Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№85 (18279), Сенбі, 23 шілде, 2016 жыл
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
ЭКОНОМИКАНЫҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕСІН ОЛ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН, ҚАЖЕТТІ ҚАРАЖАТТАР БӨЛІНГЕН, ЖҰМЫСТЫҢ ТИІСТІ БАҒЫТТАРЫ АНЫҚТАЛҒАН
Елбасы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Ке зде су барысында К.Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономика лық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. – Б і р і н ш і д е н , э ко н о м и к а л ы қ көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгіқысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге Э КС П О - 2 0 1 7 к ө рм е с і м е н 2 0 1 7 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индуст риялықинновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды.
Селфиге түсу жеңілдей түсті. Испанияда «WeOn» атты стартап күнге киетін көзілдірікпен селфи түсіруді ойлап тауыпты. Бұл үшін тек көзілдірікті киіп, оның жақтауындағы оң жақ шетіндегі қос тетікті бассаңыз жеткілікті. Сол кезде сіз смартфоныңызды басқарып, селфиге түсе аласыз. Көзілдірік смартфоннан 60 метрге дейін қашықтықта да суретке түсіре алады. «WeOn» көзіл дірігінің әйнегі құрамында өте мықты линзалар бар. БАЛМҰЗДАҚТЫ ЕРІТПЕЙТІН ФЕРМЕНТ Ғалымдар балмұздақтың еріп кетуіне жол бермейтін ферментті тапты. Эдинбург университетінің ғалымдары ақуызды қолданудың әртүрлі әдісін ойлап тауып, оларды балмұздақ жасауда қалай қолдануға болатынын анықтаған. Ақуыз балмұздақта мұз кристалдарының пайда болуын баяулатады. Жаңалық өнімді дайындаушыларға да тиімді болмақ. Себебі, енді балмұздақты тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. =БАӘ КҮН БАТАРЕЯСЫМЕН ҰШАТЫН ҰШАҚТЫҢ ӘЛЕМДІК САЯХАТЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Күн батареяларымен ұшатын «Solar Impulse 2» ұшағының әлемдік саяхаты ұшқыштың денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. «Менің асқазаным ауырады. Саяхатты кейінге шегеруді жөн санаймын. Осы қалпымда 48 сағат бойы ұша алмаймын. Кешіріңіздер», – дейді Бертран Пикар. Ұшақ өткен аптада Испаниядан Мысыр астанасы Каирге жетіпті. «Solar Impulse 2» бір жыл төрт айда жанар-жағармайсыз 35 мың шақырымды ұшып өтті.
А ЫЛД Б М ЖА =ҚОРДАЙ ТҮНГІ АУЫЛДЫҢ ЖАРЫҚТАРЫ
– Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы
іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы кезде су қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоғамдық және этносаралық келiсiмдi орнықтыруға, Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшiн қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 шілде № 302
«ӘЛЕМ . ХХ І ҒА СЫ Р
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА
ӨҢІРІМІЗДЕГІ 60453 ЖҰМЫСШЫНЫ ҚАМТИТЫН 2380 ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДА МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Облыстық әкімдікте ә л еум е т т і к ә р і п т е с т і кт і нығайту, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда кәсіпорындар мен ұйымдардың төленбеген
ж а л а қ ы қ а р ы зд а р ы м е н ұжымдық шарттармен қамтылуы жай-күйі туралы мәселелер қаралып, талқыланды. Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы ның басшысы Серғали Айдапкелов осы тұрғыда атқарылған жұмыст ар ж ө н і н д е б а я н д а й ке л е ,
өңірдің еңбек ұжымдарында еңбек қатынастарын реттеу мақсатында ҚР Еңбек кодексі 156-158-баптарына сәйкес биылғы жылдың өткен алты айында нақты жұмыс істеп тұрған 6391 заңды тұлғаның 1373-інде ұжымдық шарттар қабылданғанын атап өтті. Жалпы, облыста бүгінгі күнге дейін өндірістік үдерісті,
еңбек құқығын қамтамасыз ету және азаматтарды жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мақсатында әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 60453 жұмыс шыны қамтитын 2380 еңбек ұжымында меморандумдарға қол қойылған. (Жалғасы 3-бетте).
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ!
