25 саур пдф 2015 ж

Page 1

ӨЗ ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСА, САЙЛАУШЫ! ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

БАЙЗАҚ

№48 (18082), Сенбі, 25 с уір, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

АССАМБЛЕЯ

БІЗДІ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ – ҚАЗАҚСТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК БІРІКТІРЕДІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫНДА ӨТКЕН СЕССИЯ «МӘҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛДЫ.

Ш

І–

қалыптастырдық. Біз мұны зіміздің бақытымыз үшін және қазіргі, сондай-ақ келешек ұрпақтың игілігі үшін жүзеге асырдық, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында бүкіл ХХ ғасыр бойы к пэтникалық халықты қалыптастырған күрделі үдеріс жүргенін, соның нәтижесінде елімізге 5,6 миллион адам қоныстандырылғанын атап тті.

БІР ЛІКТЕ

Қазақстан Президенті «Стратегия – 2050», Жаңа индустрияландыру, «Нұрлы жол» бағдарламасы, бес халықтық реформа, «Мәңгілік Ел» сынды барлық бастамалар алдағы к птеген жылдарға есептелгеніне, оларды тек бүкіл халықтың пәрменді қуат-күші арқылы жүзеге асыруға болатынына назар аударды. – Бұған болашағы ортақ ұлт қана қабілетті. Біз халық бірлігінің бірегей әрі бұған

дейін еш жерде қайталанбаған үлгісін қалыптастырудамыз. Бізді, біріншіден, ортақ үйіміз – Қазақстанға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Екінші, біздің ежелгі жеріміздің тарихына және тілдерді дамытуға қатысты қоғамдық келісім. Үшінші, бүгінімізге және мемлекетіміз бен оның азаматтарының ұлы болашағына деген нық сенім. Біздің Мәңгілік еліміздің зегі – осы, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланысты Ассамблеяның бүгінгі орталық міндеті бес реформаны жүзеге асыруға, бірінші кезекте, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыруға белсене қатысу болып саналатынын атап айтты. С е с с и я д а Қ Х А ардагерлері, шетелдік қонақтар, ңірлерден келген делегаттар, спортшылар, жұмысшы мамандық иелері, бюджеттік мекемелер мен

ҚОРДАЙ Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде мамыр айынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағы оқырмандарға кітаптарды үйіне жеткізіп беру қызметі ұйымдастырылады. Алдын ала тапсырыстары бойынша оларға көркем әдебиеттер, тарихи шығармалар, деректі естеліктер мен мерзімді баспасөз басылымдары тегін жеткізіліп тұрмақ.

МЕРКІ Сұрат ауылындағы Сыпатай батыр атындағы орта мектептің 1995 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ауылдың кіреберіс тұсына айшықты қақпа орнатты. Қақпаны салуға 500 мың теңге қаржы жұмсалды. Оның ашылу рәсімінде сөз алған ауыл ақсақалы, Ұлы Отан соғысының ардагері Көлбай Анафиев пен Социалистік Еңбек Ері Рзабай Шаңбаев жастардың ауылға деген құрметіне ризашылықтарын білдірді.

 ТАЛАС Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрмет орденінің иегері Жамалбек Нұрмаханбетовтің отбасында болып, сый-сияпат көрсетті. Ал Қаратау қаласы мен ауыл округтері әкімдері тыл ардагерлерінің отбасыларында болып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медальдарды табыстады.

 САРЫСУ Кенеге қарсы күрес қолға алынды. Жайылма ауылында төрт түлікті, ауыл маңын, қора-қопсыны дәрілеу жұмыстары жүргізілді. Бұл науқанға аудан әкімдігінің ветеринариялық қызметі шаруашылық жүргізу құқындағы кәсіпорны арқылы 3 «ДУК» автомашинасы және 30 жұмысшы қатысуда. Енді залалсыздандыру жұмыстары өзге ауылдық округтерде жалғасуда.

