ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Мойынқұм ауданы
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облысты о амды саяси газет
№157 (18191), Бейсенбі, 24 желто сан, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
БАЙЗАҚ
Ғ. Мұратбаев атындағы мектепгимназияда ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырмен кездесу болып өтті. Әдебисазды кешті мектеп-гимназия директоры К. Жаманова сөз сөйлеп ашты. Кешке ақынның өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері, әндері арқау болды. Жергілікті өнерпаздар А. Исабаев пен Ө. Нұрбаев сазгер-ақынның әндерін тамылжыта орындады. Оқушылар ақынның жырларын жатқа оқыса, кеш соңында Қ. Нарбатыр алдағы шығармашылығы жайлы ой бөлісті.
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
ЖАМБЫЛ АГРАРЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ БІРІ – ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ДӘСТҮРГЕ САЙ ӨТКІЗІЛГЕН БРИФИНГТЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАЯНДАДЫ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАРЫСЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ КЕҢІНЕН ӘҢГІМЕЛЕГЕН АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘР САЛАДАҒЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ТОҚТАЛДЫ.
Құрметті журналистер! Өздеріңізбен бір жыл бұрын жүздескен болатынбыз. Бүгін де сіздермен кездесудің сəті түсіп тұр. Жамбыл облысы Елбасы белгілеп берген Стратегиялық міндеттерді, «Нұрлы жол» бағдарламасын орындауда экономикалық өсу қарқынына қол жеткізіп отыр. Жалпы өңірлік өнім бірінші жартыжылдықта 453 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға өсіп отыр. Жыл соңына болжам 101,6 пайыз болмақ. 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркəсіпте 242,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 161 миллиард теңге болды, немесе 104,7 пайыз. Тұрғын үйлер құрылысы 21,3 пайызға артты. Негізгі капиталға салынған инвестиция 10 пайызға артып, 197,4 миллиард теңгені құрады. Инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіш деңгейінде қалыптасты (112,7%). Жергілікті бюджетке түсім 36,0 миллиард теңгені, 108 пайызды құрады. Алайда, кейбір көрсеткіштер бойынша төмендеу бар. Кен өндіру өнеркəсібі жəне карьерлерді қазуда – 20 пайызға, өңдеу өнеркəсібінде – 12 пайызға. Басты себеп химия өнімдеріне əлемдік нарықтағы сұраныстың төмендеуі болып отыр (негізгі тұтынушылар – Украина, Ресейдегі дағдарысқа байланысты). Қадірменді қауым! Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында əлемдік экономикалық ахуал талабына сай əрекет етудің жолдарын көрсетті. Еліміздің үдемелі жəне сенімді дамуын қамтамасыз етудің міндеттерін айқындап берді. Жолдауда көрсетілген 5 негізгі басымдық шеңберінде жаңа құрылымдық экономиканы қалыпт астыру үшін облыст а барлық мүмкіншіліктер бар. Бүгінгі күні нақты шаралар белгіленді. Қазіргі қалыптасқан күрделі экономикалық ахуалға қарамастан, өңіріміз жылды табысты аяқтап отыр. Көптеген салаларда серпінді даму байқалады. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Жолдаудағы тапсырмаларына сай кəсіпкерлікті қолдауда инвестициялар тарту жəне ішкі резервтер бойынша қолдау көрсетуді жалғастыра беретін боламыз. Облыста шетелдік инвесторларды тарту арқылы (Қытай Халық Республикасы, Жапония, Нидерланды тағы басқа елдер) ж а л п ы қ ұ н ы 3 , 2 м и л л и а рд д ол л а рд ы құрайтын 15 меморандум мен келісімдер жасалды. Энергетика, химия, агроөнеркəсіп кешені, құрылыс индустриясы бойынша 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 3,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жоба іске қосылуға дайын. Соның бірі – құны 2,0 миллиард доллар болатын минералды тыңайтқыштар өндіретін, 2000 жаңа жұмыс орны ашылатын «Еурохим Тыңайтқыш» зауытының құрылысы.
