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы н ы ң жетістіктері де біраз айтылды. Төрт түлік малда өсім бар. Облыста 33,99 гектарды құрайтын 26 жылыжай жұмыс істейді екен. Былтыр да жылыжай саны молая түскен. Ал өзім басқаратын «Ақниет» шаруа қожа лығы негізінен егіншілікпен айналысады. 55 гектар суармалы жеріміз бар. 10 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын пайдаланып отырмыз. Ауыл шаруашылық техникаларымыз да талапқа сай. Біздің аудан шалғай болса да, өркендеуден кенже қалып қойғылары келмейді. Сондықтан, егін шаруашылығында да, мал шаруашылығында да өркендеулер бар. Əсіре се, мал шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлінуде. Мұның бəрі мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың, қамқорлықтың жемісі. Облыс басшысы шалғай аудандарды да жиі аралап, жер-жердегі жағдайды өз көзімен көріп жүреді. Мұндай іскерлік, сөз жоқ, жұмыстың ілгерілеуіне жол ашады. Сондықтан, облыс əкімінің жұмысына көңілім толады, оң бағалаймын. Мойынқұм ауданы.
Саудакент ауылынан жаңа наубайхана іске кірісті. Оны кәсіпкер Мәдира Досымбекқызы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, қол жеткізді. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған 2 миллион 200 мың теңгеге түрлі жабдықтар сатып алынды. Қазір ауданда өзге дүкендерде нан бағасы 55 теңге болса, бұл наубайханада әр бөлке 50 теңгеден сатылуда. Т.РЫСҚҰЛОВ «AGUILA SOLAR» 24 МВт КҮН СӘУЛЕСІ ҚУАТЫН ӨНДІРЕДІ «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына енгізілген 24 МВт күн сәулесі қуатын өндіретін – франциялық «Aguila Solar» ЖШС-ның жобасы. Жобалық құны 9,2 миллиард теңгеге болжанған. Бұл мақсатқа 74 га жер телімі бөлініп, бүгінгі күні жобалау құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс кезінде 100 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2016 жыл.
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мəслихатының кезекті, қырық алтыншы сессиясы 2016 жылдың 24 ақпанында облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. Облыста мемлекеттік салықтық жəне бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан шаралар туралы. 2. Жамбыл облыстық мəслихатының экономика, қаржы, бюджет жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 3. Əртүрлі мəселелер. * * * Облыстық мəслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 24 ақпанында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 24 ақпан күні сағат 09.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2016
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457