Көпке сөзің ұнаса шешендіктің белгісі, Көп ішінде сөйлесең көсемдіктің белгісі. Халық мақалы. ... ДЕГЕНІМ Н Ы Й А АЙТ

«НҰРЛЫ ЖОЛ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

БАҒДАРШАМ

ТІРЛІКТІҢ

КҮ

Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысты, олардың қатарында Ассамблеяның барлық ңірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық және ңірлік этномәдени бірлестіктердің т рағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым және БАҚ кілдері бар. Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды Ассамблеяның 20 жылдығымен құттықтап, бұл мекеме ел үшін күрделі кезеңде құрылғанын айтты. – Біз республиканың тағдырын з қолымызға алдық. С йтіп, бүгінде бүкіл әлемге беделді мемлекет

жастар ұйымдарының кілдері, Солтүстік полюске сапарлаған алғашқы қазақстандық шаңғы экспедициясына қатысушылар с з с йледі. Олар елдің орнықты дамуына негіз болып отырған тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығын атап тті. Сессия барысында елдің этномәдени бірлестіктерінің кілдері Л.Ни мен О.Дымов Қазақстан халқы Ассамблеясы т рағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ассамблеяны құру ісінің бастауында тұрған ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің белсенділеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарын тапсырды. Ассамблея XXII сессиясының қорытындысы б о й ы н ш а Ү н д е у қабылдады, онда Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы татулық пен келісімнің, тұрақтылықтың, Қазақстан Республикасының ркендеуі мен гүлденуі үшін халық тұтастығы саясатының мызғымастығы белгісімен тіп жатқаны айтылған. Ас с а м б л е я с е с с и я с ы н а қатысушылар, сондайақ жалпы азаматтық құндылықтар жүйесі мен қоғамның рухани байлығының негізін құрайтын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын толық қолдайтынын мәлімдеді.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қанды шайқаста қаһармандық танытқан қайтпас ерлеріміздің құрметіне орнатылған ескерткіштер мен белгілер қайта жөндеуден өтуде. Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Батырлар аллеясына» аудандық бюджеттен 9 миллион 782 мың теңге бөлініп, бүгінде бұл қаржыға аллеяның аты жазылған қақпа, оның маңындағы субұрқақ және «Қайғылы ана» ескерткіші жаңаруда. Мұндай ағымдағы жөндеулер Көктал, Түймекент елді мекендеріндегі Отан қорғаушылар ескерткіштерінде де жүргізілуде.

БАҚЫЛАУДА МА?

Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы стихиялық апат барша қазақстандықтардың қиындықта бір-біріне қол ұшын соза білетін бірлігін көрсетті. Жамбыл облысы əкімдігі де су тасқынынан зардап шеккен бауырларымыздың отбасыларына көмек көрсетті. Өңірдің бірқатар өндіріс кəсіпорындары, атап айтқанда, «Жамбылгипс» АҚ 2 вагон гипс жəне гипсокартон, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылындағы «Мыңарал Тас Компани» ЖШС 3 вагон жəне Хантау ауылындағы «ACIG» АҚ-ның цемент зауыттары 5 вагон цемент жіберді. Əрине, «апат айтып келмейді». Сондықтан, бүгінде қиындық құрсауында қалған қандастарымыздың оны жеңіп шығуына бірлігіміз бен осындай кең пейіліміз ғана көмектесе алатынын еске саламыз. Облыс тарапынан бұған дейін де бірнеше көмек көрсетілген еді. Атап айтқанда, облыстық төтенше жағдайлар департаменті су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының барлығын жылы киім, азық-түлік, аяқ-киім, жылы жамылғы жəне тағы басқа да қажетті заттармен қамтыған болатын. Ал «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. «Жасотандықтар» осы бағытта тұрғындарды игілікті іске атсалысуға шақырып, жылы киімдер, азық-түлік, балалар тағамдары, гигиеналық құралдар, ыдыс-аяқ, төсек-орын жабдықтарын жинауда. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қайырымдылық акциясына «Нұр Отан» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері қолдау көрсетіп, бір күндік айлық жалақыларын аударды. «Ақ жол-Ақпарат».

