Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы
Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№59 (18253), Сейсенбі, 24 мамыр, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
АҚОРДА ИНДОНЕЗИЯ
МЕМЛЕККЕТ БАСШЫСЫНЫЫҢ ҚААТЫСУЫМЕН ӨТТЕТІНН АЛДААҒЫ ІС--ШАРАЛАР АҢДАТПАСЫЫ
САЛМАҒЫ 9 КЕЛІ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СЕРИАЛ КҮЗДЕ ПРОКАТҚА ШЫҒАДЫ
41 жастағы келіншек Ани Русси қант диабетімен ауырған. Оның зардабы жатырдағы баланың дамуына әсер етсе керек. Сәбидің анасы жүкті кезінде үнемі дәрігерлердің бақылауында болды. Бала кесарь тілігінің көмегімен дүниеге келді. Оның салмағы – 8,7 келі, ал бойы – 62 сантиметр. Акбар есімді шақалақты көру үшін аурухана қызметкерлері кезекке тұрған екен. ҮНДІСТАН ЕҢ БИІК ТАУ ЭВЕРЕСТ ЕМЕС
Ғаламшардың ең биік нүктесі – Эквадордағы Чимбарасо сөнген жанартауы. Оның биіктігі небәрі 6267 метр болса да (Эверестің биіктігі – 8848 метр), ғалымдар Эвересті неге әлемнің ең биік нүктесі деп санамау керек екенін түсіндіріп берді. Эверест теңіз деңгейінен есептесе ғана ең биік тау саналады. Ал егер тауды Жер ортасынан бастап есептесе, Чимборасо жанартауы Эверестен бірнеше метр биік (Эверест – 6381, Чимборасо – 6384 метр).
24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорының б а с қ а ру ш ы д и р е кто р ы К р и с т и н Лагардпен кездесу өткізеді. 25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік с ауд а ұ й ы м ы н а м ү ш е л і к т і ң басымдықтарын пайдалану жəне еліміздің халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету қадамдарын т а л қ ы л ау ү ш і н Х а л ы қ а р а л ы қ консультативтік кеңес мүшелерімен кездеседі. 26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың IX Астана экономикалық форумына қатысуы жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ Нобель сыйлығының лауреаттарымен, халықаралық ұйымдардың б а с ш ы л а р ы м е н ке зд е су ө т к і зу і жоспарланған. 27 мамырда Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысын өткізу жо спарланған. Оның аясында кеңес мүшелерімен – трансұлттық ірі компаниялардың басшыларымен жекелеген кездесулер өтеді.
« Ә ЛЕ
ФИНЛЯНДИЯ «NOKIA»-ДАН БАС ТАРТҚАН «MICROSOFT»
Финляндияның ең атақты брендін Қытайдың электроника алыбы «Foxconn» зауыты сатып алатын болды. Жалпы қалта телефоны нарығында фин брендінің осыдан он жылдай уақыт бұрын бәсекелесі болмады. Алайда сол кездерден бері шыққан смартфондар финнің танымал өнімін шетке ығыстырып, ақыры 2013 жылы «Nokia»ны «Microsoft» сатып алды. Негізін Билл Гейтс қалаған компания шығарған «Lumia» смартфоны да жағдайды түзете алмады.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
БАЙЗАҚ
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Елордадағы «Қазақконцерт» мəдени ғимаратында Қазақстан Ре спубликасының Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының халыққа есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында А.Мұхамедиұлы министрлік қызметінің негізгі бағыттары мен саланы дамытудың барысы жайлы
баяндап, көпшілікті толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Онлайн режіміндегі тікелей көрсетілім арқылы министрдің е септі кезде суіне барлық өңірлердің сала қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де қатысып отырды. Министр өз баяндамасында өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, маңызды ақпараттармен де бөлісті.
А.Мұхамедиұлы алдымен спорт саласындағы жетістіктерге тоқталып өтті. – Жақында ғана өзінің кезекті жеңісіне жеткен боксшы Қанат Ислам – біздің мақтанышымыз. Осындай боксшы ларымыз еліміздің атын танытып, қазақтың бокс мектебінің деңгейін əлемге əйгілеп ж ү р . С о н ы м е н қ ат а р , Б е й б і т Шүменов те жақында өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ал Геннадий Головкиннің мəртебесі бір бөлек.
Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделi де артып келедi. Өткен жылы қазақстандық спортшылар түрлi деңгейдегi жарыстарда 748 жүлде жеңiп алса, «Астана» футбол клубы Тəуелсiз Қазақстан тарихында Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне алғаш рет жолдама алды. Бүгiн ұлттық құраманың алдында одан да жоғары мiндеттер тұр. (Жалғасы 4-бетте).
