АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ АЛДАҒЫ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ. ОҒАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ, СОНДАЙ-АҚ ЕЛДІҢ ІРІ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІСКЕР ТОПТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КЕҢЕСТЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ КҮРДЕЛІ АХУАЛҒА НАЗАР АУДАРДЫ. ЕЛБАСЫ ЖИЫН БАСЫНДА ӘЛДЕҚАЛАЙ ҚИЫНДЫҚ ТУАР КЕЗЕҢ БОЛСА ХАЛЫҚҚА ӨЗІ ТУРА АЙТУҒА УӘДЕ БЕРГЕНІН ЕСКЕ АЛЫП, СОҒАН ОРАЙ ҚАЗІРГІ ҚАЛЫПТАСҚАН
№103 (18137), Сенбі, 22 тамыз, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ЖАҒДАЙДЫ ТҮСІНДІРМЕК ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ.
ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
«Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуал едәуір төмендеді. Экономиканың бүкіл дүниеде нашарлағаны бәрімізге көрініп отыр. Дағдарыс барлық бағытта, яғни шикізат тауарларына, валюта, қаржы нарықтарына әсер етуде. Бұл – дамушы және дамыған мемлекеттерде орын алып отырған жағдай. Шикізат тауарларына баға барша әлемде төмендеді, сондықтан біздің бюджетке түсетін қаржының ауқымы едәуір төмен болды. Біз бұрын мұндай жағдайлардың талайынан өттік. Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі кездегі жылына екі мың пайыз инфляциядан өткеніміз естеріңізде болар. Барлық зауыттар мен фабрикалардың тоқтап, екі миллион адамның жұмыссыз қалғаны, зейнетақы мен жалақы төлей алмай қалғанымыз белгілі. Ол мемлекеттің ешқандай қоры болмаған кез еді. Одан кейін өткен ғасырдың аяғындағы Шығыс Азиядағы ұлы дағдарысқа түстік. Ресейдің рублі 6-дан 24-ке дейін көтеріліп, төрт есе құлаған кезде Қазақстанның жағдайы мүшкіл болатын. Одан кейінгі 2007-2009 жылдардағы Америкадан басталған дағдарыстың ең қиын кезеңінен өтіп, елді алып шықтық», деп өтті Президент.
ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КӘРІМ МӘСІМОВ БАСТАҒАН БІРҚАТАР ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ. ОНДА ТЕҢГЕНІҢ ЕРКІН АЙНАЛЫМҒА ШЫҚҚАНЫ ЖӘНЕ ОСЫҒАН ОРАЙ ҮКІМЕТТЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕР МЕН ТИІСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІНЕ АЙНАЛДЫ. ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ МЕН ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ САЛА МИНИСТРЛЕРІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ТОЛҒАНТҚАН СҰРАҚТАРҒА ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ЖАУАП БЕРДІ.
ТЕҢГЕ БАҒАМЫН НАРЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ Қазақстанның экономикалық саясаты өзгеріп, жаңа бағытқа түскенін және Үкіметтің жағдайға орай бүгін қабылдаған шешімдері мен тиісті органдарға берілген тапсырмалар жөнінде айтқан Премьер-Министр, бұл шараларды Үкімет пен Ұлттық банк біріге отырып қолға алғанын жеткізді. Сөйтіп, баспасөз мәслихатында журналистерді және қоғамды ойландырып, жауап іздеген сұрақтар мен туындайтын мәселелер жөнінде ашық әңгіме болатынын білдірді. Сондай-ақ, қазіргі орын алған жағдай түсінікті болуы үшін Қазақстан ендігіде қандай бағытпен дамитынын ашық айтамыз деді. «Соңғы 14-15 жылда біз молшылықта өмір сүруге, мұнай, металл бағасының тұрақты өсіміне үйреніп алдық. Өкінішке қарай, енді мұндай кезең аяқталды. Ал алдағы уақытқа көз тастасақ, таяу болашақта, яғни 5-7 жыл, мүмкін бұдан сәл ұзағырақ мерзімде мүлде бөлек экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Атап айтқанда, қазақстандықтар мұнайдың бағасы барреліне 30-40-50 доллар болатын жағдайдағы экономикалық ахуалда өмір сүруге үйренгені жөн. Бұдан былай Қазақстанда бар металдар мен өзге де шикізаттардың бағалары барынша төмен деңгейде болуы әбден ықтимал. Осыған орай, Ұлттық банк және Үкімет талапқа сай жаңа үлгіде әрекет етіп, өзінің экономикалық саясатына түзету енгізіп, өз бағытын анықтағаны ләзім», деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы алдағы даму жолында Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформадағы нақты 100 қадам негізгі бағдаршам болатынын айтып, Қазақстанның келесі экономикалық саясатының бағыты айқын екеніне тоқталды. Осы кезде ол жөнінде жұмыс істеліп жатқанын жеткізіп, таяу күндерде Мемлекет басшысына баяндайтындарын білдірді. Бұйыртса, осы орайда жасалатын экономикалық реформалар өз нәтижесін беретінін атап өтті. Бұдан кейін, біздің елге ұқсас мемлекеттердің даму тәжірибелеріне көңіл бөлініп жатқанын да айтты. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға Канада мен Австралияның даму үлгісін алған тиімді болмақ. Бұл елдердің де территориялары үлкен, ал халқының саны аз көрінеді. Тіпті, Қазақстанның өндіріп жатқан өнімдері де осы елдердің тауарымен ұқсас екен. Ал көрші алып елдердің қазіргі экономикалық жағдайы жөнінде айтуды қош көрмейтінін жасырмады. Десе де, жағдайдың күрделенгенін ескере келіп, салалық реформалар жүргізгеніміз дұрыс болатынын айтты. Бұл жөнінде Үкіметтің айқын бағыты бар екен. Ол жөнінде шара барысында баяндалатынын жеткізді. Премьер-Министр өзі айтқандай, баспасөз мәслихатының екінші бөлімінде журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қойылған сауалдың бірі Ұлттық қордағы қаржыға қатысты болды. «Біз Ираннан санкциялар алынған сәттен бастап, мұнайдың 1 баррелінің бағасы 10 долларға дейін құлдырауы ықтимал деп болжай бастағанбыз. Бұл Дүниежүзілік банк пен өзге де білікті сарапшылардың пікірі. Осыған қатысты, мүмкіндігінше консервативті сценарийді алғымыз келеді. Сонымен, мұнай баррелінің келер жылғы орташа бағасы 40 доллар болады. Ал, Ұлттық қордағы ақша туралы айтар болсам, қиын кезең алдағы уақытта әлі де туындауы мүмкін деп санайтындықтан Ұлттық қордан қосымша қаржы алмаймыз. Ол ақша қоры болашақта қажет болар. Сондықтан, бүгінгі күні келісілген қаржыны ғана алумен шектелеміз», деді ол. (Жалғасы 2-бетте).
Осы орайда Елбасы одан бері бірқатар дағдарыстар орын алғанын, алайда Қазақстан осы сын-қатерлердің барлығын еңсергеніне тоқталды. «Қанша бағдарламалар жасасақ та, өмір мен жағдай алдымыздан қиын шылықтарды алып келеді. Қазір де осындай қиыншылыққа тақап тұрмыз. Бұл дүниежүзілік дағдарыстан ешкім де сырт қала алмайды. Қазақстанның әлемдегі бүкіл мемлекеттермен байланысы бар. Ал енді халықаралық сарапшы ұйымдардың айтуынша, бұл дағдарыс тез уақытта еңсеріле қоймайды. Соған алдын ала біз барлық жағынан дайындалуымыз керек. Осы мәселені сіздерге түсіндіру үшін жиналып отырмыз», деді Елбасы. Біз барлық әлемдік экономика секілді қиын-қыстау заманды бастан кешіріп жатырмыз. Соңғы жылы әлемдік экономикадағы ахуалдың едәуір нашарлағаны байқалады. Дағдарыс барлық бағыттарда өршіп келеді, ол дамушы да, дамыған елдерге де әсерін тигізді. Бұл дауыл ешбір мемлекетті айналып өтпейді. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика өсімі бойынша өз болжамдарын 3 пайыздан 2,8-2,5 пайызға дейін
қайта төмендетті. Мұнайдың әлемдік бағасының арзандауы жалғасады, ал мұнай біздің басты экспорттық әлеуетіміз. Иә, Елбасының айтуынша, өткен жылы 115 доллар болған мұнай биыл 48,5 долларға дейін арзандады, яғни, 2,4 есеге дейін құлдырады. 2011 жылы арзандай бастаған металл бағасы әлі де жалғасып келеді. Металл бағасының индексі 45,5 пайызға төмендеді. Тек осы жылы мұнай бағасының 1 тоннасы 6300-ден 5100-ге дейін құлдырады. Нұрсұлтан Назарбаев мұнай мен металл бағасының төмендігі кемінде 5 жыл бойы сақталуы ықтималдығын тағы бір еске салды. Сондай-ақ, Президент біздің негізгі сауда серіктестеріміз Қытай мен Ресей тарапынан отандық экспорттық өнімдерге деген сұраныс күрт төмендегенін атап өтті. «Бұл үрдіс те қысқа мерзімді емес. Ресей экономикасының құлдырауы 2 есе күшейе түсті. Қытай экспортының көлемі 8,3 пайызға қысқарды», деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Жалғасы 2-бетте)
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕҢЕСІ ӨТТІ Кеңеске Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Онда арнаулы органдардың қызметін жетілдіру, талдау және болжау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы сыртқы нарықтардағы үдерістерді мұқияттылықпен мониторингтеу, ахуалдың өзгеруін, ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді бағалау, сондай-ақ оқиғалардың дамуын болжау негізінде алдын алу шараларын
әзірлеу қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ бес институционалдық реформаның және «Нұрлы жол» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары ел ішіндегі және әлемдегі жағдайды жан-жақты талдауға негізделуі тиіс екендігін айтты. Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Отан үшін күрес - ерге тиген үлес. Халық мақалы.
ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ: НӘТИЖЕ МЕН МІНДЕТ
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ ҮШ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Барлық деңгейдегі әкімдердің жылына бір рет жергілікті мәслихаттар депутаттары алдында есеп беруі Елбасы ұсынған институционалдық реформаларды жүзеге асырудың алғышарты болып табылады. Бұл үрдіс, біріншіден, стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының орындалуын бақылауда ашық есептілікке жол ашса, екіншіден, алдағы атқарылар жұмыстарды кеңесіп шешуге мүмкіндік береді. Ортақ мақсатты көздеген қос құрылымның бірлігі облыстық мәслихаттың кезектен тыс өткен ХХХІХ сессиясында айқын көрініс тапты. Жиында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, теңге бағамының еркін айналымға жіберілу кезеңінде өңір экономикасы өсімін тұрақтандыру үшін қолға алынатын шараларды талқыға салды.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАҢДАУЫ – ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – Есепті мерзімде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде елеулі оқиғалар аз болған жоқ. Соның ішінде ең айтулы саяси шара – ағымдағы жылдың сәуір айында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Аталған іс-шара еліміз бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылып,
Қазақстан бойынша сайлаушылардың қатысуы бұрын-соңды болмаған 95,21 пайызды көрсетсе, облысымызда бұл көрсеткіш 97,31 пайызды құрады. Бұл халқымыздың саяси белсенділігінің едәуір артқанын, өз елінің тағдырына бейжай қарамайтындығын, халықтың Елбасына деген зор сенімі мен ыстық ықыласын аңғартады. Облыс тұрғындарының 97,9 пайызы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс берді. Осы арқылы жамбылдықтар елдегі тұрақтылықты қолдайтындықтарын көрсетеді. Салтанатты ресми ұлықтау сәтінде Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасынан туындайтын 5 халықтық реформасын жария етіп, оны жүзеге асыратын «100 нақты қадамын» Ұлттық жоспар етіп ұсынды. Ұлттық жоспар – Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін серпінді қадам. Оны іс жүзінде жаһандық және ішкі сын-
қатерлерге толықтай жауап бере алатын, тарихтың жаңа белестерінде еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі басты құжаты деп айтуымызға болады. Сол себептен, осындай қиын-қыстау кезеңде ел еңсесін түсірмей, экономикалық өсімді кемітпей, әл-ауқатымызды көтеру үшін Ұлт жоспарында белгіленген шараларды жүзеге асыру – біздің міндетіміз. 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына ресми түрде мүше болып қабылданды. Мұны – біздің ел үшін айтулы оқиға, мемлекетіміздің жаңа биіктерге көтерілуі мен қарқынды даму жолындағы тағы бір белес деп білеміз. Ал 12 тамыздан бастап көршілес Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жұмыстарын бастады. Бұл оқиғалар өз кезегінде экономикалық дамуымыз бен жоспарларымызға елеулі өзгерістер әкелуі мүмкін, – деді Кәрім Нәсбекұлы.
Жалпы, есепті мерзімде өңір экономикасының барлық саласында даму серпіні сақталған. Аймақтың жалпы ішкі өнімі өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 7,4 пайызға артқан. Дегенмен, әлемдік дағдарыс облыстағы өндіріс орындарына әсер етпей қалған жоқ. Өндіріс көлемі төмендеп, алты айдағы көрсеткіші 127,4 миллиард теңгені құрады. Өнеркәсіп орындарындағы тауар айналымын тұрақтандыру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында ірі компаниялармен 461 меморандум жасалған. Қ а з і р г і қ и ы н - қ ы с т ау к е з е ң г е қарамастан, өңірімізде атқарылған ілкімді істер баршылық. 2015 жылы облыста Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 30,3 миллиард теңгені құрайтын 6 жобаны жүзеге асыру көзделсе, соның үшеуі алғашқы жартыжылдықта іске қосылып отыр. Солардың ішіндегі ең ірісі – Индустрияландыру күнінде Елбасы іске қосқан Жуалы ауданындағы «Бурное солар – 1» күн электр стансасы. Сонымен қатар, «Полиэтилен-Агро» ЖШС-ның жылына 500 тонна жылыжайларға арналған пленка шығаратын және «Тараз-көлік жолы» ЖШС-ның асфальтбетон қоспасын өндіретін зауыттары өз жұмыстарын бастаған. Қалған 3 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. (Жалғасы 4-бетте).