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ АУДАНДАРДЫ АРАЛАП, ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСУ САПАРЫ ЖАЛҒАСУДА. ОБЛЫС БАСШЫСЫ АТ БАСЫН БҰРҒАН МЕРКІ АУДАНЫ ДА БАР ЖАҚСЫСЫН ЖАРҚЫРАТА КӨРСЕТУГЕ, КЕРЕК ЖЕРДЕ КӨМЕК СҰРАУҒА ТАЛПЫНДЫ. ӘКІМ ӘУЕЛІ ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАДА БОЛДЫ. ӨТКЕН ЖЫЛЫ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛЫП, ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛҒАН БАЛАБАҚШАНЫ САЛУҒА

591 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНІП, ОНЫ «БАҚ ЖАЙ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ІСКЕ АСЫРУДА. ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ ДЕП ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫРҒАН ТИПТІК НЕГІЗДЕ САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАННЫҢ БАСЫНА БАРҒАН КӘРІМ НӘСБЕКҰЛЫ ОНДАҒЫ ЭЛЕКТР, ГАЗ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫН СҰРАСТЫРЫП, БИЫЛҒА БӨЛІНГЕН 482 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ШАШАУ ШЫҒАРМАЙ, БАРЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ. ЖАЛПЫ ОБЛЫС БОЙЫНША БҮГІНДЕ 44 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ, НАҚТЫ АЙТҚАНДА 28 МЕКТЕП ПЕН 16 БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. (ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).

Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарған сайын қалада көлік құралдары да көбейіп келеді. Рас, кейбіреулер тұрмыстық, қызметтік қажеттіліктен темір тұлпарды тізгіндеп жүрсе, кейбір азаматтар дəулетінің деңгейін көрсету мақсатында тəуір көлік мінуге құмар. Əрине, олардың тұрмысын қызғанып отырған біз жоқ. Бізді соның салдарынан қозғалыстың қиындап, кептелістен көз ашпай келе жатқанымыз алаңдатады. Жақында облыстық əкімдікке жиі баратын қызметтік көлік жүргізушілерімен болған бір əңгімеде Абай мен Қазыбек би көшелерінің қиылысында да таңертең жағдай қиындап кететінін естіген едік. Нақты айтсақ, Қазыбек би көшесімен облыстық əкімдік жақтан батысты бетке алып келе жатқан көлік Абай көшесін қиып өтерде біраз уақыт кідіріп қалады. Себебі бұл бағытқа арналған бағдаршамның жасыл көзі небəрі он секунд қана жанады екен. Бұған өзіміз де арнайы барып көзімізді жеткіздік. Бағдаршамның жанып тұрған жасыл шамы жеті секунд болғанда жанып-өшіп, үш секундтан кейін қызылы қайта жанады. Ал осы саусақпен санарлық қана уақытта қиылыстан ең көбі 3-4 көлік өтіп үлгереді. Таңертең біраз жерге дейін тізіліп қалған темір тұлпар иелері Абай көшесіне жетемін дегенше біраз уақытын жоғалтып жатады.

Біз осы мəселенің анық-қанығын білу мақсатында облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне қоңырау шалып, дəл осы көше қиылысындағы жағдай бойынша қандай да бір шағым түскен-түспегені жайлы білмек болдық. Дегенмен, ондағы мамандар əзірге департаментке түскен еш шағымның жоқтығын мəлімдеді. Мұндай ақпаратты департаменттің əкімшілік басқармасы жол жəне техникалық инспекция бөлімінің бастығы Самат Құсайынов та жеткізді. – Сіздер бірінші болып шағымданып отырсыздар. Біз алдағы жұмыс барысында мұны ескереміз. Баспасөз қызметінің мамандары мəн-жайды түсіндірген соң біз бағдаршамдарды реттейтін «СМУ» компаниясына дереу ұсыныс бердік. Олар енді жуық арада сол көше қиылысындағы көліктер легі бойынша өз сараптамаларын жасауы керек. Егер шын мəнінде бағдаршамда бір ақаудың бары немесе дұрыс есептелмегені анықталса, жағдайды реттейміз, – дейді бөлім бастығы. С.Құсайынов бізге ол бағыт бойынша өтетін көліктер легінің тым аздығын айтып, оны қалыпты жағдай деп түсіндірді. Дегенмен, таңғы қарбаласта жəне облыстың бас əкімшілік ғимаратында өтетін үлкен жиналыстардан қайтар кезінде көліктердің қиындыққа тап болып жүргені жасырын емес. Бұл мəселені тиісті мамандар ретке келтірер деген үміттеміз. Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
25 саур пдф 2015 ж by akjolgazet - Issuu