Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№104 (18138), Сейсенбі, 25 тамыз, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕЛОРДАМЫЗ АСТАНА ТӨРІНДЕ ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР. ӘЛЕМДІК ДОДАҒА ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ 123 ЕЛІНІҢ КІЛ МЫҚТЫ СПОРТШЫЛАРЫ ҚАТЫСУДА. АЙТУЛЫ АЛАМАНҒА МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚОНАҚ КЕЛДІ. ОНЫҢ ІШІНДЕ ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ, БАПКЕРЛЕР, 160 ЖУРНАЛИСТ БАР.
ЕЛДОС ЕРЛЕДІ! ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕЛДОС СМЕТОВ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ҮКІМЕТТІҢ СЕЛЕКТОРЛЫҚ КЕҢЕСІ
МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬ ТАБЫС ЕТІЛДІ Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Сенат Төрағасы Қ а с ы м - Ж о м а р т То қ а е в Қ а з а қ с т а н Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен марапатталған Сенат аппаратының бір топ қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті. «Елбасы өз сөзінде Конституцияны қатаң басшылыққа алу мемлекеттің табысты дамуы мен қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде Қазақстанның әлем мемлекеттерімен терезесі тең түсіп, елеулі жетістіктерге жетуі Ата Заңымыздың өміршеңдігін дәлелдеп отыр», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. «Қазақстан мемлекеттігінің заңдық негізіне айналған Конституция қоғамымыздағы тұрақтылық пен келісімнің берік іргетасы болып табылады», – деді Төраға.
ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТҚА КӨШУДІҢ ШҰҒЫЛ ЖОСПАРЫ МАҚҰЛДАНДЫ Өткен сенбі күні ҚР ПремьерМинистрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің селекторлық отырысын өткізді. Отырыста жаңа экономикалық саясатқа көшу жағдайындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды. Атап айтқанда, орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар Жоспары талқыланды, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеуге көшу жағдайындағы шұғыл шаралары мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Е.Досаев атап өткендей, шұғыл шаралар Жоспары бес бағыттан тұрады. Жоспар тұтастай экономиканы да, әрі оның жекелеген салаларын да қорғауға бағытталған. Жоспарға сәйкес, Үкімет пен Ұлттық банктің қызметі экономиканың нақты секторын қолдауға, жеке инвестиция тартуды ынталандыруға, жұмыспен қамтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қаржылық тұрақтылықты ұстап тұруға, Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ республикалық бюджет теңгерімдігін
қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Министр «Қаржы ресурстары шектеулі болып отырған жағдайда қаражат басым бағыттарға қайта үлестіріліп, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландыруды оңтайландыру жалғасын табады, аяқталады» деп атап өтті. Сонымен қатар, Е.Досаев Шұғыл шаралар жоспары әлеуметтік маңызды тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу, жеке тұлғалар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының мерзімді депозиттері бойынша өтемақы төлеу механизмімен толықтырылатынын атап өтті. Жоспарға сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарын, тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау және жұмыспен қамту бойынша жедел шараларды қамтитын өңірлік блок та қосылған. «Шұғыл сипаттағы басқа да амалдарды, соның ішінде, жалпы алғанда, экономиканың нақты секторындағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған сыртқы сауданы реттеу тарифтік емес әдістерін, ішкі нарықты қорғау амалдарын іске
асыру қарастырылып отыр», - деп атап өтті министр. Сонымен қатар, Үкімет мүшелері әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуіне жол бермеуді қарастыратын кешенді шараларды талқылады. Олар аталған тауарлардың маңыздылығын анықтап, жосықсыз бәсекелестердің жолын кесіп, монополияға қарсы бақылау шараларын қарастырмақ. Оған қоса, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев аймақ басшыларына тұрақтылық қорлары арқылы тауар интервенциясын жүргізу және тұрақты түрде ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өтікізіп тұру керектігін айтты. «Одан басқа, әлеуметтік маңызды т ау а р л а р б а ғ а с ы н а к ү н д е л і к т і мониторинг жүргізіліп, жылдың аяғына дейін базарларда әлеуметтік маңызды тауарларға талдау жасалады. Баға бәсекесінің дамуына кедергілер анықталатын болады», – деп түйіндеді Е.Досаев. Отырыс соңында ҚР ПремьерМинистрі мүдделі мемлекеттік орган басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
НАРЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ
БАҒА ТҰРАҚТЫ
Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНЫҢ ТОЙЛАНАР УАҚЫТЫ СӘТ САНАП ТАЯП КЕЛЕДІ. ТАРИХЫ ТЕРЕҢНЕН ТАМЫР АЛАТЫН ТАРАЗ ТӨРІНДЕ ТОЙЛАНҒАЛЫ ОТЫРҒАН ДҮБІРЛІ ТОЙ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРЛІ ИГІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА ДЕСЕК, ШАҺАР ШЫРАЙЫН АРТТЫРАТЫН ӘР ЖЕРДЕГІ АБАТТАНДЫРУ, МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ, ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ДА ҚЫЗА ТҮСУДЕ. СОНДАЙ НЫСАНДАРДЫҢ БІРІ – КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ.