Екінші ірі жоба – Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған, «СамұрықҚазына» əл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Тараз химиялық паркі». Қазірдің өзінде онда жалпы инвестиция көлемі 128 миллиард теңгеге жететін 5 инвестициялық жоба (каустикалық сода мен хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтерді, метанол өндірісі) жүзеге асырылуда. Онда 1000 жаңа жұмыс орны
республикадағы химия өнімдерінің 40 пайызын өндіреді. «Қазфосфат» «Индустрияландыру картасы» аясындағы жəне басқа да жаңа инвестициялық жобаларды жоспарлауда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша компания құны 7 миллиард теңгені құрайтын экстрациялық фосфор қышқылы жобасын жүзеге асыруда. Жақында Пекинде өткен іскерлік кеңесте Премьер-Министр Кəрім Мəсімов қытай
ƽƷǃƸǒǂ DžƸǂǒLjǒ ƼƶǁDžǑ kiƭdžǁƭǀ kǃƭǂ ǀkǁƻǂƭ kǃƻdžǀcLJƭDž kǃƺƭdžƭLJƭǃƭi ǀkǁƻǂƭ kiƺƻlj kǃƻdžǀcLJƭƷƭ kǃƺƭdžƭLJƭǃƭi ǀkǁƻǂƭ kǃƻdžǀcLJƭDžLjƻƹƭ ƼmǂǑLJDžƻǃ gƶǂLjlj
ƻLJƻ kLJLjƭ
1 ǩǧǢǤ ǩǜhǚǜǚǜ ǝǜǩǩǼ
1,8
ǣǢǧǛ ǩǜhǚǜǚǜ ǝǜǩǩǼ
ƻLJƻ kLJLjƭ
ǣǢǧǛ ǩǜhǚǜǚǜ ǝǜǩǩǼ
1,1
76,5 ǣDzh ǗǛǗǣdǗ ǝǜǩǩǼ
ƻLJƻ kLJLjƭ
ƻLJƻ kLJLjƭ
ашылады. Бүгінде экономикалық аймақтың ішкі инфрақұрылымдық жүйесінің құрылысы аяқталуда. Сіздер химия өндірісі өңір экономикасының негізгі күші екенін біле сіздер. Бір ғана «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстағы өндіріс өнімдерінің 27 пайызын,
компанияларымен Жамбыл жəне Павлодар өңірлерінде салынатын, құны 2,3 миллиард долларды құрайтын тит ан-магний кенін өндіретін тау-кен өндіру кешені жəне зауытының құрылысы бойынша 4 жақты меморандумға қол қойды. Құрылыстың алғашқы кезеңіне 900 миллион доллар инвестиция тартылмақшы.
Осындай ірі жобалардың шеңберінде облыста жүздеген кəсіпкерлік нысандар жұмыс істейтін индустриялық аймақтардың құрылатынын айта кеткеніміз жөн. Жалпы, біз Қытай, Батыс Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Əмірлігі жəне Түркияның, Ресейдің 150-ден астам əлеуетті инвесторына ұсыныс жібердік. Енді «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасына келсек. Өңірде бағдарлама бойынша 60 жоба жүзеге асырылуы тиіс. Алғашқы бесжылдықта 123,3 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба іске қосылды. Осы кəсіпорындар 143 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Биылдың өзінде 30,4 миллиард теңгенің 6 жобасы іске қосылып, 435 жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы 5 жылда құны 551 миллиард теңгені құрайтын 21 жоба жүзеге асырылады. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жамбыл облысы «Жасыл экономика» бойынша көшбасшы өңірлердің бірі саналады. Бүгінде жаңартылмалы энергия көздерінен жалпы қуаты 78 МВт энергия өндіретін 8 жоба іске қосылған. Бұл жобалардың барлығы отандық жəне Ресей, Франция, Қытай, Нидерланды, Ұлыбритания елдерінен келген шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Үш жылда жалпы қуаты 200 МВт энергия өндіретін станса салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда облыста 75 мың шағын жəне орта бизнес субъектісі бар. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 23 пайызы осы салада жұмыс істейді. Бұл сала 119 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 155 кəсіпкердің жалпы құны 7,2 миллиард теңгені құрайтын жобалары қолдауға ие болды. Туризм – кəсіпкерлікті дамытуға серпін беретін сала. Облысымыздағы тарихи нысандар Ұлы Жібек жолындағы тарихи ескерткіштерді жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Ұлы Жібек жолының «Сайрам – Тараз – Ақшолақ – Ақыртөбе – Құлан – Меркі – Шу – Аспара – Қордай» бағытында өңірімізде көптеген тарихи-мəдени ескерткіштер орналасқан. Оның бесеуі 2014 жылдың тамызында ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді. Биыл ашық аспан астындағы «Көне Тараз» археологиялық паркі жəне музейі ашылды. «ЭКСПО – 2017» көрмесі бағдарламасына осы нысандарды енгізе отырып, облысқа көбірек шетелдік туристерді тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл өңірдегі кəсіпкерлікті дамытуға ерекше серпін береді. Ту р и з м д i д а м ы т у ү ш і н а л д ы м е н инфрақұрылымды дамыту қажет. Бұл тұрғыда бiзде Тараз қаласындағы əуежайдың құрылысы толық аяқталды, магистральді темiр жол желiсi жұмыс iстеп тұр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 495 шақырымының құрылысы аяқталды. Осы жолдың бойында жанар-жағармай құю стансалары мен қонақ үйлердi қамтитын 8 қызмет көрсету кешенiн салуды жоспарлап отырмыз. Жамбыл – аграрлы облыстардың бірі. Үстіміздегі жылы агроөнеркəсіп кешенін қолдауға барлық көздерден 7,8 миллиард теңге бөлінді. Ауыл шаруашылық бағытында жалпы көлемі 16,3 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Биылғы жыл – біздің дихандарымыз үшін жаман болған жоқ. Ау а р а й ы н ы ң қ о л а й л ы б о л у ы е г і н шаруашылығының өнімдерін өсіруге, масақты дəнді дақылдардың түсімділігін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге арттыруға мүмкіндік берді. (Жалғасы 2-бетте).
ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН
МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Қадірменді бауырлар! Күллі мұсылм а н қ ау ы м ы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің ( с . ғ . с . ) ту ғ а н а й ы – М ə ул і т мерекесін тəлім мен тəрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Ме ш і т т е р і м і зд е А л л а ғ а м а д а қ , пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тəуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да салауатты іс-шара – Мəуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді.
Мəуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам Мəуліт мерекесі деп аталады. Қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күнін атап өту – құптарлық, жақсы амал. Мұсылмандардың өміріндегі басты идеал болуы тиіс пайғамбардың (с.ғ.с.) өнегелі өмірі мен өсиетін, тағылымы толассыз ғибратты ғұмырын халқымызға насихаттау – баршаға ортақ игі іс. Бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сəті. Əлемдердің Раббысы қасиетті Құранда пайғамбарымызды (с.ғ.с.): «Шын мəнінде сен, əлбетте, ұлы
мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят), – деп сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен (с.ғ.с.) өнеге алуға шақырады: «Расында, сендер үшін, Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер жəне Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят). Олай болса, бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с.) есімін ардақтау, сүннетіне амал ету – сауапты іс. Ақиқатында, Алла Елшісі (с.ғ.с.) жаны жай тапқанша үмметіне деген үгітін еш үзбеді, көңілдердегі кірді, қайғы-қасіретті кетірді, əлсізді демеді, шектен асқанды сабасына түсірді, күллі адамзаттың рухани əлемін дүр сілкіндірді, зұлымдық пен надандықтың қараңғылығын сейілтті, ізіне ерген ізгілерді жақсылыққа жұмылдырып,
