24 караша пдф

Page 1

АБАИҒА

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

құлақ түрейікші, ағайын!

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№9 (18043), Сенбі, 24 қаңтар, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

ПРЕЗИДЕНТ

Халқымыз Құдай сөзі – Құран аяттарының құдіретін қалай қадірлесе, Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жыраулардан басталатын қазақтың қара өлеңдерінің қасиетін де дәл солай құрмет тұтқан. Ал Абай өлеңі мен қара сөзінің тәлімі мен тағылымы мүлде бөлек. Ол өзіне дейінгі жыраулар поэзиясын көркем ой, кестелі сөз арқылы әдеби жаңа биікке көтерді. Бүгінде оның өлеңдерінің әр жолы – тағылым, әр жолы – тақырып, әр жолы – тағдыр. Сондықтан, Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі өмірдің өзегіне айналып кеткен өзекті тақырыпты аптасына бір рет болса да оқып, ұлы ойшылға оңаша жүгініп, ес елегінен өткізіп отырған ләзім деп білеміз. Өздеріңіздің төл басылымдарыңыз «Ақ жол» газеті бұдан былай әр сенбі сайын «Абайға құлақ түрейікші, ағайын!» айдарымен алаш ақынының жауһар жырларын жариялап отыруды қолға алды.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ШАПАҒАТЫ

Н. НАЗАРБАЕВ ПЕН Б.ОБАМА УКРАИНАНЫҢ ОҢТҮСТІКШЫҒЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІ.

МЕНСІНБЕУШІ ЕМ НАДАНДЫ

АС АТАСЫ – НАН

«А Қ

Ж

ҚАНСЫРАҒАН ӘСЕМ ҚЫЗДЫҢ ЕЛ БОП ЕЛЕУГЕ ТҰРАТЫН ЕРЛІГІ - ҚҰТҚАРУШЫЛАР АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ҰШАҚТЫ ТАУЫП АЛҒАНША БАЙЛАНЫСТЫ ҮЗБЕЙ, БАҒЫТ БЕРУІНДЕ БОЛЫП ТҰР

Ж

Көштің байсал тапқаны, Көкорайға қонғаны. Даудың байсал тапқаны, Төрешіге барғаны. НІ М ӘСЕ Л Е

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. «Аман қалды» деу – айтуға ғана оңай. Ал Әсем сол сәтте бірнеше жерден сынған аяғының ауырғанына қарамастан, бір метрге жуық қасаты қардың астынан шығып, қаза тапқан ұшқыштың ұялы телефонымен құтқару қызметіне хабарласып, орын алған әуе апаты жөнінде жедел ақпарат берген. Бұл да айтуға оңай. Өйткені, қатты соққыдан зардап шегіп, сансыз жарақаттардың салдарынан қансыраған қыздың әуелі Қызылорда облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне, одан кейін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарласуы – ердің ерінің ғана қолынан келетін төзімділік. Бұл да айтуға оңай. Жаны сірі Әсем қыздың ел боп елеуге тұратын ерлігі - құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақты қашан тауып алғанша ұялы телефон арқылы байланысты үзбей, бағытбағдар беріп отыруында болып тұр. Өйткені Әсем байланысты үзсе қоюланып келе жатқан кешкі қараңғылық ызғарлы далада болған апатты құтқарушылар назарынан бүркеп қалар еді. Жетеудің ішінен жалғыз өзі аман қалған

Ң М Ә Н ІС І

ӘРИНЕМЕН ЕЛ КЕТТІ, ҚОҚИЛАНДЫ, МАҚТАНДЫ. ҚУАТ БІТТІ, КҮН ӨТТІ, ЖАРЫЛҚА, ҚҰДАЙ, ЖАТҚАНДЫ. МЕН – ҚАЖЫҒАН АРЫҚПЫН. ҚАТЫН, БАЛА ҚОНАҒЫ. СЕНДЕРГЕ ДЕ ҚАНЫҚПЫН, ЖҰРТЫҢ АНАУ БАЯҒЫ. ЖАРЛЫ ЕМЕСПІН, ЗАРЛЫМЫН, ОНЫ ДА ОЙЛА ТОЛҒАНЫП. ЖҰРТЫМ ДЕУГЕ АРЛЫМЫН, ӨЗГЕ ЖҰРТТАН ҰЯЛЫП. БАРЫМТА МЕН ПАРТИЯ – БӘРІ МАСТЫҚ, ЖҰРТ ҚҰМАР. СЫПЫРА ЕЛІРМЕ, СҰРҚИЯ, КӨП ПИЯНШІК НЕНІ ҰҒАР? ТАТУЛЫҚТЫ, ТЫНЫШТЫҚТЫ, ҚОҢЫР КӨРЕР, КЕМ КӨРЕР. ҰРЛЫҚ ПЕНЕН ҚУЛЫҚТЫ ҚЫЗЫҚ КӨРЕР, ӨҢІ ЕНЕР. МҰНДАЙ ЕЛДЕН БОЙЫҢ ТАРТ, МЕН ҚАЖЫДЫМ, СЕН ҚАЖЫ! АЙТЫП-АЙТЫП ӨТТІ ҚАРТ, КӨНБЕДІ ЖҰРТ, НЕ ЫЛАЖЫ?

