24072018

Page 1

АҺАН Д

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№84 (18578), Seısenbі, 24 shіlde, 2018 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

НДА ЖАҺА

АЛТЫН ОРАҚ – 2018

ЖУАЛЫНЫҢ ДИҚАНДАРЫ ЕГІНГЕ ОРАҚ САЛДЫ АЛҒАШҚЫ ӨНІМ ТҮСІМІ ГЕКТАРЫНА 23,7 ЦЕНТНЕРДЕН АЙНАЛУДА

Жуа л ы н ы ң же р е м г е н диқандары алқаптардан дән жинауға кірісті. Ауданда алғашқы болып егінге орақ салғандар « Т е м і р б е ко в » , « Б а л ж а н » , «Жаңаталап», «Құндыз» және «Дәулет» шаруа қожалықтары. Жетітөбе, Ақтөбе және Күреңбел ауылдық округтерінің қамбалары бұйыртса дәнге толады деген үміттеміз. Ағымдағы жылы ауданда барлығы 33723 гектарға дәнді дақылдар себілген. Оның ішінде күздік бидай 11400 гектарды, арпа 22323 гект арды құрап отыр. Ал өткен жылы 12 мың гектарға күздік, 130 гектарға жаздық бидай, 21260 гектарға арпа себілген болатын. Ораққа т ү с ке н і 3 3 3 9 0 г е к т а р е г і с алқабынан барлығы 77130 тонна дән жиналды. Гектарға шаққанда аудан бойынша орташа өнім 23,1 центнерді құраған. Жуалылық шаруалар биыл да осы үдеден көрінуді көздейді. Жалпы ауданда осы жылғы е г і н о р а ғ ы н а 1 0 1 ком б а й н қатыспақ. Тасымал жұмысына 125 техника тартылмақшы. Алғашқы күнгі жиын-терінге онға жуық комбайн шығып, 100 гектар егістіктің дәнін жинады. Сол күнгі дәннің түсіміне қарап

ӨҢІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

мамандар биылғы өнім жаман болмайды деген болжам жасады. Яғни әр гектардан түскен өнім 23,7 центнерден айналған. Қазір жоғарыда айтқан шаруашылықт ардың ішінде жұмысы қызу жүріп жатқаны – Ақтөбе ауылдық округіндегі «Жаңаталап» шаруа қожалығы.

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

Қожалықтың иелігінде 1300 гектар егіс алқабы бар. Оның 160 гектары арпа, 80 гектары бидай, 25 гектары күнбағыс, 45 гектары қант қызылшасы, 40 гектары картоп, өзгесі көпжылдық шөп. Шаруашылық бүгінгі таңда 50 гектар егіс алқабын жаңбырлатып суғарып отыр. «Ауданда жылда

«7-20-25»:

егінге орақты бірінші болып біз саламыз. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай орақты бастап кеттік. Комбайндарымыз жарап тұр. Кешелі бері 70 гектардың арпасын жинап, қырманға төктік. Биыл да өнім жаман болмайды деп ойлаймын», – дейді шаруашылық жетекшісі Бауыржан Тәжіхан.

Иә, «Баптай білсең – жер жомарт» деген халқымыздың даналығын жете түсінген жуалылықтар жердің жомарттығын мүмкіндігінше пайдалануда. Ол туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сәбит Нұрлыбаев тілге тиек етті. – Биыл өнім жақсы болатын түрі бар. Өйткені былтырғыға қарағанда жерде ылғал көп. Өткен жылы әр гектарынан орташа өнім 23,5 центнерден айналса, биыл аудан бойынша орт аша өнім 23,7 центнер болады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда егін орағы ауданда жаппай басталмаса да, Жетітөбе, Ақтөбе мен Күреңбел ауылдық округтерінің кейбір шаруа қожалықтары егінге орақ салып үлгерді. Қазір ораққа түскені жүз гектарға жуық алқап. Диқан қауымы төрт-бес күнде жиынтерінге толық кіріспек. Алда аудан шаруалары бітік өскен егіс алқаптарынан жиналған дән қамбаны еселеп толтырады деп үміттеніп отырмыз, – дейді ол. Марат ҚҰЛИБАЕВ, журналист. Жуалы ауданы.

ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ

Камила БОРАШОВА Білім сапасын көтеру – басты назарда. Ал оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін қолайлы орта керек. Бұл ретте мәселе апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын, орын тапшылығы туындаған мектептерге келіп тіреледі. Сондайақ білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы заманға сай жабдықталуы тиіс. Жалпы ғимараты е скі әрі тар мектептерде білім алып жүрген балалардан қандай жетістік күтуге болады? Қазір оқушылар жазғы демалысқа шыға с ала басталатын мектептердегі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының қарқын алған шағы. Бұдан бөлек былтырғыдан өтпелі ж а ң а ғ и м а р ат т а р д ы ң құрылысы жүріп жатыр. Биыл өңірімізде 14 білім мекемесінің құрылысын жүргізуге 4,9 миллиард теңге қаражат бөлінген. Оның 9-ы жыл соңына дейін құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп

күтіліп отыр. 4-еуіне республикалық, 5-еуіне же р г і л і кт і б юд же т есебінен қаржы бөлінген. Қалғанының құрылысы 2019 жылы аяқталады. Облыстық білім б а с қ а р м а ­с ы н ы ң мәліметіне сүйенсек, биыл өңірде 15 білім ошағына күрделі жөндеу ж ұ м ы с т а р ы н ж ү р г і зу үшін облыстық бюджет есебінен 2,4 миллиард теңге қарастырылған екен. Оның 13-і мектеп, 1-еуі балабақша, тағы бірі – мектептен тыс білім беретін мекеменің ғимараты. Сала басшылары құрылыс жұмыстары ке стеге с а й ж ү р і п ж ат қ а н ы н , белгіленген мерзімде пайдалануға берілетінін айтады. Дегенмен үш айлық дема лыс т а ортасынан ауып қалды. Білім мекемелері жаңа оқу жылы басталғанша дайын бола ала ма? Осыны білу үшін Тараз қаласындағы құрылысы жүріп жатқан №24 гимназияға барып, мән-жайымен танысып қайттық. Жалғасы 3-бетте.

ОБ

Ә К І МІ Л ЫС

орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ашып, жүргізіп отырды. Еркебұлан Әбілханұлы: «Мемлекет

=ЖАПОНИЯ Күншығыс елінің өнертапқыштары желдеткіші бар киім ойлап тапты. Желдеткіш ауаны сыртқа үрлеп, адамның денесін салқындатып тұрады. Тағы бір компания жол бетіндегі температураны 10-15 градусқа дейін төмендете алатын жамылғы ұсынды.

=КОЛУМБИЯ Богота қаласында өткен көрмеде келушілердің назарына 500-ден астам жыртқыш өсімдік түрі ұсынылған. Ішіндегі ең танымалы – шыбын-шіркеймен қоректенетін енерина.

=АҚШ Америкада ұшатын электромобиль соңғы сынақтан өтті. Техниканың бұл түрін жасауға 9 жыл кеткен. Бір жолаушыға арналған ыңғайлы орындығы бар машина әуеде сағатына 115 шақырым жылдамдықпен 64 шақырымды еңсеруге қауқарлы.

=ГЕРМАНИЯ Жуырда азық-түлік дүкендері сөрелеріндегі тауарда «бағдаршам» пайда болуы мүмкін. Егер өнімде қызыл түс болса, құрамында қант көп болғаны. Сары түс – орташа, ал жасыл мүлдем қантсыз өнім дегенді білдіреді.

Д БЫЛ М А Ж =ШУ

Ауданда Жастар практикасына 66,8 миллион теңге қаражат бөлініп, 269 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде 169 жас маман тұрақты жұмысқа жіберілді.

=ТАЛАС Қаратау қаласындағы Орталық саябақта «Street Workout» спорт алаңшасы қала тұрғындарының қолданысына берілді. Бұл нысан көпшілікті бұқаралық дене шынықтыруға тартуға мүмкіндік береді.

