ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет l ТАРАЗ
№108 (17965), Бейсенбі, 24 шілде, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
ӨҢІР ӨМІРІ: МЫҢНАН БІР МЫСАЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНЕ ҚАЛАЛАРЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛАДЫ
Андас батыр ауылында 140 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Жалпы сметалық құны 321 миллион теңге болатын нысанды «Таласқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған болатын. Қазір құрылысшылар мектептің айналасын көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстарымен шұғылдануда. Мектеп 1 қыркүйек – жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі.
l ЖУАЛЫ
КӨКСАЙДЫҢ СӘНІ СУ ЕКЕН
Биыл аудандағы автокөлік жолдарын орта жөндеуге облыстық бюджеттен 191 миллион теңге бөлінген еді. Қазір аудандық мәндегі бір автокөлік жолы және елді мекендердің 20 көшесі орта жөндеуден өтуде. «Айя сервис» ЖШС аудан орталығындағы үш көше мен Көлбастау ауылындағы бір көшені жөндеумен қамтуда.
l Т. РЫСҚҰЛОВ
МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ, ЮНЕСКО ЖӘНЕ ИСЕСКО ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ:
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Жуалы ауданында 8 мың гектардан астам суармалы егіс алқабы бар. Ақтөбе және Қызыларық ауылдық округтерінің аумағындағы 1700 гектарға жуық егістік Көксай каналы арқылы ылғалдандырылады. Аудан аумағында жаңа каналдың құрылысы өткен жылдың күз айларында басталған болатын. Бұл мақсатқа мемлекеттен 5,2 миллиард теңге бөлінді. Әлеуетті әрі ірі «Жігер-2004» және «Сұңқар-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері уақытты ұтымды пайдаланып, аянбай еңбек етті. Соның нәтижесінде негізгі жұмыс аяқталып, таяуда 20,4 шақырымға төселген темір құбыр арқылы егіншілерге алғашқы су берілді. Қазір құбыр арқылы секундына 1,8 текше метр су жіберілуде. Құрылыс толық аяқталған кезде онымен секундына 3,5 текше метр су ағатын болады. Осы мерзімде «Жігер-2004» ЖШС 18260 метр жерге темір құбыр төседі. Сондайақ, 700 метр аумақта бұзужару жұмысын жүргізді.
Дохада өткен ЮНЕСКО кеңесінде Ұлы Жібек жолының бірінші бағыты тізімге алынды. Кеңес аясында Қырғызстан және Қытай мемлекеттерімен бірлесе әзірленген «Ұлы Жібек жолы: Тянь-Шань дәлізі» атты сериялық трансшекаралық номинациясының шеңберінде ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген сегіз қазақстандық нысандарының (Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе (Степнинское), Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек) және ЮНЕСКО Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енген «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағының сертификаттарын табыстау көзделіп отыр. Біз әрине, мұндай кең көлемдегі басқосуды барынша пайдаланып қалуға тырысуымыз керек. Сонымен бірге, ежелгі Отырар, ежелгі Тараз аталымдарын тізімге қосуға үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесі.