өргем ілінеді ж е г үрген

«КОНФУЦИЙДЕН» БІЛІМ АЛАТЫН БОЛАМЫЗ

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясындағы жұмыс сапары барысында білім беру бойынша әріптестік қатынас орнатуға да қол жеткізген болатын. Бүгінде өңірдегі жоғары оқу орындарының 8 студенті Қытайда білім алса, «аспан асты» елінің 2 студенті Тараз қаласында оқып жатыр. Әріптестік және ортақ білім беру келісімдерінің нәтижесінде олардың саны жыл өткен сайын көбейе беретін болады. Сондай-ақ, болашақта Шэньси педагогикалық институты мен

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті арасында білім беру кеңістігінде бірлескен әріптестік орнатылып, мемлекетаралық деңгейдегі «Ұлы Жібек жолы: Қазақ – Қытай арасындағы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстардың кешегісі мен бүгіні» атты кешенді халықаралық конференция өткізілмек. Алдағы уақытта облыс орталығында Қытай Халық Республикасының мүдделі тұлғаларының құрылтайшылық етуімен «Конфуций» институтын ашу жоспарлануда. «Ақ жол-Ақпарат».

ЕЛІМІЗДЕГІ

ең арзан

ЖЕТІ АДАМ БОЛДЫ, ОНЫҢ ҮШЕУІ ЭКИПАЖ МҮШЕЛЕРІ. ҚАРЛЫ ДАЛАҒА ҚҰЛАП, ҮЙІНДІ ТЕМІРГЕ АЙНАЛҒАН ҰШАҚТАН ӘСЕМ ШАЯХМЕТОВА ҒАНА АМАН ҚАЛДЫ.

Әсем үшін ары қарай айтудың өзі қорқынышты. Бүгінде Әсемнің жағдайы жақсарып келеді. Ол ә дегенде, яғни оқиға болған жерден Шу ауруханасына жеткізілген кезде дәрігер-хирургтермен тілдесіп: «аяғымды кеспеңіздерші» деп өтініпті. Бойжеткен тілегі, әрине, түсінікті. Бүгінде білікті дәрігерхирургтер әуе апатынан аман қалған қыз, Құдай қаласа, бір жылдан кейін аяғынан тік тұрып кетеді деп отыр. Әсем - адам баласының басына қандай қиындық туса да үміт үзбеу керектігін бүгінгі жастарға өз ісімен үлгі ретінде көрсете білді. Ол өзінің қайсарлығы арқылы кешегі Әлия, Мәншүк әпкелерінің ерлігін қайталай алатын сіңілілері қазақ елінде бүгінгі бейбіт заманда да бар екенін паш етті. Әрине, қайсар қыз бұл үшін ешқандай құрмет іздеп, ешқандай атақ сұрамайды. Бірақ оның өжеттігін болашақ ұрпаққа тағылымды тәрбие ете білу үшін ел азаматтары есті тірлікке барып, Әсем үлгісін қалай құрметтеп, қандай марапатқа ұсынса да лайық деп ойлаймыз. Шатыркөл кеніші, Шу ауданы.

ЖАН ШОШЫРЛЫҚ ТҮРІНДЕ, БӘРІ БІРДЕЙ ЕЛІРІП. ҰСТАЙ АЛМАДЫМ БІРІН ДЕ, КЕКИДІ КЕЙІН ШЕГІНІП.

Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Халық мақалы.

ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСА, 20 ҚАҢТАР КҮНІ «ШАТЫРКӨЛ» КЕНІШІНІҢ АУМАҒЫНДА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА БОЛДЫ. «ОЛИМП ЭЙР» ЖШС-НЫҢ ҰШАҒЫ БАЛХАШ - «ШАТЫРКӨЛ» КЕНІШІ БАҒЫТЫМЕН ҰШЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН. ҰШАҚ БОРТЫНДА

Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

ЫҢ» АЙТАРЫ БАР! ЛД

ӘСЕМ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ ДЕ ЛАЙЫҚ!

