Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
Ж
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
Қаратау
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№8 (18658), Beısenbі, 24 qańtar, 2019 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ
НДА ЖАҺА ҚЫТАЙ Бейжіңде ерекше бөлме ашылды. Онда келгендер тұрмыстық, кеңсе техникасынан бастап, ыдыс-аяққа дейін қиратып, ашуын басады. Осылай сабасына түседі. Мұнда алдымен балға немесе шоқпар таңдап, әрі қарай бәрін қиратуға болады.
АҚШ Лос-Анджелесте жартылай орта салмақта WBA «regular» чемпионы М.Пакьяоның үйін тонап кетті. Қылмыс Пакьяо америкалық Э.Бронермен жұдырықтасып жатқанда болған.
БАӘ Білім және адам дамуы жөніндегі басқармасы мектеп оқушыларын онлайн оқытуға алғашқы лицензия берді. Бұдан былай елде баланы онлайн оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туады. Бұл дәстүрлі білім берумен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
ҰЛЫБРИТАНИЯ Ел ғалымдары артық салмақ мидың жұмысына кері әсер ететінін анықтады. Олар бұл зерттеуді 55 жастағы он мың адамның мәліметтерін негізге алып жүргізген. Артық салмақтан миға оттегі аз барып, содан ми клеткалары өледі екен.
БЕЛЬГИЯ Брюссель қаласында 97-ші Бельгия автосалоны ашылды. 110 мың шаршы метрден астам ауданды алып жатқан алаңда 70-тен аса бренд таңдаулы өнімдерін ұсынады.
Д БЫЛ ЖАМ
А
ТАРАЗ Қаладағы 12 ұйым мен әкімдіктің тиісті бөлімдері шаһардың 8 негізгі каналын тазарту жұмыстарын бастап кетті. Оларға кәсіпкерлер де көмектесіп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтуда. Бұл бағыттағы тірліктер келесі аптада да жалғаспақ.
БАЙЗАҚ Ақтөбе ауылындағы Қарабақыр көшесінің 600 метріне шағал тас төселмек. 2018 жылдың аяғында құжаттары дайындалған жобаны іске асыру жұмыстары биылғы сәуір, мамыр айларына жоспарланған.
ЖАМБЫЛ Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылу рəсіміне қатысты. Қазақстан Президенті іс-шара алдында жастардың киімдер, спортшыларға арналған тағамдар өндірісі мен интерактивті қызмет көрсету платформаларын құру жөніндегі бірқатар жобаларымен танысып, Үкіметке бұл бастамаларды жүзеге асыруды жəне ілгерілетуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Мемлекет басшысы жиынға қ ат ы су ш ы л а рд ы Жа с т а р ж ы л ы н ы ң ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. – Жастар – еліміздің қазіргі əлемдегі
бəсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақст анның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бəрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз əлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мəселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондайақ адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екенін айтты. – Өткен жылы Қазақстанда орта мектепті
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес 2019 жылғы 22 ақпанда сағат 11.00-де «Баласағұн» орталық концерт залында
125 мыңнан астам жас түлек бітіріп шықты. Келешекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9 пайызы оқуға жəне еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев техникалық жəне кəсіби білім беру жүйесін сапалы дамытудың негізгі басымдықтарына арнайы тоқталды. – «100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағдарламасын əзірлеу қажет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты
қамтитын болады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық жəне қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады, – деді Қазақстан Президенті. Соңында Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын əзірлеуді тапсырды. Бұл жас қазақстандықтарды қолжетімді əрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй жəне отбасын құру жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты қолдау шараларын қамтуға тиіс.
Ауданда ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру бағдарламасы аясында Жамбыл, Көлқайнар, Қарасу ауылдық округтеріндегі каналдар күрделі жөндеуден өтпек. «Аманалы-1», «Аманалы-2» каналдарын тазалау жұмыстары басталды.
МЕРКІ Аудан шаруалары былтыр «Алтын асық» және «Сыбаға» бағдарламалары арқылы 5 мыңнан астам қой мен 254 сиыр сатып алды. Мұнда қазірдің өзінде мал бордақылайтын ірі 12 орын бар. Биыл олардың саны тағы да артпақ.
Т. РЫСҚҰЛОВ Каменка ауылында балалар ойнайтын аллея пайдалануға берілді. Одан бөлек ауыл тумасы, жеке кәсіпкер Т.Кемелбековтің демеушілігімен спортзал құрылысы басталуда.
(Жалғасы 2-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ
облыс әкімі Асқар Исабекұлы МЫРЗАХМЕТОВТІҢ
Ат болатын құлынның бауыры жазық келер, Адам болар баланың маңдайы жазық келер. И НТЕРНЕТ И
ІРІ М Д Е Р І
халыққа есеп беру кездесуі өтеді.
СЕКСЕН ЖЫЛДЫҚҚА – 80 ШАҚЫРЫМДЫҚ МАРАФОН Амангелді ƏБІЛ Ел ішінде ерекше жандар көп кездеседі. Солардың бірі – тараздық зейнеткер Жақсылық Мамырбекұлы. «Мен екі жылдан бері жаныма жүгіруді серік еткен жанмын, төрт бірдей немеремді де саламатты өмір салтын қалыптастыруға баулып келемін», – дейді қария. 1954 жылы Талас ауданының Тамды ауылында дүние есігін ашқан ол жастайынан жанына спортты серік етіпті. Ауыл балалары сияқты доп қуып, футбол, волейбол ойнапты. Онжылдықты бітірген соң бұрынғы Жезқазған облысының Ақадыр аудандық оқу бөлімінде екі жыл спорт нұсқаушысы болып еңбек етіп, туған өңірге қайта оралады. Темір жол саласында машинистің көмекшісі болып 16 жыл еңбек етеді. (Жалғасы 8-бетте).