»М
ИФ Е АН
«ШАҢЫРАҚ» АЛЛЕЯСЫ ШАҚЫРАДЫ
Ядролық қарусыздандыру және әртүрлі сипаттағы ғаламдық соғыстарды тоқтату – жаһандық мәселе. Себебі, соғыс жер бетіндегі тіршілік атаулыға үлкен қауіп төндіреді. Экологиялық апаттар жиілей түседі. Еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындаақ Семей ядролық полигонын жауып, даму жолын таңдады. Бүгінде Қазақстанның бастамасына әлем елдері қолдау көрсетуде. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің саясаткерлердің қызығушылығын туғызып, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты деген мəртебеге ие болуы – осының дәлелі. Өңірдегі жастар ұйымының көшбасшылары Елбасы манифесін жаһандық мәселелердің түйінін тарқатқан құнды құжат деп бағалайды. Әлем елдерін бейбітшілікке үндеген манифестің маңыздылығын талқылау мақсатында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында бас қосқан жамбылдық жастар әрқашан Ұлт Көшбасшысының саясатын қолдауға дайын екендіктерін аңғартты. О бл ы с ә к і м д і г і і ш к і с а я с ат б а с қ а рма с ы « Ө ң і рл і к коммуникациялар қызметі» мекемесінің басшысы Айбек Әжібаев Елбасы манифесінің мазмұнын талдай отырып, аталған құжат адамзатты кейінгі ұрпаққа атомдық жарылыстан азат жер шарын қалдыруға шақыратын үндеу екенін айтты. – Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық көмек беру, бейбітшілікті жақтаушы ұйым ретінде әлемде үлкен беделге ие. Ұлт Көшбасшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі осындай ұйымнан жоғары баға алды. Өйткені, Елбасы манифесінде жер бетіндегі тіршілікті жоятын ядролық, химиялық, бактериологиялық қару түрлерін жойып, соғыс атаулыны тоқтату, соғысты қолдайтын әскери ұйымдарды жауып, гуманизмді қолдайтын ұйымдар ашу, адамзаттың қазіргі кездегі ең қатерлі жауы – халықаралық терроризмге тоқтам салу секілді маңызды мәселелер кеңінен қамтылған. Қысқасы, бұл – бүкіл халықаралық қауымдастық пен ғаламдық қауіпсіздік үшін жасалған маңызды құжат, – деді ол. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова ашып жүргізген жиында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан және белсенді жастар өз ойларын ортаға салды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 125,1 миллион теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылуда. Оның ішінде Қақпатас ауылының көшелерін жарықтандыруға бөлінген 2,2 миллион теңге толық игерілді. Ал барлығы аудандағы он бес ауылдың көшелерін жарықтандыруға 69,1 миллион теңге бөлінген. =САРЫСУ БАҒДАРЛАМА ШАРАПАТЫ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Тоғызкент ауылындағы «Бірлік» шаруа қожалығы 3,8 шақырым қашықтықтан электр қуатын тартуға тапсырыс беріп отыр. Осы мақсатта 32 миллион теңгенің жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. =Т.РЫСҚҰЛОВ ДИҚАНДАР ЕРЛЕП ТҰР Аудан диқандары 78 300 гектардың астығына орақ салып, күні бүгінгі 30 830 гектардың астығын жинап алды. Қамбаға 67 826 тонна дақыл түскен. Әр гектардан алынған орташа өнім көлемі 22 центнерді құрап отыр. Бұл облыс бойынша үздік көрсеткіш.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, жерге өкпелеме. ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
СІ
Нұрым СЫРҒАБАЕВ, «Ақ жол».
КӨЗІЛДІРІКПЕН СЕЛФИ ТҮСІРУДІ ОЙЛАП ТАПТЫ
=ШОТЛАНДИЯ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ЖАСТАР ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕГЕ АЛАҢДАЙДЫ
=ИСПАНИЯ
Нұрым БОЛАТҰЛЫ, журналист. «Тараз» қонақ үйі алдынан жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» аллеясы ашылды. Қаламыздың ажарын аша түскен бұл орынның негізінен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай пайдалануға берілгені баршаға мәлім. Дегенмен, оны аллеяға айналдырудың сырын шараның ашылу салтанатында білдік. – О т б а с ы л ы қ қ ат ы н а с т а р д ы , моральдық-этикалық және руханиадамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық ісшара лар жо спарында облыстық, қалалық елді мекендерде «Отбасы аллеясын» құру тапсырылған болатын. Бұл – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жалпыұлттық ісшаралардың жүзеге асуының көрінісі.
Жыл басынан бері Таразда 1607 отбасы шаңырақ көтеріп, 5415 сәби дүниеге келді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктердің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы руханиадамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы жалғасып келеді» деген болатын. Болашақта жаңадан отау құрған жастар, өскелең ұрпақ осы аллеяны мәдени және рухани орынға айналдыратынына сенімім мол, – дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев. Мемлекеттің мығым болуы мен ө р ке н и е т т і қ о ғ а м қ а л ы п т а с т ы ру елдегі әрбір отбасына байланысты. Қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының
жеңімпазы, Жаңабаевтар отбасылық ансамблінің жетекшісі, оқу-ағарту ісінің үздігі Күнімбала Жаңабаева мемлекеттің іргет асы һәм тірегі саналатын отбасы өнегелі де жарасымды жұпт ардан тұратынын айт ады. – Аллеяны «Шаңырақ» деген аты ерекшелендіріп тұр. Бұл атау адамның есіне отбасы жағдайын түсіріп, Отан алдындағы жауапкершілікті де сезіндіре түседі. Себебі, өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға дұрыс тәрбие беріп, ұрпақ болашағына ұдайы көңіл бөлу. Осының бәрі де ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға арналған шара деп ойлаймын. Байырғы құндылығымыздан ажырап қалмау үшін және әр отбасының беріктігі үшін осындай әсем аллеяның ашылып, көпшілікті ізгілік пен қамқорлыққа шақыра білу де өнегелі іс, – дейді ол. Тараз қаласы.
ІС БЕРЕТІН БІР ЖЫЛДА ЖЕМ АҒАШТАРЫ А ЕУРОПАЛЫҚ АЛМ Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылындағы интенсивті алма бағы жергілікті нарықты экологиялық таза алмамен қамтуға ұмтылуда. Мұнда 110 гектардан астам жерге жылдам әрі мол жеміс беретін, Еуропадан әкелінген алма көшеттері отырғызылған. Былтыр ғана әкелінген жеміс ағаштары биыл өнім беруде. Алма бағынан алғашқы жылдары гектарына 5-6 тонна, үш жылдан кейін 50-60 тоннаға дейін өнім жинауға болады. Жобаны жүзеге асыру үшін 718 миллион теңге жұмсалған. Оның біраз бөлігі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және басқа да мемлекеттік жеңілдіктер арқылы қаржыландырылған. Жиырма жылға дейін жеміс беретін мұндай алма бақтары бүгінде Жамбыл және Меркі аудандарында да өсіріліп, алғашқы жемістерін беруде. Ағымдағы жылы Қордай, Т. Рысқұлов аудандарында осындай алма бақтарын өсіру жоспарлануда. «Ақ жол-Ақпарат».