25 караша пдф

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

l ТАРАЗ

ПРЕЗИДЕНТ

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ТАРИХ. ТАҒЫЛЫМ. ТАҒЗЫМ

ҚАЗАҚСТАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒАЖАЙЫП ДЕП АТАДЫ

«КӨТЕРДІМ ЕЛУ БІР ПҰТ КІРДІҢ ТАСЫН»

l БАЙЗАҚ Облыстық ақпараттық топ аудан аумағындағы 18 ауылдық округтерде болып, ел-жұртпен кездесті. Ботамойнақ ауылдық округінде болған ақпараттық насихат тобының мүшесі, облыстық «Жастар орталығының» маманы Данияр Ыбрай, Қызыл жұлдыз ауылында Тараз мемлекеттік университеті технология факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы Әймен Әнуарбек, «Нұрбала» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақбөпе Каленова Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді тілге тиек етті. l ҚОРДАЙ

ДЕП ЖЫРЛАҒАН АҚЫН, КОМПОЗИТОР, БАЛУАН НҰРМАҒАМБЕТ БАЙМЫРЗАҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ

Аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Береке» гуманитарлықтехникалық колледжінің білімгерлері үшін Отар ауылында және Қордай асуында салынып жатқан күн сәулесі мен желден электр қуатын өндіретін стансалар базасында «ЕХРО-2017» «Болашақтың энергиясы» көшпелі семинар-сабағы өткізілді. Жоғары білікті мамандар оларға «Жасыл энергия» өндірудің ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде түсіндіріп берді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Чехия президенті Милош Земан Қазақстанды экономикалық ғажайып деп атады. Қазір Земан Астанада ресми сапармен жүр. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі барысында Милош Земан Қазақстанның басым бағытты әріптес ел екенін атап өтті және оның айтуынша, бұл Украина мен Ресей арасындағы дағдарысқа ғана байланысты емес. “Орталық Азиямен, әсіресе, Қазақстанды бұрын экономикалық ғажайып саналған Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдермен салыстыруға болады. Өйткені Қазақстан - экономикалық ғажайыптың ауырлық күші түсетін жер. Мен мұнда 12-13 жыл бұрын Чех республикасы үкіметінің өкілі ретінде келген болатынмын. Мен адам сенгісіз прогресті байқаймын. Мысалы, Астананың тұрғызылуы. Назарбаев мені 2050 жылға дейінгі құрылыс жоспарларымен таныстырды. Президент атағандай, Қазақ елі әлемдік экономикадағы маңызды ойыншылардың біріне айналады деп ойлаймын”, деді ол. Чех тарапынан жасалатын бизнес-ұсыныстардың бірі ретінде Милош Земан көлік саласын бөле-жара айтты. “Озық автокөліктерді - Қазақстанның өсуіне көмектесетін жүк көліктерін ұсынамыз. Азаматтық авиация саласында ынтымақтастықты - біздің шағын және орта өлшемдегі жаңартылған ұшақтарымызды ұсынамыз. Қазір Қазақстанда аэродромдар желісі салынып жатқанын білеміз”, - деді Земан. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда чех капиталының қатысуымен 70 кәсіпорын мен чех компанияларының 20 өкілдігі жұмыс істеп жатқанын айтты. “Автокөлік құрастыру саласындағы жемісті ынтымақтастықты атап өткім келеді - “Азия Авто” Skoda автокөліктерін шығарып жатыр. 2005 жылдан бастап, 15 мыңнан астам автокөлік өндірілді, ал келесі жылы 8 мың көлік шығару жоспарланып отыр. Біз ірі индустриялық-инновациялық құрылысты қолға алдық. Соған байланысты машина жасау, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге алғышарттар бар. Бүгін бизнесфорумда 450 миллион долларға 13 келісімге қол қойылады”, - деді Назарбаев. Сондай-ақ ол Чехия президентімен Таяу Шығыстағы терроризмнің өршуі, Украина оқиғалары сияқты халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша әңгімелескенін айтты. “Мұның бәрі біздің елдерімізге әсер етеді. Біз ЕАЭО мен Еуропалық одақ арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі туралы айттық”, - деді Мемлекет басшысы.