жарқын болашаққа бастады. Үмметіне, яғни Сіз бен бізге пəни дүниеде бағдаршымыз болатын Алланың кəлəмі Құран Кəрім мен Өзінің (с.ғ.с.) жан адам адаспайтын сара жолы – сүннетін қалдырды. Оны (с.ғ.с.) досымен қатар, дұшпаны да мойындады. Ардақты ағайын! Шарапаты мол Мəуліт мереке сі біздің халқымызға да құтты болсын! Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нəсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың (с.ғ.с.) əміріне мойынсұнып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай. Мəуліт айында Алланы мадақтап, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып,
өзгелерге жақсылық жасаудың сауабы теңдессіз. Құран оқып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірі мен өнегесі жайлы кітап оқудың да мұсылманға берері мол. Алла тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай, бірлігімізге сызат түсірмей, жақсылығын нəсіп еткей! Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болғай! Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда жолықтырғай! Екі дүниеде де жүзіміз жарқын, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай! Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінің азаматтардың қозғай келген мәселесін шешу жолындағы қызметі зор. Осы ретте республикалық «Нұр Отан» партиясы «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауын жариялаған болатын. Байқауға республика көлемінде аумақтық және аймақтық партия филиалдары қатысты. Нәтижесінде, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі үздіктер қатарынан көрініп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚОРДАЙ
«Отар» 40-әскери базасында мерзімді әскери қызметке жаңа шақырылған алты жүзден аса жас жауынгердің ант беру рәсімі өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жаманкөзов, әскерилер қалашығындағы Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Сейдапар Нұсқабаев, Гвардейский гарнизонының әскери прокуроры, әділет майоры Айдын Газез, ата-аналар атынан Қарлығаш Жолымбетова және 2-мотоатқыштар ротасының курсанты Нұрқасым Амангелді жас сарбаздарды әскери ант қабылдауымен құттықтап, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруларына тілек білдірді. ТАЛАС
Тәуелсіздік күніне орай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы мерекелік акция өткізді. Орталық қызметкерлері бұл күні аудандық перзентханаға арнайы ат басын бұрып, жаңадан босанған жас ана Ару Смағұлға нәрестесінің туу туралы куәлігі мен гүл шоқтарын тарту етті. Өз кезегінде Ару Асылбекқызы мереке қарсаңында тосын сый жасаған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығына алғысын жеткізді. Жалпы, биылғы 11 айда аудан бойынша 1015 туу туралы куәлік берілді. Т.РЫСҚҰЛОВ
Биыл «Сыбаға» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Жалғасбаев 5500,0 мың теңгеге 30 бас, «Әспек» шаруа қожалығы 14,3 миллион теңгеге 90 бас, «Ақбұлақ» шаруа қожалығы 8,5 миллион теңгеге 53 бас аналық сиыр алып өсіруде. Қазіргі таңда «Жахайым», «Аққайнар» шаруа қожалықтарының құжаттары комиссияда қаралды. «Аққайнар» шаруа қожалығы 40 бас мүйізді ірі қараны «Құлан дән» несие серіктестігі арқылы алуды көздеп отыр.
Кетпенім сай, шотым сай, Қазсам суға жетемін. Атаным сай, атым сай, Көшсем нуға жетемін. Халық мақалы.
ЖЕДЕЛХАТТАР ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ ДИРЕКТОР-БАС РЕДАКТОРЫ КӨСЕМӘЛІ СӘТТІБАЙҰЛЫНА! Ауд а н б о й ы н ш а ке л е р ж ы л д ы ң I жартыжылдығына облыстық «Ақ жол» газетіне 1177 адам жазылғанын хабарлаймыз. Батырбек ҚҰЛЕКЕЕВ, Жуалы ауданының əкімі. * * * Аудан тұрғындары 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығына 1363 дана «Ақ жол» газетіне жазылды. Жарылқасын АЙТАҚОВ, Т. Рысқұлов ауданының əкімі.