23 маусым пдф 2015ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№76 (18110), Сейсенбі, 23 маусым, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ДСҰ-ҒА МҮШЕ БОЛУ – КҮЛЛІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІСІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІССӨЗДЕРДІҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар! Еліміз аса маңызды тағы бір тарихи оқиға қарсаңында тұр. Біз Дүниежүзілік с ауд а ұ й ы м ы н а к і р у ж ө н і н д е г і келіссөздерді табысты аяқтадық. Д ү н и е ж ү з і л і к с ауд а ұ й ы м ы н а мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді

шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік.

ДСҰ-ға мүше болу – күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар.

Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизне с үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі, шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз, тауар Қазақстанға көптеп келетін болады. Сапасы жоғары болса, бағасы төмендеу болса, ол тауарларды халық тұтынып, біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге менің талайдан бері айтып келе жатқаным сондықтан: бәсекеге сай болу керек. ДСҰ беретін артықшылықтарды пайдалана білетінімізді дәлелдеу қажет болады. Бұл Қазақстанның қолынан келеді және біз әлемнің озық елдері қатарынан лайықты орын аламыз деп кәміл сенемін.

МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫ ШТА РЫ

Қаратау

Бұл күнді бокс жанкүйерлері тағатсыздана тосты. Ақтық сын. Бұрыннан бәсекелес боксшыларының драмаға толы тағы бір шайқасы. Бостандық аралдарынан келген команда қашанда жеңісті жұлып алуды көздейді. Азуын ақситқан «Арландар» оларға жол бере ме? Иә, елмен бірқатарда дәл осы финалды жамбылдықтар да сарыла күтті. Қос бірдей былғары қолғап шеберіміз бүкіләлемдік бокс сериясының финалында, ел намысы таразыға түсіп жатқан шақта рингке шығатын болса, мұнда отырған жұрт қалай тақым қыспасын? Сонымен, мемлекеттің, елдің мерейін асыратын, көк туымызды көктен желбірететін тағы бір спорт додасының сценарийі жамбылдықтар ойлағандай өрбіді. Айбарлы алаш жұртының айбыны асты, мерейі үстем болды. Басынан бастасақ... Басқалар о баста бүкіләлемдік бокс сериясында жеңіске жете

алмайтындарын біліп, түрлі сылтау айтса, «Астана арландары» жеңісті жорықты жалғастыруды көздеді, көкседі. Алғашқы күні рингке шыққан жігіттеріміз соны дәлелдеп те берді. Аса жеңіл салмақта, анығырақ айтсақ, 49 келіде шаршы рингке шыққан Теміртас Жүсіпов темірдей соққысымен, тастай тәртібімен Йоанис Аргилогасты бес раунд бойы соққының астына алды. Жүсіпов соққыны бағыттағанда да қызуқанды жас баладай бас-көз демей алдыға ұмтылған жоқ, қарсыласын барлап, қашықтықты сақтап, Аргилогасты жаңылдырып барып, қос қолын сауатты сілтеді. Бауыр тұсын да нысанаға алып отырды. Екілік соққылары Аргилогастың қақ шекесіне сақ ете қалғанда жанкүйерлер екілене айқайлап, Теміртасты қанаттандырып та жіберді. Бес раунд бойы үстемдігін жүргізген Жүсіпов айқын жеңісіне қол жеткізіп, қазақстандық команданы есепте алдыға шығарды. Теміртастан кейін рингке беттеген оғланымыз, 56 келі салмақта әлем чемпионатының қола

жүлдегері Қайрат Ералиев Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамирес Карразанамен қолғап түйістіріп, тең дәрежеде өткен кездесу қорытындысында аз ғана ұпай айырмасымен қарсыласына жол берді. Дәл осы Карразананы Қайрат Алматыда өткен әлем біріншілігінде жеңген болатын. Есеп теңескен соң мойнынан үлкен жауапкершілік жүгі түскен команда капитаны, 64 келінің серкесі Самат Бәшенов Ясниэр Толедодан айласын асырып, команданың басымдығын қайта орнына келтірді. Бұдан соң рингке көтерілген 75 келідегі Мейірім Нұрсұлтанов та Арлен Лопес Кардоннан мықты екенін байқата білді. Айтпақшы, 64 келідегі «Қабылан» Толедо бұрындары 60 келі салмақта жұдырықтасып, жерлесіміз Ғани Жайлауовты жеңген болатын. (Жалғасы 8-бетте).