САНКЦИЯЛЫҚ ТЕКЕТІРЕСІ ЕШКІМГЕ ПАЙДА ӘКЕЛМЕЙДІ Еуропа мен Ресейдің санкциялық текетіресі ешкімге пайда әкелмейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. Тілшілердің сұрағына жауап беріп жатып, Нұрсұлтан Назарбаев Чехия президентімен талқыланған мәселелер жайында қысқаша айтып өтті. “Таяу Шығыстағы лаңкестік мәселесін ғана талқылаған жоқпыз, сонымен қатар украин тақырыбын, дағдарысты, Еуропа мен Ресейдің тараптарға еш пайдасын әкелмейтін санкциялық текетіресі жайлы талқыладық. Жалпы, экономика саясатпен байланыспауы керек, мұндай санкцияларды мемлекет те емес, мемлекеттер тобы да емес, БҰҰ қоюы керек. 2007-2009 жылдардағы қауіпті дағдарыстан енді ғана шығып едік, енді тағы да сол дағдарысқа түстік”, - деді Назарбаев. “Меніңше, Земан мырза екеуміз мұның бәрі де тез аяқталып, әріптестік басталғанын тілейміз. Менің идеям Еуропа мен Азияның, яғни Еуразияның бір ортақ нарық болып, игілік үшін жұмыс істеуі керектігіне негізделген. Біз осыны ғана тілейміз, тыныш әрі бейбіт жағдайдың болуына мүмкін болғанның бәрін жасаймыз”, - деді ол. Өз кезегінде Чехия президенті Милош Земан: “Шетелдік саясат саласында көзқарастардың 100 пайызға сәйкес келетінін айтқым келеді” деп мәлімдеді.

Елбасы Жолдауын станса тұрғындары мен теміржолшылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Жамбыл темір жол стансасының насихат пойыздары жолға шығып, «Жамбыл-Бурное-Жаңатас» және «Жамбыл-Шу-Шығанақ» бағыттарымен барлығы 1200 шақырым жол жүріп өтіп, 12 700 теміржолшы еңбек етіп жатқан 57 стансаны қамтыды.

Белдескенін алып та, шалып та жыққан, қазақтың даңқты толағайы, сом білекті ұлы, ұлт батыры Балуан Шолақтың туғанына жүз елу жыл толуына орай еліміздегі әлемдік стандартқа сай санаулы спорт кешендерінің бірі – «ТаразАренаның» тура алдында балуанның ескерткіші бой көтерді. Ұзындығы да, төменгі қабаты да бес жарым метрді құрайтын ескерткіште қазақ даласы алыбының кір тасын көтеріп тұрған бейнесі орын тапқан. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Балуан Шолақтың балуандық қырын, композиторлығын, ақындығын тіліне тиек етті. Сонымен қатар: «Биыл облысымыздың 75 жылдық мерейтойы тойланғаны белгілі. Бабамызға деген құрметіміздің бір белгісі сынды бой көтерген бұл ескерткіштің Балуан Шолақтың 150 жылдығымен, облысымыздың мерейтойымен тұспа-тұс келгенін байқап тұрсыздар. Демек, біздің мерейтойымыз әлі де жалғасуда» деді өз сөзінде. Мұнан соң сөз алған Жамбыл облысының Құрметті азаматы, облыстың бұрынғы басшысы Өмірбек Байгелді де Балуан Шолақ бабамыздың қазақ күресіндегі рөлін, жалпы өмірін, өнегесін тебірене сөз етті. Балуан Шолақтың немересі Шайдолла Шолақов та балуанның өмірін тіліне тиек етіп, бүгінгі қазақ күресі батырларының баба жолын абыроймен жалғауы қажеттігін нақты айтып өтті. Балуан Шолақтың тағы бір немересі Айбат Құдайбергенқызы: «Ескерткіштің бой көтерген жері де көңілімнен шығып тұр. Бабамыздың балуан болғандығының айғағы іспеттес еліміздегі озық үлгідегі спорт кешендерінің бірі – «Тараз-Аренаның» алдына орнатқанына қуаныштымын. Мұнда қазақтың сан толағайы жаттығып жатқанына шүбәм жоқ. Бабаның ескерткішіне қараған олардың бойында намыс оты лаулап жанары да сөзсіз. Бұл құрмет Балуан Шолаққа ғана емес, қазақ күресіне көрсетілген ілтипат деп білемін» дейді өз сөзінде. Иә, Тараз жұртшылығы ұлтық күрестің толағайына айрықша архитектуралық шешімі бар ескерткіш қою арқылы да бас иді, ізет көрсетті. «Өлі разы болмай, тірі байымайтынын» тағы бір мәрте еске түсірді.