ХІ ҒА Р СЫ
»М
Сергей БАШЛАЕВ, Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлер ұйымының төрағасы.
ФЕСІ А НИ
БАРША АДАМЗАТҚА ОРТАҚ МӘСЕЛЕ
П р е з и д е н т я д р ол ы қ қ а ру с ы з а й м а қ т а р қ ұ р уд ы ң к е з - к е л г е н мемлекеттің тұрақты дамуына жол ашып, халықтың ядролық соғыс үрейінсіз өмір сүруінің кепілі бола алатынын нақты мысалдармен дəлелдеп берді. Сондайақ, бүгінде ушығып тұрған халықаралық лаңкестік, созылып бара жатқан терең экономикалық дағдарыс, Араб елдері мен Азиядан жер ауған босқындар проблемасы тəрізді жаңа құбылыстардың да терең зардабы болатынын айналып өтпеді. Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан Президентінің əлем қауымдастығына ұсынған «Əлем. XXI ғасыр» манифесі тарихи мəнді құжат екені даусыз. Енді соғыс бола қалған жағдайда адамзатты жаппай қыратын ядролық, химиялық, биологиялық қарулардың қолданылмауына ешқандай кепілдік жоқ. Ендігі соғыста жеңімпаздар болмайды, бəрі жеңіледі, адамзат өркениеті түп тамырымен күйреп, жер бетінен тіршілік жойылып кетеді деген ескертулерге құлақ асып, бейбіт өмірдің қадірін бағалай білу – ғаламшар тұрғындарының парызы. Ядролық отынды бейбіт мақсатқа пайдаланғанның өзінде орны толмас апаттар орын алып жататынына мысалдар аз емес. Осыдан отыз жыл бұрын, 1986 жылы 26 сəуірде Чернобыль атом электр стансасында болған апаттан бөлінген аса қауіпті радиациялық ауа ағымы жарты Еуропаға жайылды. Аузынан от шашқан аждаһаны ауыздықтап, зардабын сейілтуге бүкіл елімізден жүздеп, мыңдап мамандар, запастағы əскери қызметшілер жұмылдырылды.Оған бір ғана біздің Қордай ауданынан 860 адам қатысқан болса, бүгінде олардың 45-і ғана жер басып жүр. Шетінен денсаулығынан айырылған дімкəс мүгедектер. Мен де 1987 жылы алты ай бойы стансаның жарылған 4-энергоблогын толықтай бетондап, саркофаг құюға қатыстым. Міне, содан бері отыз жыл өтсе де оның қаупі сейілген жоқ, саркофаг ішіндегі атом шаласы əлі күнге дейін бықсып жанып жатыр деседі. Припять қаласы мен оның жүздеген шақырым айналасында тіршілік жойылғаны баршаға мəлім. Апат зардабын жоюға қатысқандардың ядролық сəулеленуден зардап шекпегені кемде-кем. Мен де екі мəрте жүрек талмасымен ауруханаға түстім, көздің көруі нашарлай түсуде, жасыма қарамай жүріп-тұруым қиындады. Жыл сайын арнайы госпитальда емделумен жан сақтап келемін. Біздің Президент көтерген ядролық қауіпсіз аймақтар құру туралы өте маңызды мəселе туралы манифесті мұхиттың арғы жағында өткен саммитке қатысушылар бір ауыздан қолдады. Оны енді күллі əлемде барша мемлекеттердің қолдауы маңызды. Бұл – барша адамзатты толғандыратын мəселе. Қордай ауданы.
Т.РЫСҚҰЛОВ
ЖӘНЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 54 МЫҢ БӨЛКЕ НАН ТЕГІН ТАРАТЫЛҒАН – Алғашқы мың тонна келісіне 60 теңгеден, кейінгі мың тонна – 62 теңгеден, 800 тоннасы 64 теңгеден жөнелтілді. Қалған 200 тонна халық тұтыну үшін келісі 77 теңгеден жіберілді. Бұл бір бөлке нан бағасын 53,4 теңге деңгейінде ұстап тұруға ықпал етті, – дейді облыс əкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Нұржігітов. Ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін тағы да 2
мың тонна ұн сатып алу жоспарлануда. 78 теңгеден кезекті мың тонна ұн сатып алынып, наубайханаға келісі 64 теңгеден өткізіліпті. Облыс əкімдігі ауыл шаруаш ы л ы ғ ы б а с қ а рм а с ы н ы ң басшысы Н. Нұржігітовтің айтуынша, облысымыз республика бойынша нанға ең төмен бағаны сақтап қалып отыр. «Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, тараздық демеушілер «ерекше
ҚОРДАЙ
Ау д а н о р т а л ы ғ ы н д а ғ ы « П е р в о м а й с к и е деликатесы» ЖШС шұжық өнімдерін шығаратын цехтың өнімділігін арттырудың 223 миллион теңгеге бағаланған жобасын іске асыруда. Бұдан өндіріс қуаты жылына 3 мың тоннаға дейін жеткізіліп, жаңадан жиырма бес жұмыс орны ашылмақ.
