Ж
Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet
АҺАН Д
А
BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№98 (18592), Senbі, 25 tamyz, 2018 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. aqjolgazet.kz
Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛБАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
НДА ЖАҺА =ҰЛЫБРИТАНИЯ Ұлыбританияда астыртын түрде қару-жарақ жасап келген зауыт табылды. Оны елдің қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің тергеушілері Хейлшем қаласындағы өндірістік аймақта кездестірген.
=ГЕРМАНИЯ Неміс астронавты Александр Герст орбитада отырып жердегі роботтың жұмысын бақылады. Айта кету керек, бұл осы құлтемірмен өткен үшінші тәжірибе. Ғалымдардың айтуынша, құлтемір барлық тапсырманы уақтылы және дұрыс орындаған.
=ИТАЛИЯ Генуя қаласында құлаған көпір қайта салынатын болды. Нысанды тұрғызған компания басшылығы көпірді қалпына келтіруге 500 миллион еуро бөлді. Сондай-ақ апат кезінде қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтып, кешірім сұрады.
=ЭСТОНИЯ Өнертапқыштар ретро стиліндегі электр көлігін көпшілікке ұсынды. Ол үш дөңгелекті болғандықтан, оны жүргізу үшін арнайы куәліктің қажеті жоқ. Әзірге Таллиндегі жай ғана гаражда құрастырылып жатқан көлік сағатына 110 шақырым жүріп өтеді.
=ИРАН Елдегі 39 телеканалдың «YouTube» желісінен хабар таратушы арналары Google компаниясының саясатына сай келмей қалғаны үшін көрсетілімнен шығарылды. Сондай-ақ арналардың барлық контенті «YouTube» сервисінен өшірілген.
Д БЫЛ ЖАМ
А
=БАЙЗАҚ
Алдымен мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен жүздесіп, бүгінгі отырыстың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер екі тараптың да стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендігінің айқын көрінісі саналатынын айтты. – Мемлекеттеріміз арқылы өтетін Әмудария мен Сырдария өзендері басс ейндерінің мәселелерін талқылаймыз. Бұл екі өзен біздің
НЫШТАРЫ
АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІ АЛТЫНЫН ОЛЖАЛАҒАН ОҒЛАН
М МЕ
ЛЕ
Т КЕ
ТА МАҚ
балаларымыз бен немерелерімізге өмір сыйлайды. Осы проблемаларды бірлесе талқылаудың маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы саммиттің Түрікменстанда дер кезінде өткізіліп отырғанына тоқталып, Халықаралық Аралды құтқару қорының бұған дейінгі саммиті 2009 жылы өткенін атап өтті. – Мен бауырлас Түрікменстанның даму барысын жіті қадағалап отырамын. Түрікмен халқына барлық жақсылықты тілеймін, – деп
түйіндеді Қазақстан Президенті. Гурбангулы Бердімұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевқа ілтипат білдіріп, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының отырысына шақыруды қабыл алғаны үшін алғыс айтты. – Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бауырлас елдерімізді біріктіретін Каспий теңізінің жағасына – Түрікменстанға қош келдіңіз! – деді Түрікменстан Президенті.
Түрікменстан басшысы Қазақстан Президентін Бесінші Каспий саммитінің табысты өтуімен және тарихи құжат – Каспий теңізіне қатысты конвенцияға қол қойылуымен құттықтады. Екі ел көшбасшылары Жол картасын іске асыру, көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін қарастырды. Жалғасы 2-бетте.
ОБЛЫС МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ – АДАМИ КАПИТАЛ
=ЖАМБЫЛ «Мектепке жол» акциясы аясында 1200 оқушыға 13 493 600 теңгеге көмек берілді. Оның ішінде 400 балаға жергілікті бюджет есебінен 2 798 600 теңгеге, демеушілер есебінен 800 балаға 10 695 000 теңгеге мектепке қажетті киімдер мен оқу құралдары әперілді.
=МЕРКІ «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 10 миллион теңге несие алған кәсіпкер Л.Әбілдаев кірпіш зауытын ашты. Меркі ауылында орналасқан зауыт жылына 1 миллион дана күйдірілген кірпіш шығарады. Онда 30 адам жұмыспен қамтылған.
=ТАЛАС Аққұм ауылының тұрғыны Ұ.Шаханов 150 қаз алып, қазір оның санын 400-ге жеткізген. Құстың етін, қауырсынын, жұмыртқасын кәдеге жаратып отырған кәсіпкер қаздары 1000-ға жеткенде, етін сатуды жоспарлауда.
=Т.РЫСҚҰЛОВ Аудандағы Э.Мырзагелдиева, Р.Мамырбаева, Ә.Тұралиева, Г.Қоңырбаева, М.Оспанова, К.Байқұлова және С.Сихимбаева сынды іскер әйелдер бір топ мектеп оқушыларын оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.
ВЕЛОШАБАНДОЗ АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО НАҒЫЗ БАБЫНДА ЕКЕНІН КӨРСЕТТІ Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында ел спортшыларының екінші тынысы ашыла бастаған секілді. Оған велоспортшы Алексей Луценконың екі бірдей алтын медалі дәлел. Бұған дейін 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен құрлық ойындарында алтыннан алқа тағынған Алексей Луценко, енді міне, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атағына қол жеткізді.
