ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАН МЕН УКРАИНА АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№174 (18031), Сейсенбі, 23 желтоқсан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
ҚАЗАҚСТАН, ТЕК АЛҒА!
БҰЛ ТУРАЛЫ БҮГІН КИЕВКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ ПЕТР ПОРОШЕНКОМЕН ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУІ БАРЫСЫНДА АЙТТЫ.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОТАНДЫҚ ЖЕТЕКШІ ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН СҰХБАТЫ Нұрсұлтан ҚҰРМАН, «Хабар» агенттігі:
«Мен Киевке әруақытта да зор ризашылықпен келемін. Мен үшін бұл жастық шағыма оралу және бұл ғана емес. Кезінде мен металлург ретінде, кейіннен Қазақстан басшысы ретінде көптеген кәсіпорындарда болдым. Қазіргі уақытта біздер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сөйлесе бастадық. Дегенмен, БАҚ арқылы жүз рет тілдескеннен бір-біріміздің көзімізге қарап, бір рет жүздескеніміз жақсы», – деді Елбасы. ҚР Президенті қиындықтарға қарамастан екі елдің арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіретін уақыттың жеткенін баса айтты. Сонымен қатар Украина Президентін елдегі қиындықтарға қарамастан Рада сайлауын өткізуімен, жаңа Үкімет жасақтауымен құттықтады. «Бұл – Президент Порошенконың бірінші үлкен жеңісі. Сонымен қатар мен толық қолдау білдірген Минск хаттамасы, Минск процесі де сіздің еңбегіңіз. Қазіргі уақытта барлығына конфронтациядан ымыраға келіп, оның негізінде экономикалық байланыстарды қалпына келтіру қажет», – деді Н.Назарбаев.
– ҚҰРМЕТТІ ЕЛБАСЫ, СІЗБЕН ЖОЛЫҒУ МҮМКІНДІГІ ТУҒАНЫНА ҚУАНЫШТЫМЫЗ. МЕНІҢ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕРІМНІҢ СІЗГЕ ҚОЯР БІРНЕШЕ СҰРАҚТАРЫ БАР.
Ж ДА Н
Біздің жолдарымыздың бәрі солтүстікке қарай, Ресейге қарай салынған. Біз ана Қостанайдан Ақтөбеге дейін төрт жүз шақырым жол жасадық. Неге? Себебі, Қостанайдан Ақтөбеге келу үшін шекарадан ары-бері өту, тексерілу керек. Қанша қиын болғанымен, біз солай еттік. Жол бойында қаншама ауылдар пайда болды. Мысалы, Өскеменге бару
біздің жиған қорымыз болмаса, біз бұған бара алмас едік. Көлік инфрақұрылымы дегеніміз – жол. Кең байтақ Қазақстанның жерінде жол болмаса, адамдар бір-бірімен қатынаспайды. Жолға ешқандай бизнес ақша бере алмайды, себебі бұл көп жылда қайтарылатын нәрселер. Бизнестің оған жағдайы жоқ. Тек қана мемлекет, күшті мемлекет, жағдайы бар мемлекет жол салады.
үшін Алматыдан шығып, Локоть деген стансаға бару керек еді, өзі де шынтақ секілді. Содан кейін Өскеменге баратын. Сондықтан Шар арқылы Өскеменге тура жол салынды. Екібастұздан Өскеменге қарай жол салынды. Мұның бәрі жолдардың сыртқа шықпай, ішкі қатынасты ел аумағы арқылы қамтамасыз ету үшін жасалды. Біз, мысалы, оңтүстікте де
өзбек ағайындардан шығатын жол арқылы Жетісайдан Шымкентке келе алмай қалдық қой. Алдымен Өзбекстанға кіреді, сосын шығады. Сондықтан Шардараның үстінен көпір салуға тура келді. А л е н д і к е й і н г і , м ы н ау Қорғастан Жетігенге, Арқалықтан Жезқазғанға, Жезқазғаннан Бейнеуге дейінгі теміржол желісінің құрылысын
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
бітірдік. Сол арқылы Қазақстан теміржол желісімен толық қамтамасыз етілді. Сондықтан, «Нұрлы жол» айқындаған көлік мәселесі – басты нәрсе. Жол – экономиканың күре тамыры, адамдардың өзара қарым-қатынасы, өңірлердің орталықпен байланысы, облыстардың бір-бірімен қатысуы. (Жалғасы 2-бетте).
Халық мақалы.