l МЕРКІ Меркі аудандық мәдениет үйі игі шараға ұйытқы болуда. №39 мектеп-гимназияда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сазгер Шәбден Омаралиев пен әншісазгер Әріпбай Мұсапанов, әнші Оңал Азаматовамен өткен кездесу тартымды өтті. Сондай-ақ, «Ақ ниет» әуесқой әжелер клубының жетекшісі, білікті ұстаз Рыскүл Таубаеваның қатысуымен өткен «Туған жер топырағыңнан айналдым!» атты кештің де тағылымы мол болды. l МОЙЫНҚҰМ Биназар ауылында ауыл әкімі Ержан Әмірхановтың ұйымдастыруымен көше тұрғындары арасында қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында өтіп жатқан «Әжелер байқауы» жалғасуда. Бұл жолғы шара соғыс және еңбек ардагері Мешітбай Қыдырбаев атындағы көшенің әжелері арасында бесікке салу шарты бойынша өтті. Көше есімін иеленген майдангердің шөбересін бесікке Шымыр әже салып, «бесік жырын» нақышына келтіре шырқады. Ауылдағы тоғыз көшеден бірінші орын алған командаға ауыл әкімінің кубогы тапсырылып, басқа да жүлделі орын алған әжелер командаларына сыйлықтар тапсырылады. l САРЫСУ Аудандық мәслихаттың шешімімен ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, көп жылғы жемісті еңбегі мен белсенді қызметі үшін бір топ азаматқа «Сарысу ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы Мақсұтбек Есенов, Болатбек Дондаұлы, Бердібек Иманбеков, Байтуған Рыспанов, Нұраш Сұлтанбеков бар. l ТАЛАС

Сүйінші!

ОБЛЫСТЫҢ АЛҒАШҚЫ АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанынан бастап облыста алғашқы ақпарат агенттігі жұмыс істей бастайды. «Zhambyl News» ақпарат агенттігі (www.zhambylnews.kz) облыстың тыныс-тіршілігін аймағымыздан бөлек, республикаға тарататын болады. «Zhambyl News» - облыстағы алғашқы екі тілде ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат құралы болмақ, алдағы уақытта ағылшын тіліндегі нұсқасын қосу да жоспарда бар. Жаңа сайттың «Мәдениет», «Экономика», «ТВ», «Қоғам», «Бизнес», «Журналистік зерттеу», «Сұхбат», «Спорт» айдарлары бар. Бұдан бөлек, «ТВ» айдарында келесі жылдан бастап бейнесұхбаттар, бейнежаңалықтар, арнайы репортаждар әзірленеді деп күтілуде. Сондай-ақ, ақпарат агенттігінің ресми сайтында облыстың рухани өміріне де көңіл бөлінбек, оның ішінде, төл әдебиетіміздің тың туындыларына шолу жасалып, еліміздің қаламгерлерімен қызықты сұхбаттар да даярланып, олардың ой-пікірлері де жарияланып тұрмақ. Қазіргі уақытта ақпарат агенттігінің ресми сайты тесттік режімде жұмыс істеуде. Сұрақтар мен кеңестер беру үшін келесі электронды поштаға жазуға болады: zhambylnews@mail.ru.

