ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №133 (17990), Сейсенбі, 23 қыркүйек, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫСТЫҚ ТАМАҒЫНА САЛҚЫН ҚАРАМАЙЫҚ СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ДА ОЙЛАНДЫРАДЫ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Елбасы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановты қабылдады. Кездесу барысында ынтымақтастықтың сауда-экономика және мәденигуманитарлық салаларындағы негізгі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірқатар салаларда өзара іс-қимылды дамытуға үлкен әлеует бар екенін атап өтті. * * * Алдағы дүйсенбіде, яғни 29 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астраханьда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттерінің төртінші саммитіне қатысады деп күтілуде. Саммитке Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Ресей Президенті Владимир Путин және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов та қатысады.
ЗАРЕМА –
үздік эссе авторы
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – БАҚЫТТЫ ЖӘНЕ ТАТУ ОТБАСЫ» АТТЫ ЕҢ ҮЗДІК ЭССЕ БАЙҚАУЫ ӨТТІ. ОҒАН ОБЛЫСТЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ 14-18 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРЫ МЕН 18-22 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Гүлжан РАХМАН, «Ақ жол».
«Байқауға қатысуға 30-дан астам үміткер өтініш білдірді. Олар сайыс талаптарына сай 90 минут ішінде үш беттен тұратын эссе жазулары керек. Тіл мамандары мен әдебиетшілерден тұратын қазылар алқасы өз кезектерінде эссенің жоғары сауаттылық деңгейде жазылуын, тақырып мағынасының ашылуын, әдеби жанрдың қамтылуын қатаң бақылауда ұстайтындықтарын ескерттік. Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – тұрақтылық пен татулықтың темірқазығына, ұлттар достығының ұйытқысына айналып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын көрсету» дейді ҚХА Достық үйінің маманы Кенжебай Өмірбеков. Байқау нәтижесінде үдеден шыққан үш үміткер жүлделі орындарды иеленді. Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік мектебінің 9-сынып оқушысы Зарема Миссирова І орынды қанжығасына байласа, ІІ орын «Вынхуа» ассоцациясының намысын қорғаған №34 орта мектептің 8-сынып оқушысы Роза Камалованың еншісіне бұйырды. Ал ІІІ орынды Тараз қалалық №24 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Анжелика Легонькая алды. Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Үйдің жылы, суығын, Қыс түскенде білерсің. Кімнің алыс, жақынын, Іс түскенде білерсің. Халық мақалы.
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте облыста мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жағдайы туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша хабарлама жасаған облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова облыстағы мектеп интернаттарды қоспағанда 443 мектептің 387-сінде 144651 оқушының ыстық тамақпен қамтамасыз етілгенін айтты. Соның ішінде аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасы балаларының барлығы 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылып отыр. Сонымен қатар барлық бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға биыл 1 миллиард 227 миллион теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда барлық бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға бөлінген қаржы көлемі Тараз қаласы мен Қордай, Т.Рысқұлов, Шу, Байзақ, Жуалы аудандарында артқан. Ал керісінше Талас, Жамбыл, Сарысу аудандарында төмен. Хабарламашы өз сөзінде өткен оқу жылымен салыстырғанда асханасы жоқ мектептер саны төртке кемігенін тілге тиек етті. Дегенмен, бүгінде саманнан соғылған, ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан 55 мектепте асхананың жоқтығынан ыстық тамақ ұйымдастырылмаған. Сұлушаш Сәтбекқызы оқушыларды ыстық тамақпен қамтуда бұдан өзге де бірқатар олқылықтар бар екенін жасырмады. Мысалы, өткен оқу жылындағы зерделеу барысында Жамбыл, Талас аудандарындағы кейбір мектептерде газ балонын пайдалану фактілері кездескен. Ағымдағы оқу жылында оқушылар өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында газ балонын пайдалануға жол бермеу керек. Сондай- ақ, сапалы, дәруменді, минералды жиынтықтармен қанықтырылған ыстық тамақпен бір мезгіл қамту үшін бір балаға кемі 300 теңге бөлінуі қажет. Ал облыс бойынша орта есеппен бір балаға бір мезгілдік ыстық тамаққа 110-200 теңге бөлініп отыр. Алдағы жылдың бюджетін қалыптастыру барысында аудандар мен Тараз қаласының әкімдері бір балаға бір мезгіл ыстық
