Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу Сар Са Сары С а ары ры ыс су у ауданы ау ауд ауда а уда уда дан ны ы
Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ын а ау у уд уда дан да ауданы
Жамбыл облысты о амды саяси газет
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№23 (18217), Бейсенбі, 25 а пан, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
Елбасы Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді қабылдады. Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нəтижелері, б юд ж е т қ а р а ж ат ы н жо с п а р л ау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады. Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» Заңның жүзеге асырылуын жəне мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, комитет мəртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мəселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды. Қ.Жаңбыршин былтыр Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасын жүргізгенін мəлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нəтиже сі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген. Е с е п ко м и т е т і н і ң т ө р а ғ а с ы жүргізілген тексерулер мен бақылаут алдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке жəне басқа да бақылау нысандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98 жəне 95,8 пайыз болды. Қ.Жаңбыршин бюджеттік жəне басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға жəне 66 лауазымды тұлға əкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді. Е с е п ко м и т е т і н і ң т ө р а ғ а с ы Астана жəне Алматы қалаларының, сондай-ақ облыстардың ревизиялық ком и с с и я л а р ы н ы ң 2 0 1 5 ж ы л ғ ы қызметінің негізгі нəтижелері туралы да баяндады. М е м л е ке т б а с ш ы с ы ке з д е с у қорытындысы бойынша мемлекеттік ауд и т ж ə н е қ а р ж ы л ы қ б а қ ы л ау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
ЭСТОНИЯ ДЖОРДЖ ВАШИНГТОН ҰСТАҒАН МОНЕТА Таллиннің тарих мұражайына АҚШ-та соғып шығарылған бірінші күміс доллар қойылды. 1794 жылы шығарылған монетаның бағасы 10 миллион долларды құрайды. Flowing Hair деп аталған доллар сол кездегі американдық астана Филадельфияда соғылғанын атап өтейік. Бұл монетаны АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон ұстаған. АВСТРАЛИЯ КЕН ӨНДІРУШІ КОМПАНИЯ ШЫҒЫНҒА БАТТЫ Әлемдегі ірі «BHP Billiton» кен өндіруші компаниясы жарты жылдағы таза шығыны 5,5 миллиард доллардан асқанын хабарлады. Компанияның шығынға бату себебі қытай экономикасының бәсеңдеуі кері әсерін тигізген. «BHP Billiton» жарты жылдығының қорытындысы бойынша шығын соңғы рет 16 жыл бұрын тіркелген екен. ЧЕХИЯ АНТАРКТИДАДА КҮН ЖЫЛЫНЫП КЕТТІ Антарктидада алғаш рет 17,8 градус рекордтық температура тіркелген. Ресми ақпаратты Чехияның климатологі Камил Ласка таратқан. Бұл дерек бүкіл ғаламшарда болып жатқан жаһандық жылыну үдерісінің күшеюін растайды. Чехия ғылыми экспедициясы өткен аптада Антарктидадан осындай жаңалықпен оралған.
ЫЛ ЖАМБ
ДА
МЕРКІ БАЛЫҚ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ Меркі ауылында «Океан» атты балық дүкені ашылды. Оның сөресінде балықтың сан түрі бар. Бұл кәсіппен ауыл тұрғыны Надежда Аманбаева мен ұлы Махмуджан айналысуда. Олар жеті жылдан бері балық саудасын үйреніп, арнайы цех ашқан болатын. Онда мұздатқыш, арнайы автокөлік, балық кептіретін құрал-жабдықтар бар. МОЙЫНҚҰМ
Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2015 жылғы жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ көші-қон саясатын жүргізу жайы қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет əлемдік экономикалық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, мойнына алған əлеуметтік міндеттемелерді мүлтіксіз орындап, қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздіктің жəне құқық тəртібінің қажетті деңгейін сақтап қалатынын атап өтті. Қазақстан Президенті экономикалық өсімнің қарқынын бəсеңдететін жаһандық факторлар ықпалын, көршілес өңірлердегі діни-экстремистік жəне террорлық сипаттағы қатерлердің арта түсуін елеулі қауіптер мен сын-қатерлер қатарында атады.