«Жастар корпусын дамыту» жобасына қатысқан аудан жастары 73 жоба ұсынса, оның 34-і жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаз жоба қатысушыларының саны – 120 адам, оның 4-еуі – мүмкіндігі шектеулі жастар.
БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДА 3,6,8-СЫНЫПТАР ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУҒА КӨШЕДІ. АЛ ӨҢІРІМІЗДЕ БІРҚАТАР МЕКТЕПТЕРДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУМАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛА БАСТАЙДЫ. ЖАЛПЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР КӨП. ОНЫҢ ІШІНДЕ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫН ҚУАНДЫРҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР ДА ЖОҚ ЕМЕС. ДЕГЕНМЕН ЖҮКТЕЛЕР МІНДЕТТІҢ АУҚЫМЫ – КЕЗЕКТІ 9 АЙДЫҢ
ТЫНЫМСЫЗ ӨТЕТІНІН БАЙҚАТҚАНДАЙ. БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ӨТКЕН ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ КЕЗЕҢГЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАҢА ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНҒАН ӨҢІР ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ. ЖИЫНҒА ОБЛЫС ӘКІМІ АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ, ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АБДАЛЫ НҰРАЛИЕВ ҚАТЫСТЫ.
Жалғасы 4-бетте.
Өнер бұлақ, Білім шырақ. И НТЕРНЕТ И
ІРІ М Д Е Р І
Алексей Луценко жекелей жарыста өзіне Азияда тең келер қарсылас жоқ екенін танытты. Ол өзбекстандық Мироджан Калмуратов пен жапониялық Фумиюки Беппиді шаң қаптырып кетті. Бұл сынның алдында ол топтық жарысқа қатысып, аталмыш аламанда да қарсыластарын тасада қалдырған болатын. Осылайша мемлекет мерейін тасытқан А.Луценко бір өзі екі алтын жүлдені иеленіп, көк байрағымызды көкте желбіретті. Велоспортшы бұл жеңістер алдағы үлкен аламандарда да өзіне зор құлшыныс беретініне бек сенімді. – Жарыстан алған әсерімді сөзбен жеткізу – қиынның қиыны. Сондықтан маған сенім артып, жанкүйер болған барлық отандастарыма шексіз алғысымды білдіремін. Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін қолымнан келгенше жан аямай тер төктім. Қайткен күнде де ел сенімін ақтауға барынша тырыстым. Азия ойындарынан екі бірдей алтын медаль иелену – зор бақыт. Ұлттық құраманың қоржынын алтын жүлделермен толықтырғаным үшін бек қуаныштымын. Жарыс кезінде қолдау көрсеткен әріптестеріме де алғысым зор. Олар бүкіл қашықтық барысында жағдайды қалт жібермей қадағалап отырды. Соңғы екі күн мен үшін өте керемет әсер сыйлады. Алдағы уақытта да халықтың сенімін ақтауға тырысамын, – дейді Алексей Луценко өз ойымен бөлісіп. Біз де қазақстандық велоспортшының болашақта жарқын жеңістерге қол жеткізетініне сенгіміз келеді. Жарайсың, Алексей!
Жержаңғақ – пайдалы дәруменге толы дәнді дақыл түрі. Ол медицина саласында да көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Жергілікті жұрт өсіруге онша құлық таныта қоймайтын осы бір өнімнің өңірімізге көршілес өзбек елінен жеткізілетінін біреу білсе, біреуі білмес. Жалпы жержаңғақты егетін шаруашылықтар тек біздің облыста ғана емес, еліміз бойынша да некен-саяқ.
Газетіміздің сайты жаңарды. Сөйтіп, заманауи дизайнмен жасалған cайттың бұдан былайғы айтары мен қамтитын тақырыптарының аясы да кеңейе түсті. «Жаңалықтар», «Саясат», «Экономика», «Әлеумет», «Мәдениет» және «Спорт» айдарлары бойынша газетте шыққан мақалалармен қатар жер-жаһандағы маңызды жаңалықтармен енді күн құрғатпай танысуға мүмкіндік туды. «Аq jol» ТV айдарындағы қызықты, тағылымды сюжеттер де назар салуға тұрарлық. Мақалалар, сондай-ақ «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік парақшаларына газет шыққан күндері жарияланып тұрады. Сізді газет тарихы, редакция құрамы қызықтырып жатса, олар жайлы да деректер бар. Елді елең еткізер жаңалықтарыңыз бен тың тақырыптарыңыз болса немесе жарнама берем десеңіздер де, сайтта көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалсаңыз жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, «Aq jol» газетінің сайтынан ендігі жерде «Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылады»! Ол үшін www.aqjolgazet.kz сілтемесі арқылы біздің сайтты ашып, пернетақтаны басып қара, сырласым!
(Азия ойындары туралы топтаманы 8-беттен оқисыздар).
Жалғасы 3-бетте.
«Аq jol-Aqparat».
Н ЕРКӘ А Г Р ОӨ
С І П Т І К К Е Ш Е Н: ІС ПЕ Н НӘ ТИ ЖЕ
ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕ ЖЕРЖАҢҒАҚ ТА ӨСЕТІН БОЛАДЫ Ерғали ҚАРТАЙҒАН
Біздің сайтты ашып қара, сырласым!