тамаққа бөлінетін қаржы көлемін тамақтандыру нормасына сәйкестендіруді қамтамасыз еткені жөн. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев прокуратура органдарының аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту мәселесі бойынша тексеруінен кейін Мойынқұм ауданындағы бірқатар мектеп директорларының тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мысалға келтіре келе, бұл оқиғадан барлық жауапты тұлғалар сабақ алу керектігін қадап айтты. Облыстық білім басқармасының басшысы С.Құрманбекова бұл бағытта семинар ұйымдастырылғанын, жан- жақты жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Облыс басшысы сонымен қатар Меркі, Жамбыл аудандарының әкімдері Бақтияр Көпбосынов пен Рүстем Дәулетпен селекторлық режімде байланысқа шығып, неліктен ыстық тамақпен қамтуға аз көлемде қаржы бөлінгендігін сұрады. Қос ауданның басшысы да қаржы көлемі ұлғайтылатынына сендірді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Г.Мирзабекова биылғы 16 қыркүйекте Қостанай облысында елуден астам баланың мектептегі түскі астан соң ауруханаға ішек ауруымен түскенін мысалға келтіріп, осындай жәйттардың алдын алуға баса назар аудару керектігін айтты. Бұл орайда ол жарияланған мораторийге байланысты кәсіпкерлерді тексеру мүмкін болмай отырғанын қынжыла жеткізді. Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев балалар денсаулығына баршаның жауапты екенін, сондықтан бұл орайда қол қусырып қарап отырмау керектігін қадап айтты. Кәрім Нәсбекұлы сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы асханалардың да жағдайына назар аударды. Қаралған мәселе бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Аппараттық кеңесте студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыстарының қорытындылары туралы мәселе де қаралды. Ол бойынша облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев хабарлама жасады. Хабарламашының сөзіне сүйенсек, биылғы еңбек маусымында
барлығы 22 жасақтан құралған 405 студент Тараз қаласы мен аудандардағы құрылыс нысандарында жұмыс атқарған. Студенттік құрылыс жасақтарын құруда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Жамбыл политехникалық колледжі, қ а з і р г і з а м а н г у м а н и та р л ы қ - те х н и к а л ы қ колледжі және темір жол-көлік колледжі, сондайақ, аудандардан Т. Рысқұлов ауданы белсене атсалысқан. Дегенмен, еңбек маусымы барысында келеңсіздіктер де кездеспей қоймаған. Мысалы, Т.Рысқұлов ауданындағы 280 орындық балабақша құрылысына қатысқан 30 студент жалақыларын әлі толық ала алмай отыр. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысында да туындаған мәселелер баршылық. – Аталмыш жасақтар жұмыс маусымы басталған кезде жұмыс көлемдерімен толық қамтылмай, тек қолданыстағы саябақтарды тазалау, егілген талдарақтарды суару, көше тазалау сияқты әртүрлі жұмыстарға тартылып жатады. Бұл жерде, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы аудандар мен Тараз қаласының әкімдерімен бірлесе отырып, нақты жұмыс көлемдерін анықтап, жасақтарды сол анықталған нысандарға тартуды қолға алса дұрыс болар еді. Осыған орай, келесі жылғы еңбек маусымында бүгінде құрылысы аяқталып келе жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойына «Жасыл ел» еңбек жасақтарын тарта отырып, тал егу жұмыстарын жүргізсе деген ұсынысымыз бар, – деді Е.Құралбаев. Сонымен қатар ол облыс басшысының тапсырмасына сәйкес биыл студенттерге берілген жалақы көлемі 30 мыңнан 40 мыңға дейін көтерілгенін айрықша атап өтті. Осы мәселе бойынша облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Байтелиев, ТарМУ және ТИГУ ректорлары М.Сарыбеков, Е.Саурықов сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Аппараттық кеңесті облыс әкімі К.Көкірекбаев қорытындылап, сала жұмысын серпілтуге бағытталған нақты міндеттер жүктеді.
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ СЕНБІЛІККЕ 4600 АДАМ ҚАТЫСТЫ
көшелерін қоқыстардан тазартса, қоғамдық қызметкерлердің көмегімен Әуежай аумағы, Тәуке хан, Айша бибі көшелерінде талапқа сай жұмыстар жүргізілді. Аталған көшелердің барлығы қоқыстан тазарып қалды. №10 аумақтық округі бойынша аумақта орналасқан барлық мекемелер мен оқу орындарынан 350 адам сенбілікке жұмылдырылды. Барлық округтердің жұмыла жұмыс атқаруының, атсалысуының арқасында шаһарымыз кәдімгідей тазарып қалды. Техникалар да қала тазалығы үшін тынымсыз қозғалыста болды. Өткен сенбі күні өткізілген сенбілікке қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар және оқу орындары ұжымдарынан 4600 адам қатысып, өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық ж ұ м ы ста р ы н ж о с п а р ға с а й атқарды. Қаламыздағы орталық «Достық» алаңына жиналған 15 арнайы техника аумақтық округтерге бөлініп, қала бойынша 180 тонна қоқыс шығарылды. Мәселен, №9 аумақтық округтен 300-ге жуық адам сенбілікке белсене қатысып, Сейфуллин, Саңырақ батыр, Ы.Дүкенұлы, Лермонтов, Байзақ б ат ы р , Ко м р ат о в , Та ш к е н т
РЫ А ТҰРҒЫНДА Л А Қ І Т Т Е М ҚҰР АРЫ! МЕН ҚОНАҚТ
.00н күні сағат 19 ылдың 2 қаза күні» мерекесіне ж 14 20 ді ер Сізд ала аш ал ау ға стадионда «Қ де орталық ер ек ел ік іс -ш ар ан ы та ман эстрада ст м ар на лғ ан Аталған іс-шараға Қазақ ин го » то бы шақырамыз! Та м ар а Ас ар ж ән е «Р ж ұл ды зд ар ы қатысады.