ОТЫЗ
КҮН ОРАЗА (27-ШІ КҮН) АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ БІРІ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ 1916 ЖЫЛҒЫ САНЫНДА ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІ ЖАЙЛЫ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАПТЫ. ТҮПНҰСҚАДАҒЫ ТАҚЫРЫБЫ – «РАМАЗАН АЙЫ ЖАҚЫНДАУ ТАҚЫРЫПТЫ» ДЕП АТАЛАДЫ. АРАДА ЖҮЗ ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ ӨТСЕ ДЕ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫН ЖОЙМАҒАН МАҚАЛАДАН ҮЗІНДІ КЕЛТІРЕЙІК. «ОРАЗА ДЕГЕН АТЫНАН-АҚ БАСҚА ЖАҚТАРЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІНЕ ДЕ БЕЛГІЛІ БОЛАР. БІЗ БҰЛ ОРЫНДА ОЛ РЕТІНДЕ ЖАЗБАЙ-АҚ ӨТУДІ ЛАЙЫҚ КӨРДІК. ЖАЛҒЫЗ-АҚ, РАМАЗАН АЙЫ ӘР ЖЕРДЕГІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ БАСТАРЫН ҚОСЫП, БІР-БІРІНІҢ ХАЛДЕРІМЕН ТАНЫСУҒА, ПАҚЫРЛАРДЫҢ ХАЛДЕРІН ЕСКЕРІП, ОЛАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРУГЕ, ЖҰРТҚА ТЕҢДІК-ҚҰРДАСТЫҚ, ЫНТЫМАҚ-БІРЛІК, САУЛЫҚТАЗАЛЫҚ ҺӘМ ҚҰЛШЫЛЫҚ-ҚҰДАЙШЫЛЫҚ СИЯҚТЫ ІСТЕРДІ ҮЙРЕТУДЕ БАСҚА АЙЛАРДАН КӨРІ КӨП АРТЫҚ. СОНДЫҚТАН ХАЛЫҚ ҚАСЫНДА БАСҚА АЙЛАРҒА ҚАРАҒАНДА МҰНЫҢ ҚАДІР, ҚҰРМЕТІ ДЕ ЗОР. ТЕК БІЗ БҰЛ ОРЫНДА, БІЗДІҢ ХАЛЫҚ ОСЫНДАЙ ҚАДІРЛІ, ҚЫМБАТ АЙДЫ НЕМЕН ӨТКІЗБЕК? ҚҰДАЙШЫЛЫҚ, ҚҰРДАСТЫҚ, ІСТЕРІНДЕ НЕНДЕЙ ІС КӨРСЕТПЕК БОЛҒАНДА ОНДАЙ КӨҢІЛДІҢ ЖІҢІШКЕ ЖЕРІНЕН ШЫҚҚАН ҚАДІРЛІ ҚЫЗМЕТТЕРІН КІМГЕ КӨРСЕТПЕК ҺӘМ КІМГЕ БЕРМЕК ДЕГЕН САУАЛДЫ ШЕШУМЕН ҒАНА ТОҚТАЙМЫЗ. МҰНЫ БІЗГЕ БАЯНДАУДАН МАҚСҰТ: РАМАЗАН АЙЫ КІРГЕНДЕ БҮТІН ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ХАЛЫҚ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ӘСІРЕСЕ БІЗДІҢ ҚАЗАҚ, БҰЛ АЙДЫ АРТЫҚША ШАТ КӨҢІЛМЕН ӨТКІЗУГЕ ТЫРЫСАДЫ...» 1916 ЖЫЛЫ ШЫҚҚАН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНЕ АЛАШТЫҢ ТАҒЫ БІР АРЫСЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ БАС РЕДАКТОР БОЛЫП ҚОЛ ҚОЙҒАН ЕКЕН.
! Л Ы ЫЗ Б М ДА ҒА А Қ
«Сұңқар-2020» ЖШС осындай жұмыстарды 2140 метр аумақта атқарды. Кейінгі компания тау етегінде сыйымдылығы 1100 текше метр су реттеу бассейнінің құрылысын жүргізуде. Оның жұмысын үстіміздегі жылғы қазан айында толық аяқтау көзделуде. Қазір мердігерлер төселген құбырлардың айналасын құммен тегістеу және жол салу сияқты жұмыстармен шұғылдануда. – Жаңа каналдың іске қосылуы жуалылықтарды үлкен қуанышқа бөлеуде. Енді қырғыз ағайындарға тәуелді болмаймыз. Құрылыс толық аяқталған кезде каналмен келетін сумен аудандағы 3 мың гектар алқапты суландыруға мүмкіндік туады. Келешекте оның бойындағы мың гектар алқапты тамшылатып суару көзделуде. Канал бойынан 10 шағын су электр стансасын да салуға болады. Мұның өзі жуалылықтарды көктем, жаз айларында арзан әрі табиғатты ластамайтын электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – дейді Жуалы ауданының әкімі Батырбек Құлекеев. ЖУАЛЫ АУДАНЫ.
МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ
ЫЛҒАЛҒА ЖАРЫМАЙ
ОТЫРМЫЗ
Осы жылдың маусым айының 25-ші жұлдызында Қырғыз мемлекеті халықаралық АҚШ даму агенттігінің қаржылай қолдауына ие болып, Аспара өзенінің (бассейнінің) Чолок-арык айылы тұсына заманауи су өлшегіш қондырғысын орнатты. Біздің Қазақстан жағынан осы рәсімге Меркі ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Садық Бұтабаев мырза қатысып, лента қиысты. Сонымен екі ел арасындағы су дауына нүкте қойылып, меркіліктер Аспарадан қатаң түрде судың 62 пайызын алатын болып екіжақты келісімге қол жеткізілген. Бүгінде Қырғыз елінен келіп жатқан осы суға Қазақстан жағынан екі мекеме «қожайын» болып отыр. Алдымен суды «Таразводхоз» ( б а с ш ы с ы М а м ат О т ы н ш и е в ) алады, одан «Аспара» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны сатып алып, шаруаларға жеткізіп береді. Маған су Майлыбай каналымен он екі шақырым «жол жүріп», бес сағатта әрең жетеді. Сол әрең жеткен судың өзін бір ашып, бір жауып мазамызды алған соң кетпенімізді сүйретіп судың басына барамыз. Бірақ ол жақтан суға ие тірі жанды таппаймыз. Ал екі мекеменің адамдары «Суды біз жапқан жоқпыз» деп қарғанады. Ал, менің серіктестігімде 430 гектар суармалы жер бар. Оған теңдей бөліп (215 гектардан) қызылша мен жүгері дақылын еккен едім. 300 гектар алқап суарылды. Бірақ 130 гектар жерім әлі бір тамшы су ішкен жоқ. «Жылы бұлақ-Меркі» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің 165 гектар қызылшалығы да су «ішпей» қурап барады. Қызылша еккен «Зиядин» қожалығының да су көрмегеніне екі айдың жүзі болды. Үлкен Шу каналы арқылы су алатын Александр Бондаренконың «Рында» шаруа қожалығы бар. Ол 85 гектар жерге «дәнге» деп жүгері еккен екен, соның 40 гектары сусырап тұр. Мен өзім М. Отыншиевпен 250 мың теңгеге су сатып алуға келісімшарт жасасқанмын, соның 50 мыңын төлеп қойдым. Айтайын дегенім, үш жаңбырлатқыш қондырғым бар. Оларға тиесілі су мөлшерімен келмесе тоқтап қалады. Біз қондырғылармен суды ысырап етпей түнде де суара береміз, алайда жырымдап берілген су сушының да, біздің де жүйкемізді әбден тоздырып бітті. Әлгі екі мекемеге аудан басшылары билік айта алмайды. Бәлкім, сондықтан ба, олар білгенін істеп отыр.
Біздің мынандай ұсынысымыз бар. Келешекте суды ысырап етпеу үшін тек қана жаңбырлатқыш қондырғылардың көмегіне сүйеніп суару аз, жаппай тамшылата суару тәсіліне көшуіміз керек деп ойлаймын. Сонда әр тамшы суды үнемдеуге қол жеткізер едік. Ал, мынау қазіргі ретсіздік пен берекесіздікті жоғарыда аты аталған мекеме басшылары тез арада жоймаса, біз өсіріп отырған дақылдарымыздан межелі өнім ала алмай қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан облыстағы тиісті мекеме басшылары осы іске тікелей баскөз болып, талапты күшейтсе деген тілегіміз бар. Қанат ШАЙХИЕВ, «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы. Меркі ауданы.
ЖЕР ТОЙСА, ЕЛ ДЕ ТОЯДЫ Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол». Облыстың бірқатар аймағында ақ егіс және әртүрлі техникалық дақылдар орналастырылған алқаптар жағдайы дабыл қағарлықтай. Анығын айтқанда, Талас өзенінен су алатын – 62 мың, Шу өзенінен су алатын 45 мың гектар алқап шөлдеп, аңқасы кеуіп тұр. Ондағы масақты және техникалық дақылдар қурап кетудің азақ алдында. Ал, бұл екі өзен арқылы беріліп жатқан су кенезесі кепкен алқаптың «таңдайын» жібітуге де жетпейді. Ерте көктемнен жер тырмалап егін сепкен, жаздың аптап ыстығында оны күтіп-баптаған, енді «содан өнім алып шыққан шығынның орнын жауып, артылғанына бала-шағасының нәсібесін айырсам» деп отырған шаруаға обал-ақ. Жағдай жақсармаса, аталмыш алқаптан өнім алуларының өзі неғайбыл. Демек, соншалық еңбек пен қаржылай шығынның зая кетуі әбден мүмкін. Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы мен Түркістан қаласының, Қызылорда облысы Жаңақорған мен Шиелі аудандарының бір бөлігі, сондайақ Алматы облысы Жамбыл ауданының Шу-Талас бассейні аумағындағы су ресурстарын пайдалану, оны реттеу және қорғау жөніндегі мемлекеттік басқару қызметін атқарып отырған Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Жұмабек Мұхатовтың бізге берген мәліметі осындай ойға жетелейді.