Мемлекет басшысы сондайақ, қалыптасқан жағдайда дағдарыс құбылыстарына лайықты түрде қарсы тұру үшін Қазақстан қоғамын ұйыстырудың маңыздылығын атап өтті. Пре зиденттің көмекшісіҚауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев өз баяндамасында мемлекеттік органдардың 2015 жылғы жұмыс қорытындыларына баға берумен қатар, алдағы кезеңнің басымдықтары мен міндеттеріне назар аударды. Ол сондай-ақ, əлемдегі экономикалық а хуа л д ы ң т ұ р а қ с ы зд ы ғ ы жағдайында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар экономиканы əртараптандыру ж ə н е қ а з а қ с т а н д ы қ т а рд ы ң т ұ р м ы с д е ң г е й і н с а қ т ау жөніндегі шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Н.Ермекбаев құқық қорғау органдарының қызметін бұдан əрі жетілдіру, азаматтардың қ ұ қ ы қ т а р ы н қ о р ғ ау ж ə н е
қ о ғ а м д ы қ т ə р т і п т і с а қ т ау бағытындағы қадамдар туралы əңгімеледі. К ү н т ə рт і б і н д е г і е к і н ш і мəселе бойынша Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова жəне Ішкі істер министрі Қ.Қасымов сөз сөйледі. Көші-қон үдерістерін реттеудің маңызды екі мақсаты б а р е ке н і ат ап ө т і л д і . Б і р жағынан, экономикалық өсімді ынталандыру үшін еңбек ре сурстарын, соның ішінде қайта оралған қандастарымызды жəне жоғары білікті шетелдік мамандар легін ел ішіне жүйелі т ү рд е о р н а л а с т ы ру қ а же т. Екінші жағынан, Қазақстанға халықаралық террорлық топтардың идеологтары мен үгітшілерінің, қылмыс əлемі өкілдерінің, заңсыз мигранттардың келуіне жол беруге болмайды. Отырыс барысында елімізде Конституция
бойынша қос азаматтықтың мойында лмайтынын, соған байланысты мұндай жағдайларға жол бермеу қажет екені атап өтілді. Жер телімдерін өздігімен басып алудың, бекітілген ережеден тыс бейберекет құрылыстардың жолы кесілуі тиістігі де айтылды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар ұйымдастырылған ішкі көші-қонның маңыздылығына назар аударды. Бұл азаматтардың ел аумағында орналасудағы теңсіздігін жоюды, сондай-ақ, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке ж ə н е м ү д д е л і м е м л е ке т т і к органдарға бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жүктеді.
ЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: А Н А Т С Қ А З А «Қ
МАЛШЫ ҮЙЛЕРІ САЛЫНУДА «Агрофирма Түрікпен» ЖШС 150 миллион теңгеге малшылар үшін 20 қашар, 20 үйдің құрылысын жүргізуде. Оның 9-ы аяқталды. Жамбыл және Қарабөгет ауылдық округінен салынып жатқан құрылыс нысандарына 45 адам тартылып, 9 техника жұмылдырылған. Т.РЫСҚҰЛОВ 10 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер Д.Еркебаланов неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру кешенінің» жобасын іске қосу жұмыстарын жүргізуде. Жобалық қуаты – 100 миллион теңгеге жететін кешенде жылына 10 мың тонна құс етін өндіру көзделіп отыр.
Көктегі жұлдыз жиылса, Бірден туған Айдай жоқ. Өңкей жарлы жиылса, Жалғыз үйлі байдай жоқ. ЖАЗЫЛЫМ З Л ЗЫЛЫМ – 2016 0 6
Есіркеп СЕРІКБАЙҰЛЫ, еңбек ардагері.
ҮГІТ ЖҮРГІЗУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Орталық сайлау комиссиясында ОСК мүшесі Лəззат Сүлеймен сайлауға қатысушы саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітті жүргізу тəртібі мен шарттары жөнінде брифинг өткізді. 20 ақпан күні партиялық ті зімдер бойынша сайланатын Парламент Мəжілісінің депутаттарын сайлауда сайлауалды үгіт жұмыстары басталды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен атап өткендей, партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың мақ с атт ары мен міндеттерін насихаттайтын, жаңалықтар жəне талдау бағдарламаларынан өзге бар ақпарат партиялардың сайлау қорынан төленуі тиіс. Жаңалықтар жəне талдау бағдарламаларын дайындауда партия лар мен кандидаттардың қызметін тең үлесте жариялау жөніндегі талап сақталуы қажет. «Сайлау туралы» Заңға сəйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды қажет етпейтін сайлауалды үгіт жүргізуге құқылы, – деді ОСК мүшесі əрі қарай. – Сайлауға қатысушы саяси партияларға шарттық негiзде баспасөз бетiнен орын немесе эфир уақытын беруге Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркегені туралы шешімінің көшірмесі жəне өкілетті адам қол қойған БАҚ басшысының атына жазбаша өтініш негіз болады.
ЖАМБЫЛ – АГРАРЛЫ ӨҢІР. ҚАЗІРГІ ТАҢДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІНІҢ БІРІНЕ АЙНАЛЫП ОТЫР. МАЛ ЖӘНЕ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ ӨРКЕНДЕТУГЕ ҮЛКЕН МӘН БЕРІЛУДЕ. ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫН, ЕЛІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ БІРНЕШЕ ҒЫЛЫМИ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫН ҚАБЫЛДАП, ӨҢІРДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢАШЫЛ ЖОЛМЕН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫН КЕҢЕСТІ.
(Жалғасы 3-бетте).
(Жалғасы 3-бетте).
«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457