"Ақ жол" газеті PDF нұсқа №75-76 Сейсенбі, 20 мамыр 2014 жыл

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет №79 (17936), Сенбі, 24 мамыр, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

l

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады. ТАРАЗ

КӨРЕГЕН БАСШЫ ЕЛДІ ӨСІРЕДІ ҚЫТАЙДЫҢ ШАНХАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ІV САММИТІНДЕ ҚХР ТӨРАҒАСЫ СИ ЦЗИНЬПИН: «АӨСШК БАСТАМАШЫСЫ – НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. БІЗ ОНЫҢ ҮЛКЕН САЯСИ КӨРЕГЕНДІГІ МЕН АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ӘЛЕМДЕГІ БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ӨЗІНІҢ ПАРЫЗЫ САНАЙТЫН ҚАСИЕТІНЕ ТӘНТІМІЗ», ДЕП АТАП ӨТТІ. БҰЛ – ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ДЕГЕН ЗОР БАҒА, АЛ ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ ДЕП БІЛЕМІЗ. ИӘ, КЕҢЕСКЕ МҮШЕ 11 ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ, ЖАЛПЫ 26 МҮШЕ, 7 БАЙҚАУШЫ МЕМЛЕКЕТ, 4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІ, ТІПТІ, БҰҰ-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫ ПАН ГИ МУННЫҢ ӨЗІ АРНАЙЫ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫНДА ЖАЛПАҚ ӘЛЕМГЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ БҰЛ ПІКІР ШАРАҒА ҚАТЫСҚАН ЖУРНАЛИСТЕРДІ ҒАНА ЕМЕС, АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ХАБАРДАР БОЛЫП ОТЫРҒАН БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ МАҚТАНЫШҚА БӨЛЕГЕНІ АНЫҚ. Еске алар болсақ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Ал бұл бастама бүгінде өз өміршеңдігін дәлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің ІV саммитінде сөйлеген сөзінде де

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің парасаттылығын көрсетіп, бастамашыл бағыттағы бірқатар тың идеяларымен бөлісті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуына байланысты әлемдік құрылымдағы кейінгі кездері байқалып отырған түбегейлі өзгерістерге назар аударды. Бұл ретте әскери-

саяси саладағы сенім шаралары тұжырымдамасын қабылдау әлі де маңызды деп санайтынын ашық айтты. Осыған орай, Қазақстан АӨСШК мен ШЫҰ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуын құптайтынын жеткізді. Қазақстан Президенті сондай-ақ, ядролық қарусыз бейбітшілікке қол жеткізу жөнінде де ойын ортаға

салды. Сонымен бірге, бейбіт атом энергетикасын дамыту кедейшілікті, жұмыссыздықты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту АӨСШК қызметінің негізгі бағытының бірі екеніне басымдық берді. Бұл ретте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең өзекті мәселенің бірі болып отырғанын, ол үшін өңірдің барлық мемлекетінің кешенді күш-жігері қажеттігін, соның ішінде, АӨСШК желісі бойынша азық-түлік өндірісіне байланысты нақты тетіктерді әзірлеу керектігін тілге тиек етті. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының инфрақұрылымдық қорын құру идеясы аса маңызды мәнге ие екенін ескере отырып, Қазақстан Азия құрлығының дәл орталығында орналасқандықтан, Жібек жолы жобасының штаб-пәтерін Алматыға көшіру туралы ұсыныс жасады. Осыдан кейін Мемлекет басшысы кез-келген елдің интеграциялық таңдауы халықтың әл-ауқаты мәселесі екенін айтып, экономикалық интеграция үрдістерінің маңыздылығын да ұмыт қалдырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде АӨСШК арқауында Азиядағы қауіпсіздік және даму жөніндегі ұйым құру қажеттігіне сенімді екенін білдірді. «Ол ЕҚЫҰ-ға сындарлы бәсекелес болуы тиіс. Өзара ынтымақтастық пен өзара түсіністік болмайынша, шығыс дәстүрлері мен құндылықтарын ескермейінше, Батыс Шығыстан тысқары, орнықты дами алмайды», деді Қазақстан басшысы. Ең бастысы, достықтың негізі болып саналатын өзара сенім болашақ халықаралық ұйымның негізгі ұстынының біріне айналуы тиіс екенін баса айтты. Міне, осы және басқа да маңызды мәселелерді та л қ ы ға с а л ға н Қ а з а қ ста н П р е з и д е н т і н і ң халықаралық ұйым алдындағы бөлекше беделі IV саммитте қатысушы елдердің басшыларының аузымен айрықша аталғаны, оның саяси көрегендігіне көпшілік елдің тәнті екені айдай әлемге паш етілді.

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Керуен басы білікті болса, түйе азбайды, Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды. Халық мақалы.