Кәсіпкер Қоныс Сағымбек «Құлан жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне басшылық етеді. Ол – 2012 жылы Қазақ ауылынан 25 орындық «Ертөстік» балалар бақшасын өз қаражатына тегін салып беріп, бүлдіршіндерді бір қуантқан. Енді міне, биыл «Балапан» бағдарламасы бастамасына үн қосып, Құлан ауылынан 100 балаға арналған екі қабатты балабақша ғимаратын салуда.
l ШУ «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 миллион теңге несие алған Жанар Иманалиева Шу қаласынан балаларға арналған дәмхана ашты. Әзірге балаларға арналған жалғыз дәмхана балалардың туған күнін өткізуге таптырмайтын орын болып тұр.
БӘРЕКЕЛДІ!
БІЛІМДІЛЕР ЖЕҢІСІ ОНДА ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДА ҮЛЕСІ БАР
Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол». Астана қаласындағы Назарбаев университетінің базасында өткен физика пәнінен оқушылардың 45-ші халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрамасы командалық есепте 8-орынды иеленді. Бұл – үлкен жетістік. Өйткені, қазақ жас физиктері алдына қойылған мақсат – білім додасына қатысқан 85 мемлекеттің ішінде кемінде екінші ондықтың қатарынан көріну болған-ды. Ал елорда төріндегі жарыста білімді жастар 3 алтын және 2 күміс медальді олжалап, алғашқы ондыққа еніп отыр. Осынау жетістікке жетуде жамбылдық жастардың да үлесі қомақты. Нақтырақ айтсақ, халықаралық олимпиадада құрама қоржынына тиісінше бір алтын және күміс жүлде салған Данат Иса мен Дінмұхаммед Нұрбек – Тараз қаласындағы облыстық дарынды ұлдарға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының түлектері. Бұған дейін республикалық және халықаралық пән олимпиадаларында топ жарып жүрген Данат пен Дінмұхаммед (Данат – О. Жәутіков атындағы халықаралық пән олимпиадасының күміс, республикалық пән олимпиадасының алтын медальдарының иегері, Дінмұхаммед – республикалық пән олимпиадасында алтын, физика пәнінен халықаралық олимпиадада қола медальдар алған) үмітті ақтады. Аталған білім ордасы шәкірттері бір айдың ішінде бірнеше табысқа қол жеткізіп отыр. Таяуда ғана Оңтүстік Африка елінің Кейптаун қаласында өткен 55-ші халықаралық математика пәні олимпиадасында үшінші орыннан көрінген Камал Данияр да осы оқу орнында оқиды. Сондай-ақ, 25-ші дүниежүзілік биология пәні олимпиадасында Жұмаділ Хафиз күміс, ал Когай Роман мен Хван Антон қола жүлделерді иеленді. Индонезия мемлекетінің Бали қаласында өткізілген білім додасына 241 мемлекеттің оқушылары қатысқанын ескерсек, бұл – ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже. Тараз қаласы.
Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы Жарқырап тұрар жолында. Халық мақалы.
(Жалғасы 2-бетте).
ЮРМАЛА: «ЖАҢА ТОЛҚЫН – 2014» ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕГІ
АУЫЗАШАР
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол»
Дүйсенбі күні орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің медресесінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан асыл дінімізді насихаттап, ізгілік жайлы қалам тербеп жүрген журналистер қауымына ауызашар дастарханы жайылды. Журналистика саласында еңбектеніп жүрген жандар арасында исламның бес парызын орындайтындар аз емес. Сондықтан ифтарға ерекше ықыласпен келіп, дәмнен ауыз тиген қауымға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкіл имамы, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев алғысын білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Оразаның қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. «Шілденің шіліңгір ыстығында ауыз бекітудің сауабы мол. Алла тағала оның қарымын Өзім берем деген. Оразаларыңыз қабыл болсын», - деді бас имам. Ауызашар дастарханына бата беріліп, Құран оқылды. Жалпы, орталық мешітте Рамазан айы басталғалы күн сайын 120 адамға ауызашар беріліп келеді. Бұл күні де солай болды.