облыста былтыр өнеркәсіп саласында 396 миллиард 200 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар 102 пайызға орындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 280 миллиард 800 миллион теңге. Аймақта өткен жылы химия, металлургия, машина жасау және жеңіл өнеркәсіпте айтарлықтай өсімге қол жеткіздік.
Кеше облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің алдында е сеп берген кəсіпкерлік жəне и н д у с т р и а л д ы - и н н о ва ц и я л ы қ д а м ы ту басқармасының басшысы Арнұр Мұхамеджанов саладағы табыстар мен кемшіліктерді атап көрсетті. Жиында өңір басшысы кəсіпкерліктің көкжиегін кеңейтудің жолдарын айтып, аймақта əр бизнес субъектілері мен жаңа кəсіп ашуға ниет білдіргендер жайында толыққанды мəлімет базасын жасақтауды ұсынды. Жалпы алғанда, басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар аз емес. Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі бойынша жоспар 2 миллиард 314 миллион теңгеге асыра орындалыпты. Өңдеу өнеркəсібіне тартылған инвестиция 1,7 есеге артқан. Десек те салада əкімдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалмағандары да бар. Мəселен, өңдеу өнеркəсібі экспортының өсімі 2018 жылы 80 пайыз деп жоспарланғанымен, небəрі 38,1 пайызды құрап отыр. Яғни 61,9 пайызға төмендеп кеткен. Барлық сала бойынша өнім көлемін арттыру бағытында белгіленген
жоспарды Меркі, Жамбыл, Сарысу аудандары мен Тараз қаласы орындай алмаған. Облыс əкімі бұл ретте ауданның экономикасын көтеріп, межеленген индикаторды орындау үшін ұсынылған жобаны талдау жасаудың маңыздылығын атап өтті. Ал талдаудың қорытындысы бойынша анықталған жобаларды қаржыландыру жағын қарастыру қажеттігін айтты. Тағы бір назар аударатын нəрсе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімділігін тиісті деңгейде жүргізе алмай отырмыз. Бизнесін бастаймын дегендерге қаржылай қолдау құралдары бойынша аталған бағдарлама аясында мемлекеттік кепілдік беру арқылы несиелендіру көрсеткіші төмен. Нақтырақ айтқанда, 6 пайызбен несие ала алмай жүргендерге қолдау жоқ. Нəтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының іске асырылу барысы да осыған ұқсас. Мəселен, бағдарлама шеңберінде 105 жоба былтыр жоспарланған болса, оның нақты несиелендірілгені небəрі – 46. Жартысына да жетпейді. Асқар Мырзахметов басқарма
басшысына осы аталған кемшіліктерді ескере отырып, биылғы жұмыс жоспарын басқаша қалыптастыру қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ кəсіпкерлер мен инвесторларға қолдау көрсету орталығының бір жылдық есебі мен алдағы жоспары тыңдалды. Орталық биыл 16 индикатор, 13 бағыт, 17 жоба, 60 бастама жəне 313 іс-шараны жүзеге асырамыз деп отыр. Құны 114,1 миллиард теңге болатын 22 жобаны іске асырмақ ниетте. Оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге аспақ. «Өңірде индустриалды аймақ құру мəселесі əлі күнге шешілген жоқ. Кəсіпорынның қуаттылығы, мүмкіндігі, проблемасы, оны шешу жолдарына баса мəн берілуі тиіс», – деді облыс əкімі. Ең маңыздысы, облыста кəсіпкерлерге қатысты дерекқор құрып, базасын жасақтау тапсырылды. Онда əр бизнес субъектілері жайында толыққанды мəлімет пен кəсіп бастаймын деушілер жайында деректер қамтылуы тиіс. Осы іспен неғұрлым ертерек айналысу міндеттелді. Базарлар, заңсыз сауда орындары мен қала көшелерінде біртипті дүңгіршектер қою сынды мəселелер күн тəртібінен түспек емес. Бұдан өзге басқарма мен кəсіпкерлік саласына қатысты құзырлы мекемелерге бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктелді. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.
Біздің сайтты ашып қара, сырласым! Газетіміздің сайты жаңарды. Сөйтіп, заманауи дизайнмен жасалған cайттың бұдан былайғы айтары мен қамтитын тақырыптарының аясы да кеңейе түсті. «Жаңалықтар», «Саясат», «Экономика», «Əлеумет», «Мəдениет» жəне «Спорт» айдарлары бойынша газетте шыққан мақалалармен қатар жер-жаһандағы маңызды жаңалықтармен енді күн құрғатпай танысуға мүмкіндік туды. «Аq jol» ТV айдарындағы қызықты, тағылымды сюжеттер де назар аударуға тұрарлық. Мақалалар сондай-ақ «Фейсбук», «Инстаграм» əлеуметтік парақшаларына газет шыққан күндері жарияланып тұрады. Сізді газет тарихы, редакция құрамы қызықтырып жатса, олар жайлы да деректер бар. Елді елең еткізер жаңалықтарыңыз бен тың тақырыптарыңыз болса немесе жарнама берем десеңіздер де, сайтта көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, «Aq jol» газетінің сайтынан ендігі жерде «Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылады»! Ол үшін www.aqjolgazet.kz сілтемесі арқылы біздің сайтты ашып, пернетақтаны басып қара, сырласым! «Аq jol-Aqparat».