Бұрынғы «Руханият» және «Әділет» партияларының негізінде «Бірлік» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің құрылғаны белгілі. Апта аралығында Тараз қаласындағы «Амангелді газ» ЖШС-ның ғимаратында аталған партияның облыстық филиалының құрылтай конференциясы өтті. Онда форум делегаттары филиал кеңесінің, бақылаутексеру комиссиясының және төралқаның құрамын сайлады. «Бірлік» саяси партиясы облыстық филиалының төрағалығына Асқар Сыздықов сайланды.

БАЙЗАҚ

3083 тұрғыны бар Көктал ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 81,5 миллион теңге жұмсалды. Емханада 2 дәрігер, 8 орта буын медициналық маман қызмет ететін болады. Амбулатория жаңа жедел жәрдем автокөлігімен де қамтамасыз етілді. Мұнда ЭКГ аппараты, бинакулярлық микроскоп, гемотологиялық анализатор, өзге де медициналық заманауи құрал жабдықтар бар. ЖАМБЫЛ

Айша бибі ауылдық округіне қарасты Қаратау елді мекені тұрғындарының «Райыс» каналынан алатын ағын судан қағылғанына біршама уақыт. Ауылға су бөлетін құрылғы каналдың Қырғыз жеріндегі 1,5 шақырымдық бөлігінде орналасқан. Онда бару үшін шекарашылардың рұқсаты керек. Жуырда осы мәселе шешімін тапты. Облыс, аудан әкімдіктері, су шаруашылығы мекемесі өкілдері қатысқан жиналыста тараптар мәмілеге келіп, шекарашылар тұрғындардың кесте бойынша су алуына рұқсат етті. ЖУАЛЫ

Волейболдан Ұлы Отан соғысының ардагері Сапарбек Күшәнов атындағы турнир болып өтті. Жарыс А.Гайдар атындағы орта мектептің спорт залында өтті. Оны ардагердің ұл-қыздары және №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Турнирге Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібасы ауданы, облысымыздың Сарысу, Т.Рысқұлов пен Байзақ аудандарының спортшылары қатысты. Ойын қорытындысында бірінші орынды – «Жуалы», екінші орынды – «Құлан», үшінші орынды «Сарысу» командалары иеленді. САРЫСУ

Ұзақбай Сыздықбайұлы ауылының ішіндегі бос жатқан алаңқайда «Жастар» саябағының негізі қаланды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4 миллион 400 теңге қаржы бөлінді. Тамшылатып суару технологиясымен жарақтанған жаңа баққа 400-ден астам тал көшеттері отырғызылды. Сырты да сәнді етіп қоршалған. Күннен-күнге жайқалып өсіп келе жатқан жас көшеттер ауыл ажарын ашып-ақ тұр. ТАЛАС

ОТАН – ҚУАТ, ОТБАСЫ – ШУАҚ

Былтыр Бөлтірік шешен ауылындағы ескі бөгеттен Көшек батыр ауылының Бөлекқызыл су қоймасына 7 шақырымдық канал қазылып, тартылған болатын.Енді осы канал арқылы кенезесі кепкен Бөлекқызыл су қоймасына су келе бастады.

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ТУРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Құлан ауыл шаруашылығы колледжі жанынан жылыжай ашылған еді. Оны облыстық білім басқармасынан бөлінген 3 миллион 980 мың теңгені ұтып алған «Asia Simex Тrade» ЖШС пайдалануға берді. Колледж ұжымы 400 шаршы метр жылыжайға қияр өсірді. Қазір 1500 түп қияр көшетінің әр түбінен 5-6 килограмнан өнім жиналуда.

МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС Тараз төрінде Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесін сарапқа салған балуандар белдесуі басталды

Сапарғали ӘЛІБАЙ, «Ақ жол». Кеше, облыстық драма театрында Елбасының Жарлығына сәйкес, республика көлемінде өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы облыстық турының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. Ата-аналардың бала тәрбиесі үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру, үлгілі, өнегелі, тәлімі мол отбасыларын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатымен ұйымдастырылған

байқау нәтижесі бойынша Тараз қаласы мен аудандардан қатысқан үміткерлердің арасынан іріктелген тоғыз отбасы марапатталды. Атап айтқанда, Тараз қаласында тұратын Сағындық және Жаңыл Ордабековтердің отбасы «Шуақты отбасы», Т. Рысқұлов ауданынан қатысқан Нұржан және Бақыткүл Мырзалиевтердің отбасы «Құтты шаңырақ», Жамбыл ауданындағы Ашировтар отбасы «Мейірлі отбасы», тараздық Рахман және Фарида Тастековтердің отбасы «Жұлдызды отбасы», Сарысу ауданында тұратын Бөлтірік және Сырғакүл Ильясовтардың отбасы «Ұлағатты отбасы» аталымдары бойынша жүлделерге ие