АСАЛҒАН
Н
ЗАМА
САЛМАҒЫ АУЫР САНАУЛЫ КҮНДЕР
АЛЮМИНИЙ
РАДИАТОРЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ
«АРАЙҚҰРЫЛЫСМАРКЕТ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІН ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ӘРІ КӨПСАЛАЛЫ КӘСІПОРЫН РЕТІНДЕ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ. КОМПАНИЯ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР, ЖОЛ САЛУМЕН ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ШЫҒАРУМЕН ШҰҒЫЛДАНАДЫ. ТҰРАҚТЫ 200-ДЕН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ОЛАРДЫҢ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ 80 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ.
Кәсіпорын үстіміздегі жылы Жуалы ауданының орталығы – Б. Момышұлы ауылында 300 орындық мектепті салып, пайдалануға берді. Қазір Тараздағы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 280 орындық балабақша құрылысын жүргізуде. Сондай-ақ, Жаңатас қаласында «Еурохим» АҚ тапсырысымен автомобиль жолын салуда. Қазір мұнда 100-ден астам бірлік техника, сағатына 70 тонна асфальт шығаратын зауыт және бетон желісі бар. Серіктестік ауласындағы цехтарда пластик есік, терезе, бордюр және алуан пішіндегі іргетастық блоктар жасалады. Серіктестік басшысы Арман Еділбаев үздіксіз ізденісте жүретін азамат. Оның бастамасымен 2013 жылы кәсіпорын ауласында тұрмысқа қажетті еуропалық-италиялық үлгідегі жылу радиаторларын шығаратын цех құрылысы басталған болатын. Жобаның құны 300 миллион теңге. Ол облысымыздың Индустрияландыру картасына енгізілген. Компания шығаратын жылу радиаторлары ғимараттарды жылытуға қолданылады. (Жалғасы 4-бетте).
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде бюджеттің атқарылуы мәселесі кезекті мәрте қаралды. Бұған дейін екі рет күн тәртібіне қойылған бюджет қаражаттарының игерілуі жайы жыл соңы жақындаған сайын қыза түсті. Себебі, дүйсенбі күнгі ақпарат бойынша бюджеттің игерілуі облыста әзірге 98,5 пайызды көрсетіп тұр. Былтыр қолдағы қаржының 99,7 пайызын игеріп үлгерген болсақ, алдын ала жинақталған мәліметтерге сәйкес биыл да сол 99,7 пайыздық межені меңгеру мақсаты қойылған. Бұл жөнінде облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Асқар Қырықбаев хабарламасында толыққанды айтып өтті.
– Облыс бойынша бюджеттік қаражаттардың игерілуі жоспарда 204 миллиард 777,5 миллион теңге болса , 2014 жылдың 22 желтоқсанға 201 миллиард 759,5 миллион теңгені немесе 98,5 пайызды құрап отыр. Өткен жылы қаражаттар 99,7 пайызға игерілген болса, жинақталған мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша да 99,7 пайызға игерілу күтілуде. Алайда, 22 желтоқсанға дейін облыс бойынша 3 миллиард 18,1 миллион теңге сомасындағы бюджеттік қаражаттар игерілмеген, – деді А.Қырықбаев. Ал, облыстық бюджет бойынша 4 миллиард 898,9 миллион теңге игерілмеген. Облыстық бюджет қаражатының игерілмеген сомаларының қомақтылары төмендегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қалыптасып отыр. Атап айтсақ, ауыл
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА АЙТУЛЫ ДАТАНЫҢ ӨҢІРІМІЗДЕ АТАЛЫП ӨТЕТІНІН ҚУАНЫШПЕН ЖЕТКІЗДІ
шаруашылығы басқармасы бойынша – 1 миллиард 524,9 миллион, денсаулық сақтау басқармасы бойынша – 1 миллиард 321,3 миллион, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша – 720,1 миллион, білім басқармасы бойынша – 398,0 миллион, энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша – 312,7 миллион, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша – 166,0 миллион, ішкі істер департаменті бойынша – 115,2 миллион, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша 92,6 миллион, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бойынша – 57,9 миллион теңге игерілмеген. (Жалғасы 4-бетте).
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». ІЛГЕРІДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮР БОЙЫНША ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ӨҢІРІМІЗДІҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ. НӘЗІК ТЕ, ӨРШІЛ ӨЛЕҢДЕРІМЕН ОҚЫРМАНДАРЫН БАУРАП ЖҮРГЕН АҚЫНДАР ДА, ҚАЛАМЫНАН ТАМАША ТУЫНДЫЛАР ТУДЫРҒАН ЖАЗУШЫЛАР ҚАУЫМЫ ДА БҰЛ КҮНІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ. (ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).
ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ
«АҚ ЖОЛ» АЖАРЛАНА ТҮСТІ ЖАЗЫЛЫМ – 2015
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол.
БОЛЖАҒАН НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУ ҮШІН АУДАНДАР МЕН БАСҚАРМАЛАР ҚАЗЫНАДА ҚАЛҒАН 2,4 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ СОМАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫНЫ ИГЕРСЕ ИГІ
Мадина ҮСІПБАЕВА, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы. Бұл шағын мақаланы жазу көптен ойымда жүр еді, сәті бүгін түскендей. «Ақ жол» газеті 92 жылдан бері облыс тұрғындарына өңір жаңалықтарын жариялап рухани дүние ұсынуда. Қазіргі таңда осы газетті оқитындар саны күннен-күнге артып келе жатқаны анық. Өзім туралы айта кететін болсам, сонау 1958 жылы мектеп табалдырығын аттап, теледидар, телефон деген құрал жоқ кезде тек кітап пен газет оқып өскен ұрпақтың бірімін. Ата-анам да коммунистік партия мүшесі болған соң үйге ұзын-саны оннан аса газет-журнал жаздырып алатын. Сол басылымдарды оқи жүріп, мектепті
тәмамдадым. Арманым ұстаз болғандықтан, аст анамыз Алмат ыдағы ҚазМ У -дың механика-математика факультетін бітірдім. Содан бері саналы ғұмырымды жас ұрпақ тәрбиелеу жолына арнап, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ұстаздық етіп келемін. «Ақ жол» менің асыға күтіп оқитын газетім десем, артық айтқандық емес. Себебі, жұмыстан шаршап шыққанда газетті ашып, жанымызда жүрген жақсы адамдар жайлы жазылған мақалаларды оқығанда едәуір қуанып қаламын. Ал, қуаныш қашанда адам жүрегіне жылылық, жігер сыйлайтыны кәміл. «Ақ жол» газеті әсіресе, жаңа басшы Көсемәлі Сәттібайұлы келгелі жаңа серпін алуда, алғашқы және соңғы беттері түрлітүсті болғаны көз тартады. Әрине, оған жаңа технологиялардың да көмегі бар екендігі
АР
ЯЛЫЛ
Е ЗИ ЖӘН
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚАЗАҚС
ТА
Сіздің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдауыңыз жұрт көңіліне ұялаған күдікті сейілтті. Осындай маңызды қадамның тарихи қажеттілігі қандай және осы саладағы инфрақұрылымға салынатын қаражат өзін қалай ақтайды? Оның біздің экономикалық жағдайымыздағы тиімділігі қандай? – Халық өз басшыларын сайлаған кезде, сол басшының қолына тізгін- шылбырды береді де, «біздің жағдайымызды ойла» дегенді айтады. Дәл солай айтылмаса да, мағынасы сондай болады. Президенттің, ел бастаған адамның мойнындағы жүктің ауырлығы да сонда. Ол болып жатқан, алда келе жатқан оқиғаларды біліп, түсініп, сараптап, соған қарсы алдын ала жұмыс істеп, халықтың жағдайын қиындатпауды ойлауы керек. Көріп отырсыздар, мен Жолдауды қашан жарияладым? Өткен айда. Ал кешегі Ресейдегі жағдай бір айдан кейін болды, ешкім оны ойлаған жоқ. Жалпы сараптай келіп, дүние жүзінің экономикасында осындай жағдайдың жақындап қалғанын болжадық. Сондықтан бұл – алдын алу шарасы, екіншіден, бұрыннан ойлап келе жатқан, халыққа керек нәрсе. Мысалы,
даусыз. Ішкі айдарларындағы мақалалар да ауыз тұшытарлық. «Даналық дәні» айдарымен бірінші бетте жарияланып тұратын халық мақалдары да керемет! Облыста, қаламызда болып жатқан барлық іс-шаралардан берілетін хабарлар да қажеттілік, себебі, оқырман жетістікке жеткен адамдар туралы оқи отырып, жақсы істерге қызығады, сондай болуға ұмтылады деп ойлаймын. Негізі, мен жұмыс істейтін «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұжымында көптеген оқытушылар «Ақ жол» газетіне жылда жазылып, тұрақты оқырманы болып келеміз. Мен газет ұжымына шығармашылық табыстар тілей отырып, істері үлгі ұстаздар туралы және студент жастарға берілетін психологиялық көмектер жайлы мақалалар жазылса деп тілеймін.