ЕҢ АРЗАН НАН ЖАМБЫЛДА Жергілікті билік соңғы үш жыл бойы нанның бағасын басқа облыстармен с алыстырмалы түрде ең төменгі бағамен с ақт ап келеді. Ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 2016 жылдың басында 3 мың тонна бірінші с ұ р ы п т ы ұ н ке л і с і н 7 5 теңгеден сатып алып, 2,8 мың тонна ұн тиісінше наубайханаға жөнелтілген.
Қызылжұлдыз ауылында орналасқан «ROLA-7» ЖШС тәулігіне 30 тонна макарон, жайма, кеспе секілді ұн өнімдерін шығарады. Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылып отыр. Өнімдерін еліміздің бар өңіріне өткеріп отырған қуатты кәсіпорын енді Ауғанстанның астанасы Кабулдан өз дүкенін ашты. Арадағы келісімге сай осы аптада 2 вагон макарон өнімін сонда жөнелтпекші.
ШҰЖЫҚТЫҢ КӨКЕСІН ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСҚАНДА КӨРЕСІҢ
БҰҚАРА ЖӘНЕ БАҒА М. Х
ҚЫЗЫЛЖҰЛДЫЗДЫҢ КӘСІПКЕРІ КАБУЛДАН ДҮКЕН АШТЫ
ТАБЫС – 53,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
мұқтаж жандарға тегін нан» қайырым дылық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында нан дүкендерде сенім қағидаты бойынша зейнеткерлерге, аз қамтылған жəне көп балалы отбасыларға таратылды. Жамбыл кəсіпкерлері о сылайша халықтың əлсіз тобына жəрдемдесуді шешті. Акция барысында 1,2 миллион теңгеге 54 мың бөлке нан таратылды. Алуа ЖАҚСЫМБЕТ.
ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНДА
Ауданда өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесте өрлеу бар. Бүгінгі таңға дейін аудандық бюджетке 1314,3 миллион теңге артық табыс түсіп, жоспар 104,2 пайызға орындалған. Оның ішінде өзіндік кірістер 53,5 миллион теңгеге жетіп, бюджет қоржынын молайтып отыр.
Тал таяқ болады, Шал қонақ болады, Нан тамақ болады. ЖАЗЫЛЫМ – 2016
Облыст а мақс арыдан жоғары сапалы май өндірілуде. Табиғи таза өнім Голландия, Бельгия мен Қытайға экспортталуда. Агроөнеркəсіп саласында табысты жұмыс істеп жатқан кəсіпорын – Қазақст ан мен Иранның бірлескен жобасы. Май зауыты Шу ауданының Бірлік ауылында орналасқан. «KazIrAgro» компаниясы 2 0 11 ж ы л ы ма қ с а р ы майын шығару үшін Германияда шығарылған жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Май өндіретін зауыттың аумағы шамамен 8 гект арды құрайды. Кəсіпорынның өз май цехы бар, астық жəне майлы дақылдарды өңдеуге жəне сақтауға арналған астық қабылдау қоймаларымен, сондай-
а қ ау ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы техникасымен жабдықталған. З ау ы т т ə ул і г і н е 3 0 0 0 литр май өндіреді. Тұрақты жұмыс орындарымен 40 адам қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы курстардан өткен, күрделі
т ех н и ка н ы о ң а й б а с қ а р а алады. Сондай- ақ, кəсіпорын басшылығы қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып, аудандағы түрлі іс-шараларға демеушілік көрсетеді. Б ү г і н г і к ү н і ма қ с а р ы , арпа, бидай жəне рапс 3,5
мың гектар жерде өсіріледі. Ағымдағы жылы майлы дақылдарға арналған егістік алқаптарын 1,5 мың гектарға дейін ұлғайтқан компания жыл өткен сайын өнім көлемін де арттыруды жоспарлауда. Экспорт көлемінің ұлғаюы – зауыттың өндіріс қуатын көбейтуге мүмкіндік бе р ед і . Э кол о г и я л ы қ таза өнім Голландия жəне Бельгияға жіберіледі. Өнімнің басты бөлігі Қытай Ха лық Ре спубликасына экспортталады. Тауар қажетті талаптарға с ай с ертификатт армен сəйкестендірілген, санитарлық-гигиеналық қорытындысымен расталған. Мақсары майының жеңіл майсыз текстурасы теріге тез сіңеді. Оның қоректендіргіш қасиеттерін зəйтүн майымен салыстыруға болады. Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».
«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН
Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457
Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.