болды. Сондай-ақ, тараздық Загребельныйлар мен шулық Сәбит және Орынбасар Тастүлековтердің отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысында жүлделі үшінші орынды, тараздық Аман және Салтанат Малдыбаевтардың отбасы екінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға марапаттауларын күні кеше ғана некелері қиылып, неке жүзігін алмасқан жас жұбайлар мен ширек және жарты ғасыр бір шаңырақта ынтымақтасып, ғұмыр кешкен, есімдері елге танымал отбасы иелері тапсырды. Ал, байқауда топтан озып, бірінші орынды иемденген тараздық Толыбай және Раушан Ережеповтердің отбасы жүлдені облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің қолынан алды. Байқаудың бірінші жеңімпазы таяу арада елордасы – Астана қаласында өтетін байқаудың соңғы кезеңінде Қазақстанның үлгілі отбасы атағы үшін күш сынасатын болады. Ре с п у б л и к а л ы қ « М е р е й л і о т б а с ы » ұлттық байқауы облыстық турының жабылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Серікбекұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр уақытта да ұрпақ тәрбиесіне, отбасы және демография саясатына мән беріп келе жатқандығына, отбасылардың мемлекет қамқорлығына алынғандығына, соның бір айғағы ретінде өткен жылдан бері халқымыздың қыркүйек айының екінші жексенбісін Отбасы күні ретінде атап өтуді үрдіске айналдырғандығына тоқталды. Аумақтағы өнегелі отбасылардың қатысуымен өткен айтулы байқаудың Мемлекет басшысының осындай игі ұстанымының бір көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті. Ел тәуелсіздігі жылдарында республикамыздың қол жеткен жетістіктері мен табыстарына көпұлтты мемлекетіміздің әр отбасының қосқан үлесінің молдығын жеткізді. «Халқымыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ», деп тегін айтпаған. Өйткені, шағын отбасылардан мемлекет құралады. Демек, әр елдің, әр мемлекеттің мызғымас беріктігі – әр отбасының мықтылығында. Сондықтан, отбасы – азаматтың тірегі ғана емес, қоғамның басты негізі болып табылады. «Отан – отбасынан басталады», деген даналық сөз де осыдан шыққан», – деді ол.

Т. РЫСҚҰЛОВ

МОЙЫНҚҰМ

Биназар ауылындағы О. Жандосов мектебінің оқушылары велосипедпен 45 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Бұл спорттық шараны мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бауыржан Шіркеев ұйымдастырған. Жас спортшылар Биназар батырдың бейіті басында болып, әруаққа тағзым етті. Мұнда ұстаздар батыр ерлігін баяндап, өнегелі әңгіме өрбітті.

ІСКЕ СӘТ!

БЕКЕТ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫ

Әріптесіміз, белгілі журналист Бекет Әбділдаұлы Момынқұл облыстық «Знамя труда» газетінің Бас редакторы болып тағайындалды. Көп жылдар бойы облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жемісті еңбек етіп, қаламы қарымды журналист ретінде танылған әріптесімізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Ақжолдықтар.

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

МЕКТЕП ВАЛЬСІ

Есімі алты Алашқа аян, даңқына дүниежүзінің спортшылары әбден қанық, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен қалай мақтансақ та, қалай дәріптесек те артық емес. Өйткені, қазақ деген халықтың атын алысқа танытудың, қазақ оғыланы күшінің әлем мықтыларын мойындатуының жастарға өнеге етерлік бұдан асқан үздік үлгісі жоқ. Кез-келген спортшы арман ететін Олимп шыңын бағындырып, үлкен спорттың биігіне шыққан балуанның өмір жолы, ерлікпен пара-пар еңбегі кім-кімді болсын таң-тамаша қалдырмай қоймасы анық. Кеңестік кезеңнің өзінде әлемнің «сен тұр, мен атайын» кіл мықтыларының қатарынан көрініп, әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері атану екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін жетістік. (Жалғасы 2-бетте).

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Åóðàçèÿëûқ ýêîíîìèêàëûқ îäàқ òàқûðûáûíà îðàé әçіðëåíãåí òîïòàìàíû ãàçåòіìіçäің 2-áåòіíåí îқèñûçäàð

Ертең еліміз бойынша бір мезгілде жалпы білім беру жүйелерінің барлығында соңғы қоңырау салтанаттары өтпек. Базбір шәкірттер үшін мектептерде күнбе-күн оқу-білімге шақырар күміс қоңырау соңғы рет талмаусырай сыңғыр қағар, түлектер үлкен өмірге жолдама алып, арманға қанат қағар, тоқсан тарам жолдарға да түсер. Түлектер демекші... биылғы оқу жылында өңірдегі 359 жалпы білім беретін оқу орындары қабырғасынан барлығы 9349 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Оның ішінде 8780-і күндізгі, 525-і кешкі мектепті, 44-і экстерн нысанында бітіреді. Бітірушілердің 6773-інің (яғни 72,4 пайызы) ҰБТ-ға қатысу жөніндегі өтініштері тіркелді. Былтыр бұл көрсеткіш 70,8 пайызды құраған. Қоңырауы соңғы рет сыңғыр қаққанмен, мектеп бітірушілер алдында тұрған жауапты сын – ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына әзірлікті күшейтуге салмақ. Сыңғырла, соңғы қоңырау!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.