ДЕР!
Р, КӨРІҢІЗ
КЕЛІҢІЗДЕ
l ТАРАЗ Қыркүйек-желтоқсан айы аралығында өтетін «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Серік Жүнісбеков шара барысында пәтерлер мен үйлер бойынша әкімшілік учаскелер, азаматтық қаруды сақтау тәртібі мен ІІО есебінде тұратын адамдар мекенжайы бойынша тексерілетіндігін айтады. Сонымен қатар, биыл Үкімет қаулысымен бекітілген талапқа сай саяжай алқаптары, құрылыс нысандары оның ішінде қараусыз қалған нысандар тексеріліп, тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысатындар, жалға берілетін үйлер анықталып, тізімі құрылмақ. l БАЙЗАҚ Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті V пленумы болып өтті. Пленумда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов ардагер ұйымы жайлы баяндама жасады. Онда сөз алған Түймекент ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Бозай, ардагер-ұстаз Ермахан қажы Бердалы, аудандық «Жастар орталығының» директоры Е. Мадияров, Көптерек округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Ермаханбетов аудан өміріндегі көкейкесті мәселелерді ортаға салды. l ҚОРДАЙ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық мәселелеріне арнап аудандық ардагерлер кеңесі дастархан басында дөңгелек үстел жиынын өткізді. Оған барлық ауылдық аймақтардан соғыс және тыл ардагерлері шақырылды. Жиынға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Дәурен Әмірбек қатысып, ұйымның жұмысына сіңірген еңбегі, жастарға патриоттық, адамгершілік тәрбие берудегі белсенділігі үшін бір топ ардагерге «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамоталарын табыс етті. l САРЫСУ Аудандық біріктірілген қорғаныс бөлімінің басшысы, майор Ермек Бақтияровтың ұйытқы болуымен 11-сыныптың бір топ оқушылары мен колледж білімгерлері Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімі мен таулы-атқыштар батальонында болды. Әскери бөлімде болған 160 оқушы ұрыс техникалары және әскери өмірмен етене танысып қайтты. l Т. РЫСҚҰЛОВ Қаратау қаласында облыстық «Досым барда арманға асам, алға асам...» атты жас әншілердің облыстық байқауы болып өтті. Өнер додасына Қайыңды ауылындағы Р. Смайлов орта мектебінің оқушысы Жәния Кәрім қатысып, «Земля моя», «Eupһoria» әндерін орындап, бас жүлдеге ие болды. l ШУ Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е. Құралбаев аудан жастарының жай-күйімен танысты. Ақсу ауылдық округінде, «Алмас» гуманитарлық-техникалық колледжі мен №10 Шу колледжінің білімгерлерімен кездесу барысында жастардың проблемалары кеңінен сөз болды. Осында «Серпін-2050» және «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жастар өмірінде алатын рөлі пікірталасқа өзек болды.
«ТАРАЗ-АРЕНАДА» ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ
ҚЫРҒЫЗДЫҢ ҚАНЫБЕКТЕРІ ӘЛЕМГЕ МЕРГЕНДІКТЕРІН МОЙЫНДАТТЫ
ТӨРТ КҮН БОЙЫ ТАРАЗДЫҚТАР АРИСТОКРАТТАР ОЙЫНЫМЕН ТЫНЫСТАДЫ. ӘЛЕМНІҢ 19 ЕЛІНЕН КЕЛГЕН 53 ТАСТАЯҚ ШЕБЕРЛЕРІ ДИНАМИКАЛЫҚ ПИРАМИДАДАН ӨЗАРА КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ. ӘЛБЕТТЕ, АҚСҮЙЕКТЕРДІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНЫ БИЛЬЯРД БІРНЕШЕ ТҮРГЕ БӨЛІНЕДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ПУЛ ДЕП АТАЛАТЫН ТҮРІ АЗИАДА КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН. ПУЛДАН ӨТЕТІН ДОДАЛАР КӨБІНЕСЕ ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. БИЛЬЯРДТЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ТҮРЛЕРІНЕ БҮГІНДЕ АМЕРИКАНДЫҚ СТИЛЬ, КОМБИНАЦИЯЛЫҚ ПИРАМИДА, ДИНАМИКАЛЫҚ ПИРАМИДАЛАР ЖАТАДЫ. АЛҒАШҚЫСЫН КӘНІГІ СПОРТШЫЛАР ҒАНА ЕМЕС, ТАСТАЯҚҚА АҢСАРЫ АУҒАНДАРДЫҢ БӘРІ ОЙНАЙ БЕРЕДІ. (Жалғасы 6-бетте).
ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ
«АҚ ЖОЛ» – ХАЛЫҚТЫҢ ҮНІ ЖАЗЫЛЫМ – 2015
Қайырбек АСАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Мамандығым журналист болған соң ба, күнделікті газет-журналдарды қолға алып, бір қарап шықпасам, көңілім көншімейтін сияқты. Өйткені өмір сүріп отырған ортаңның тыныстіршілігін сезініп, Тәуелсіз мемлекетіміздің әлемдік даму үрдісіндегі бағыт-бағдарын аңғарып, қандай жетістіктерге қол жеткізіп келеміз немесе нендей кемшіліктеріміз бар деген мәселелермен құлағдар болып отыру әрбір қазақтың парызы болуы керек. Әрине, бүгінгі өркениетті заманда жаңалықтар тарататын ақпараттар көзі көп екені белгілі. Бірақ күнделікті шығатын газеттің жөні бір бөлек. Жыл сайын республикалық басылымдармен қатар, облыс өңірінен шығатын газетжурналдарды да үзбей оқып отырамын.
Сондай сүйікті газетімнің бірі – «Ақ жол» екенін мақтанышпен айта аламын. Әсіресе, газет талантты жазушы, қаламы жүйрік журналист Көсемәлі Сәттібайұлы басшылыққа келгелі өз оқырманына ерекше қуаныш сыйлады деп айтуға болады. Мысалы, газеттің мазмұны мен сапасы, тақырып қоюдағы ұтқырлығы, оқырман ойындағы көкейкесті ой-пікірлерін жаңа айдар төңірегінде топтастырып беруі, әрбір материалдың көркемдік дәрежесі мен оның аса шеберлікпен безендірілуі басылымды бұрынғыдан да бетер айшықты және мазмұнды ете түскендей. Алдағы уақытта да осы бағытын берік ұстанса, барлық оқырмандарының сүйіктісіне айналатынына сенімдімін. Сондықтан облыс көлеміндегі тыныс- тіршілікпен уақтылы хабардар боламын десеңіздер, «Ақ жол» газетіне жазылуды ұмытпаңыздар!
БӘРЕКЕЛДІ!
ЖЕРЛЕС ҒАЛЫМ ЖЕТІСТІГІ ПРОФЕССОР ҚОЙБАҚОВ СЕЙІТХАН МЕЛДЕБЕКҰЛЫНЫҢ ЕСІМІН ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖАҚСЫ БІЛЕДІ. ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҚОМАҚТЫ ҮЛЕСІ ҮШІН БІРҚАТАР МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛҒАН СЕЙІТХАН МЕЛДЕБЕКҰЛЫ СОҢҒЫ РЕТ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ЖӘНЕ ӨНЕРТАБЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМІСТІ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӨНЕРТАПҚЫШЫ» АТАҒЫН АЛҒАН. Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол». Енді, міне, Санкт-Петербург қаласынан ақжолтай хабар келді. Халықаралық Экология және өміртіршілік қауіпсіздігі ғылымдары академиясының, БҰҰ-ның қауымдасқан Қоғамдық ақпарат департаментінің және ЭКОСОС-тың 2014 жылдың 31 шілдедегі шешімімен осы академияның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, М. Х. Дулати атындағы Тараз м е м л е кет т і к у н и в е р с и тет і н і ң ғ ы л ы м и жұмыстар жөніндегі проректоры Қойбақов Сейітхан Мелдебекұлына «Безопасность
гидротехнических сооружений в условиях сурового климата» атты монографиясы үшін «Еңбек сіңірген автор» құрметті атағы беріліп, «Ғылыми әдебиетке қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталыпты. Бұл монография 2014 жылы Германияда LAP LAMВERT Academic Publisһing, баспасынан шыққан. Еңбекте қолайсыз климаттық жағдайларда гидротехникалық нысандарды пайдалану әдіс-тәсілдері кеңінен келтірілген. «Еңбек сіңірген автор» құрметті атағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тиімділігі жоғары ғылыми еңбектердің авторларына беріледі. С. М. Қойбақов – бұл атақты иеленіп отырған бесінші адам.