Меркі

Қордай

=ЖАМБЫЛ Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін!» атты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны ауылдық кітапхананың меңгерушісі А.Әбілдаева сөз сөйлеп ашып, онда кітапхана оқырманы А.Ақылбекова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы К.Асхатаева, Шайқорық ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Г.Алеханова, Қоңыртөбе бастауыш мектебінің меңгерушісі Б.Нұраева ой толғап, пікірлерін білдірді. = САРЫСУ Астана қаласында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты фестиваль-байқау болып өтті. Онда ұлттық аспаптарда ойнаудың шебері, игіліктік Балтабай Дәуірбеков жеке орындаушы номинациясы бойынша қыл қобызбен Ықыластың «Аққу» күйін, сонымен қатар домбыра, сырнай аспаптарымен халық күйлерін нақышына келтіре орындап, бірінші орынды иеленді. = ШУ Ауданда қос мектептің құрылысы қатар жүруде. Бөлтірік ауылындағы 150 орындық орта мектеп құрылысын қордайлық мердігер компания «Строй Партнер» ЖШС жүргізуде. Құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған бұл құрылыс осы жылдың шілде айында аяқталуы көзделгенімен, кешеуілдеуде. Ал Бірлік ауылында бой көтеріп жатқан 600 орындық жаңа мектеп құрылысына тамыз айының аяғында аяқталып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашады деп күтілуде.

45-98-99, 45-94-61

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Құлан

Қордай ауданы

Бауыржан Момышұлы

Сұрақтарыңызды 1-3 шілде күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге www.egov.kz веб-сайтындағы сілтеме арқылы жолдауларыңызға болады.

БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС СЕРИЯСЫ (WSB) ЖОБАСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНҒАН «АСТАНА АРЛАНДАРЫ» САПЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛДЫҚ БОКСШЫЛАР ОЛЖАС СӘТТІБАЕВ ПЕН АСЛАНБЕК ШЫМБЕРГЕНОВ ЖАРҚЫРАЙ КӨРІНДІ

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Облыс əкімі К.Көкірекбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауының жүзеге асырылу барысына арналған ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді.

«АРЛАНДАР» «ҚАБЫЛАНДАРДАН» БАСЫМ ТҮСТІ

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Жамбыл ауданы

Жуалы ауданы

ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

ЕК – 201

Төле би

Жаңатас

2015 жылдың 1-3 шілдесі күндері

ҮЛ Ж АС Т

Шу ауданы

Талас ауданы

Би әділ болмаса, халық бұзылады. Сауда әділ болмаса, нарық бұзылады. Халық мақалы. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті ХХХVІІІ сессиясы 2015 жылдың 25 маусымында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 15.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Ж.Қарашолақовтың есебі туралы. 2. 2014 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. 3. Облыста халыққа мәдени қызмет көрсетуді жақсарту және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы. 4. Жамбыл облыстық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 5. Әртүрлі мәселелер. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2015 жылдың 25 маусымында сағат 11.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2015 жылдың 25 маусым күні сағат 14.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.

5

АЛАҢДАҒЫ ЖАУҚАЗЫНДАЙ ҚҰЛПЫРҒАН ЖАСТАРДАН КӨЗ ТҰНАДЫ. КЕЙБІРІ АТА-АНАЛАРЫН ҚҰШАҚТАП, ОСЫ КҮНГЕ ЖЕТКІЗГЕНІНЕ АЛҒЫСТАРЫН ЖЕТКІЗІП ЖАТЫР. КЕЙБІРІ ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰШАҚҚҰШАҚ ГҮЛ ТАПСЫРУДА.

Тастүлектер қияға ҚАНАТ ҚАҚТЫ Наурызбек САРША, «Ақ жол». Бұл да 11 жыл бойы атаанасындай болып, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялай білген ұстаздарына деген ақжарма алғыстары, риясыз ризашылықтары еді... Қаладағы 51 мектеп пен о блы с тық 3 ті лде о қытаты н дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп және қазақ-түрік ұлдар және қыздар мектеп-интернаттарының түлектері бұл күні аса толқыныс

үстінде болды. Салтанатты шараның басында «Серпін-2050» бағдарламасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов бағдарламаның тиімділігі жөнінде жас түлектерге мәлімет беріп өтті. Сахна төріне «Алтын белгі» иегерлері шығып, таныстырылды. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов сөз сөйлеп, салтанатты түрде «Алтын белгі» төс белгісін тапсырды. – Бүгінгі жас түлектер – ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын мамандар. Алдағы уақытта өмірдің

сан тарау жолдарынан іркілмей өтіп, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, Қазақстанның абыройын асқақтатын азамат болыңыздар. Сіздерге жарқын болашақ, сәттілік тілеймін, – деп түлектерге өз лебізін білдіріп, ақ жол тіледі. (Жалғасы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.