Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы
Меркі
Қордай
Бауыржан Момышұлы
№99 (18293), Бейсенбі, 25 тамыз, 2016 жыл
АҚОРДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ МАТТЕО РЕНЦИГЕ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ
Елбасы Апенин түбегінің орталық бөлігіндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті достас Италияға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізіп, табиғат апатынан зардап ш е к ке н д е р д і ң т е з і р е к сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
АЛЫС ТА ЖАҚЫН СЕРБИЯ
М е м л е ке т б а с ш ы с ы Белград қаласына келді. Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының П р е з и д е н т і То м и с л а в Николичпен кездесті. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық с а л а л а рд а ғ ы ө з а р а і с қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Томислав Николич Сербия Президентінің Қазақстанға былтырғы сапары аясында қол жеткізілген уағда ластықтың іске асырылу барысын т а л қ ы л а д ы . Ме м л е ке т басшысы Сербия еліміздің маңызды серіктесінің бірі болып саналатынын және бүгінде екі ел арасында түрлі экономикалық және саяси салалар бойынша толық өзара түсіністіктің орын алып отырғанын атап өтті. – Бүгінгі кездесуіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Сербиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 20 жылдығын атап өтетін кезеңмен тұспа-тұс келіп
отыр. Бұл кездесу тауар айна лымын ұлғайтуға,
э ко н ом и к а л ы қ ж ә н е саяси ынтымақтастықты
жандандыруға септігін тигізеді деп үміттенемін.
Біз ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс, медицина және фармацевтика салаларында ынтымақтасуға ниеттіміз. Қазақстан мен Сербияның экономикасы бір-бірін өзара толықтыра түседі. Серіктестік екі тарапқа да пайдасын тигізетін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына дауыс беру және БҰҰ Қ ау і п с і зд і к Ке ң е с і н і ң тұрақты емес мүшесіне сайлау кезінде елімізді қолдағаны үшін Сербия көшбасшысына алғыс айтты. Сербия Президенті бүгінде Астана мен Белград түрлі саладағы өзара ісқимыл үшін зор әлеуетке ие екендігін атап өтті. – Біз Сербия Республикасының егемендігі мен аумақтық т ұ т а с т ы ғ ы н а қ ат ы с т ы бекем ұст анымыңыз, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра лар тізіміндегі біздің елдің мәдени нысандарын сақтау ісіне қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз, – деді Т.Николич. (Жалғасы 2-бетте).
НДА ЖАҺА =ҚЫТАЙ СТАРТАП ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ҮШІН МИЛЛИАРД ДОЛЛАР АЛДЫ «WM Motor» осы жылдың аяғына дейін өндірістік лицензия алмақ. Барлық электрлік күш қондырғысымен алғашқы үлгі шамамен 2018 жылы шығады. Компания зауыты Қытайдың шығысында орналасады. Жыл сайын «WM Motor» жүз мың электромобиль шығаруды жоспарлауда. Компанияның негізі 2015 жылы қаланған, жетекшісі – Фримэн Шен, ол 22 жыл бойы автомобиль компанияларында басшылық қызмет атқарған. =ӘЗІРБАЙЖАН «СОЛТҮСТІК – ОҢТҮСТІК» ТЕМІР ЖОЛ ДӘЛІЗІ «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі Солтүстік Еуропаны Оңтүстік Азиямен біріктіруді көздейді. Жобаны іске асыру барысында Әзірбайжан, Иран, Ресей темір жолдары түйістіріледі. «СолтүстікОңтүстік» дәлізі бойынша бірінші кезеңде жыл сайын 5 миллион тонна жүк, одан әрі 10 миллион тоннадан астам жүк тасымалдау жоспарлануда. Осы ел үшін бұл – ғасырдың ірі жобаларының бірі. =ОҢТҮСТІК КОРЕЯ «SAMSUNG» ҰСТАЛҒАН СМАРТФОНДАРДЫ САТУМЕН АЙНАЛЫСПАҚ «Samsung Electronics» 2017 жылы premiumсыныпты қолданылған смартфондарды сата бастайды. Агенттік өкілінің айтуынша, компания жыл сайынғы ескіні жаңа үлгіге ауыстыру бағдарламасының аясында АҚШ, Оңтүстік Корея елдеріндегі тұтынушыларынан смартфондарды сатып алып, оларды жөндеп, дамушы елдер нарықтарына төмен бағаға сатуды жоспарлауда.
А ЫЛД Б М А Ж =ҚОРДАЙ ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР ЗАУЫТ Цемзауыт ауылдық мәдениет үйінде Қордай өңіріндегі алғашқы цемент зауытының жүз жылдығына арналған мерейтойлық шара өтті. Патшалы Ресейдің Шу өңірін мелиорациялау нысандарын – су плотиналары мен каналдарының құрылысына қажетті цемент өндіру үшін құрылысы 1909 жылдан басталып, 1916 жылдан өнім бере бастаған зауыт кезінде Орта Азиядағы бірегей өндіріс орны саналған еді. =МЕРКІ «МЕГА МЕРКІ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Жақсылыққа жақсылық Әр кісінің ісі дүр. Жамандыққа жақсылық Ер кісінің ісі дүр. Ж ҮЗ
ДЕСУ
«ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАУ – ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК»
РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ ЕЛДОС СМЕТОВ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨРКЕНДЕУГЕ БЕТ БҰРҒАН ӨҢІР
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КӘРІМ МӘСІМОВ ОБЛЫСТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒА БЕРДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ КӘРІМ МӘСІМОВТІҢ ОБЛЫСҚА ЖАСАҒАН ЖҰМЫС САПАРЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ «BURNOYE SOLAR –1» КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСУДАН БАСТАЛДЫ. ҮКІМЕТ БАСШЫСЫН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАСТАҒАН АРНАЙЫ ТОП ҚАРСЫ АЛДЫ.