=Т.РЫСҚҰЛОВ

басшысы әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған 5 бастамасын ұсыну арқылы еліміз

үшін өзекті, әлеуметтік салаға жаңа серпін беретін шараларды іске асыруды жүктеді. Елбасымыз ұсынған бастамалардың барлығы да маңызды. Әсіресе «7-20-25» бағдарламасы қаншама адамдарға тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік бе р і п от ы р . Е н д і с ол бағдарламаға нақты т о қ т а л ы п , ат қ а р ат ы н жұмыстарымыздың бағыт-бағдарын айқындап алуымыз қажет», – деді өз сөзінде.

Жаңатас қаласында коммуналдық қызметке қарызы бар пәтерлердің кәріз жүйесін анықтап, бекіткіш құралдармен жабдықталған қондырғы орнатылды. «Кит» деп аталатын механикалық аппараттың құны – 1200 000 теңге. Оған 4 маман жұмысқа тартылды.

=МОЙЫНҚҰМ «Қаратау жол», «Жамбыл жол» мердігер компаниялары өткен жылы Бірлік-Ұланбел тасжолының 130-145 шақырым аралығын жөндеуді бастаған болатын. Биыл тағы 30 шақырымын жөндеуден өткізбек. Қазіргі таңда 170-185 шақырым аралығын тегістеп, екі шақырымы асфальтталып қойған.

Егінші мәрт, Жер жомарт.

Жалғасы 2-бетте.

Т А П С Ы Р М А Б Е Р Д І : О Р Ы Н Д А Л У Ы ҚА ЛА Й?

СКВЕР СӘНІ – WORKOUT

ЖАЗЫЛЫМ – 2018

ІІ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚҚА ЖАЗЫЛУ БАСТАЛДЫ, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ, ОҚЫРМАН!

Альмира ОМАРОВА Бүгінде «Жеңіс» саябағы, облыс әкімдігінің алды мен орталық «Достық» алаңы жаңа кескін-келбетке еніп, жаңарып қалды. Әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандар бар. Соның бірі – Ниетқалиев көше­ сінің «Химпоселок» аталып кеткен аумағындағы қараусыз тұрған скверлер. Осындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында барғанымызда бұрынғыдай арамшөп қаулап қалған жерді көрмедік. Олардың орнына қырланған кеспе тастар төселіп, жаңадан белтемірлер орнатылыпты. Түбіне сол күні цемент құйылғандығы көрініп тұр. Бір қызығы – гимнастикалық құралдың біріне WORKOUT сөзі ойып жазы­лыпты. Бұл не дейсіздер ме?

Жалғасы 3-бетте.

А

=САРЫСУ

Есен ӨТЕУЛИЕВ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ? Ы Д А Р А Ң А Ж П Е Т К Е ҚАНША М

ҚХР темір жол жылжымалы құрамының корпорациясы су астында жүк таситын әлемдегі алғашқы роботты таныстырды. Оның қозғалтқышының қуаты 250 ат күшіне тең.

Қазпоштаның «Сенім» бағдарламасымен есеп аштырғандар ұтыс ойынына қатысады. Акцияда ауданның екі тұрғыны – А.Керімбаева мен Н.Хаулин жеңімпаз атанып, «Технодом» дүкендерінен қажетті тұрмыстық техниканы тегін алу мүмкіндігіне қол жеткізді.

ЖАҢА БАСТАМА МЕН ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА Ме м л е ке т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» халықты баспан ­ амен қамтамасыз етуге, жастардың білім алуы және жатақханамен қамтуға зор мүмкіндік береді. Ал оны жүзеге асыруда аймақтарға артылатын міндеттің жүгі салмақты. Елбасының әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіру мақс атында облыстық әкімдікте өткен жиынды облыс әкімінің

=ҚЫТАЙ

«Қазпошта» Заңды тұлғалар үшін Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге Индексі 15457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге Индексі 15457

байланыс бөлімшелерінде: Жеке тұлғалар үшін Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге Индексі 65457 Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге Индексі 65457

Тараз қаласының тұрғындары үшін: P Эврика-пресс

P ERNUR-press

P Тараз-пресс

PҚыран-пресс

БӨЛІМШЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.