ТЕАТРДА
ТЫНЫМСЫЗ ТІРЛІК МҰНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол». Ғимаратты жөндеуге тапсырыс беруші – облыс әкімдігі мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы облыстық қазақ драма театры. Мердігер – көкшетаулық «Герудо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 12 маусымда басталған жұмыс барысының белгіленген аяқталу мерзімі қазан айы екендігіне қарамастан, жұмысшылар жаздың соңғы күндеріне дейін аянбай тер төгіп, келісілген уақыттан бір ай бұрын бітіруге ниетті екен. Бұл туралы аталмыш серіктестік директоры Айдамир Тайыров айтты. Оның айтуынша, мұнда 463 миллион теңгенің жұмысы атқарылуда. Ал құрылыс жұмысының басында жүрген серіктестік прорабы Асқарбек Толыбаев ғимараттың жаңа үлгіде әрленіп, жөнделіп жатқанын айтады. – Қазіргі таңда барлық жұмыстың сексен пайызын тындырып үлгердік. Ғимараттың шатырын, еденін, есік-терезелерін ауыстырып жаңаладық. Қазір сылақ жұмыстары мен сахналық залды жаңалау құрылысы жүруде. Бұйыртса, қыркүйектің алғашқы күндерінде толығымен аяқтаймыз. Мұнда 108 адам аянбай тер төгуде. Олардың біразы жергілікті тұрғындар, – деді А.Толыбаев. Ал облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов жарты ғасырдан астам уақыттан бері күрделі жөндеу жұмысын көрмеген театр нысанының думанды той қарсаныңда жаңаланғаны өте құптарлық жайт екенін сөз етті. – Алдағы маусым – театр үшін тарихи маусым. Өйткені, Қазақ хандығының мерейтойы мен бірге біз театрдың сексенінші маусымының шымылдығын түргелі отырмыз. Осындай мерейлі маусымды жаңа үлгіде жабдықталған сахнамен, көрермен залымен, ең бастысы, жаңа леппен бастамақпыз. Айтар болсақ, бес қабатты шымылдық-перделер, итальяндық жарықтандыру мен дыбыс күшейткіш құрылғылары, қою сары түстегі көрермен орындықтары бәрі де біздің шығармашылық ұжымды қанаттандырады деп білемін,- дей келе, Болат Бекжанов мерейтой қарсаңында көрерменге жол тартатын Қалихан Ысқақовтың «Қазақтар» қойылымына дайындық әзірге Байзақ аудандық Мәдениет үйінің сахнасында жүріп жатқанынан хабардар етті. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Те ң г е н і ң е р к і н а й ы р б а с бағамына көшуіне байланысты бағаның жайына алаңдаған қарапайым халықтың көкейін сан сауалдың кернегені жасырын емес. Әзірге алаңдауға негіз жоқ. Облыс орталығындағы азық-түлік және басқа да тауар сататын сауда кешендерінде баға тұрақты, сауда күнделікті ырғақпен жүргізілуде. Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу – облыс әкімдігінің де назарындағы мәселе. Өткен жексенбі күні облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев штаб мүшелерімен бірге Тараз қаласындағы бірқатар дүкендер мен коммуналдық базарларды, валюта айырбастау пункттері мен дәріханаларды аралап, жағдайдың барысымен өзі танысып шықты. Облыс басшысы бастаған топ алдымен «Технодом» сауда кешеніне бас сұқты. Дүкен басшысының айтуынша, мұндағы баға тұрақты. Сауда орталығында халықтың көптігі де байқалмайды. Келесі
Елордамыз Астана төрінде дзюдодан әлемдік дода басталды. Бәсі басым додада ел намысын жамбылдық үш бірдей спортшы қорғайды. Азия ойындарында атой салып, алтыннан алқа таққан тұңғыш қазақ дзюдошысы, ел мақтанышы, 60 келі салмақ дәрежесіндегі шеберіміз Елдос Сметов, 81 келідегі Азиз Қалқаманұлы, 52 келідегі Линара Мингазова сынды саңлақтары мыз ел намысын абыроймен қорғауға әзір. Әлем чемпионатында топ жарған дзюдошылар 900 рейтингілік ұпайды қоржынға салады. Бұл өз кезегінде Рио Олимпиадасына қатысатын татами шеберлерін анықтауға әсер етеді. «Алау» мұз айдынында өтетін байрақты бәсекеде жерлестеріміз өздерінің шын шебер екендіктерін, қазірдің өзінде байқатып үлгерді. Қарсыластарынан оқ бойы озық болған 60 келі салмақ дәрежесіндегі балуандарымыз Елдос Сметов пен Рустам Ыбыраев ақтық сында айқасып, әлем чемпионатын өзара анықтады. Жамбылдық дзюдошы, 60 келі салмақ дәрежесіндегі саңлағымыз Елдос Сметов бірінші кездесуінде финляндиялық Юхо Рейнвалді, одан кейін сауд арабиялық Эйсу Маджарашиді, мексикалық Наборо Кастильоны, өзбек Диорбек Оразбаевты алып та, шалып та жығып, өзінің шын шебер екенін байқата білді. Сондай-ақ, ол ақтық сын жолдамасын сарапқа салған белдесуде басты қарсыластарының бірі жапон дзюдошысы Тори Шишимиді юко әдісімен жеңді. Ақтық сында Алаш жұртының абыройы асты. Елдосқа финалда тағы бір қазақ дзюдошысы Рустам Ыбыраев қарсылас атанды. Өзара бірнеше рет кездескен қос қарсылас бір-бірінің бүкіл айлатәсілін біледі. Сондықтан да қос мықты салған жерден шабуылға шықпай, барлау жұмыстарымен айналысты. Нәтижесінде бір мәрте шидо (ескерту) алған Рүстем Ыбыраев күміс жүлдегер атанса, Елдос Сметов алтын медаль иеленіп, Астана төріндегі өткен дүбірлі додада өзінің теңдессіз дзюдошы екенін дәлелдеді. Финалдан кейін тілшілермен тілдескен Елдос Сметов: «Былтыр Азия ойындарында топ жардым. Ал Астана татамиіндегі бұл додада жеңіске жету үшін талмай тер төктім. (Жалғасы 8-бетте).
кезекте Кәрім Нәсбекұлы Жамбыл даңғылы бойындағы коммуналдық базарға келді. Мұнда да баға көтерілмепті. Мәселен, қанттың келісі – 150, сұйық майдың литрі 245 теңгеден саудаланып жатыр. Жылқы, сиыр, қой еттерінің бағасы да өзгермеген. Облыс әкімі мұнан әрі «Мост» валюта айырбастау пункті мен «Арзан», «Скиф трейд», «Сулпак» сауда орындарын және «Астана» мөлтек ауданындағы коммуналдық дүкенді аралап, азық-түлік бағасының
тұрақтылығына көз жеткізді. Сонымен қатар облыс әкімі «Әмір және Д» дәріханасына да бас сұғып, дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын көрді. Барлық сауда орындарының басшыларына бағаны өсірмеуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі облыста азық-түлік қоры жеткілікті, халықтың алаңдауына негіз жоқ екендігін де баса айтты.
Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар. Халық мақалы.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
КОНДОМИНИУММЕН ЖАҢАРҒАН ҮЙЛЕР Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». Жасыратыны жоқ, облыста тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлер саны жетерлік. Бүгінде облыс бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін көп пәтерлі 626 үй болса, соның 609-ы облыс орталығына тиесілі. Қаратауда мұндай үйлер саны – 10, Жаңатаста – 7. 2011-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен облыс бойынша 170 үй жөндеуден өтсе, биыл 31 көп пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылдан бері пәтер иелерінен қайтарылған қаражат есебінен биыл Таразда – 7, Қаратауда – 2, Жаңатаста –1 үй жөнделген. Ағымдағы жылы Таразда 6 үй жөндеу көріп, жаңартылуда.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАРАЛДЫ Осылайша биыл күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 49,2 пайыздан 39,7 пайызға төмендеген. Сала мамандарының айтуынша, бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіштің бірі. Бірақ, күрделі жөндеуден өткен пәтер иелерінен қайтарылған қаражат көлемі көңіл көншітпейді. Атап айтар болсақ, Қаратау қаласында былтыр жөндеуден өткен пәтер иелерінен 2,9 миллион теңге өндірілу керек болса, оның небәрі 963 мың теңгесі ғана қайтарылған. Жаңатас пен Шу қаласында 2012 жылы жөндеу жүргізілген
үйлерден қайтқан қаржы 32 пайызды ғана құрайды. Тараз қаласы бойынша бұл көрсеткіш – 66 пайыз. Облыстық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мамат Шакировтің кезекті аппарат кеңесінде берген мәліметтеріне сүйенсек, кондоминиум бойынша жөндеуден өткен пәтер иелеріне қаражатты қайтару туралы ескертпе қағаздар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Ал ескерту қағазын елемей, қарызын төлемеген пәтер иелерінің істері сотқа жолдануда. Ондай пәтер иелерінің саны Сарысуда – 24, Талас ауданында 29 екен. Тараз қаласы мен Шу ауданында да баршылық. (Жалғасы 5-бетте).