Е ГАЗЕТ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Ақкөл орман, өсімдік және аң шаруашылығын қорғау мекемесі биылғы жылы сексеуілдің ұрығын өздері дайындап, себу жұмысын ерте бастан қолға алған еді. Соның нәтижесінде Шомбы алқабының 1500 гектар жеріне сексеуіл тұқымы тасталды. Аға орманшы Лесбек Жаншораев басқарған орманшылар ауа райының қолайлығын пайдаланып, дән тастау жұмысын одан әрі жалғастыруда.

Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, ХХХІІ сессиясы 2014 жылдың 27 қарашасында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1.«2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында (3-қабат) 2014 жылдың 27 қарашасында сағат 11.30да өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 27 қараша күні сағат 11.00-де басталады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ.

Керуенбасы білікті болса, түйе азбайды; Қолбасы білікті болса, сарбазы азбайды.

Халық мақалы.

САҚТАН СА

№162 (18019), Сейсенбі, 25 қараша, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

Ң

АҚТАЙДЫ –С

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

ЖАЗЫЛЫМ – 2015

ӘН ОҚЫРМАН Ж

з і м е т ү к а ғ ы с “Ақ жолды” а

Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.

Жасыратыны жоқ, біздің өңірде облыстық «Ақ жол» газетінің алатын орны ерекше. Басылым уақыт тынысын дөп басып, қасиетті Әулиеата өңірінің жұртшылығымен біте қайнасып келеді. Әсіресе, газет бетіндегі кейінгі тың ізденістер, жаңа айдарлар мен жобалар көптің көңілінен шығуда. «Оқырман отауынан» ел-жұрттың ой-пікірлерін, көкейде жүрген түйткілдерін кездестіруге болады. Жалпы, газеттің әрбір санында оқырман хаттарына көбірек орын берілетіндігі байқалады. Мұның өзі газет пен авторлардың байланысын нығайта түсетіндігі сөзсіз. Газет сонысымен халықтың көзі, құлағы һәм тілі. «Шөкеңнің шошаласы» мен сөзжұмбақ, карикатуралар да қажетті дүниелер. «Ақ жолдың» әр

санын оқыған сайын осындай тың ізденістерді көріп, қуанасың. Басылым таяуда тағы бір жобаны қолға алыпты. Бұл – «Маздақ» деп аталатын жастарға арналған бет. Расында да газет оқырмандары әралуан болып келеді. Олардың арасында жастардың да кездесетіні заңдылық. Міне, редакция басшылығы осыны ескеріп, жас толқынға үлкен сый жасапты. Жастарға қажетті қызықты әрі танымдық дүниелерге, олардың шығармашылығы мен ойпікірлеріне кеңінен орын берілген. «Маздақтың» Халықаралық Студенттер күніне арналған саны да сәтті шығыпты. Жаңа жоба құптарлықақ екен. Бір сөзбен айтқанда осындай бастамаларымен сүйсіндіріп жүрген «Ақ жолды» асыға күтетін болдық. Біздің үлкен шаңырағымыз да өзінің сүйікті газетіне көптеп жазылады.

АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛАҢДАУЫНА НЕГІЗ ЖОҚ ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛҒЫ 17 ҚАРАШАДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СӘН ЖӘНЕ ДИЗАЙН КОЛЛЕДЖІНІҢ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ КАБИНЕТІНДЕ ОРЫН АЛҒАН ОҚЫС ОҚИҒА ҚАЛЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ, ОНЫҢ ІШІНДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ АЙРЫҚША АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫН ТУҒЫЗҒАН. АТАЛМЫШ ОҚИҒАДАН КЕЙІН БІРДЕН ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛЫП, ӨҢІРЛЕРГЕ ОҚУ ГРАНАТАЛАРЫН САБАҚТА ҚОЛДАНБАУҒА ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІММЕН ОҚЫТУ ТАПСЫРЫЛҒАН. БҰЛ МӘСЕЛЕ КЕШЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ ӨТКЕН КЕҢЕСТІҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ ДЕ ӨТКІР ҚОЙЫЛДЫ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ СҰЛУШАШ ҚҰРМАНБЕКОВАМЕН ЖЕДЕЛ СҰХБАТТАСҚАН ЕДІК. (ЖАЛҒАСЫ 2-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
25 караша пдф by akjolgazet - Issuu