ЛАТВИЯНЫҢ ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ ЮРМАЛА ҚАЛАСЫНДА 22-27 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ЖАС ӘНШІЛЕРДІҢ «ЖАҢА ТОЛҚЫН-2014» 13-ШІ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ. БАЙҚАУДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ –ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ. БАЙҚАУДЫ АЛҒАШ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТЫ 2002 ЖЫЛЫ ИГОРЬ КРУТОЙ МЕН РАЙМОНД ПАУЛС ҰСЫНҒАН БОЛАТЫН.
Әуелет, Әлішер! Танымал музыканы орындаушылардың «Жаңа толқын» деп аталатын бұл халықаралық байқауы тек Ресей мен Латвияның ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс шет мемлекеттер таланттарының да басын қосатын өте ауқымды музыкалық мереке болып табылады. Миллиондаған телекөрерменнің қызығушылығын оятатын байқауды бүкіл Еуразия континентінің музыка әлеміндегі үлкен оқиға ретінде бағалайтыны да даусыз. Осы өнер додасына қатысу үшін биыл әлемнің 45 мемлекетінен 15000 өнерпаздан өтініш түсіпті. Алайда, сайыстың өз талабы бар, сол ереже бойынша соңғы сайыста 13 мемлекеттен 16 қатысушы ғана бақ сынасады. Аталған халықаралық байқауда Қазақстанның атынан Әлішер Кәрімов өнер көрсетпек. Тараз қаласында туып өскен ол 2005 жылы Superstar. KZ жобасына барып, елімізге кеңінен танымал болды. Бірақ Әлішер бұдан бұрын да халықаралық байқауларға қатысып, 2001 жылы Витебск
қаласында «Славянский базар» XX халықаралық өнер фестивалінде үшінші орын иеленіп, Ресей БАҚтарының арнайы жүлдесіне ие болған. Сондай-ақ, Әлішер «World Champion ships of Performing Arts», АҚШ (2007 жыл) наградасының және «Ереван шақырады-2012» халықаралық поп-музыка фестивалінің үшінші жүлделі орнын иеленген болатын. Жақында әртіс «Шүкір» атты үшінші альбомын жарыққа шығарды. Қазақстан биыл бұл байқауға 12-ші рет қатысады. Әр жылдары біздің мемлекетімізден Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Қайрат Түнтеков сияқты әншілер мен Rin’Go тобы қатысқан болатын. Өткен жылы Юрмалада біздің мемлекетіміздің намысын әнші Adam қорғады. Ә. Кәрімовтің продюсері Алтынбек Рахметовтің айтуынша, байқаудың алғашқы күні «Әлемдік хит» тақырыбында Әлішер Адриано Челентаноның (Adriano Celentano) «Confessa» әнін орындайды. Байқаудың екінші күні әнші
«Жаңа толқын-2010» байқауының екінші орын иегері украиналық әнші Татьяна Ширкомен дуэт орындайды. Байқаудың үшінші күні «Премьералар күні» деп аталады. Бұл күні қатысушылар жаңа әндер орындауға міндетті. Әлішер көпшіліктің назарына қазақ авторларының «Әрине» әнін ұсынады. Бұл ән осы байқауға арнайы дайындалған. Сөзін жас ақын Талант Арғынғали жазса, әнін композитор Ғалымбек Исімбергенов шығарыпты. Әлішер әннің бірінші бөлігін қазақ, екінші бөлігін орыс тілінде орындамақшы. Жас әншілердің «Жаңа толқын» халықаралық байқауын «Қазақстан» телеарнасы көрермендерге тікелей эфир арқылы ұсынады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақстан аумағында тікелей эфирде трансляциялаудың айрықша құқығын алғаш рет иеленіп отыр. Өнер сайысы алаңынан хабарды қазақ тілінде жұмыс істейтін журналист Асхат Садырбай жүргізеді. «Ақ жол-Ақпарат».