ТАППАДЫМ КӨМЕК ӨЗІМЕ, КӨП НАДАНМЕН АЛЫСЫП. КӨНБЕДІ ЕШКІМ СӨЗІМЕ, ӘДЕТІНЕ ҚАРЫСЫП.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы ең арзан әрі төмен қала – Тараз. Солардың бірі – ас атасы нан шаһар дүкендерінде әр бөлкесі 45 теңгеден с а т ы л а д ы . Та р а з д а осыдан 20 жыл бұрын құрылған «Надыров» жеке кәсіпорны наубайханасы нан өнімдерін пісіріп, өткерумен шұғылданады. Мұнда 11 адам жұмыс істейді. Күнделікті 3 мың бөлке нан пісіріледі. Әрқайсысының салмағы – 650 грамм. Олар наубайханаға жақын маңдағы 6 дүкенге өткеріледі. Кәсіпорын жұмысшылары өнім сапасына айрықша көңіл бөледі. Дүкендерге жеткізіп беретін екі автокөлігі бар. Осыдан он жыл бұрын өздерінде ИСО-9001 халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізген. – Біздің қалалық әкімдікпен меморандумымыз бар. Сондықтан да ұзақ уақыттан бері нан бағасын өсірмей келеміз. Наубайханада пісірілген әр бөлкені дүкендерге 35 теңгеден өткіземіз. Қалған бағаны дүкендегілер қосады. Жұмыс 3 ауысыммен ұйымдастырылған. Наубайшылардың әрқайсысына жұмыстан қайтқан кезде күнделікті 3 мың теңге төленеді және екі бөлке нан беріледі. Келешекте несие алып, жабдықтарды жаңартуды көздеп отырмыз, – дейді «Надыров» жеке кәсіпорнының директоры Рысбек Надыров.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Қазақстан – Америка қарым-қатынасының ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Екі елдің көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапының көзқарасы бойынша Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары деңгейіндегі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін осы мәселемен жеке өзі айналысып жатқанын айтты. Қазақстан Президенті америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейлінше белсенді қатысуды өтінді. Мемлекет басшысы Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өңіріне де ықпал етіп жатқанына тоқталды. АҚШ Президенті Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынына Нұрсұлтан Назарбаевты сендіре отырып, бұл үшін бірінші кезекте Минск уағдаластықтарын орындау қажеттігін атап өтті. Б.Обама сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне жұмсаған күш-жігерін жоғары бағалады және Мемлекет басшысының Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу ісіне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге Америка жағы бастамашылық етті.

О

МЕНСІНБЕУШІ ЕМ НАДАНДЫ, АҚЫЛСЫЗ ДЕП ҚОР ТҰТЫП, ТҮЗЕТПЕК ЕДІМ ЗАМАНДЫ, ӨЗІМДІ ТЫМ-АҚ ЗОР ТҰТЫП.

БАЛАБАҚША... ТАРАЗДА

ШЫНЫ ДА СОЛАЙ. МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАЛАРҒА АТА-АНАЛАР ТАРАПЫНАН ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМАҚЫ ҚҰНЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА – 710010000, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА – 9200, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА – 15000, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 2-5 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫЛАР ҮШІН – 26700, 5-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫЛАРҒА – 13350, АСТАНА ҚАЛАСЫНДА 10300 ТЕҢГЕ ЖӘНЕ ОДАН ЖОҒАРЫ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНГЕН. БҰЛ ӨҢІРЛЕРДЕ АТА-АНАЛАР ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ БАҒАНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӨСІМІМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРІЛІП ТЕ ОТЫРАДЫ.

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Ал Тараздағы бөбекжайлар төлемақысының мөлшері 2011 жылдан бері еш өзгерместен, былтырғы жылдың наурыз айына дейін 4500 теңгені құрап келген. Былтыр ғана 5700 теңге болып бекітіліпті. Мұның өзі балалардың тәуліктік тамақтануы нормаларын толық орындауға әлі жеткіліксіз, бар-жоғы 51 пайызды ғана құрайды,

деп санайды мамандар. Яғни аталған төлемақы есебінен балаларды орташа есеппен тәулігіне төрт мәрте жиырма бір күн бойы ас-тағаммен қамтуға тура келеді. Сонда бір баланы тамақтандыру құны тәулігіне 271 теңгені ғана құрайды емес пе? Жалпы, тиісті заңдылықтарға сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін ауданның, облыстық маңызы бар

қаланың жергілікті атқарушы органдары бекітетіні белгілі. Тиісті басшылықтар бұл тұрғыда қарекетсіз емес. Қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзия Зәуірбекованың айтуынша, жуық арада Таразда да балабақша төлемақысының құны жоғарыламақ. – Қалай болғанда да балабақшадағы баланың жайын баршамыз болып бірлесе ойласуымыз керек. Былтыр балабақшаларымыз бірқатар тексерулермен қамтылды. Барлығында да бүлдіршіндерді тамақтандырудың нормалары орындалмайтындығы, яғни, тамақ құнарлылығының кемдігі, сүзбенің, еттің аз көлемде берілетіндігі бірінші кезекте атап көрсетілді. Шын мәнінде де бар-жоғы 271, 4 теңгені бір күнде төрт реттік тамақтандыруға жеткізу еш мүмкін емес қой. (Жалғасы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.