Бразилияның Рио-де-Жанейро қа ласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының дзюдо күресінен күміс жүлдегері, әлем чемпионы, жерлесіміз Елдос Сметов Тараз қаласындағы Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, өзінің мерейлі жеңісі, ортақ қуанышымен бөлісті. Төрткіл дүние көз тіккен байрақты бәсекеде ел намысын жоғары деңгейде қорғап, алты алаштың абыройын асқақтатқан спортшыны балалар үйінің ұжымы зор қошеметпен қарсы алды. Кездесу барысында балалар үйінің директоры Айжан Мейірханова жүлдегер спортшының қадамына құт тіледі. – Елдос, сен сонау мұхиттың арғы бетіндегі Бразилияда өткен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған сәтте біз шын жүректен толқып, жанкүйер болдық. Мынау тұрған кішкентай іні-қарындастарың да сенің тілеуіңді тілеп, жеңіске жеткеніңді қалады. (Жалғасы 6-бетте).
ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ҚАУЫНЫ Кеңес ауылдық округінің Бөлтірік шешен ауылындағы «Ошақбай» шаруа қожалығы (төрағасы – Есентай Ошақбаев) мал шаруашылығымен айналысады. Биыл Талас өзеніне судың мол келуіне орай бақша дақылдарын өсіруді де қолға алды. Қазір 1,5 гектарға еккен қауыннан өнім алып, ауыл тұрғындарына арзан бағамен өткеруде.
НАН БАҒАСЫ НЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ? Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ы ДАҒЫ Н Р А З НА
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
=ТАЛАС
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
(Жалғасы 2,3-беттерде).
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша банк несие пайызының бір бөлігін субсидиялау бағыты аясында 7 жоба іске асты. Соның ішінде жеке кәсіпкер Б.Рахымбаев «Мега Меркі» орталығын ашуға 1 миллиард теңге жұмсады. .
САН
ДОСБОЛДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНУДА
Досбол – облыс орталығынан 200 шақырым шалғайда орналасқан ау ы л . Ш а ғ ы н ау ы л д а ғ д а р ы с жылдары тарап кете жаздады. Аудан орталығы қала берді қалаға қоныс аударған ауылдықтардың қарамы
мол еді. Алайда иен даланы жайлаған досболдықтар төрт түлік малды өсіріп, тірлігін оңдады. Бұл күнде ауылдың ажары артып, берекесі кіріп келеді. Ауылдық округте 700ге жуық тұрғын бар. Ауылдағы орта мектеп сонау 1960 жылы салынған екен. Содан апатты жағдайдағы білім мекемелерінің қатарына
жатады. 90 бала білім алып келген ескі мектептің шағын сыныптары оқушылардың толыққанды білім алуына кедергі келтіретіні анық. Осы жайды досболдықтар мәселе етіп көтеріп-ақ келеді. (Жалғасы 3-бетте).
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Өткен жексенбіден б а с т ап ә л еум е т т і к нан бағасының бірден 10 теңгеге қымбаттауы тұрғындар арасында түрлі пікір туындатып жатыр. Бірі ендігі кезекте басқа да азық-түлік тауарлары кезегімен қымбаттай бастайды десе, енді бірі бұл іске жол берген тиісті тұлғаларды жазғыруда. Ал нан бағасының нақты не себепті көтерілгені күні бүгінге басы ашық тақырып болып қалып отыр. Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов осы тақырыпқа арнайы брифинг өткізіп, мәселенің мән-жайын түсіндіріп бақты. Оның айтуынша, Тараз қаласында жұмыс істейтін 10 наубайхананың төртеуі, атап айтқанда, «Козин», «Мұстафаева», «Ниязов» және «Ким» жеке кәсіпкерліктері әр бөлке нан бағасының үстіне 10 теңгені бір-ақ қосқан. Соның салдарынан бірқатар дүкендерде 55 теңгеден сатылып келген ас атасы 65 теңге болып белгіленген. Мұндай жағдай тек Тараз қаласында ғана емес, Талас, Т.Рысқұлов және Байзақ аудандарында да тіркелген. Жоғарыда аталған төрт наубайхана нан бағасын қымбаттату себебін тұрақтандыру қорынан ендігі кезекте ұн берілмейтіндігімен түсіндіруде. Олардың бағаны қымбаттату себебі қаншалықты заңды екені нақтылы кезеңде тексеріліп жатыр екен. Бұл жайында Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті облыс бойынша департаментінің бөлім басшысы Руслан Берік мәлімдеді. Ол нан бағасын негізсіз көтеру фактісі осы жылдың наурыз айында Талас ауданында тіркеліп, тексеру нәтижесінде заңсыздыққа жол берген кәсіпкерге айыппұл салынып, баға қайта ретке келтірілгенін айтты. Тараздық наубайханашылар да сондай тексерістен өткізілмек. Айта кетейік, жоғарыда аталғандардан өзге наубайханаларда баға бұрынғы қалыпта сақталып отыр. Соның арқасында Тараз қаласындағы «Тәтті себет», «Small», «Арзан», «Смарт» сынды ірі сауда орындарында нан әлі де 50-55 теңгеден сатылуда.